Қорытынды: Жылу баланс теңдеуін шешу арқылы мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
№3 жұмыс.
Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.
Ж ұмыстың мақсаты:ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену.
Құрал – жабдықтар:ток көзі, амперметр,
вольтметр, қыздыру шамы, 2 сым резистор,
кілт, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын
қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар.Бөлік құны - 0,05 А, 0,2 В.
191, 192, 139-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін кестеге жазыңдар.
3.Қорытынды. Әр жағдайда амперметрдің көрсетулері бірдей. 0,2 болды
4.Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып. электр тізбегін жинаңдар.
Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U₁,U₂ және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер. U₁=3,4 В, U₂ =0,6 В
Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
U₁ + U₂ қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар. U= U₁ + U₂=4В.
Қорытынды: Әр резистордағы кернеу қосындысы ток көзінің кернеуіне тең болады.
№4 жұмыс.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру.
Құрал – жабдықтар:ток көзі, өткізгіш сымдар, қыздыру шамы,амперметр, вольтметр, кілт, реостат.
Жұмыс барысы: Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын есептеңдер. Бөлік құны 0,05 А 0,2 В
1.Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар (194–сур.)
2.Тізбекті тұйықтаңдар.
3.Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.
Құралды көрсетулерін кестеге жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |