Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты:дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: баллистиқалық зертханалық пистолет, сантиметрлік бөлігі бар өлшеуіш лента, 2-3 таза және көшірме қағаз, жапсырма лента.
Теориялық түсінік.Горизонталь бетте көкжиекке әр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формуламен өрнектеледі:
Бұл формуладан оқтың 0°- тан 90°- дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нөлге дейін кемитіні көрінеді. Түсу қашықтығы соsα мен sinα көбейтіндісінің үлкен мәнінде максимал болады. Міне, осы тәуелділікті тәжірибеде 13.1-суретте көрсетілген баллистикалық пистолетпен тексеру керек.Пистолет
б ұрыш өлшеуіші 3 бар, қапсырма шегеге 2 бекітілген осьтің бойында
шыбығы (стержень) бар ширатылаған (спираль) серіппеден 1 тұрады.
Ұзына бойында тесік каналы бар шыбыққа арнайы шарик 4 орнатылған. Шарикті қондырған кезде серіппені сығады да шыбықтың табанындағы босатқыш ілмекке ілінеді. Егер босатқыш ілмектің 5 шығып тұрған бөлігін басып қалса, шар босайды да, серіппенің әрекетінен ол шыбық бойымен белгілі бір бағытта қозғалады. Шариктің ұшу жылдамдығының V0 модулін барлық тәжіриби үшін бірдей етіп алу керек.
Үстелде шариктің түсер жеріне ақ, таза қағаздың бетін екі бөлек жапсырма лентамен бекіту керек, ал үстіңгі жағына көшірме қағаз қойылады. Шарик құлағанда қағазда айқын із қалады.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
1.Дәптерге өлшеулер мен есептеулер нәтижесі жазылатын кесте
дайындаңдар.
α°
|
20
|
30
|
40
|
45
|
50
|
60
|
70
|
ℓ, см
|
124
|
137
|
141
|
154
|
144
|
110
|
58
|
2. Баллистика пистолеттің құрылысымен, жұмыс істеу принципімен танысыңдар.
3.Үстелдің шетіне баллистиқалық пистолетті қысып қоятын бұраманы орнатып, бұрыш өлшегішпен пистоллетті 45° бұрышпен бекітіңдер. Қағазды жапсырмай, байқау үшін атып көріңдер де, шамамен шариктің түскен орнын белгілеңдер. 45° бұрышпен атқанда шарик қағаздың шетіне түсетіндей етіп таза қағазды үстелге бекітіңдер, сосын үстіне көшірме қағазды салыңдар.
4. Пистолетті 20°,30,° 40°, 45°бұрыштармен орнатып, әрбір бұрышқа 3-4 рет атыңдар.
5.Пистолетті бұрып, оны 50°, 60°, 70° бұрыштармен бекітіп, әрқайсысына 3-4 атып, тағы да әрбір бұрыштағы шариктің түскен ізіне ату бұрышының мәнін жазыңдар.
6. Әрбір бұрыш үшін шариктің түскен қашықтығының орташа мәнін өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |