Қорытынды.Кішкентай денелердің өлшемін анықтап,нәтижесін өлшеу қателігімен жазуға үйрену.
№ 3 жұмыс.
Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.
1 – тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
Қ ұрал – жабдықтар: Таразы, ұсақ кірлер,параллелепипед тәрізді біл-еуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.
Жұмыстың барысы: Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі - таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін кірлер салынады.Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:
Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткезіңдер;
Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.