2 – тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыс-тырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.
Құрал–жабдықтар:Мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.
Жұмыстың барысы:
Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.
Егер екі дененіде суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының теп – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
Қорытынды. Тепе-теңдігі бұзылады.Себебі, денелердің көлемдері әртүрлі. Көлемі үлкен денеге әсерететін Архимед күші көп. Таразы табақшасы көтеріледі.
3 – тапсырма. Fы ығыстырушы күштің Pс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.
Құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), массалары мен көлемдері бірдей екі жүк , суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар.
Жұмыстың барысы:
Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.
Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырсақ, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
Тәжірибеде жауаптарыңды тексеріңдер.
Қорытынды: Таразының тепе-теңдігі бұзылады. Қай сұйықтың тығыздығы көп, ығыстырушы күші көп болады.
№7 жұмыс.
Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.
Құрал–жабдықтар: Динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка немесе құты тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс (тұз қосылған су)
Достарыңызбен бөлісу: |