Сабақ №11 Сабақтың тақырыбы



Дата06.02.2022
өлшемі279,5 Kb.
#80238
түріСабақ
Байланысты:
№11 №1 зертханалық жұмыс. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»[1]
ЭССЕ Құрметті достар 20-21, Ба дарламасы мен о у жоспарыны негізінде дайындал ан, Генетикалы есептерді шы ару

ТІРЕК КОНСПЕКТ
ФИЗИКА



Пән: Физика

Сынып: 8

Тоқсан: I

Сабақ №11

Сабақтың тақырыбы

№1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»

Бөлім

Жылу құбылыстары

Ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=_ciC0FKmCEI


https://www.youtube.com/watch?v=aYPIWGnUQkk&list=PLCZ6Ox1-6l5I8Tc26YZH3S9TZxGX2ch4D&index=6

Сабақтың мақсаты

  • Термометр мен мензурка арқылы сұйықтың температурасын,көлемін дұрыс өлшейді, өлшеу нәтижелерін кестеге жазады.

  • Жылу балансының теңдеуін қолдана отырып, алған және берген жылу мөлшерін есептейді.

  • Ыстық судың берген жылу мөлшері мен суық судың алған жылу мөлшерін салыстырады,әсер етуші факторларды анықтайды.

Қысқаша тірек конспект

Жұмыстың мақсаты: температуралары әртүрлі суды араластырғандағы энергияның сақталу заңын тексеру.
Жабдықтар: мензурка, термометр, зертханалық калориметр немесе термос, ыстық суы бар шәйнек (бүкіл сынып үшін), тостаған.
Жұмыс барысы:
1. Тостағанға белгілі көлемде суық су құйып, t1 температурасын өлшеңдер.
2. Калориметрге ыстық су құйып, t2 температурасын өлшеңдер.
3. Калориметрге тостағандағы суды құйыңдар да, қоспаның t температурасын өлшеңдер.
4. Қоспаның көлемін өлшеп, ыстық судың көлемін есептеңдер.
5. Ыстық судың суық суға берген жылу мөлшерін формула бойынша анықтаңдар.
6. Суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін формула бойынша анықтаңдар.
7. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін кестеге жазыңдар:

8. Ыстық судың берген, суық судың алған жылу мөлшерлерін салыстырыңдар да, қорытынды жасаңдар.
9. Эксперименттегі салыстырмалы қатені мына қатынас бойынша есептеңдер: ε = (Q2 – Q1)/ Q2.
10. Эксперимент зерттеулерін қорытындылау.

Тапсырма

Тапсырма: Ж.О. Бақынов «Физикадан деңгейлік тапсырмалар» 7-8 сынып

  1. 8/1 Нұсқа 2, №6

  2. 8/1 Нұсқа 3, №6

  3. 8/1 Нұсқа 6, №5

  4. 8/1 Нұсқа 7, №4

Кері байланыс

(whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):
Мен не білдім?
Мен үшін бұл жаңалық болды.
Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.
Бұл туралы көбірек білгім келеді.


Әзірлеуші: Дабылова Тоқжан Мамыралықызы №200 МГ физика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет