«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика


Екі әр аттас зарядталған өзара параллель шексіз жазықтықтың



бет51/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

1. Екі әр аттас зарядталған өзара параллель шексіз жазықтықтың (жазық конденсатор) арасындағы потенциалдар айырмасы:
, мұндағы - жазықтықтардың ара қашықтығы.
2. Екі зарядталған коаксиалды цилиндрдің (цилиндрлік конденсатор) арасындағы потенциалдар айырмасы: , мұндағы және – цилиндлердің радиустары.
3. Екі зарядталған концентрлі сфераның арасындағы (сфералық конденсатор) потенциалдар айырмасы:

Оқшауланған өткізгіштің потенциалы оның зарядына пропорционал:


.
Потенциал мен заряд арасындағы пропорционалдық коэффициенттін өткізгіштің электр сыйымдылығы деп атайды. Сыйымдылық сан жағынан өткізгіштің потенциалын бір өлшемге арттыру үшін өткізгішке берілетін зарядқа тең:
. (9.18)
Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі - фарад (Ф): 1Кл заряд берілгенде потенциалын 1 В-қа өзгертетін оқшауланған өткізгіштің сыйымдылығы 1Ф-қа тең деп алынады.
Өткізгіштің сыйымдылығы оның өлшемдері мен пішініне тәуелді. Мысалы, радиусы шар тәрізді өткізгіштің сыйымдылығы:
.
Өлшемдері шамалы және қоршаған денелермен салыстырғанда потенциалы азғантай болғанымен, өздерінде едәуір зарядты жинақтай алатын құрылғыны конденсатор деп атайды. Конденсатор бірінен-бірі диэлектрик қабатымен бөлінген қос өткізгіштен (астарлардан) тұрады. Өріс конденсатордың ішінде ғана жинақталады, ал кернеулік сызықтары оның бір астарларынан басталып екіншісінде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет