ГүЛ ҚҰрылысы



бет10/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
botanika darister

Гидатодтар. Бұл сулы устьицалар. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады.


4. Механикалық ұлпалар

Өсімдіктерде тірек қызметін атқарады. 2 типі бар: колленхима және склеренхима - түрлері бұрышты, пластинкалы, борпылдақ. Механикалық ұлпа клеткасының беріктілігі мен қаттылығы, клетка қабықшасының жуандап және сүректенуіне байланысты. Жапырақтың, шөптесінді сабақтың, гүлдің берік болуы - тургарға байланысты - клеткалардың қабықшаның қозған күйі.


Колленхима - паренхималық ұлпа, көлденең кесіндісінде 4-5 қырлы клетка қабырғалары жартылай қалыңдаған, сондықтан клетканың тірі құрамдары склеренхимадай өлшенеді, онда хлоропластар болады.
Бұрышты колленхима клетканың бұрышы қалыңдаған (сабақта, жапырақта және табақшада кездеседі) табақшалы калленхиманың клеткаларының тангентті қабырғалары (сыртқы және ішкі) қалыңдаған (алма, қарақат, бүлдіргеннің жапырақтарының сабағы мен сабақтарда болады).
Борпылдақ колленхима - клетка аралықтары жақсы дамыған. Клетка қабығының клетка аралығымен шектескен жері ғана қалыңдаған (ақботаның сабағы мен жапырағында кездеседі).
Склеренхима –өлі, ұзын прозенхималық клеткалар болып саналады.


5. Өткізгіш ұлпалардың жалпы сипаттамасы.

Тамыр арқылы енген және жапырақта түзілген заттардың таралуы өткізгіш ұлпалар жүзеге асырады,. Өткізгіш ұлпа 2 бөлімнен тамыр арқылы енген су минералды заттары жапыраққа, гүлгжәне жеміске жеткізеді (ксилема бойымен ) төмен жоғары апарушы, (ксилос- сүрек ). Жапырақта синтезді заттар (сахароза ) жапырақтан тамырға қарай өту. (Жоғарыдан төменге қарай) флоэма арқылы (өзек).


Ксилема мен флоэма ерекшелігі.

  1. Олар өсімдік денесінде үздіксіз тарамдалған жүйе түзіп, барлық мүшелерді байланыстырады.

  2. Ксилема мен флоэма күрделі ұлпа, құрамына әртүрлі элементтер өткізгіш, механикалық, қор жинайтын және бөліп шығарады.

  3. Ксилема және флоэмада өткізгіш элементтер созылған.

  4. Өткізгіш элементтердің қабырғасында заттардың өтуі үшін поралар және саңылаулар (перфорация) болады.



6. Ксилеманың негізгі элементтері.

Ксилема - трахея, трахеид, негізгі паренхималық, арқаулық ұлпалардан тұрады. Трахеид - үздіксіз бірнеше мм, ені 1 мм - ден оннан және жүздей бөлігі келетін прозенхималық клеткалар, өлі клеткалар, суды өткізгіш және арқаулық қызмет атқарады.


Трахея (түтіктер) - ұзындығы бірнеше см - ден 1 мм - ге жететін түтіктер. Мысалы: емен түтігі - 2мм, мұнда -5 мм - ге тік орналасқан паренхималық клеткалар, олардың өзара түскен көлденең қабырғалары бұзылады да, арасын тесіп өтетін перфорация қалық трахеяны түзетін клеткаларды олардың бұтақты мүшелері деп атайды, клетка арасындағы көлденең клеткаларды перфорация табақшасы деп атайды. Клетка қабығының қалыңдығына байланысты - бұрандалы, шығыршықты, баспалдақты, торлы, нүктелерді ажыратады.
Тилл - кәдімгі паренхималық клеткалар, қабырғалардағы саңылаулар арқылы түтікке енеді де, өсе келе оның қуысын жауып, ешнәрсе өтпейтін етеді (емен, қарағай, шетен түтіктерінде).
Ксилеманың құрамындағы арқаулық ұлпа склеренхима - либриформ немесе сүректі талшық деп аталады. Алғашқы ксилема - протоксилема - камбийден пайда болады.Соңғы метаксилема камбийден пайда болады.
Трахеид - риния мен псилофидтерде табылатын барлық жабық тұқымды өсімдіктерде трахея болады.


7. Флоэманың негізгі элементтері.

Флоэма - сүзгілі түтік және оның серіктерінен, арқаулық ұлпадан негізгі паренхимадан тұрады.


Електі түтік қызметі пластид заттарды өткізу, бүйір қабырғаларда ұсақ тор тәріздес тесіктер болады, оны тор саңылаулар немесе каналшалар деп атайды. Топтасып жиналатын каналшаларды сүзгілі аудан деп атайды.
Електі элементтердің 2 түрі болады:

  1. електі клеткалар

  2. електі түтіктер.

Електі клеткалар қылқан жапырақтыларда 4,8 мм шамасында болады - олар ұзыннан қатты созылған және шеті ұшталған болады.Ел түтіктерінің ұшында серіктік клеткалар болады, қос жарнақты өсімдіктерде 1-2 жыл жұмыс істейді, одан кейін ескіріп, камбийден жаңа түтіктер түзіледі. Даражарнақтыларда 50-100 жыл өмір сүреді.
Протофлоэма және метафлоэма болып бөлінеді. Ел түтіктің элементтеріне бастама беретін меристема клеткалары ұзынынан бөліне, пайда болатын жас клеткалар, өзара плазматикалық байланысын сақтайды. Оның біреуі електі түтіктің элементіне, екіншісі серіктік клеткаға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет