ГүЛ ҚҰрылысы



бет1/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
botanika darister


Дәріс 1-2
Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер клеткасы.

  1. Ботаника ғылымы мақсаты мен міндеттері

  2. Өсімдіктердің алуан-түрлілігі, морфологиялық құрылым деңгейі. Өсімдіктердің құрылысы туралы жалпы түсінік.

  3. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

  4. Өсімдіктердің жіктелуі.

  5. Зерттеу әдістері.

  6. Клетканың жалпы сипаттамасы.

  7. Өсімдіктер клетка құрылысын зерттеу тарихы.

  8. Цитоплазма.

  9. Пластидтер түрлері, құрылысы.



1 Ботаника ғылымы мақсаты мен міндеттері
Ботаника /грек. Ботанэ-шөп, өсімдік/ - өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыс заңдылықтарын, жүйеленуін, тіршілік әрекетін, таралу ерекшеліктерін, ортамен қарым-қатынасын, өсімдіктер жабынының структурасын зерттейтін ғылым.
Зерттеу мақсатына байланысты, ботаника әртүрлі салаларға бөлінеді.
Ботаника ғылымының негізгі салалары:
1. Морфология- өсімдіктердің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын жай көзбен, арнаулы оптикалық құралдармен зерттейді.
Өсімдіктер морфологиясы негізгі морфологиялық бөлімдерді қамтиды.

  • Цитология- клетка құрылысы мен тіршілігін зерттейді.

  • Гистология-өсімдіктер ұлпасының құрылысы мен олардың өсімдік мүшелеріндегі орналасуын зерттейді.

  • Анатомия- микроскоп көмегімен өсімдік құрылысын зерттейді.

  • Эмбриология- ұрықтың пайда болуын және оның бастапқы даму кезеңдерін зерттейді.

2. Өсімдіктер физиологиясы - олардың өздеріне тән тіршілік құбылыстарын зерттейді.
3. Өсімдіктер систематикасы - бір-біріне тығыз екі мақсатты қамтиды:
өсімдіктерді туыстықтоптарға жіктеу;
өсімдіктердің эволюциялық дамуының тарихи тізбегін анықтау.
4. Палеоботаника - өсімдіктердің геологиялық кезеңдеріндегі өзгеруінің жалпы заңдылықтарын зерттейді.
5. Фитоценология- өсімдіктер қауымының қалыптасуын және даму заңдылықтарын зерттейді.
6. Өсімдіктер географиясы - өсімдіктер түрлері мен фитоценоздардың, жер шарындағы таралуының ауа-райына, топыраққа және геологиялық тарихына байланысын зерттейді.
7. Өсімдіктер экологиясы - өсімдіктердің және олардың популяцияларының бір-бірімен және олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді.


2. Өсімдіктердің алуан-түрлілігі, морфологиялық құрылым деңгейі. Өсімдіктердің құрылысы туралы жалпы түсінік.

Жер жүзінің жалпы аумағы 510 млн шаршы км, оның 149 млн шаршы км, яғни 29,21% құрлық, ал 361 млн шаршы км немесе 70,79 мұхиттар алып жатыр. Өсімдіктер мен жануарлар құрлықта және мұхиттар әлемінде де тіршілік етеді. Қазіргі кезде, өсімдіктердің 500000- ға жуық, жануарлардың 1 млн-ға жуық түрлері бар. Өсімдіктер мен жануарлар біртұтас органикалық әлем түзеді.


Өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекетінің ұқсастығы, олардың шығу тегі мен тіршілік әрекетінің ұқсастығы, олардың шығу тегі және өмірлік құбылыстарындағы жүретін химиялық процестердің ұқсастығымен түсіндіріледі.
Табиғатта өсімдіктер мен жануарлардан басқа, микроорганизмдер әлемі де бар, оларды арнайы микробиология ғылымы зерттейді. Өсімдіктердің басым көпшілігінің көк-жасыл түсті болуы, клеткаларында ерекше пигмент – хлорофиллдердің болуында. Хлорофиллдердің қатысуымен өсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді.
Фотосинтез процесі кезінде бейорганикалық заттардан күн сәулесі энергиясы нәтижесінде органикалық заттар түзіледі және атмосфераға оттегі бөлінеді.
Жер бетіндегі тірі организмдер қажетті энергияны күн сәулесінен алады. Оның басқа энергия түріне айналуы өсімдік клеткасында іс жүзіне асады. Бұл энергияның басқа түрге айналуында хлорофилл пигменті басты орынды алады. Сәуле қуаты химиялық қуатқа айналып, өсімдік бойында жинақталады.
Органикалық заттарды алғашқы синтездейтін организмдер автотрофтылар деп аталады. Бұлардың тек күн сәулесінің энергиясын пайдаланатындары фототрофтылар, ал органикалық заттарды алғашқы синтездеуге химиялық реакциялардың энергиясын пайдаланатындары хемотрофтылар деп аталады.
Автотрофтыларға жасыл өсімдіктер жатады.
Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер гетеротрофтылар деп аталады. Гетеротрофты организмдер саңырауқұлақтар, жануарлар.
3 Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Жасыл өсімдіктердің табиғаттағы орны:



  1. Жасыл өсімдіктер атмосфералық ауаны, бүкіл тіршіліктің тыныс алуына қажетті оттегімен толықтырады.

  2. Жасыл өсімдіктер тіршілігінің нәтижесінде анорганикалық заттар мен судан, бүкіл өсімдіктер, жануарлар мен адамдар қорекке пайдаланатын, орасан мол органикалық зат қоры түзіледі.

  3. Жасыл өсімдіктерде түзілген органикалық заттарда күн сәулесінің энергиясы жинақталады. Соның нәтижесінде, әлемде тіршіліктің дамуына және өндіріске қажетті энергия қоры жинақталады (мысалы: көмір, мұнай, торф және т.б.).

Атмосфераны оттегімен толықтыру жасыл өсімдіктерге тән фотосинтез құбылысына тікелей байланысты.
Өсімдіктер адамзатты тіршілікке қажетті өнімдермен де (крахмал, қант, белок, май, антибиотик, ағаш, дәрі-дәрмек, витаминдер және т.б.) қамтамасыз етеді.
Жасыл өсімдіктер әлемі биосферадағы тіршілікті , жалпы газ алмасуды және жердегі су балансын реттеуде басты орын алады. Ол климатттың және топырақтың қалыптасуына, жануарлар тіршілігінің дамуына белсенді әсерін тигізеді.
Адамзат қауымы табиғи өсімдіктерді өз қажетіне кеңінен пайдаланады. Соның нәтижесінде өсімдіктер әлеміне зиян келіп, пайдалы өсімдіктер қоры біртіндеп азаюы мүмкін. Сондықтан табиғат қорғау шаралары өсімдіктер туралы ғылыми жетістіктерге сүйене отырып жүргізілуі тиіс.


4 . Өсімдіктердің жіктелуі.

Өсімдіктер систематикасы - өсімдіктердің туыстық топтарға жіктелуі. Систематика эволюциялық даму негізінде өсімдіктерді жүйелеумен айналысады.


Негізгі мақсаты – жер бетіндегі өсімдіктерді әр алуан түрлерін табиғи ретке, яғни жүйеге келтіру, зерттеу. Оларды туыстық белгілері негізінде топтарға жіктеп, систематикалық бірліктерге топтайды.
Таксономиялық категориялар туралы түсінік
Өсімдіктер топтарының негізгі жіктелуі:
Патшалық →Бөлім → Класс → Қатар → Тұқымдас → Туыс → Түр
Таксономиялық категориялар және таксондар деп аталады.
Систематикалық таксондар мен өсімдіктерді дұрыс атау (номенклатура) ботаникалық номенклатураның халықаралық кодесімен реттеледі. Ол маңызды документ. Өзгерістерді халықаралық ботаникалық конгрессте шешеді.
Таксономиялық категориялар жүйесі.
Патшалық-Царство- Regnum;
Бөлім- отдел-Divisio- (рhyta);
Класс-класс-Classis- (оpsida);
Қатар –порядок-Ordo- (аles);
Тұқымдас-семейство-Familiа- (аceaе);
Туыс-род-Genus;
Түр-вид-Species.
Өсімдіктерді бинарлық және қосарынан атауды К. Линней ұсынды.
Туыс және түрді қатарынан атау:
Bromopsis inermis L.
туыс түр
Костер безостый.
туыс түр
Қылтанақсыз арпабас.
түр туыс
Мысалы: Өсімдіктер патшалығы.
Гүлді өсімдіктер бөлімі.
Дара жарнақтылар классы.
Қоңырбастар қатары
Қоңырбастар тұқымдасы
Арпабас туысы.
Кәдімгі арпабас.

Органикалық дүниенің қазіргі заманғы системасы. Прокариоттар. Эукариоттар


Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер бөлімі – Thallobionta.
І.Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы.
Вирустар бөлімі-Virophyta.
ІІ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы – Thallobionta procaryota.
Дробянкалар бөлімі- Schizophyta.
Көк-жасыл балдырлар бөлімі- Cjanophyta (көк-жасыл балдырлар).
ІІІ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы пластидті тармағы (төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер). Thallobionta eucaryota.

  1. Балдырлар.

  2. Қыналар.

ІҮ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы пластидтері жоқ төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер тармағы – Thallobionta aplastidae.

  1. Саңырауқұлақтар бөлімі- Mjcophyta.

  2. К ілегейлілер бөлімі – Myxophyta.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет