. Өсімдіктердің арнаулы бөліп шығарушы органдары болмайды, бірақта экскреторлық заттар организмнен қалайда сыртқа шығарылып отырады, немесе белгілі бір орындарда (қуыстарда) жиналады. Осыған байланысты бөліп шығарушы ұлпалардың екі тобы болады: ішкі және сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар. Олардың, біріншісіне, сүт жолдары, жекелеген бөліп шығарушы клеткалар (идиобластар), схизогендік және лизогендік қуыстар жатады. Ішкі бөліп шығаратын заттардың өнімдері иілік заттар, смолалар, эфир майлары және басқалары. Екіншісіне, органдардың үстінде орналасқан безді түктер мен өсімдік бездері жатады; сыртқы бөліп шығарушы заттардың өнімдеріне эфир майлары, шірнеліктер, су және басқалар жатады.
2. Ішкі бөліп шығарушы ұлпалар
Ішкі бөліп шығарушы ұлпаға - бөлуші клеткалар - идиобластор, көп клеткалы сүт жолдары, шайыр каналдары және бөлінген заттарды жинақтайтын қуыстар жатады.
Сүтті түтік немесе сүт жолдары - вакуольде сүтті шырыны болатын тірі клеткалар. Олардың қабықшалары целлюлозадан тұрады. Сүт жолдарының екі түрі бар: мүшеленген және мүшеленбеген. Мүшеленген сүт жолдары түтіктер секілді тік орналасқан клеткалардың қатарының, көлденең қабықшаларының жыртылуының нәтижесінде пайда болады, мүшеленбеген сүт жолдары ұрықтың арнаулы клеткаларының өсіп ұлғаюының нәтижесінде пайда болады.бұл аса үлкен цилиндр тәрізді, немесе тарамдалған клеткалар. Сүт жолдары не тек флоэмада орналасады, не болмаса өсімдіктің бүкіл денесіне өтеді (сабаққа, тамырға, жапыраққа). Олар бөліп шығару қызметін атқарумен қатар, өткізгіштік және қор жинау қызметін де атқарады.
Экскреторлық заттардан оның құрамында көп жағдайда каучук, танидтер, алкалоидтар, смолалар және басқалар болады; қорлық заттардан – крахмал, қант, белоктар, шыны майлары және басқалар. Кейде клетка шырынында ферменттер болады. Клетка шырынының түсі ақ, немесе сарғыш – қызыл болып келеді. Сүт жолдары өсімдіктердің тек кейбір топтарына ғана, мысалы күрделі гүлділерге, көкнәр гүлділерге, сүттігендерге және басқаларға тән.
Шайыр жолдары - өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде және ұлпаларда орналасады.
Бөліп шығарушы клеткалар. Басқа ұлпалардың клеткаларының арасында шашыраңқы орналасады. Экскреттің жиналуына байланысты олардың протопластары өледі, ал клетканың қабықшасына оның ішкі жағынан суберин жиналады. Ол улы заттарды, айналасындағы клеткалардан, бөліп тұрады. Бөліп шығарушы клеткалар шайдың, лаврдың жапырақтарында, баданның тамырсабақтарында және басқаларда болады.
Схизогендік және лизогендік қуыстар. Бұл қуыстар зат алмасуға уақытша қатыспайтын, өсімдіктің тіршілігінің уөптеген соңғы өнімдерін жинау және оларды ұзақ уақыттар бойы сақтау үшін қажет. Олардың формалары домалақ немесе канал тәрізді болып келеді және мөлшері де әр қилы.
Схизогендік қуыстар, клеткалардың ығысуының нәтижесінде, олардың арасында пайда болатын бос кеңістіктерден түзіледі. Қуысқа жақын орналасқан тірі клеткалар эпителиальды клеткалар болып саналадыжәне олар осы қуысқа экскреторлық заттарды бөліп шығарады. Схизогендік қуыстар өсімдіктердің әртүрлі топтарында болады, бірақ олар әсіресе жалаңаштұқымдыларға тән. Соңғыларының смола жолдарында бальзам (смоланың эфир майларындағы ерітіндісі) жиналады.
Лизогендік қуыстар экскреторлық заттарға толы клеткалардың тобының еріп кетуіне байланысты пайда болады. Олар цитрус тұқымдастарына тән.
3 Сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар.
Безді түктер. Эпидермистің клеткаларынан пайда болады. Оларда газ түрінде, сұйық және қатты формада әртүрлі экскреторлық заттар жиналады және өсімдіктердің денесінен сыртқа шығарылып отырады. Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақта өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұғыдан тұрақты болады.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің органдарының сыртына углеводтардың ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозаңдануын қамтамасыз ететін насекомдарды өздеріне еліктіреді.