№5-6 Әдістемелік н ұ с қ а у



бет1/4
Дата29.12.2021
өлшемі21,41 Kb.
#106412
  1   2   3   4
Байланысты:
file-4886 (6)
file-5345, file-5345, Сымды байланыс желілері және тарату жүйелері, Сымды байланыс желілері және тарату жүйелері

№ 5-6 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жоғарғы тыныс жолдарын (мұрын қуысы, қосалқы қуыстар, көмекей, кеңірдек, қалқанша без) тексеру. Тыныс алу қозғалыстарын тексеру.

Жоғарғы тыныс жолдарын (мұрын қуысы, қосалқы қуыстар, көмекей, кеңірдек, қалқанша без) тексеру. Риноскопия, Ларингоскопия.



Құрал-жабдықтар: Плессиметр, перкуссиялық балғашық, бұрау, риноскоп, шпатель, сферикалық айна, қысқыш, шам (фонарик).

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдісін және клиникалық тексерудің нәтижесін өз бетімен бағалауды үйрету.

Студенттерге түсіндіру және көрсету әдісімен жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін келесі ретпен уйретеді:

а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

д) жылқы ауақабын тексеру:

е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;

ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).

Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.

Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.

Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.

Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.

Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.

Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.

Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.

Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).

Тапсырма. Оқытушы түсіндіріп, көрсеткеннен кейін студенттер өздігінен жылқы, сиыр, қойдың жоғарғы тыныс алу жолдарын тексеріп, клиникалық баға беру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет