ТАҚЫРЫБЫ: Тыныс алу қозғалыстарын тексеру.
Құрал-жабдықтар: фонендоскоп, стетофонендоскоп, тікелей тыңдау үшін қолданылатын бұл (материал), секунд өлшегіш.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой. Пневмониямен ауыратын жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге тыныс алу қозғалыстарының жиілілігін, ырғағын, бұзылуын, тыныс алу түрін анықтауды, сонымен қатар көкірек қуысын сипалауды үйрету.
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.
Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.
Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.
Палипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.
Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.
Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.
Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:
Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.
Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.
Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.
Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.
Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.
Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.
Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.
Инсператорлық ентігу – дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.
Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.
Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.
Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |