ГүЛ ҚҰрылысы



бет12/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
botanika darister

4 Тамыр анықтамасы, атқаратын қызметтері
Тамыр-негізгі вегетативті мүше. Тамыр осьті апикальді мүше немесе төбе меристемасы арқылы ұзына бойы өсетін мүше. Сабақтан айырмашылығы - онда ешқашанда жапырақтар пайда болмайды және апикальді меристема тамыр оймақшасымен қапталған .
Негізгі атқаратын функциясы - су және минералды заттарды топырақтан сіңіру .
Қосымша атқаратын функциясы :

  1. Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді, вертикальді өсуіне жағдай жасайды .

  2. Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді (көптеген аминқышқылдар, гормондар, алколоидтар) және өсімдіктердің басқа мүшелеріне жеткізіледі.

  3. Тамырда қор заттар жинақталады.

  4. Тамыр басқа өсімдік тамырларымен, топырақтағы микроорганизмдермен, саңырауқұлақтармен байланысады.

Бір өсімдіктегі тамырлар жиынтығы тамыр жүйесін құрайды.


5. Тамыр аймақтары.
Тамырдың апикальды меристемасының клеткалары тамыр оймақшасымен қоршалған. Тамыр оймақшасының астыңғы жағында бөліну аймағы орналасқан. Клетканың мөлшері –1мм. Бұл аймақтан жоғары -өсу аймағы, клеткалар өте тез ұзынынан ұлғаяды. Тамыр түкшелері орналасқан аймақ сору аймағы деп аталады. Бұл түкшелердің сіңіру беткейі үлкен болады және топырақтан су мен минералды заттарды сіңіреді . Сору аймағы мен сабақтың негізгі аралығы өткізу аймағы.


6. Тамыр түрлері.
Бір өсімдіктегі тамырлар жиынтығы тамыр жүйесін құрайды. Тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр кіреді. Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр негізгі тамыр деп аталады. Негізгі және қосалқы тамырдан бұтақтанған тамыр – жанама тамыр деп аталады. Өсімдіктің жерүсті мүшелері сабақтан, жапырақтан, тамырсабақтан, жуашықтан, столоннан пайда болған тамыр қосалқы тамыр деп аталады.


7. Тамыр жүйесі.
Тамыр жүйесінің 3 типі бар, кіндік, шашақ және аралас.
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы жетілген, қосжарнақтылар класының тұқымдастарында (Ranunculaceae, Papaveraceae, Fabaceae) кездеседі.
Шашақ тамыр жүйесі даражарнақтылар класының тұқымдастары – Liliaceae, Poaceae тұқымдастарына
Тамыр жүйесі өсімдіктер тіршілігінде маңызды роль атқарады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің жоғары болуы тамыр арқылы енген қоректік заттарға байланысты. Топырақты өңдеудің агротехникалық шаралары және өсімдіктерді күту тамыр жүйесінің жақсы дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған.


8 Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы.

Тамырдың алғашқы құрылысы алғашқы меристемадан түзілген шығу тегі алғашқы ұлпалардан тұрады.


Даражарнақтыларда соңғы ұлпалар пайда болмайды, сондықтан олардың мүшелері өмір бойы алғашқы құрылысын сақтайды. Барлық өсімдіктерде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысын сору аймағынан даярланған көлденең кесінділерден қарайды. Онда ұлпалардың мамандануы жүреді және әртүрлі ұлпалар пайда болады, сондықтан бұл аймақты клеткалардың ерекшелену аймағы деп атайды.
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы ашық тұқымдылардың, жабық тұқымдылардың және жоғары сатыдағы спорлы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы (бастапқы) құрылыс.
Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы эпиблема мен оның тамыр түктері, алғашқы қабық және орталық цилиндр тұрады.
Эпиблема – тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа. Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі, жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады. Эпиблеманың негізгі қызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып, оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу.
Алғашқы қабық тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Алғашқы түзуші ұлпа периблемадан пайда болады. Қабық паренхималық клеткалардың экзодерма, мезодерма және эндодерма қабаттарынан тұрады.
Экзодерма – қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты (грекше «ехо» - сыртқы, derma- тері, қабық).
Мезодерма – дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.
Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Ол орталық цилиндрді қоршап орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады. Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өткізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу. Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденен кесіндісінің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.
Эндодермадан заттардың өтуін өткізгіш клеткалар қамтамасыз етеді.
Орталық цилиндр негізінен түтікшелер мен сүзгілі түтіктерден тұратындықтан, оны түтікшелі цилиндр немесе стель деп атайды. Стель плеромадан пайда болады және тамырдың қабық бөлімінен меристемалық клеткалардың перицикл деп аталатын қабаты арқылы бөлінеді. Перициклден ішке қарай прокамбий клеткалары жатады, олардан алғашқы өткізгіш ұлпалар пайда болады.
Дара жарнақтылар тамырының алғашқы құрылысы.
Дара жарнақтылардың тамырында соңғы құрылым сирек кездеседі. Оларда, негізінен, тамырдың алғашқы құрылымы тіршілігінің соңына дейін сақталады. Уақыт өткен сайын өсімдіктердің бұл тобында тамырдың гистологиялық бөліктері сүректенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет