9 Жемістер мен тұқымдардың таралуы
Жемістердің таралуы:
жануарлар арқылы зоохория;
жел арқылы анемохория;
су арқылы гидрохория;
адам арқылы антропохория.
Өсімдік тұқымдары да жел, жануарлар, су және адам арқылы таралады.
Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдіктердің көбеюіне жалпы сипаттама жасаңыз.
2. Өсімдіктердің вегетативтік көбеюін жіктеңіз.
3. Өсімдіктерде спора түзілуін сипаттаңыз.
4. Өсімдіктердегі жыныс процесі. Ұрпақ беру циклдерін атаңыз.
5. Гүлдің құрылысы және оның қызметтерін атаңыз.
6. Гүл формуласы. Гүл диаграммасын сызыңыз.
7. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. Өздігінен тозаңдану. Айқас тозаңдануы. Мысал келтіріңіз.
8. Жемістер анықтамасы. Құрғақ жемістер. Шырынды жемістер. Мысал келтіріңіз.
9. Жемістер мен тұқымдардың таралуы. Мысал келтіріңіз.
Дәріс 17-18
Тақрыбы: Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары.
Жастық және маусымдық өзгерістер.
Экологиялық топтар мен тіршілік формалары туралы жалпы түсінік.
Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
Өсімдіктердің субстратқа байланысты экологиялық топтары..
Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.
Тіршілік формаларының К. Раункиер бойынша жүйесі.
Экологиялық топтар мен тіршілік формалары туралы жалпы түсінік.
Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады.
Ағаштар – жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер, қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.
Бұталар – жер бетіндегі бөліктері сүректетін көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардан айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
Бұташықтар – бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек, вереск).
Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар, жебір).
Лиандар – сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).
Жастықша өсімдіктер – қоректік заттарға кедей тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. Негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындаған, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді. Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша өсімдіктер іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шындарының, мұхиттағы тасты аралдардың , теңіз жағалауларының, арктикалық тундраның өсімдіктері.
Суккуленттер – су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустер, агавалар).
Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік тамырлар, шашақ тамырлылар, ұзын және қысқа тамырсабақтылар, жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетіндегі столондылар.
Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсерінен пайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығы алынған.
2 Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.
Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай негізгі топтарына ажыратады:
Ксерофиттер (грекше: ксерос-құрғақ; фитон-өсімдік)-топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер.
Мезофиттер (грекше: мезос- орташа)-орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер.
Гигрофиттер (грекше: гигро-ылғал)- көбінесе атмосфералық ылғалмол жерде тіршілік ететін өсімдіктер.
Гидрофиттер (грекше: гидро-су)-суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суға жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысысу астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі.
Толығымен суға батып тіршілік ететін өсімдіктер гидатофиттер (грекше: гидатос-су ) деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |