ГүЛ ҚҰрылысы



бет23/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
botanika darister

Бауыр мүктер класы.
Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді. Бауыр мүгі класына жататын өсімдіктерге тән қасиет - денесінің дорсовентральды жалпақ, қабатты-талломды құрылыста болып келуі. Сол сияқты көптеген сабақ, жапыраққа жіктелмеген болып келеді.
Бауыр мүктер класы екі класс тармағынан тұрады:

  1. Маршанциялар класс тармағы.

  2. Юнгерманиялар класс тармағы.

Маршанциялар класс тармағы екі қатардан тұрады: сферокарпалар қатары және маршанциялар қатары, ал юнгерманиялар класс тармағы үш қатардан тұрады: метцгериялар қатары, гапломития қатары, юнгерманиялар қатары.
Кластың негізгі өкілі - кәдімгі маршанция. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктерде тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Осы сәулелердің арасында, оның астыңғы жағынан аналық жыныс органы архегонийлері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша формалы болып келеді. Қалқаншаның жоғарғы жағында антеридиальды қуыстық ішіне антерийдилері еніп жатады. Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен сперматозоид қосылғаннан соң, зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты қорапшадан тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткалардан мейоздың нәтижесінде гаплоидты спора мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споралардың массасын ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема (өскінше) жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.
Вегетативті көбеюі, линза формалы, түсі жасыл болып келетін өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Олар талломның үстінде болатын ерекше кәрзеңкелердің ішінде, олардың түбінде төсеніп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Маршанциялардың түрлері табиғатта кең таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет