ГүЛ ҚҰрылысы


Дәріс №5 Сабақ тақырыбы



бет22/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
botanika darister

Дәріс №5


Сабақ тақырыбы: Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta). Плаунтәрізділер (Lycopodiophyta) бөлімі. Қырықбуынтәрізділер (Equisetophyta) бөлімі. Папоротниктәрізділер (Polypodiophyta) бөлімі.
Дәріс мақсаты: Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta), Плаунтәрізділер (Lycopodiophyta) бөлімі, Қырықбуынтәрізділер (Equisetophyta) бөлімі, Папоротниктәрізділер (Polypodiophyta) бөлімінің құрылысы, көбеюі, жіктелуімен танысу.


Жоспар:

  1. Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta) жалпы сипаттамасы.

  2. Плаунтәрізділер (Lycopodiophyta) бөліміне жалпы сипаттамасы, көбеюі, жіктелуі.

  3. Қырықбуынтәрізділер (Equisetophyta) бөлімінің құрылысы, көбеюі, жіктелуі

  4. Папоротниктәрізділер (Polypodiophyta)бөлімінің құрылысы, көбеюі, жіктелуі

1. Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta) жалпы сипаттамасы.
Мүктер - қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың үстінде, ағаштардың діңдерінде, топырақта тұтасып, шым түзеді. Сыртқы түріне қарай әр түрлі болады. Мүктердің ішіндегі кең таралғаны - жасыл мүк. Мүктәрізділердің өмірлік циклінде, басқа жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының спорофиті мен гаметофитінің алмасуы байқалады. Алайда бұлардың гаметофиті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады. Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ,олардың қызметін ризоидтары атқарады. Ал ризоидтар дегеніміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып табылады.
Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті спорогон деп аталады, ол гаметофитке бағынышты. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа ұқсас аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланыста болады, өйткені одан суды және керекті қоректік заттарды алады. Мүк тәрізділердің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері гаметофиті мен спорогонын қосып есептегенде 60см аспайды.
Мүк тәрізділер сыртқы құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сосудтары мен тамырлары болмайды. Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде де ағаштанған формалары болмайды. Мүк - күй талғамайтын өсімдік. Ол қатты суықты және өте ыстықты көтереді. Қолайсыз жағдайлар болғанда (суық, құрғақшылық), өсуін тоқтатады, бірақ солып құрамайды. Жаңбыр жауып, күн жылығанда қайтадан өсе бастайды. Өздерінің төзімділіктерінің арқасында олар басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде өсе алады.
Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы біркелкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Азғана түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді.
Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай және сұйық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерінде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.
Мүктәрізділер бөлімінің көбеюі.
Жаздыгүні жасыл мүктің сабағының жоғары ұшында жіңішке сағақты қызғылт-қоңыр түсті қауашақ өсіп шығады, қауашақтың ішінде майда споралары болады. Қауашақтың сыртын қалпақша жауып тұрады, ол спораны құрғап кетуден сақтайды. Споралар піскен кезде қалпақша түсіп қалады, қауашақтың қақпағы ашылып, споралар сыртқа шашыла бастайды. Дымқыл жерге түскен споралар тез өніп, тарамданған жіңішке жасыл түсті жіпшелер- өскін пайда болады. Осы жіпше тәрізді өскіндерге бүршіктер шығып, ол бүршіктерден жапырағы мен сабағы бар жас көкек мүгі өсіп шығады. Көкек мүгі дара жынысты. Бір өсімдіктің ұшында аталық жыныс клеткалары жетілсе, екінші өсімдікте аналық жыныс клеткалары жетіледі. Жаңбыр жауған кезде аталық жыныс клеткасы сумен ағып, аналық жыныс клеткасымен қосылып, ұрықтанады. Ұрықтанған клеткадан қауашақ өсіп шығады. Спорадан өніп шыққан жасыл жіпше - өскіннің жіп тәрізді балдырларға ұқсас болуы, жынысты көбеюдің тек сулы ортада жүруі мүктердің ертедегі жіп тәрізді балдырлардан шыққанын дәлелдейді.
Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі осіне, ал екіншілерінде - бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтануы айқын байқалмайды. Гаметофиттің сабағы тік, бұтақталмаған, биіктігі 15 см, кейде одан да биіктеу болып келеді. Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофиттің жерасты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады.
Жапырақтары сабаққа спиральдің бойымен орналасады. Олар ұштары үшкір болып тілімденген таспа тәрізді қынаптан тұрады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда жапырақтың үстіңгі бетіне ассимиляциялық пластинкалар орналасады. Жүйкелері арқаулық және өткізгіш гистологиялық элементтерімен кеңейген.
Гаметофиттері дара жынысты. Архигонийлері аталық гаметофиттің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтанғаннан соң зиготадан спорогон пайда болады. Ол ұзын аяқшадан және қорапшадан тұрады. Қорапша тік тұрады немесе аздап көлбеу орналасады. Ол призма тәрізді, төрт-бес қырлы, түсі тат секілді болып келетін киіз тәрізді қалпақшамен жабылған. Қалпақша архегонийдің қабырғаларының жыртылуының нәтижесінде пайда болады. Қорапша сауытшадан және қақпақшадан тұрады. Оның төменгі бөлігі мойынға жіңішкерген. Сауытшаның қабырғаларында устьице болады, ішкі жағында бағанасы жетіледі. Бағана қақпақшаның астында ұлғайтып эпифрагманы түзеді. Ал эпифрагма дегеніміз - қабырғалары жұқа болып келетін көлденең перде. Бағананың айналасында спорангилер орналасады. Олар ерекше жіп тәрізді өскіншелері арқылы бір жағынан бағананың қабырғаларына, ал екінші жағынан сполрангилерге бекініп тұратын цилиндр тәрізді қапшықшалар. Қорапшаның спораның шашылуын қамтамасыз ететін ерекшке перисталь деп аталынатын тетігі болады. Ол сауытшаның шетінде орналасқан таға тәрізді клеткалардан тұратын тістердің қатары. Гигроскопиялық қозғалысқа қабілетті тістерімен эпифрагманың арасында тесіктері болады, солар арқылы ауа райы құрғақ уақытта споралары сыртқа шашылады. Спорадан жасыл түсті тарамдалған жіпшелер секілді өскінше (протонема) жетіледі. Онда бүршіктер пайда болады, келешегінде осы бүршіктерден үлкен гаметофиттер түзіледі. Ал гаметофит дегеніміз бұл жерде сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік.
Мүктәрізділер бөлімінің жіктелуі.
Мүктәрізділер үш класқа бөлінеді; антоцероттылар класы (Аnthoceratopsida), бауыр мүктер класы (Мarscantiopsida), нағыз мүктер класы (Вrіopsida).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет