Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер



Дата27.12.2016
өлшемі12,6 Kb.
#5662

Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Қазығұрт ауданы
  • П.тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
  • Бастауыш сынып мұғалімі
  • Айтқұлова Нүргүл Өтегенқызы
  • “Табиғатты аялайық!”
  • Дүниетану пәні, 3 сынып
  • Сабақтың мақсаты: окушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру; ылғал сүйгіш, су өсімдіктері және қүрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер туралы әңгімелеу; логикальқ ойлауларын дамыту;
  • Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын сұрау.
  • Өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қандай жағдай қажет?

Табиғат- адамның ежелден бергі тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.

“Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы”.

  • Оның мұқабасның тысы
  • қызыл. Қызыл түс қауіп-
  • қатердің белгісі сияқты.
  • Бұл кітап өсімдіктер мен
  • жануарлардың көптеген
  • түрлернің жер бетінен
  • жоғалып. құрып кету қаупі
  • төнгенін ескереді.

Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді.

  • Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан
  • тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары
  • жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейім.

Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктер су өсімдіктері деп аталады.

  • Балықоты, балдыршөп —
  • су бетінде қалқып немесе су
  • ішінде өсетін көпжылдық
  • шөптесін өсімдіктер.
  • Қазақстанда 3 түрі: бүкір,
  • үшқұлақты, кіші Балықоты
  • Тобыл, Есіл өзені бойында,
  • ағынсыз не ағыны аз, тұщы
  • суларда өседі. Өте сирек
  • гүлдейді.
  • Болбыр – сукөріктер
  • тұқымдасына жататын көп
  • жылдық шөптесін өсімдік.
  • Шығыс Қазақстанда Ертіс
  • өзені мен Зайсан көлінде,
  • ағысы баяу су бетінде қалқып
  • деңгейіне дейін батып өседі.
  • Болбырмен суда тіршілік
  • ететін жәндіктер мен
  • балықтар қоректенеді.
  • Бұрандажапырақ суда
  • өсетін көп жылдық
  • өсімдіктер. Тропиктік,
  • субтропиктік кейде
  • қоңыржай аймақтардағы су
  • айдындарында кездесетін
  • 6 – 10 түрі анықталған.
  • Қазақстанда Каспий, Арал
  • теніздерінде, Түркістан
  • өңіріндегі өзен-көлдерде,
  • ащы, тұщы суларда өсетін
  • Жауқияқ, сарықияқ
  • сукөрік тұқымдасына
  • жататын көп жылдық
  • шөптесін өсімдіктер туысы.
  • Қазақстанның көлдерінде,
  • ағысы баяу су айдындарында
  • кездесетін бір түрі – кәдімгі
  • жауқияқ . Қысқа сабағы суға
  • батып тұрады, тек гүлдеген
  • кезде ғана, жапырағы мен
  • гүлі су бетіне шығады
  • Балдыр— төменгі
  • сатыдағы су өсімдіктері.
  • Теңіз, көл, өзендерде,
  • ағынсыз да өседі.
  • Су шылымы — суда
  • өсетін іржылдық шөптесін
  • өсімдік. Су астындағы
  • жапырақтары ықшамдалған
  • (кішірейген), жүзіп
  • жүргендері жертаған
  • жапыраққа жиналған,
  • жапырақ сағағы үрленген қап
  • тәрізді, жапырақ алақаны
  • ромб тәрізді. Гүлдері
  • жалғыз, су үстінде өседі. Су
  • шылымы таралу аймағы мен
  • саны азайып бара жатқан сирек
  • кездесетін түр. Қазақстанның
  • "Қызыл кітабына" енгізілген.
  • Тұңғиық. өзі аттас тұқымдасқа жататын су өсімдіктері. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

  • Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз,
  • ыстық жерде өседі. Жантақ тамырының ұзындығы 15-20
  • метрге жетеді.
  • жантақ сексеуіл сүттіген

Сергіту сәті

  • Сергітудің енді сәтін бастайық
  • Бір-екі-үш,алға қадам басайық
  • Орнымыздан тұрып қолды созайық
  • Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.
  • Бір-екі оңға,үш-төрт солға
  • Сау болудың қамын біздер
  • жасайық!!!

Табиғат туралы мақалдар

  • Жел дауылды шақырады,
  • Бұлт жауынды шақырады.
  • Қыстағы қар - жерге ырыс,
  • Жердегі ылғал – елге ырыс.
  • Таумен тасты су бұзар,
  • Ел арасын қу бұзар.
  • Ағаш тамырымен мықты,
  • Адам дос-жарымен мықты.

Мақал-мәтелдер жасыру ойыны

  • Мақал-мәтелдер жасыру ойыны
  • 1. Әр атаның өз ұлы бар,
  • 2. Гүл өссе жердің көркі,
  • 3. Гүл сабағымен қадірлі,
  • 4. Дала көркі — гүл,
  • 5. Үкісіз қыз болмас,
  • 6. Гүлсіз жапырақ тұл,
  • 7. Бір гүл толып ашылады,
  • 8. Гүл қайда болса
  • 9. Гүлсіз болса жер мұнды,
  • 10. Қыз халықтың гүлі,
  • әр бұтаның өз гүлі бар.
  • қыз өссе елдің көркі.
  • ас табағымен қадірлі.
  • ана көркі — ұл.
  • тікенсіз гүл болмас.
  • көксіз топырақ тұл.
  • бір гүл солып ашылады.
  • көбелек сонда.
  • күлкісіз болса ел мұңды.
  • өлең сауықтың гүлі.

Жұмбақтар

  • Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
  • Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
  • Күніне талай жерге кетер кезіп,
  • Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
  • Таңмен көзін ашады,
  • Әдемге нұр шашады.
  • Қыста ғана болады,
  • Ұстасан қолын тоңады.
  • Тереземіздің әйнегін
  • Жуады,
  • Бірақ сүртпейді.
  • Табиғат –біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған өсімдіктерді, құстарды , жануарларды қорғайық.

Сабақты қорытындылау

  • 1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
  • Олардың қандай ерекшеліктері бар?
  • 2.Егер осы өсімдіктердің тіршілік еті ортасын
  • ауыстыратын болса, ары қарай өсе ала ма?
  • 3.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
  • Оқушыларды бағалау.
  • Үйге тапсырма. Жаңа тапсырманы оқу.
  • Келесі кездескенше!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет