Глоссарий (анықтама, сөздік) Ақпарат- латынның «түсіндіру»


Оқушының жекебастық сапасы



бет4/5
Дата22.11.2022
өлшемі22,44 Kb.
#159328
түріМазмұндама
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ãëîññàðèé (àíû?òàìà, ñ?çä³ê) À?ïàðàò
1 English Vocabulary In Use Elementary Cambridge - Third Edition, f198a597bb01412461974ad667b29b9e, 493820, Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның рөлі. Пр-engime.org, 6 дәріс
Оқушының жекебастық сапасы- білімділік, адамгершілік, маңайымен
қарым-қатнас мәдениеті, өзін-өзі басқару.
Оқу әдебиеті – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен ОӘК-лер жиынтығы (нормативті-құқықтық түсіндірмесі).
Оқу курсы – екі не одан да көп оқу жылы бойында оқытылатын пән не­месе пәндер жиынтығы.
Оқу-әдістемелік жинақмектептің белгілі бір сатысына арналған оқулық басылымдардың, атап айтқанда оқулықтар мен ОӘК-лердің жиынтығы.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) оқу-тәрбие процесінде пайдаланыла­тын және оқу бағдарламаларымен көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және үздік меңгеруге арналған оқу құралы (нормативті-құқықтық түсіндірмесі).Бұған оқулық, оның әдістемелік нұсқауы, оқытудың түрлі құралдары, пән дәптері т.б. жатады.
Оқулықоқу пәні, оның бөлімдері, бөліктері жүйелі түрде мазмұндалатын үлгі оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы басылымның түрі ретінде Білім және ғылым министірлігі арқылы ресми бекітілген, оқытуға арналған кітап (нормативті-құқықтық түсіндірмесі).
Оқулықтануқолданбалы педагогика мен кітаптану салаларының тоғысындағы жатқан ерекше сала (Д.Д. Зуев).
Оқыту теориясы – адам баласының білімді қалай танып білетіндігін көрсететін, мұндағы жалпы, қайта-қайта тексеруден өткендіктен сенімді са­налатын принциптерден және тікелей шолу не тексеруді мүмкін ететін құбылыстардың теориялық құрастырмалары мен ойша бейнелерінен тұратын теория.
Оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ-лар) – мұғалімге оқушыны оқу материалымен қамтуға, білімді еске сақтауына, қолдануы мен түсінуіне, оқыту нәтижесін бақылауға жәрдемдесетін құрылғылар (А.Ф. Меняев).
Өзектендіру – актуалдандыру (латынша actualis – шын, нағыз; іс-әрекеттік): 1) осы уақыт үшін маңызды, елеулі ету; 2) мүмкіншілікті шындыққа айналдыру. Бұл ұғым «білімді өзектендіру», «өзін-өзі өзектендіру» секілді сөз тіркестерінде қолданылады.
Парадигма - (грекше paradeigma – мысал, үлгі) – нақты ғылыми зерттеуді құрап, тарихтың белгілі бір кезеңінде ғылыми практикада көрініс табатын теориялық және әдіснамалық алғышарттар жиынтығы. П. тиісті білім саласы (пән) аясында проблеманы таңдауда негіз, зерттеу міндеттерін орындауда модель, үлгі рөлін атқарады.
Психоанализ, немесе фрейдизм – көрнекті веналық психиатр-дәрігер З. Фрейд (1856–1939) ауқымды клиникалық материал негізінде тұжырымдаған теория. Ғалым мен оның ізбасарлары бойынша адамның белсенділігі түйсікті түрткілерге, солардың ішінде, ең алдымен, жыныстық нәпсі (либидо) мен сақтану түйсігіне тәуелді. Алайда қоғамда түйсіктер жануарлар дүниесіндегідей еркін білінбейді, қоғам адамға көп тыйым салады, оның түйсіктерінің, немесе құштарлықтарының ашылуына «рұқсат етпей», адамның бұл сезімдерді басуына, тежеуіне мәжбүр етеді.
Рефлексия (латынша reflexio – бейнелену, бейне) – ойланушылық (толғанушылық), өзін-өзі бақылаушылық; адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет