1. 2. Ресурстардың шектеулiгi. Экономикалық талғам
Экономикалық ғылым алдымен экономикалық қажеттiлiктер мен оны қанағаттандыру тәсiлдерiн зерттейдi. Қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттар игiлiктер деп аталады. Олардың бiреулерi шексiз, ал басқалары шектеулi мөлшерде болады. Соңғылары экономикалық игiлiктер деп аталып, олар зат және қызмет көрсетулерден тұрады. Экономикалық игiлiктердi алу үшiн қосымша құралдар - ресурстар қажет.
Адамдардың қажеттiлiктерi мен тiлегi оларды қанағаттандыру үшiн қажет ресурстарға қарағанда шексiз екенi айқын.
Ресурстардың шектеулiгi тауар және қызмет көрсетуге қажеттiлiк пен оларды қанағаттандыру арасындағы теңсiздiк.
Ресурстардың шектеулiгiнiң салдары болып оларды жақсы, тиiмдi пайдалануға тырысу табылады. Осыған байланысты экономикалық ғылым алдында екi мiндет тұрады- объективтi және субъективтi немесе позитивтi және нормативтi.
Позитивтi экономика фактiлермен және нақты тәуелдiлiктермен жұмыс жасайды.
Нормативтi экономикада қандай нақты жағдайлар экономикаға қажеттi не қажетсiз екенiн анықтауға тура келедi. Дәлiрек айтсақ, позитивтi экономика не болып жатқанын, ал нормативтi не болу керек екенiн оқытады.
Мысалы, позитивтi ұйғарым “Жұмыссыздық 5 пайызға қысқарды”,
“Жұмыссыздықты қысқарту керек” нормативтi ұйғарымға жатады.
Ресурстардың шектеулiгi кезiнде экономикалық мақсаттардың
көптiгi экономикалық таңдау мәселесiн туғызады, яғни, оларды қолданудың балама вариантарынан ең жақсысын таңдау мәселесi. Әрбiр адам, фирма мен қоғамның алдында негiзiнен не, қалай және кiм үшiн өндiру керек, яғни шектеулi ресурстарды пайдаланудың бағыттары мен жағдайларын қалай анықтау қажет жөнiнде мәселелер туады.
Нақты жағдайда адамдар әрқашан балама шығындармен кездеседi. Бiр өнiмдi өндiру екiншiсiн өндiруден бас тартуды бiлдiредi. Рационалды адам қолайлы экономикалық таңдау жасау үшiн келешектегi шығындармен қатар қолданылмаған өндiрiстiк мүмкiндiктер шығынын (балама шығындар) да есептеуi қажет.
Қарапайым экономикалық үлгi және өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы көмегiмен экономиканың тиiмдiлiк деңгейiн, өндiрiстiң таңдалған құрылымы қолайлығын және екi тауар өндiрiсiнiң балама шығындарын шамасын зерттеуге болады.
Оны мысалмен түсiндiрейiк. Айталық, қоғамда тек екi тауар өндiрiледi. Оларды шартты түрде А және В тауарлары деп белгiлеймiз.
Егер қоғам өзiнiң ресурстарын А тауары өндiрiсiне қолданса,
онда ол өнiмнiң ең жоғарғы мөлшерi 6 мың бiрлiк , егерде тек В өнiмiн өндiрсе 5 мың бiрлiк өндiрiледi. Ал қисықтың бойындағы кез келген нүкте екi тауарды бiр уақытта өндiру мүмкiндiгiн қарастырады. Алайда одан А тауары өндiрiсiн арттыру В тауары өндiрiсiн кемiтетiндiгiн көруге болады. Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы iшiнде жатқан нүкте ресурстарды толық пайдаланбағанын бiлдiредi (сурет 1.1.).
В
5 Л • Е
С
•К М
0 6 А
Достарыңызбен бөлісу: |