Асимметриялық ақпаратпен нарықтар
Асимметриялық ақпарат бизнестің көптеген жағдайларынан мағлұмат береді. Сатушының тұтынушыдан гөрі сатқан өнімінің сапасын жақсырақ біледі. Жұмысшылар өздерінің қабілеті мен іскерлігін кәсіпкерден жақсы біледі. Ол фирманың басқарушысы өзінің мүмкіншілігін фирма қожайынынан артық біледі. Асимметриялық ақпарат қоғамдағы институционалдық ережелерден мәлімет береді. Бұл түсінік неліктен авто. компаниялар өздерінің жаңа моделдері үшін ұсынатын кепіл мен қызметін, фирма мен жұмысшы не үшін ынта мен сыйақыны көрсететін шартқа отыруы, неліктен корпорация акциясын ұстаушылары басқарушыны бақылап отыратыны жайында түсінік береді. Енді біз сатушының сататұғын өнімінің сапасы туралы нақты ақпаратты тұтынушыдан артық білетіні хақындағы жағдаяттан бастайық.
Өнімге берілетін кепіл, егер тұтынушының өнім жайлы ақпараты толыққанды болмаса икемді болады. Керісінше жағдайда бұл сатушы үшін үлкен соққы.
Сонымен, асимметриялық ақпарат келісімге қатысушылардың бір бөлігі басқа қызығушылық білдірген тұлғалар білмейтін маңызды мәліметке ие болғандағы жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |