Экономикалық әл-ауқат
Нарықтық қызметтің әрекет етуі экономикада тек жалпы тепе-теңдік жағдайына жетуді ғана емес, сонымен қатар экономикалық жүиенің оңтайлы қызметін қамтамасыз ету, қоғамдық әл-ауқатты барынша жоғарлатуға жетуге мүмкіндік береді. Ол экономиканың Парето-оңтайлы1 жағдайымен сипатталады. Парето-оңтайлы жағдай - бұл біреудің әл-ауқатын төмендетпей, басқа біреудің әл-ауқатын жақсарту мүмкін еместігін көрсететін игіліктерді өндіру және тарату.
Экономиканың Парето-оңтайлы жағдайының үш шарты бар.
Бірінші шарт- айырбастағы тиімділік. Ол жеке түлғалар арасындағы игіліктерді еркін айырбастаудың өзара тиімділігін көрсетеді және барлық тұтынушылар үшін кез келген тауар жұптары арасындағы алмасудың шекті нормаларының теңдігімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |