Глоссарий микроэкономика



бет54/82
Дата13.05.2020
өлшемі425,17 Kb.
#67566
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Байланысты:
Микро УМК

Кәсіподақ – бұл өзінің мүшелері атынан және нұсқауы бойынша кәсіпкерлермен келіссөз жүргізу құқығына ие жұмысшылар бірлестігі. Кәсіподақтың мақсаты - өз мүшелері жалақысын барынша жоғарлату, олардың еңбек жағдайын жақсарту және қосымша төлемдер мен жеңілдіктерді алу.

Бәсекелес еңбек нарығында кәсіпорындар екі жақты әрекет етеді. Олар еңбекке сұранысты жоғарылатуға, не еңбек ұсынысын шектеуге тырысады.

Еңбекке сұранысты жоғарылату алдымен өнімге сұранысты арттыру жолымен (жарнама№ т.б.) жүзеге асады. Еңбекке сұранысты жоғарлатуына сонымен қатар еңбек сапасы мен тиімділігі өсуі ықпал етеді.

Кәсіподақ мүшелерінің жалақысын арттыруға еңбек ұсынысын шектеу жолымен де жетуге болады. Еңбек ұсынысын шектеу кәсіподақпен берілген мамандықты лицензияланатын кәсіптер тізіміне енгізу нәтижесінде жүреді. Лицензиялау практикасы дамыған елдерде кеңінен тараған.

Капитал және капиталдық активтер нарығы – бұл өндіріс факторлар нарығының құрамдас бөлігі. Капиталдық активтерге құрылыс,ғамарат, өндірістік машиналар мен техника, құрал-жабдық, саймандар, шикізат – материалдар, энергия т.б. жатады.

Өндіріс факторлар нарығында әрекет ететін сұраныс пен ұсыныс заңдары капиталдық активтердің кез келген түрінің бағасын қалыптастырады. Капиталдың жерден айырмашылығы ол қайта – қайта өндіріледі, ал жер қоры тұрақты шамада болып, тез көбеюі мүмкін болмайды.

Алдымен капиталдың физикалық (машиналар, құрылыс, ғимараттар, шикізат т.б.) және адамға тән (жалпы және арнаулы білімі, еңбек дағдысы, өндірістік тәжірибесі т.б.) түрлерін қарастырайық

Физикалық нақты активтер және өндірістің әрбір циклі үшін заттар (еңбеқ, шикізат) сатып алуға жұмсалатын айналмалы капиталдан тұрады.

Негізгі капитал бірнеше жыл қызмет етеді және табиғи және рухани тозуына байланысты ауыстыруға жатады.

Айналмалы капитал өндірістің бір циклы ішінде толықтай тұтынылады және оның кұны толықтай өндіріс шығындарына енеді.

Капиталды қалыптастыру және көбейту үшін ақша салымдары - инвестициялар қажет. Инвестициялау – бұл капитал запасын толтыру немесе қалыптастыру процесі. Жалпы және таз инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестиция – капитал запасының жалпы көбеюі. Таза инвестиция – жалпы инвестициядан тозған негізгі капиталды ауыстыруға кеткен қаржыларды шегерумен есептелінеді.

Инвестициялау жөнінде сұрақты шешу үшін жобаны іске асырумен байланысты шығындарды оны жүзеге асырғаннан кейін алынатын кіріспен салыстыру қажет. Қарыз құралдарын қолдану кезінде өтеу нормасын және қарыз пайзын салыстыру қажет.

Қарыз пайызы – бұл белгілі уақыт аралығында оның ақшалай қаржыларын қолданғаны нәтижесінде капитал иесімен алынатын табыс.

Қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы келісім сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім, ал қарыз капиталы сырттай қарағанда тауар іспетті. әрине, мұндай айырмашылық жоқ емес, бар. Әдетте, тауар сатылғанда сатушы оның иесі болудан қалады, ол құқық сатып алушыға тиеді. Ал қарыз капитал сатылмайды, керісінше, белгілі бір уақытқа беріледі. Сондықтан капиталдың иесі оны меншіктену құқығын сақтап қалады. Несие мерзімі біткен кезде, капитал пайзымен қоса иесіне қайтарылып беріледі. Сөйтіп пайыз капитал – тауарға төленетін төлем түрінде көрінеді. Пайыз мөлшері сонымен бірге қарыз капиталының сұранысы мен ұсынысына байланысты. Егер ұсыныстан сұраныс асып түссе, пайыз мөлшері артады, ал керісінше болған күнде пайыз мөлшері кемиді.

Пайыздың тепе-теңдік ставкасы ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы қисықтарының қиылысуымен анықталды.

Пайыздық ставка шамасына қарыз беру кезіндегі тәуекел деңгейі, мерзімділік, қарыз мөлшері, салық салу жүйесі ықпал етеді. Номминалды және пайыздық ставканы ажыратады.


Нақты номиналды инфляция

пайыздық = пайыздық - қарқыны

мөлшерлеме мөлшерлеме

Қазіргі кезде кәсіпкерлердің көпшілігі қарызға ақша беруді барған сайын өздерінің негізгі кәсібіне айналдырады. Мұндай кәсіпкерлерді рантье деп аталады.

Жер көлемі қатаң шектеулі өндіріс факторы болып табылады, осыған байланысты жер ұсынысы өте икемсіз. Жер сұранысына әсер ететін факторлар болып жер құнарлығы мен орналасуы табылады. Сондықтан жердің шектеулігі туралы айтқан кезде біз белгілі бір орындағы, анықталған сапасы бар бар жерді айтамыз.

Жерге сұраныс біртекті емес. Ол екі негізгі элементтен – ауыл шаруашылықтық сұраныс және ауыл шаруашылықтық емес сұраныстан тұрады.

Экономикалық рента жерді және басқа қатаң шектеулі ресурстарды қолданғаны үшін төлем. Жер рентасы ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілер шығаратын қосымша үстеме өнімнің бір бөлігі, ол табысты жер қожасы иемденеді. Жақсы жерлерден алынған, тауарлар арзанға түседі, сондықтан ол орта пайдадан тыс үстеме пайда алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп жер иесі иемденетін осы үстеме пайда дифференциалдық рентаға айналады. Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: дифференциалдық рента І, бұл жер участоктерінің құнарлығы мен орналасу айырмашылықтарына байланысты рента, және дифференциалдық рента ІІ, бұл өндіріске ұтымды технологияны енгізу, жаңа техниканы, тыңайтқыштарды және басқа химиялық заттарды көптеп пайдалану – интенсивтендіру жолдарымен жерді дұрыс пайдалану нәтижесінде тапқан қосымша табыс.

Абсолютті рента – жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын рентасы.

R S

(мың тг) _ __ __ __ __

R1

R0 _ __ __ __ __ _ D1


R2__ __ __ __ __ _ D0

0 D2


Q Q(акр)




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет