Глоссарий микроэкономика


Тақырып 12. Капитал нарығы және жер нарығы



бет53/82
Дата13.05.2020
өлшемі425,17 Kb.
#67566
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Байланысты:
Микро УМК

Тақырып 12. Капитал нарығы және жер нарығы.

1. Капитал ұсынысы.

2. Адам капиталына салынатын инвестициялар

3. Капитал нарығы.

4. Жер нарығы және рентасы.

Өндіріс факторлар нарығындағы сұраныс және ұсыныс тұтынушылық тауарлар және қызмет көрсетулер нарығы ықпалымен қалыптасады. Сондықтан ресурстарға сұраныс туынды (тәуелді) сұраныс ретінде жүреді, ал ресурстар ұсынысы тұтынушылық игіліктерді ұсынуға байланысты. Бұдан айтарлық ресурстарға сұраныстың өзгеруі дайын өнім сұранысы өзгерісіне тәуелді шама болып табылады. Сонымен қатар ресурстарға сұраныс қозғалысына еңбек өнімділігі де әсер етеді: егер ол артса, ресурстар да көп қажет етіледі. Ресурстардың әрбір қосымша бірлігі өнімдердің өсімшесі – шекті өнімді (ақшалай мәнде шекті табысты) береді. Бұл кезде қосымша ресурстар фирма шығындары – шекті шығындарының өсуіне әкеледі. Соңдықтан олар ресурстарды шекті табыс шекті шығындарға тең болғанша дейін көбейтеді. Егер шекті табыс шекті шығыннан артық болса, ресурстарға сұраныс артады, керісінше жағдайда кемиді.

Жалақы мөлшері алдымен жұмысшы күшіне сұраныс және ұсыныс ықпалымен қалыптасады. Еңбекке сұранысты келесі сурет сипаттайды.

Психологиялық тұрғыда еңбекке сұранысты тәуелді сұраныс деп атайды.

Еңбек ұсынысы психологиялық тұрғыда жұмысшының тілегін білдіреді. Еңбектің нарықтық ұсыныс қисығы әдетте оң сипатта болады. Ол жалақы көбейген кезде жұмыстың көп көлемін орындауға тырысатын жұмысшыны суреттейді . Сонымен қатар, қисық кері бағытта иілген түрде болады , жалақының анықталған деңгейнде қисықтың оң иілуі теріске ауысады. Бұл жұмысшының демалыс және жұмыс уақыттары арасында таңдау жүргізуіне байланысты. Еңбек ақы мөлшерінің өсуіне қарай уақыт бағасы да жоғарылайды. Жалақының төменгі ставкасында алмасу әсері жұмысшыларды бос уақытты жұмыспен алмастыруға итермелейді. Жоғары ставка кезінде табыс әсері алмасу эффектісіне қарағанда күштірек бола бастайды.

Бұл жұмысшыны демалысқа көп уақыт бөлуіне және өзінің еңбегін ұсынуды қысқартуға әкеледі.

Еңбек нарығына жетілген бәсекемен қатар жетілмеген бәсеке де тән. Оның бір түрі - монопсония. Мұндай жағдай көбіне қала экономикасы тұрғындардың көпшілігін жұмыспен қамтитын бір ірі фирмаға тәуелді болатын шағын қалаларда кездеседі. Осы кезде фирма жергілікті еңбек нарығындағы басты сатып алушы ретінде болғандықтан жалақы деңгейіне ықпал ету мүмкіндігіне ие. Бұл жалданатын жұмысшылар санын қысқарту жолымен жүреді. Жұмысшылар арасында бәсекенің күшеюі нәтижесінде олардың жалақысы тепе-теңдік деңгейден төмендейді.

Еңбек нарығында маңызды рөлді кәсіподақтар атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет