Глоссарий микроэкономика



бет49/82
Дата13.05.2020
өлшемі425,17 Kb.
#67566
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
Микро УМК

P P
МС

MC

AC





О
АС

O


Po Po
D

MR



D



MR


Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q

A Б

1-сурет Монополиялық бәсекелес фирманың қысқы мерзімдегі кезеңі.

А. Фирманың пайдасын барынша көбейту жағдайы.

Б. Фирманың шығынын төмендету жағдайы.

Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма – тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз сегментінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.

Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа нарықтық құрылымдардағы сияқты монополиялық бәсекелес фирма пайдасын мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.

MC=MR.

Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша бірлігін өндіруге жұмсалатын шекті шығын осы өнімді сатқанда түсетін шекті түсімнен артық болғанша фирмаөнім өндіруін жалғастырады. Графиктен MC пен MR-дің қиылысу нүктесі Q өнім көлеміне сәйкес келіп тұр. Фирма Po бағасын тағайындай отырып, өз пайдасын барынша көбейтеді (1.1.а – суретте көрсетілгендей) немесе (1.1.б – суретте көрсетілгендей шығынын азайтады).

Графиктен көріп тұрғанымыз Q2 > Q1 .

Егер дәл осы баға Po таза бәсекелес жағдайында қалыптасса, фирма онда Q2 өнімі көлемінөндірер еді.

Қорыта айтқанда, қысқа мерзім кезеңіндегі монополистік бәсеке фирмасының іс - әрекетін талдау жасағанда, басқа бәсекелес емес нарықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.

Монополиялық бәсеке нарығының ұзақ мерзімді кезеңін талдағанда, бұл нарықтық құрылымныңерекшеліктері айқын көрінеді.

Материялды түсіндіруге ыңғайлы болу үшін шығындарқисығы өзгермейді деп жорамалдайық. D1 сұраныс қисығы AC қисығының ең төменгі деңгейінен жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экономикалық пйда алады деп жорамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, монополист басқа фирмалардың нарыққа кіруге мүмкіндік бермей, осы жағдайды ұзақ мерзімді кезеңде ұстап тұруға тырысар еді.

Ал моноолиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан фирмалардың алатын экономикалық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа басқа фирмалардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмалар саладағы бұрынғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре бастайды.

Бұның нәтижесінде ескі фирмалардың сұраныс қисығы төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сондықтан ескі фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.

Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нольге тең болады (суретте O нүктесі).

Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың салаға жеңіл кіріп, одан шыға алатындығының нәтижесінде болып отыр.

Ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік нүктесінің (O нүктесі) тағы бір ерекшелігі ол AC ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екі нүкте бір – біріне дәл келмейді? Өйткені AC ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизантальды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополиялық бәсеке нарығында орындалмайды. (Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес екенін еске түсіру керек). Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесінқиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 2. – суретте орташа шығын қисығының ең төменгі нүктесін қиып өтетін D2 сұраныс қисығы көрсетілген. Бұл қисықты сұраныстың D1 – ден D3 – ке дейін, яғни тұрақты жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сызып көрсеттік.

Ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік нүктесінің орташа шығынның ең төменгі нүктесімен дәл түспеуі негізгі себептің шығуына алып келеді. Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке нарығындағы тепе – теңдік баға ұзақ мерзімдегі бәсекелестік бағадан жоғары болады.(бәсекелестік нарықтағы баға орташа шығынға тең екенін ескерте кетейік). Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұтынушыларды тауар үшін «артық» ақша төлеуіне мәжбүр етеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке кезінде өнім көлемі ұтымды өнім көлемінен аз өндіріледі. Ал толық бәсеке жағдайында әр фирма ұтымды өнім көлемін орташа шығындардың ең аз мәніне сәйкес өндіреді.

Егер жетілген бәсеке нарығындағы заңдылықтар монополиялық бәсекеде бекітілсе, онда өндірілген өнімді арзан бағаға сатуға болар еді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет