Глоссарий микроэкономика


Қайталауға арналған сұрақтар



бет47/82
Дата13.05.2020
өлшемі425,17 Kb.
#67566
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
Микро УМК

Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Нарық құрылымын анықтайтын сипаттамалар қандай?

  2. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар қаншалықты тиімді әрекет етеді ?

  3. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар қай кезде өз қызметін тоқтатады ?

  4. Бәсекелес фирманың өнімінің бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2 тең.

а) Қандай өнім көлемін шығарғанда фирма шығынға ұшырайды?

ә) Тең дәрежеде шығарылатын өнім көлемін және ең жоғарғы табыс мөлшерін табыңыз.


Тақырып 9. Монополист фирманың қылығы

1. Монополияның негізгі белгілері

2. Монополия жағдайында баға және өндіріс көлемін анықтау

3. Монопсония ұғымы.

4. Нарықты сегменттеу.

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бәрі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.

Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауардың ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді..

Берілген тауарды өндіретін тек т ек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлыр жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық- монополия, ал фирма- монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтыңсұраныс қисығы болып табыладыжәне ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейдіжәне де бәсекелс фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерті арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістердің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.

Монополияны тек қана экономикалық шектулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патен алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса- құқығың бар, ал патент жоқ болса- құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жыңылықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.

Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі- демпинг- бісекелесім ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар- олар мүмкіндігі мол монополисттер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:


  1. Жабық монополия. Ол бәсекелестен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.

  2. Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру.

  3. Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін бір фирма және оның бәскелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Монополисттің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты- пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайы толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:

Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. өндіруші тауардың арықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда жеке өндірушінің монополиялық билігінің бар екендігі анықталады. Монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады:

L= P-MC/ P

Нақты өмірде фирманың басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отыр. Соған қарамастан, олар MR=MC болғандығы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс.

Бәсекелес нарықпен салыстырғанда монополист- өндірушілер тауардың бағасын жоғары деңгейде белгілейтінін және өнімді бәсекелес фирмада аз көлемде ұсынатынын өткен талдауда байқадық.

Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде бір тұтынушы ұтым ала алмайды, себебі монополист сатып алушынң арқайсысына төлей алатын жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополистке пайда ретінде келіп түседі. Мемлекеттік басқару ұжымдары бағалық дискриминация саясатына өте қатаң қарамайды, себебі монополисттер бұндай саясат жүргізе отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет