Қайталауға арналған сұрақтар
Монополиялар неге бағалық дискриминация практикасын жүргізеді?
Қазақстан Республикасының экономикасынан монополия және монопсония үлгілері бойынша мысалдар келтіріңіз.
Бағалық дискриминация бойынша өз мысалдарыңызды келтіріп, түсінік беріңіз.
Бәсеке жағдайында жаңа тауарларға жоғары бағаның бекітілуін және оның белгілі уақыт өткен соң төмендеуін немен түсіндіруге болады?
Қандай жағдайларда монополия пайда болады
Тақырып 10. Монополиялық бәсеке және олигополия жағдайындағы фирманың қылығы.
1. Монополиялық бәсекенің сипатты белгілері
2.Монополиялық бәсеке кезінде пайданы барынша жоғарылату шарттары
3. Монополиялық бәсеке шығындары
4. Олигополияның негізгі қасиеттері.
Нарықтың осы құрылымы нақты өмірде кездеседі. Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсекемен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйекс келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті. Нарық құрлымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқамерзімін кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп атауға да болады. Болған кнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып екту де оңай.
Мысалы , шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл ісі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
б) нарықтағы өнім көлемі , баға және басқада жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады:
в) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін – бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т. б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап – бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
Қысқа мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың жұмысын талдауды 1-сурет бойынша түсіндіреміз.
Бірінші көңіл аударатын жағдай, монополиялық бәсекелес фирманың сұраныс қисығы (D). Бұл қисық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы сияқты абсолютті икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне паралелді емес, теріс көлбеулі болады. Бұның басты себебі монополиялық бәсекелесфирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |