Гормондар биохимиясы



бет37/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Инсулин. Инсулин Лангерганс аралшаларының β жасушаларында түзіледі. Гормонның аты «insula» (остров) арал сөзінен шыққан. Инсулиннің препроинсулин түрінде түзілетіне анықталған. Содан кейін ақуыз молекуласы құрамының посттрансляциялық өзгерістерінен кейін препроинсулиннен сигналды пептид бөлініп, 84 аминқышқылынан тұратын проинсулин түзіледі. Проинсулин 1966 жылы алынды. Проинсулин инсулинге ұқсас, әлсіз физиологиялық әсері көрінісімен сипатталады. Молекуласы бір полипептидтік тізбектен тұрады. Арнайы пептидгидролазаның әсерінен проинсулиннің тізбегінің ортасынан 2733 аминқышқылды қалдықтың үзілуі нәтижесінде молекулалық массасы 6000 болатын инсулиннің мономері түзіледі. Инсулиннің кристалл түрі 1925 жылы алынған. 1963 жылы инсулиннің химиялық синтезі ашылды, бірақ бұл әдіс өте қымбатқа түсті. Бұл гормонды ірі қара мен шошқаның асқазан асты безінен алу экономикалық тұрғыдан ұтымды болды. Қазіргі кезде гендік инженерия жолымен алынған адам инсулині түрі қолданылады. Бір жылда екі тоннадай инсулин жер шары бойынша пайдаланылады. Қазіргі кезде жер шарының 1%-ы қант диабетімен ауырады және бір өкініштісі бұл көрсеткіш күннен күнге өсе түсуде. Мұны көмірсулық тағамды мөлшерден тыс пайдалану нәтижесінде, асқазан асты безінің мүлдем азайып кетіп, қант диабетімен алып келуімен байланыстырамыз.
Инсулин құнсыз жай белок. Молекуласында метионин мен триптофан болмайды. Гормон 2 полипептидтік (А және В) тізбектен тұрады. А тізбегі 21, В тізбегі 30 аминқышқылынан тұрады. Бұл тізбектер өзара 2 дисульфидтік көпіршемен, ал үшінші дисульфидтік байланыс А тізбекте байланысқан.
Инсулиннің белсенділігі дисульфидтік көпіршелердің бүтіндігіне байланысты.
Жануар инсулинін ұзақ пайдалану аллергиялық реакция беретіндігі анықталған, қазіргі таңда көбінесе адам инсулині қолданылады. Жасушаларда түзілген инсулиннің мономері күрделі комплекске байланысып, жоғары салмақты болады. Мысалы: В тізбектегі инсулин мономеріне циклионы байланысады. Бұл түрдің ашылуы цикл - инсулин суспензиясының пайда болуы.
Жүйке жүйесі импульстерінің әсерінен полимерлер инсулиннің жеке молекуласына ыдырап, қанға түсіп, кейбірі қан плазмасының α-глобулиндерімен немесе трансферринмен байланысады. Осылайша инсулин қанда бос және байланысқан түрлерде бола алады.
Инсулиннің байланысқан түрі қанда қор қызметін атқарып, гормонды бұзылудан сақтайды. Кейде проинсулиннің кейбір бөлігі инсулинмен бірге қайта қанға түседі. Бұл қант диабеті кезінде жоғарылаған плазма инсулинтекті белсенділігін белгілі бір деңгейде қалыптастыруы мүмкін.
Бауыр жасушаларында қанмен түскен гормон инсулин инсулиназаның әсерінен бұзылады. Байланысқан инсулин күшті қосылыс болғандықтан, инсулиназа оған нашар әсер етеді. Инсулиннің жартылай айналымы – 10 минут шамасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет