Гормондар биохимиясы


Глюкокортикостероидтардың пермиссивті әсері



бет57/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Глюкокортикостероидтардың пермиссивті әсері: Глюкокортикостероидтар артериялық қысымды қолдай отырып, артериолдардың норадреналинге әсерін реттейді.
Кортизол бүйрек қан тамырларын кеңейтеді, нәтижесінде бірінші қабаттық сүзгілеу мен судың несеппен бөлінуі күшееді деген болжам бар. Глюкокортикостероидтар диурезге жауап ретінде бөлінетін сұйықтықтарға, яғни судың бөлінуіне оңтайлы жағдай тудырады.
Кортизол СТГ секрециясын тежейді, салдарынан гиперкортицизмде бой өсуінің кемуі байқалады.
Глюкокортикостероидтар Д дәруменінің әсеріне кедергі бола отырып, кальций экскрециясын күшейтеді. Бой өсуі тежеледі, себебі СТГ секрециясы мен инсулин типті өсу факторы және ақуыз синтезі төмендейді.
Минералкортикостероидтар – бүйрек үстінің 15%-нан тұратын шумақты аймақта түзіледі. Минералкортикостероидтарға альдостерон және дезоксикортикостерон жатады. Альдостеронның белсенділігі дезоксикортикостероннан 50 есе асып түседі. Сондықтан шумақты аймақтан қанға секреттелетін бірден-бір гормон деп айта аламыз.
Альдостерон циклопентаппергидрофенантреннен тұрып, С4 пен С5 арасында қос байланысы, С3-те кетотобы және С13-те альдегид тобы болуымен сипатталады. Ал оның С11-де ОН тобы болуы бұл гормонның көмірсу алмасуына әлсіз әсер көрсететінін білдіреді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет