Гормондар биохимиясы


Бүйрек үсті қыртысты қабатының гиперфункциясы



бет59/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Бүйрек үсті қыртысты қабатының гиперфункциясы Иценко-Кушинг ауруының пайда болуына алып келеді. Аурудың белгілеріне қатты шаршау (гипергликемия болғанына қарамастан, глюкоза ұлпалардан жойылмайды) және салмақ жоғалту (ақуыздар ыдырауының жоғары жылдамдығы және аминқышқылдарының глюкозаға айналуы), сондай-ақ майлардың ағзадағы қайта бөлінуі себебінен бет-әлпеттің дөңгелектенуі байқалады. Ақуыз биосинтезінің бұзылуы және оның ыдырауының жоғарылауы нәтижесінде теріс азоттық баланс, сондай-ақ остеопороз, инфекцияға төзу қарқынының нашарлауы, алкалоздың дамуы, асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарылауы және жара пайда болуы байқалады. Эндогенді және экзогенді «стероидты диабет» пайда болады. «Стероидты диабет» байқалуы қант диабетінің белгілеріндей, бірақ әлсіз көріністі болады. Стероидты диабет кезінде асқазан асты безінің инсулярлы аппараты біртіндеп азғындайды да қант диабетінің дамуы тууы мүмкін. Минералкортикостероидтардың әсер етуі нәтижесінде артериальды қысым жоғарылап, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы бұзылады, салдарынан коллаген синтезі бұзылып, ақуыздар ыдырауы күшеюі әсерінен тері артрофиясы дамуы мүмкін.
Мұндай науқастардың қанында гипергликемияға жауап ретінде инсулин деңгейінің артуы липидтер синтезі үшін глюкозаны пайдаланудың күшеюін тудырады. Қанда липопротеидтер деңгейі артады және дененің көбінесе жоғарғы бөлігінде, іште және бетте майдың жинақталуы артады. Иценго-Кушинг ауруы әйелдерде-гирсутизм, ерлерде-жалған евнухоидизм синдромдарымен қатар кездеседі. Гиперкортикоцизмді емдеу үшін кортизол синтезінің ингибиторлары пайдаланылады. Олардың бірі бұрын жәндіктерді құртуға пайдаланылған дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) немесе “дуст” туындысы – хлодитан болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет