6тақырып:
1. Өкпенің жоғарғы бөлігінде орналасқан ошақты туберкулез көбінесе немен түсіндіріледі:
а) өкпе ұшының қозғалғыштығының шектелуімен, лимфа ағысының баяулауымен, гиповентиляциямен++
б) лимфа ағысының баяулауымен, жоғарғы бөліктік бронхтың зақымдануымен, гипервентиляциясымен
в) өкпе ұшының тез қозғалуымен, гипервентиляциясымен, лимфа ағысының баяулауымен
г) өкпе ұшының тез қозғалуымен, жоғарғы бөліктік бронхтың зақымдануымен
д) лимфа ағысының жылдамдығымен, өкпе суретінің деформациясымен, гиповентиляциямен
2. Туберкулеманың рентгенологиялық көрінісі
а) ошақты-фокусты күңгірттену
б) 12мм үлкен дөңгелек көлеңке++
в) инфльтиратты көлеңке
г) сақина тәріздес көлеңке
д) 1см-ге дейін көлеңке
3. Өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ +, 1 категорияда 2 ай ем алған соң туберкулезбен улану симптомдары жойлған. Бактериобөлуі тоқтамаған. Сіздің әрі қарай қолданатын тактикаңыз қандай?
а) қарқынды фазадағы емін әрі қарай тағыда 1 айға созу
б) туберкулезге қарсы алып жатқан емін тоқтату++
в) жасанды пневмоторакс
г) хирургиялық ем
д) кортикостероидтарды беру
4. Туберкулема диагнозын қоюға жүргізілген гистологиялық зерттеуде аталғандардың ішінде не көмектеседі?
а) қан жолақтары
б) нейтрофилдер
в) гистиоциттер
г) лейкоциттер
д) казеоз++
5. 29 жастағы науқаста: Оң өкпенің төменгі бөлігінің туберкулемасы, ыдырау фазасы, ТМБ +, жаңа жағдай. G-Xpert әдісімен ТМБ+, Rif сезімталдық сақталған . 1тип қант диабеті бар.
Сіздің тағайындайтын ем шараңыз қандай?
а) 4 «Г» категориядағы ем
б) 2 категориядағы ем
в) 1 категориядағы ем++
г) 3 категориядағы ем
д) 4 категориядағы ем
6. Казеозды пневмония қант диабетімен қосарланғанда ағымының ерекшеліктері:
а) ағымында ешқандай айырмашылық жоқ
б) процесстің үдеуімен қауіп төндіреді++
в) ағымы шектеледі
г) ағымы нәтижелі
д) ағымы торпидті
7. 50 жасар еркекте, 1 тип қант диабетінің декомпенсациясымен эндокринологқа қаралу кезінде оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және шашыранды ошақтар фазасы ТМБ + анықталған.
Сіз қандай анықталу жағдайы мен ем категориясын тағайындайсыз?
а) 4 категория, нәтижесіз ем
б) 1 категория, жаңа жағдай
в) 2 категория, жаңа жағдай++
г) 2 категория, рецидив
д) 2 категория, басқалар
8.25 жасар науқас, алғашқы рет анықталған оң өкпенің S1 инфильтратты туберкулезі, ТМБ +, диагнозымен 2 ай стационарда қарқынды фазада 4 АБП және 4 ай жалғастыру фазасында ем алған. Бактериобөлінуі тоқтады. Рентген суретінде – d – 3 см. гомогенді шеті тегіс дөңгелек көлеңке оң өкпенің S1 анықталды.
Аталған диагноздардың қайсысы дұрыс?
а) дөңгелек инфильтрат
б) перифериялық ісік
в) киста толтырылған
г) туберкулема
д) эхинококк++
9. 27 жастағы науқаста оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ – диагнозы қойылған. 6 ай 1 категория бойынша ем алды. ТМБ анықталған жоқ. Туберкулеманың көлемі 6 см. Науқаста 1 тип қант диабеті бар.
Сіздің емдік тактикаңыз қандай?
а) антибактериалды терапияны жалғастыру
б) жасанды пневмоторакс++
в) эндотрахеальды дәріні енгізу
г) шектелген резекция
д) пневмоперитонеум
10. 30 жастағы пациент С., салмағының азаюына, оң кеуде қуысының ауруына, дімкәстікке, әлсіздікке, тершеңдікке, кешке дене қызуының 37,7о көтерілуіне шағымданып терапевтке қаралды.
Аталған тексерістердің ішінен дұрысын таңдаңыз?
а) қақырықты ТМБ анықтау, өкпенің жалпы шолу рентгенограммасы++
б) бронхоскопия, өкпенің жалпы шолу рентгенограммасы
в) спирография, өкпенің жалпы шолу рентгенограммасы
г) электрокардиография, спирометрия
д) плевра қуысының УДЗ
5 есеп
5. 33 жасар әйелді профилактикалық тексерісте оң өкпенің жоғарғы бөлігінде дөңгелек тәріздес көлемі 18мм диаметрде С2 түзіліс анықталған. Шағымдары жоқ. Клиникалық анализдері қалыпты. Қақырық анализінде МБТ мен атипиялықклеткалар анықталмады. Анамнезінде: бала кезінде кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезімен ауырған.
Алдын ала қойылатын диагнозыңыз қандай?
. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы
2.. Керекті қосымша тексеру әдістерін атаңыз
G-xpert,
Бактек,
өкпенің КТ
Достарыңызбен бөлісу: |