Гормондар биохимиясы



бет62/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Әсер ету механизмі – І. Катехоламиндер байланыса алатын рецепторлар 2 түрлі болады: α – (α1 - α2) және β (β1 - β2-- β3) адренорецепторлар, жасуша беткейлеріндегі олардың тығыздығы әртүрлі ағзалар мен тіндерде әртүрлі. Негізінен β – рецепторлар ми тамырлары жасушаларында, жүректе, бауырда, ми тіндерінде көптеп кездессе, α- рецепторлар ішек тамырларында, перифериялық тамырларда, өкпе тұсында көп болады. Катехоламиндер α1 – рецепторлармен байланыса отырып цГМФ жинақталуын тездетеді, фосфолипаза С-ны белсендіреді, салдарынан инозитолтрифостат пен диацилглицерин мөлшері артады. Катехоламиндер α2-адренорецепторлармен байланысқанда цАМФ түзілуінің төмендеуін қамтамасыз етеді, ал β-рецепторлармен байланысқанда цАМФ түзілуіне жағдай жасайды. Сондықтан бір гормон әртүрлі рецепторлар арқылы әсер ете отырып, бір-біріне қарама-қарсы эффект тудыруы мүмкін: гормон- α-рецептор жинағының түзілуі липидтер мен гликоген синтезін тездетсе, гормон- β - рецептор жинағы олардың ыдырауын тудырады. Сондай-ақ гормондардың қан тамырлары қабырғаларына, әсіресе коронарлық және ми тамырларына физиологиялық әсері ажыратылады: гормон α-рецепторлармен байланысса қан тамырларының тарылуы, ал керісінше β – рецепторлармен байланысса қан тамырлары кеңейеді. Норадреналиннің α1 және β1 рецепторлармен, ал адреналиннің α2 - β2 рецепторлармен оңтайлы әсер көрсететіні белгілі. Осыған байланысты олардың ағзалар мен тіндерге әсері әртүрлі. Сондай-ақ, адреналин өте көп мөлшерде бөлінсе, α рецепторлармен біріге әсер ететіні анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет