Гормондар биохимиясы



бет64/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Физиологиялық әсері: адреналин цАМФ түзілуіне жағдай жасайтын болғандықтан, нысана жасушаларда гликогенолиз жоғарылайды. Бауырда түзілген глюкозо-6-фосфат молекуласы дефосфорланып, глюкоза қанға түседі. Бұлшық еттерде глюкозо-6-фосфат глюкозо-6-фосфотаза болмағандықтан гликолизге жөнелтіліп, энергия көзі ретінде жұмсалынады, көбінесе бұлшық еттерде глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырап, бауырға түседі де, глюконеогенезге жұмсалынады. Адреналиннің әсерінен бұлшық еттер мен басқа да ағзалар мен тіндердегі глюкозаны қолдану төмендеп, салдарынан инсулин секрециясы төмендейді. Нәтижесінде глюкозаны тіндерде пайдалану нашарлап, глюкоза ми жұмысына сақталынады.
Май тіндерінде, бауырда липолиз жоғарылап, бауыр жасушаларында бөлінген ЖМҚ β-тотығуға түседі. Көп мөлшерде кетонды денелер түзіліп, қанға соңынан бұлшық етке түседі де, сол жасушаларда жойылады. Глицерин глюконеогенезге жұмсалады.
Жүрек тамырларының, ми ұлпаларының кеңейуі, бұл ағзалардың қан айналымын жақсартады, ұлпалардың энергиямен қамтамасыз етілуін жақсартады, оттегі пайдалануы мен тотығу-тотықсыздану процесстерін жоғарылатады. Нәтижесінде жүрек және бұлшық еттердің жұмыс істеуі бірден көтеріледі. Яғни, адреналин жүрек ритмін тездете, жүрек соғысын және қан қысымын көтере отырып, ағзаны жұмыс істеуге өте қабілетті жағдайға келтіреді де, осынысымен жүрек-қан тамыр жүйесін белсенділік пен экстремальді жағдайларға дайындайды.
Осылайша адреналин кардиотониялық, гипергликемиялық, калоригендік әсерлерге ие. Ол ағзалар мен тіндердің максимальды қамтамасыздануы, негізінен алғанда энергетикалық субстрат ретінде глюкоза мен кетонды денелерді жеңіл қайта өңдеп пайдаланатын жүйке жүйесі мен бұлшық еттері жұмысын қалыпқа келтіреді. Бұл тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуінің жоғарылауы, заттар алмасуының жоғарылауы және тіндік тыныс алу интенсивтілігіне алып келеді. Нәтижесінде жүрек және қаңқа бұлшық еттерінің жұмыс істеуі жоғарылайды. Адреналин әсерінен тіндер мен ағзаларда жүретін үдерістерді кесте түрінде көрсетуге болады.
адреналин

Адреналинге метаболиттік және физиологиялық жауап





Ағза

Биохимиялық үдерістер



ми

- қан ағысыны, глюкоза және кетонды денелер түсуінің күшейуі;
- глюкоза метаболизмінің жоғарылауы

жүрек-қантамыр
жүйесі

- күштің жоғарылауы және жиырылуының тездігі;
- перифериялық вазоконструкция;
- коронарлы тамырлар кеңейуі

өкпе

- бронходилатация;
- желдетудің күшеюі

бұлшық ет

- ЖМҚ β-тотығуының интенсивтілігінің жоғарылауы;
- жиырылуының жоғарылауы

бауыр

- глюкоза өнімдерінің жоғарылауы;
- β-тотығуының күшеюі;
- кетонды денелер синтезінің күшейуі

май тіндері

- липолиздің жоғарылауы

тері, қаңқа, асқазан-ішек трактісі, несеп-жыныс жүйесі, лимпоидты тіндер

- қан ағасының, глюкозаны пайдалану және ақуыз синтезі төмендеуі;
- протеолиз жоғарылауы;
- полиурия

Адреналиннің ми тіндеріндегі синтезінің бұзылуы Паркинсонизм ауруын тудырады.


Норадреналин α-рецепторлар арқылы әсер ете отырып,кеуде тұсы тамырлары мен перифериялық артерияларды тарылтады. Мұндайда артериялық қан қысымы жоғарылайды. Адреналин β-рецепторлар арқылы әсер ете отырыпми, жүрек және бауыр қан тамырларын кеңейтеді. Нәтижесінде бұл ағзалардағы қан ағысы жақсарады.
Осылайша катехоламиндердің әсерінен стресс кезінде қан айналымының қайта айналуы жүреді, бұл ағзаның стресс әсеріне бейімділігін жоғарылатады.
Юлий Цезарь байқағандай, қазіргі кезде стресс деп аталынатын қауып-қатерді адамдар әр түрлі қабылдаған, яғни гормондар әсерін адамдар бұрыннан байқаған. Кейбіреулері қатты ашуланғанда, бірден қауіп төнгенде немесе басқа қиын жағдайларда бірден тері тамырлары және басқа перифериялық тамырлар жиырылғанда, систомикалық және диастомикалық артериялық қысым жоғарылып кеткен себептен бозарады, брадикардия белгілері көрінеді. Норадреналиннің әсері осылай көрініс береді. Кейбір адамдар қызарады, оларда жұмыс істеу қабілеті жоғарылап, алмасу реакциялары бірден күшейеді. Оларда β-рецепторлар белсенді болып, норадреналинге қарағанда адреналин көп өндіріледі. Егер адреналин қозу процесстерін күшейтсе, норадреналин керісінше тежелу процесстерін күшейтеді. Сондықтан қатты ашуланғанда, бірден қауіп-қатер төнген кезде қорқу себептен қызаратын адамдар, бозаратындарға қарағанда агрессивті және белсендірек болып келеді. Қызаратын адамдар ұзағырақ жасайтына дәлелденген.
Ұзақ уақыт стресс жағдайында жүргенде ағзада бұзылу байқалады. Бұл ауруда бірден адреналин мөлшері жоғарылап кеткендігімен түсіндіріледі, сондықтан адреналин тек β-рецепторлармен ғана емес, α-рецепторлармен де байланысады. Нәтижесінде перифериялық тамырлар, сондай-ақ α-рецепторлары бар жүрек, ми тамырлары тарылады. Мұндай жағдай инфаркт немесе инсульт тудыруы мүмкін.
Бақылай отырып норадреналинді гемодинамиканы қайта құруда, қанның қайта айналуында, ал адреналинді ауырсынуға, жарақат немесе басқа әсерлерге жауап зат алмасуды өзгертуге бөлінеді деп қорытындылауға болады.
Катехоламиндердің аталған физиологиялық эффектілерінен басқа арнайы нысана-тіндеріндегі адренорецепторларға эффектілерін атап көрсетуге болады. Яғни, катехоламиндердің α1-рецепторлармен байланысы эякуляцияға, несеп қапшығы және жатырдың жиырылуына, көздің алыстан көруіне бейімделуіне, пилоэрекцияға, спинктер тонусының жоғарылауына, перистальтиктер тежелуіне амилаза және тер секрециясына алып келеді. Ал, α2-рецепторлармен байланысы асқазан-ішек трактісі тегіс бұлшық еттерінің босаңсуына, ОЖЖ-нің әртүрлі жағдайларына (сергектік, үрей, қорқыныш), тромбоциттер агрегациясана, адренергиялық және холинергиялық жүйке ұштарынан босап шыққан медиаторлар тежелуіне, липолиз тежелуіне, инсулин, глюкагон, ренин секрециясының тежелуіне, соматостатин түзілуінің тежелуіне алып келеді. β1-рецепторлармен катехоламиндердің байланысы ионотропты, дромотропты, хронотропты, аритмогенді оң эффект және ренин, липолиз өнімдерінің төмендеуіне алып келеді. β2-рецепторлармен байланысы ренин, инсулин, глюкагон, соматостатин секрециясын белсендіреді және асқазан-ішек трактісінің бұлшық еттерінің босауына әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет