1-тапсырма. Берілген мәтіннің айтылым үлгісіндегі әуен өзгерістерін жоғарыда көрсеткеніміздей сызып беріңіздер –
Теңіздің суы неге ащы? –деп сұрапты біреу Қожанасырдан.
–
Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ондағы
балықтар бұзылып кетпесін деп, Алла тағала тұздап қойған ғой, – депті
Қожанасыр.
2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді әуен өзгерістері арқылы түрлі (бейтарап хабарлы ой, сұрау мәнінде, қуаныш лебімен, жақтырмаған кейіпте және т.с.с.) мазмұнда құбылтып айтып көріңіз. Қандай сәтті кездесу; Өткен жолғы келісімге сәйкес; Бала кезден
танимын дедіңіз; Әзірге бүгінгі күннің жаңалықтары осындай; Мен сізді
жақсы білем.