Гуманитарлық факультет



бет42/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Әдебиеттер:

1.Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2014. 2-басылым, толықтылылған.-256б.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың


2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

4. Қазақстан Республикасының Білңм туралы Заңы. (27.07.2007, № 319).



Дәріс 4 .

Тақырыбы: Тарихты оқыту үдерісінде тарихи білім, білік және дағды қалыптастыру.

Жоспар:

1. Тарихты оқыту барысында тарихи білім беру.

2. Тарихи білік пен дағды қалыптастыру жолдары.



Тірек сөздер: тарихи білім, білік, дағды, құбылыс.

Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жанару жолында» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар ауда-рып отыр.

Әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінін, халқынын тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді. Өйткені кез келген мемлекеттін азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардын, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Ал, Тәуелсіздік жолын жаңа ғана бастаған Қазақстанға жаңа қоғамды құрушы, сонда өмір сүруші жастарды оқытып, тәрбиелеу аса маңызды міндет болып тұр. Ал еліміздің тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сөзіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады. Тарих -ғылым, білім ретінде қоғамда да, адам өмірінде де ерекше маңызды орын алады. Қоғам мүшелерін қажетті дәрежеде тарихи біліммен қаруландырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды.

Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының мазмүнын қалай меңгеріп отырғандықтарын білудіңмаңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ой елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеру, тарихи процестің кейбір заңдылықтарын біліп алуы керек.

Білімнің терең меңгерілуі оқушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен кұбылыстарды салысты-рып, саралай білуді, оларды ез бетімен бағалай білуді көздейді. Соған коса тарих нұскаулары, косымшатарихи әдебиеттер мен карталар және көрнекі кұралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушы-лардың ауызша және жазба тілін дамыту карастырылады.

Тарихтын оқу пәні ретіндегі ерекшелігі сол, бұл пәннен окушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің релі орасан зор. Мұғалімнің әсерлі, кызғы-лықты әңгімесі оқушының өткендегінің жаркын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оку материалын айкын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нактылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде мұғалім пікір алысудың және тарихи окиғалардын өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп береді.

Қабілеттін қалыптасу әдісі, тарихи материалдарды талдау және синтездеу. Сабақ - қазіргі тарих сабағына қойылатын талаптар. Тарих бойынша сабақ түрін тандауға шартты түрде өткізілетін сабақ түрлері мен факторлар. Оқыту процесінде барлық сыныптарды қамтитын, жан - жақты сабақты өткізу ерекшеліктері. Мұғалім баяңдаған жаңа материалды түсіну сабақтары. Дағды мен шеберлікті қалыптастыру білімділікті тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама- жалпылау сабақтары. Білімділік пен шеберлікті тексеру сабақтары. Семинар сабақтар. Ықпалдастық сабақтар. Тарих сабағының дидактикалық жабдықтары. Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы. Тақырыптық сабақты жоспарлау. Сабақтың жұмыс жоспары мен оның негізгі компоненттері.

Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.  Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн» екендігі атап көрсетілген болатын. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.

Әдебиеттер:

1.Тұрлығұл Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Студеникин М.Т. Методика преподавания истории. -М., 2003.

3. Әбдіғұлова Б.Қ. Тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі.-Алматы, 2012.

4.Кешекбаев Н. Оқыту теориясы. – Алматы, 2006.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет