Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет140/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер:
сүтқышқылы бактериялары, қоректік орталар, 
культивирлеу, штамм, микроорганизм, пептон, биомасса, MRS. 
 
Микроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын арнаулы орган 
болмайды. Сондықтар олар қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы 
қабылдайды да, керек емес заттарды бүкіл денесі арқылы шығарып 
тастайды. Микроорганизмдердің басым көпшілігі белокты заттарды, май 
тектес заттарды синтездей алады. Микроорганизмдерді зерттеу және 
практика қолдану үшін оларды жасанды қоректік ортада өсіре білу қажет. 
Бұл мақсатта өндірісте немесе зертханада қоректік орта даярланады. 
Осындай арнайы даярланған орталар көмегімен микроорганизмдердің жеке 
түрлері өсіріп алып зерттеуге мүмкіндік туады. Әдетте қоректік орталардың 
құрамы өсірілетін микроорганизмдердің табиғатына сай болуы керек. 
Микробиологияда өте кең тараған қоректік орталардың бірі – ет сорпасынан 
жасалған орта. Бірақ кейбір микроорганизмдер (сүт қышқылы 
бактериялары) бұл ортада нашар көбейеді. Сондықтан оларға арнап сүттен, 
көкөніс және жемістерден жасалған бірнеше қоректік орталар даярлайды. 
Микроорганизмдерді өсіру үшін қолайлы қолдан құрастырылған жасанды 
қоректік орталарды даярлайды. Микроорганизмдерді өсіру үшін қолайлы 
қолдан 
құрастырылған 
жасанды 
қоректік 
орталар 
даярлайды. 
Микроорганизмдерді өсіру үшін қолайлы қолдан құрастырылған жасанды 
қоректік орталар даярлайды. Мұндай орта сұйық және тығыз болуы мүмкін. 
Сұйық ортаға етпептонды сорпа жасады. Ал тығыз орталарды алу үшін 


184 
сұйық ортаға тез арада қататын теңіз балдырларынан алынған агар агар 
қосылады. Сүт қышқылы бактерияларын бөліп алуға арналған қоректік 
орталар өте күрделі және үнемі қолжетімді бола бермейді. Бүгінгі күнге 
дейін сүт қышқылы бактерияларын өсіруге арналған қоректік орталарды 
бөліп алуға арналған зерттеу жұмыстары мен мақалалар өте көптеп 
саналғанмен осы бағыттағы зерттеу жұмыстары бүгінгі күнге дейін жүргізіліп 
келеді. 
Қоректік ортаның құрамын дұрыс таңдау екі әдіспен жүзеге 
асырылатындығы белгілі: эмпирикалық таңдау және эксперименттерді 
математикалық талдау, есептеу. Бірінші әдіс күні кешеге дейін 
микробиология ғылымдары саласындағы ең тиімді әдіс болып келді. 
Микроорганизмдер физиологиясының жетік зерттелуі қоректік ортаның 
құрамына биологиялық әдіс арқылы дұрыс компоненттер арқылы 
дайындауға мүмкіндік береді, дегенмен бұл әдіс ұзақ уақытты қажет етеді. 
Жаксы жетілген әдіс бұл математикалық есептеулер арқылы қоректік ортаны 
дайындау. Бұл әдіс қоректік орта құрамына қолайлы қоспаларды тез 
таңдауға мүмкіндік береді.
Сүт қышқылы бактерияларынан биотехнологиялық процестер арқылы 
тағам өнімдерін, мал азығын, сүрлем дайындау және олардан органикалық 
қышқылдар алу үшін кеңінен қолданғандықтан, оларға деген ғылыми 
тұрғыдағы қызығушылық толастамауда. 
Сүт қышқылы бактерияларын өсіруге арналған қоректік орталар 
дайындалып, іріктелініп алынды. Әртүрлі сүт тағамдарынан және басқа да 
субстраттардан сүт қышқылы бактерияларының культуралары бөлініп 
алынып, зерттелді. Қоректік олардың ең тиімді түрлері анықталып, оларда 
сүт 
қышқылы 
бактерияларының 
өсу 
қарқындылығы 
анықталып, 
салыстырмалы түрде сипаттама берілді.
Сүт қышқылы бактерияларын биотехнологиялық процестер арқылы 
тағам өнімдерін, мал азығын, сүрлем дайындау және олардан органикалық 
қышқылдар алу үшін кеңінен қолданады. Сүт қышқылы бактерияларын 
өндірісте қолдану бүгінде кеңінен таралған. Бірнеше ғасырлар бойы бұл топ 
микроорганизімдерін адамзат өнеркәсіптің көптеген түрлерінде пайдаланып 
келген болатын. Қазіргі кезде сүт қышқылы микроорганизімдерін бөліп алып, 
арнайы қоректік орталарда өсіру технологиясы жасақталып, таза белсенді 
культураларын басқа да өндіріс салаларында қолдануға байланысты 
зерттеулер жүргізу ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр.
Сүт қышқылы бактерияларын өсіруге және культивирлеуге арналған 
қоректік орталар өте күрделі және барлық кезде алуға оңай болмайды. Сүт 
қышқылы бактериларын өсіруге арналған қоректік орталарды дайындауға 
және бөліп алуға арналған ғылыми зерттеу жұмысының көп болғанына 
қарамастан жаңа орталарды жасауға және оларды ойлап табуға арналған 
зерттеулерде қазіргі кезде өзекті болып табылады. 
Ортаның дұрыс құрамы екі әдіспен анықталады: тәжірибеде 
математикалық модельдеуді қолдана отырып эмпирикалық іріктеу әдісі. Бұл 


185 
бірінші әдіс күні кешеге дейін микробиологиялық зерттеуде кеңінен 
қолданылып келді. Микроорганизмдердің физиологиясын білу биологиялық 
іріктеу әдістеріне жақсы қоректік ортаны таңдауға мүмкіндік берді, бірақ бұл 
әдіс өте ұзақ және көп уақытты алды. Биологиялық зерттеулердегі 
қарқынды әдістер математикалық модельдеу, бұл әдіс қоректік ортаның 
құрамын тез анықтауға және белгілеуге мүмкіндік береді. Математикалық 
модельдеу әдісінің басым көпшілігі үдерісті математикалық модельдеумен 
жүзеге асырылды. Тәжірибе мәліметтерін нақты белгіленген тәртіппен өңдеу 
арқылы операцияларды жүзеге асырады. Коэффиценттердің статистикалық 
талдауы, зерттелу диапазондарын нақты қоя білу, қоректік ортаның қолайлы 
құрамын нақты анықтап алуға мүмкіндік береді, математикалық модельдеу 
арқылы культивирлеудің қолайлы әдісі анықталады [1]. 
Зерттеу объектісі ретінде L.acidophilus туысының сүт қышқылы 
бактериялары алынды. Олар сүт және сүт өнімдерінен бөлініп алынған 
болатын. Тиімді және жаңа коммерциялық қоректік орта MRS алмастыру 
үшін көптеген басқа қоректік орталарға зерттеу жүргізілді (сүт, пептонды, 
гидролизденген сүт, сусло агар, глюкоза қосылған ЕПА, орамжапырақ және 
картоп қайнатпалары т.б.). бақылауға MRS қоректік ортасы алынды. 
L.acidophilus культуралары осы қоректік ортаға егіп, аэрациясыз 37 
0
Стемпературада 3 тәулік бойына өсіріледі. Қоректік орталардың тиімділігі 
туралы қорытындыға олардағы жинақталған L.acidophilus биомассаның 
жинақталуына байланысты айтылды, оны КФК – 2МП әдісімен анықтап 590 
және Горяев камерасы арқылы санап, қышқыл түзу қабілеттерімен және 
протеолитикалық белсенділігі де анықталды. 
Қоректік 
орталардың 
ең 
тиімді 
түрін 
анықтау 
тәжірибені 
математикалық модельдеу әдісі бойынша да ыңғайланды. Осыған сәйкес 
жеті орта матрицасы құрастырылды[2].
Жоспарды жүзеге асыру үшін L.acidophilus культураларын қоректік 
суспензияға (ашытқы автолизаты - 1; глюкоза – 1; КН
2
РО
4
– 0,05; КН
2
РО
4
– 
0,05 %) егіп, 7 зерттелетін қоректік ортаны қайтадан санайды.
Тәжірибенің бірінші сериясын өткізу нашар нәтиже берген қоректік 
ортаны анықтап алуға мүмкіндік берді. Кестеде көрініп тұрғандай қоректік 
ортада биомасса мөлшері 2,62-10
9
кл/мл жетсе, қышқыл түзу қабілетінің 
белсенділігі 110,0 Т
0
, ал протеолитикалық белсенділік 46,0 мг % құрады, 
дегенмен ең нашар нәтиже №7 қоректік ортада болды, зерттеу 
параметрлері 2,16 -10
9
кл/мл, 68,0 Т
0
, 23,2 мг % құраса, басқа азотты 
ортасы бар нұсқалармен салыстырғанда анағұрлым салыстырмалы түрде 
нашар болды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, симплекс әдісі бойынша №7 
қоректік ортаның құрамын қайтадан зерттеп, оның құрамындағы (NH4)

SO
4
иондары 6,5 есеге және ашытқы автолизаты 61 есеге жоғары екендігі 
анықталды [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет