Халық жадындағы хроника ақмола облысы бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің тізімі және сауалнама мәтіні респонденттердің тізімі


Бекболат туралы айтсаңыз сондай, соның басынан кешкен әңгімелері



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі4,98 Mb.
#34365
1   2   3

Бекболат туралы айтсаңыз сондай, соның басынан кешкен әңгімелері

Бекболатты айт деп отырсыңдар ғой. Оны төркіні солай атады, Төрегелді Бек деген осы ауылдың, Абайдың әулеті, ағайынды екеуі. Ал енді, Бекболат ол кішкене батырлау болса керек, мал ұрлап әкеткенде әлгі ол кезде «бандит» дейді ғой. Түнімен келіп ұрлап әкетеді дейді. Сонда сол шығып, өзі кішкене қол ұстап, солай өмір сүреді. Сосын жаңағы айт болады, соныменен жүреді, қайда «жесір дауы, мал дауы, жер дауы» болса, сол кісі барады. Солай болып жүріпті ғой. Қарсақтың өзі солай болған. Содан мынау кім деген «памятник» қойып, Қошқарбайдың би деп қой, би емес ол кісі, әкелерім айтып отыратын-ды. Соғыстан кейін әкем Байкен, мына жерде Беркімбай деген шал болды, ана жақта Жанпейіс деген, сондай сондай былай жүріп тұрған жігіт, кісілер болды. Сол отырып әңгіме қылады «мынау бүйтіп еді ау, солай сөйдеді». Ана жерде отырып сол мен тыңдайтынмын. Содан бұл сөйтіп жүреді. Бірақ қартайған кезде, БекболатҚылышбайды жасы өсіп келе жатқан бала бұл Барқын ауылынікі дейді, біздікі Байдың ауылынікі дейді. Анау ағаш ішінде көрдіңіз бе?



Мхм

Вот соның бер жағында біздің ауылдың жұрты болған, бөлек кеткеннен кейін өзі адамға расход керек қой. Ана жақтан да келеді нелер әлгі, билер или там делегация соған тамақ керек. Не керек жаңағы ауылдың кісілері Төрегелді ағасы әкенің сол несін мүлкін иемденіп алып, мен қожа дейді. Көрдіңіз ғой анау қайда? И ол өз бетімен жүр, ылғи шаруамен, а. Ақыр соңында бір түсті дейді біздің атамызға. Білмеген екен ғой.



Баласы: Қылышбайдағы қосшы қылып алды деп едің ғой соны айтшы (апа дауысы)әлгі, бізге айтатын әңгімеңді айтсайшы.

Я, сол айтып жатырмын ғой енді. Содан Қылышбайды жас бала жігіт он сегіз жиырмада, он сегіз кезінде оларды бала деді ғой. Е, ат қосшы қылып алады. Анау бір жерге барса, қыс болса, шана жегіп барады жігіт. Жаз болса, тоже солай, не арба байлап сонымен жүреді. Вот сол Қылышбайды ат қосшы қылып алады. Сонымен жүргеннен кейін біраз жерде айтысады, тартысады дегендей. Сонымен сол бір жерге барғанда малдарды ұрлап әкетті дейді, айдап.. бір айтыста сол таңертең ба, түс кезі ма кету керек деп барлығы жиналғанда әлгі біздің Болат атамыздың атын, ортаңғы аттың қамтын теріс кигізіп қойды дейді. Мынау ағаш жағын несіне, көрдіңіз бе, соны жегіп қойды, айдап кету керек. Біраз жер айдап барады. Біраздан кейін барып, жүрмей тұрып алады. Анау шеге ол бұлы батты ғой енді, содан бұ не болды. Жүрмейді, шегіне береді, шегіне береді. Сол шалдың өзі түсіп қарап, нетсе нені теріс кигізіп қойыпты қамытты.

- Ай, Қылышбай сенің мұның не? Сен бүлінейін дедің ау, ә?,- дейді.

Көрдің ба? Бүлінгенін енді мінез құлқынан байқап жүреді ғой енді ол кісілер. Сен бүлінейін дедің ғой, түні бойы ел қыдырдың байтал тарта білесің, ат жегуді ұмыттың ба? Деп айғайлайды ұрсып. Қайтадан жек. Қайтадан доғартып, сол жерде жектіріп, әйда жүр елге, ендігәрі келме дейді. Көрдіңіз ба? Қылышбайың содан сол

Сол әлгі күрескенін айтсай(апа дауысы)

Оказывается анау біліп жүрген секретарьға шейін солай ма, солай жүрген жоқ па қазір бәрі де өзі қызылдың сол гвардейцтердің келіп жатқан кезі шуылдап жүрген кездер. Сол кезде елде мен де болғым келет би, анау да болғысы келет, әлгі жүрген Қылышбай да мен де би болам деп таласады. Сонымен жарайды, болсаңдар бол енді, деп кішкене, бірақ сөзін сөйлейтін кісі аса болмайды. Көрдіңіз ба? Сонымен жүргеннен кейін шалды мынау неге береді, генерал губернатор дейді Көкшетау, Петропавл, соларға арыз, өзі білмейді даже, бәлен бәлен, тұген түген қылып жүріп, қызылдарға қарсы болып жүріп, әәә неге, байларды жақтайды, бүйтеді-сөйтеді, екіарада жүріп, шпион сықылды деген



-Кім жасады оны сонда?

Сол елдің кісілері осы Қарсақтың, көрдіңіз бе? Басы сол Қылышбай болады, воот, ол кезде мұғалім деген сол бірлі жарымды ғана болады, сол молланың мұғалімі, ескіше, воот солмен жүрет, сол бір күндері келіп, не келіп, арестовать етеді шалды Бекболатты. Сен осылай не екенсің қызылдар гвардиясына предатель екенсің ғой деп

Жоқ, дейді. Доказать ету қиын ғой енді. Содан айдап Көкшетауға апарады, Көкшетаудан Петропавлға анау Кульдинский далаға жаяу айдайды. Қолдарында мылтық, аяғында, қолында кісен. Сонымен алып кетті. Анау Қазалы жаққа болмайды деп сол бір кездері Петропавл жаққа қашып келе жатыр дит, машина жоқ, үш ат жегіп, тройка. Сосын анау жүрген-тұрған кісі біледі, Шыңғыс. Негізі дейді, мына Уәлиханның әкесі Шыңғыс ол да генерал губернатор, осы маңайдың несі болды ғой. Жоқ генерал емес, не аға сұлтан , яя. Сол әлгіге қарай жақындаған кезде айғайлап домалап, атын атап ана кісіге қарай ұмтылады. Бекболат. Содан ана кісі тоқтатып, немене, осылай осылай, ееее мынау Бекболат, осылай осылай болды. Не хақтан әкетіп баратыр. Менің ешқандай нем жоқ. Сосын тұрып,

сен дағы Қарсақтың Бекболаты

әуеге ұшар едің жоқ қанатың-деп айтыпты. Бекболатсың, қанат беретін кісі жоқ екен, әйтпесе сенікі дұрыс секілді.

Босатыңдар, деп әлгі жерде босаттырып қоя береді. Қалай барсаң, олай бар. Енді как нибудь барады ғой енді. Сонымен келіп, жүріп, ауырып, ауруға шалдығады. Оның үстіне жоқшылық деген нете бастайды. Содан ол кісі қайтыс болады Бекболат. А мынау как раз жас кезі, ойбай бай болам, би болам, жарайды бол.

Сен қайдан келдің, сен кеше біреудің атын жегіп жүр едің ғой дегенде. Біреу айтты дейді: мен тәрбиелеген Бекболат ол «сенің қолыңнан келет, осылай істе, бүйт» деп айтатын, содан сонымен сол Бекболаттың Батыратан деген баласы болады. Одан кейін Жақия деген болады. Сол екіарады Жақия жүргенде Жақиядан Бәйкен туады. Бәйкеннен біз,көрдіңіз ба? Сол кезде үкіметтің нағыз орнаған кезі болады. Содан сол..

Енді ана Шыңғыстың Бекболатты босатуы ол қызылдардың қолынан емес, ана ақ патшаның әскері ғой. Неге десеңШыңғыс кезінде уже қызылдар жоқ қой. О кезде сол ақ патшаның өзі сол нақақтан айдап бара жатқаны ғой. Енді жалпы не, Қылышбай жаңағы неге бүйтіп істеп жүр ана кісіге, әлгі, атын теріс ерттеп?

Ана жерде ұрысты ғой атты теріс жектің деп.



Сол жоқ соны неге теріс жекті деп тұрмын

Апа: Байқамай

Жоқ, байқамай емес. Ол подставка, орыстар айтат ана директорлар «Под твое колесо палка ставит» деп, маған талай звондады директор совхоз. Где то мың жылқы, үш жүздей сиыр болды.

Енді осы сөзіңіз аузыңызда, мына сол заманда Бекболаттан басқа қандай атақты адамдар болдыесіңізде қалған?

Енді менің есімде..



Көріпкел болды ма, көріпкел?

Көріпкел дегендер болды дейтін, бірақ оған нанбайтынбыз. Шешем марқұм айтып отыратын «анау бір әлгі не болды, жын қуатын бақсы сықылды, салт келе жатып, мынау босанып жатқан әйелдерді талдырып кетеді дейді ана шайтан. Соны көріп, қуып кеп, бүлдірмей сал, былғамай сал деп үйді соққылып, киіз үйді, содан анау әйел тірілді деп айтқанын естідім» шешем марқұм



Сондай бақсылар болған

Болды деді. Ал енді басқа ұсталар болды. Ұста деген мынау Ахмет деген болды, Итеміш деген әкесі. Керемет тамаша ұста болды. Соңғы кезде үкімет соғыстан кейін ресоркалар бар ғой үкіметтен шығып жатқан соларды өзі қолынан кузняда жасап жүрді. Мынау ауылда ыңғайы келмеген соң подРесейге кетіп қойды. Мынау Под ресей дейміз не, Бәйтерек деп қойдық, осы Гаврильевич деген орыс болды. Соғыс болғанда колхозда бірінші не ұстат, қазақта анау кім, Бектұрсын хан деген болды, мынау арғы бетінде, ал мынау біздің жақ осы, Передовой совхоз, колхозының бастығы болды. Сол анау біздің кузнецті алып кетті. Ол сол бәрін істеттірді. Ал енді колхозды сол күнде мынау өтесіздер, көпір бар, сол жерден көпір салдырды. Біздің бала кезіміз соны жүрдік. Колхозға пожарный команда жасап, вышка жасатып, үй салып, ағаштан, күні тұні дежурить еттіретін болды. Екі үш бала ұстап, в случае чего шығасыңдар деп. Солай болды, ал енді, сол кісіні жай не за что, арсетовать етіп алып кетті. Сол брахары. Көрдіңіз ба?



Нешінші жылы?

Бұл біз енді 46, Городокке көшіп бардық.Городок деген колхоздың орталығы болды, былай лесничество. Где то бір жиырма отыз шақты үй болды. Сол жерде не болды әлгі, военный колония болды. Вот сонда соғыстан келгеннен кейін 45-ші жылдың күзінде келді, қыстай отырды. Ауылға бол деп, бригадир бол деп. Сол анау келіп айтты, жаңағы шал «Сенің артына сөзінді сөйлейтін, ал жоқ болса жоқ,бар болса, бар» бар деп сені қоймайды. Сен мұны таста, өйткенде анау лестан кетті ғой соғысқа, қайтадан солай барды. Городок деген жерде тұрды арасы бес шақырым жер. Сол қазіргі не, Бәйтеректе, жаяу келіп оқыдық. Он шақты орыстың баласы бар. Бір ноғайдың баласы бар. Тағы тағы сол үшеу сборный сондай болып, жаяу келеміз. Солай боп жүрдік. Бірінші сол орысша оқыдық. Вот, солай солай өмір сүрдік. Содан Зерендіде вообщем, ауылыңда жөні түзеу школа болмаған соң, ход болмайды екен ол.



Енді осы мынау кім жайында Зерендінің бірінші хатшысы Бектұрғанов деген

Ааа, Бектұрғанов ол туыс кісі болды бізге. Ол кісі Бектұрғанов деген Целиннаның нағыз ашылып жатқан кезінде болды осында келіп, осы детдомда өскен жігіт екен бірақ, осы түбі осы маңайдыкі. Бізге келіп тұрды. Ол кезде мынау әлгі ПОБЕДА деген машина болды ғой. Оны көріп келгенде қоршап аламыз, тамаша машина таңсық. Келіп, сол жиналыс ашады. Шақырып алып, әсіресе, тракторшыға барып май әкел деп, ол уақытқа дейін тракторист ұйқысын қандырып алады дейді ана кісінің өзі. Вот мен де солай жетім болдым да солай болды. Ал енді бір сондай қиянат қылатын болса, айт. Әлгі кісі келгеннен кейін бізге Құдай берді осы, құтырып алдық. Сөзімізді сөйлейді. Сөйтіп, үш төрт жылдай жүріп қалды енді, нағыз Целиннаның нетіп жатқан кезі, қайнап. Ылғи ана тюремщик, аннан кеткен, мыннан кеткендер орыстың, ну, барлық нация болды енді. Қазақ немене, киіміміз жоқ, жамау жамау жүреді бала шаға, шалдар, тіпті итеріп шығарып тастайды, анау тамақ алуға очередьте тұрғанда, сөйтіп жүрдік. Ана кісі өзі сол қазақтарды тиіп жатқанға кірісіп, төбелесіп кеткен жерлері болыпты. Сондай не кісі болды. Сонымен жүрді, жақсы боп қалды район. Бектұрғанов содан бір күні келді андай бригада да болады далада мынау «балалар деді, туыстар деді, енді мен кетем», «Қайда кетесің?»

«Мені Жамбылға ауыстырып жатыр.» Жамбыл облысына,ия, Жамбыл дегеніңді Құдайың білсін, сондажіберіп жатыр, ылғи қазақтың ортасы, қалай болады білмеймін деп, қоштасып кетті.

Біз енді қалдық, апырмау, жақсы кісі еді, бүйтіп жатыр, сөйтіп жатыр. Енді сол Жамбылға барып, дегенменен жақсы болды. Сол осы үйде бір құдалығында, Гүлмираның ба, Тараздан бір құдалар келді, сонда әңгімелесіп отырып, әлгі кісілерден былай жүріп тұрғаны көрініп тұр енді, жаңағы сол Бектұрғанов сіздерге кетіп еді, «Білесіздер ме?» деп. «ойбай, білем мен, неде, ол да сол Жамбыл облыстың сол сатыда жүргем кезінде жұмыста. О кісі солай солай »

Ал енді ол кісі өзі қазақша білмеуші еді, қалай болды? -деп «О,ол кісі тамаша болып, шалдарға жағып алды» деп сөйдеді. «Шалдар жақсы көріп, әлгіні сол ел Жамбыл облысы деп атап кетті»деді. Артынан сол бір екі рет қана келді ау деймін. Содан кейін келген жоқ өйткені, оңды болды ғой. Вот, солай болды деді.

Жамбыл облысында керемет тәртіп орнатты ол кісі. Анау қазақбайшылық жер боп кеткен ғой. Жамбылдың қаласын да әдемі қылды, бәрін.

Сол мынадан кетерде ренжіп кетті. Мыналарды мен түсіндіріп айта алам ба, айта алмаймын ба? Білмеймін, әйтеуір бара жатырмын. Жоқ оңды боп кетіпті солай.

Зор адам болған

Ірі жігіт болатын, такой. Хулигандарды сол, бірінен соң бірін «разве так делается» деп

Енді олар жаман қылмады келген беттен, артынан білді. Қазақ олар тілін де аса білмей.

Аты жөніңіз кім?

Байкенов Шойынбек



Мамандығыңыз кім?

Мамандық толып жатыр, тракторист, шопыр, ептеп счетныйды да білдім. Лесник болдым, лесхоз. Онбес жылдай лесхозда. Осы мына Зерендовский лесхозда. Соны осы ауылды бәрі перестроился дейді. Как раз жылдары сол не болды өзі отпуск, анау Зайцев, Дауренбеков деген министр болды. Ағаштың, лесной промышленность олар осында келді. Қой жеп, жирный баран деп береміз. Екеуі бірге кеп бір рет, не, семіз қойды ұзыннан шауып бердік екеуіне «жарты төбе, жартысы мә». Бір чемоданды алып кетіп еді қаралау сол күйі кетті



Ашаршылық жылдан әңгіме білесіз ба?

Ашаршылық жыл сол әкем марқұм ағаш конструкторы, ептеп шот біледі, жазу әлгі немен кішкене, мына жерде Красный Яр деген болды, бертін бұзып әкетті. Сонда тұрыпты, шешесі ерте өліп, әкесі қалған қартайып, вот. Біз онда жоқпыз, қарындасы болған. Содан сол бір жылдары ашаршылық келіп, жұрт далада, мынау әлгі мал қамалған үйдің кемпірін көрдіңіздер ма?



Көрдік, көрдік

Вот, сол кемпір қыз күні неде кішкентай 2 жасар-3 жасар үйінде тамақ жоқ. Сол мынау өзен бойында не болады, жидек, жуа



Апа: -Он жасар шығар, екі үш жасар тауға қайдан барады?

И, енді үйде ештеңе болмаса, қаңғырып кетеді дейді. Сол сөйтіп, жуа мен жидекті жеп-жеп, көтере алмай далада жатып қалғаннан сол үйіне дейін апарып сөйттік сол. Көрдіңіз бе, манағы кемпір солай, ал қазір білмейді оны. Вот сондай жақсылық болған дейді. Царский лесник болған, киім берген, сухой пойяк беріп тұрған. Сонымен жүреді, вот.



Апа: Шешесі тоқсан алтыға келіп қайтыс болды. Сол кешкілікте әңгіме айтып отыратын. Сол қыз дейді, әлгі жуаны жей бергеннен жап жасыл боп кеткен.

Бір жылдары бір «әләлай» дей ма не дейді құс пайда болыпты. Вообщем бір жыр дей ма бірдеңе, алып қара құс, мынау салт атты болсын, келіп қонып, адамның бетін тырнап сөйтіп кетеді дейді. Жезтырнақ деп айтады. Сол елде бір Мұрат деген жігітті солай жасап, артына кеп салт кетіп бара жатқан малшы, атына кеп қонып, сол ананың бетін тырнап, өлімсіретіп тастаған. Сол ол кезде лесниктерден басқа неде мылтық жоқ. Сол бір күндері аңдып жүреді енді вообщем, ал енді мынау Кардон мынау Яр енді где то бір жүз метр ма, елу метр ма сондайдан кейін не керемет жар. Содан сол түн ортасы кезінде дейма, келгенде сол былдырлап, бажырлап жүрет дейді өзі ұшып келе жатқанда бірдеңелерді айтып, әлгі балдыр-бұлдыр етіп келіп, қарағайдың басына келіп қонды дейді. Лесниктер есікке глазок қойды, түнде нападение болса, шықпа. Сол глазоктан қарап тұрып алады. Ал енді, балдыр-бұлдыр етіп, құзға төмен қарай кетті дейді. Сол кеткеннен, әулақпыр, кетті дейді. Барайын десе, ай жарық еді, әкесі ойбайлап жібермеді дейді. Ертесіне сол ізін қараған ештеңе көрінбеді дейді. Сол кеткеннен кетті деп, сондай біраз совсем бұл маңайда болмады, қайда кеткенін сол кеткеннен кетті дейді. Жанына батқан ғой енді бірдеңе

Мүмкін жараланып кетуі, да. Ол енді сразу не болған жоқ қой, мүмкін үндемей бір жерде тығылып жатқан да шығар. Сауыққанша, сондай сондай болған деп. Ал енді, одан лесниктерде царский қуып шығады ғой, қызылдар. Вот, бұрын царский лес дейтін де, ал енді үкімет народный деді. Содан осы жерде, Алла сақтасын, жоқшылық болады. Біздерде чистополя дейтін жер бар, солардың жері өңді дейді, тосынның даласы бидай, ұн шығады деп сол кезде қазақтар білген мына жерде отырып, анаған барып, десятина дейді, бір гектар ма, сондай жер салып, сол алып егінмен отырған. Ал енді мына жерде сол мал бағып қана, жаз анда кетіп, қыс мында келіп, әлгі байлар, сонымен сол жетеді екен. Сондай өмір болды деп отыратын шалдар. Ал енді өмір өмір жүре береді, ойын күлкі не, жастар, ауыл бір ауыл арасы ағаштың іші ғой енді, былай мынау бәленшенің ауылы мынау түгеншенің ауылы деп, солай солай деп еді дейді. Мысалы, мынау байдың ауылы, ал ар жағында қылдының ауылы дейді. Қараөткел деген, әлгі Мусин дегендердің нелері Бейсен Шәкей деген бай бопты, соның несі, бер жағында Парқынның ауылы дейді, Қылышбайдың елі сол бопты. Одан бері қарай солай солай қазақ бетімен тұра берген. Воот, мына жерде Грейдердің бойында квадратный үй сықылды не тұр ғой зират. Сол Сұлтангерінің зираты дейді, ол Байшеков дегендердің балаларының несі, ал енді анау, шалдың несі олар Атабай дейді. Олар мынау неге қарай Подлесныйға қарай ағаштың ішінде царский Лесник болды кім деген Суворкин Павел Ефримович деген өзі десятник, сол қазақтарды жинап алып, ол кезде қол арамен кеседі, отын кестіріп, үкіметке сдаваттап артынан сөйтіп ақшаны, вот сонда тұрған, солардың малын бағып лесниктің өзі де отыз шақты сиыр болды дейді.

Нешінші жыл бұл сонда?

Бұл где то жиырма алты жиырма жетінші жылдар, сол айтуынан білем, бірақ көргем жоқ. Бірақ ананың Павелдің жұрты дейді, соның охотында мен жұмыс істедім. Воот, сол Павелдің қасында родник бар, көз су шығып жатыр, ананың несі терезесінің түбіне сол акация орнатқан орыстар бір түп, солай өмір болған. Оны дағы арестовать етеміз деп келгеннен орыстар, грамотный болады біздей аса не емес, біздікі енді ол..сол анау мына жағында енді Шолтықтың Тіріжаны деген бай бопты бұл енді осы маңайдың үлкен байы болған. Мың сиыр, мың жылқы солай бопты дейді. Сол Сувовкинмен көрші, анау орыс айтады «давай, сен мына малды қайтесің? Сдаватьта да ақша қыл, алтын қыл. Бір күндері келеді, алып кетеді» дейді.

Ее, салдан пайда болмайды дейді ғой.

Я, малдан пайда болмайды, алып кетеді деп. Мен осы ешкімге тиіп тұрғаным жоқ. Сұраса мал берем, сөйтем бүйтем деп өзінше қазақ өзі еріншектеуміз ғой сол, отыра береді. Ал анау малдарын сатып, мынау Свердловскіге қарай ма айдап, сол күйінде сдаваттап алтын қып алып, бір түнде орыс, безадресный кімдің қайда кеткенін ничего не знает. Көрдіңіз ба? Ал ананы пока нетіп жүргенше, бір күні келеді «Давай, одевайся! Қарамай, ұрып айдап алып шығады» ал енді бар жиған тергенін, алтын бірдемесі бола ма әйтеуір, өзінше бір тастың астына тығып жатса керек, шал, қазақ анау кетіп бара жатқанда айтты дейді, «үлкен тас, үлкен тас» деп. Малшы үйден тағы бір келеді да алып кетеді. Сөйлеуге болмайды. Соны білмеймін енді, балалары несі тапты ма, таппады ма, әлгінде айдап кетті.

Ал ана Суворкиннің қасына мынау родник, су маңайына бір жерге тығылыпты дегенмен, бертін осы жетпісінші жылдардың өзінде әлгінің баласы дейді шалдар, орыстар келді дейді. Қайда болғанын черт знает. Лесхозға тракторист боп кіреді. Көрдіңіз ба, тракторист боп далада пахать етеді әлгі, посадканың орнын, сенокосный сондай жүреді. Ылғи, түс кезінде, обедте отырғанда ешкім жоқ болғанда сол маңды аралап, сенделіп жүреді деп айтты дейді. Сыртынан біреулер байқайды ғой енді. Негізі, сол әкесінің тыққан несі, алтынын іздеді. Соны тапты, ол дағы бір күні кетіп отырды. Тапқан дейді, тракторды да бәрін де далаға тастап, сол жерде менің обходымда болды өзі, сөндіріп тастап, ештеңесіне тимей өзі кетіп отырған. Былай шыққасын табыладығой, көлік не, сондай өмір болған дейді.

Апа: ол бір қағаз бірдеңе, сызып неткені болды ғой, енді әйтпесе ол қайдан табады?

Орыстар ол бірдеңе сызып береді ма, не, орыс оның несі бар ғой или бір столбыға ориентировка болады. Соның айналасын көріп, судан былай қарай или әйтеуір тапты десіп, сол орыстар шулап жүрді. Вот, алғаш кезде



Бұл нешінші жыл?

Бұл да сол отызыншы жылдары



Жоқ ана баласының келуі

Баласы так мен жетпіс алты, жетпіс жеті, сексенінші жылдары сол шамада келді. Вот, бірақ өзім көргем жоқ, солай десіп жүрді. Мен только ана обходына, гранына қожа болдым. Оның ішіндегі несінде нем бар? Бір не болды дағы массовый заготовка, қазір ондай жоқ, сосын осы ауыл бәрі үй салды.



Үйді жақсы салған екен

Қарағай жетпей тұрса, қарағай беріп тұрдым.



Нешінші жылы салды осы үйлерді?

Осы үйді сексен екінші жылы кірдік



Апа: сексен төрт кірдік, сексен екі салдық.

Әйтеуір сол мына жерде бір үйіміз болды. Анау кухняның аржағында, шопыр боп жүргенде, әйтеуір үй салам деп жанталастық, кетіп қояр деп.

Күніне жалобы түседі. Шақыртады лесхозға шақыртады и мына түк те жоқ, а бірақ мен малды көп ұстадым. Он шақты сиыр ұстадым, үш төрт бие болды құлыныменен, солардың ақшаларын ол кезде квитанция болады, сонымен нете бердім, жоғалтып алдым. Ақша болмаса, бір не болса тағы қайда қоярымызды білмей.

Сіз жалғастыра бермедіңіз бе, ата. Қай жылы туғансыз? Қай жылы дүниеге келдіңіз?

Отыз алтыншы жыл



Ата анаңыз қай жылы туылған?

Ау? Ата анам да осы елдікі. Әкем бесінші жылғы, шешем бір екі жас үлкен.



Қандай руға жатасыздар?

Ру дегенді білсек, Қарсақ боламыз



Әкеңіз немен айналысты?

Әкем де сол, лесник болды. Мында жағдай болмаған, аш. Мынау неге кетті, Омбыге, Омск облысына. Россияның, сонда кетеді. Сонда барып жұмыс істеп, бидай дейді, керемет, алынбай жатыр дейді. Ал мында жоқ, аш, өліп жатыр. Сосын шешемді алып, тағы бір екі қарындасын алып, сонда барады. Содан біраз жұмыс істеп, кішкене ақша жиып, үйтіп бүйткеннен кейін, «О,Байкен байып кетіпті. Біз де барайық» деп күллі кісі барса керек, ауылдан, осы Қарсақтан. Барғаннан кейін бәрі жұмыс істегісі келмейді дейді. Қол шалғымен шабу керек, копить надо и т.д. вообще ручной труд қой Омбыда, Омскіде орыс, вот. Біреуі бақсы боп кетеді, өтірік, чтобы үйлерді қарау үшін. Енді бола берсін не дейді енді. Біреуі тағы да содан кейін анауорыс енді айтат басқармалары «Ай, Байкен, твои родственники, твоя родня че то хитрый боп кетті. Жұмыс істемейді. Ты их прибери к рукам» оны айта бастаса, өзімен жанжалдасады. Содан әйтеуір, жарайды, деп жүріп, мынау әлгі Чу железнодорожный, содан айдап отырып, Торғай станциясына барады. Көрдіңіз бе? Бұл вообще бродячьи жизнь ғой бәрі. Сонда барған, теміржол бойына рельстің астына ана, бір биесі болады. Шешем марқұм, бір екі қарындасы бар солармен сол мына жерден артып арбап мынаған әкеп төгу керек. Грейдер сықылды болу керек. Онда мынандай бульдозер жоқ. Солай жетеді, сол жүреді, дегенмен жақсы істесе керек, сол кішкене шот біледі, табельщик дей ма, сол кезде солай болатын. Выход, тағы, сонда туыппын мен.



Соғысқа барды ма әкеңіз?

Барып, Японский соғыста болып, Японияда болып, ана Манчжурияда болдық деп. Оларды уже жасы кеп қалған ғой, сосын анау неміске апармай, былай қарай апарып, Дальний Восток, сол Омскінің түбінде. Мына жаққа кіргеннен кейін құтырып, өз өзінен тиісті дейді. Олар жай ана ақырын немен жүріп, кәрі адамдар япондар мас болып қуып, шелектерді бочкаларды шырылдағанда біздің шалдар бұғып жатады. Мынау не сұмдық деп



Сізден сұрайын дегенім Балуан Шолақ жайлы не білесіз? Балуан Шолақ естігеніңіз бар ма?

Балуан Шолақ Бурабайдың жігіті ғой, сонда туады, тұрады. Әкесінің аты Мұқан болуға тиісті. Балуан шолақ сол шешесі Балғын ба, Қалампыр, ия. Вот олар өсіп келе жатқанда әкесі кедей адам болады. Баймырза болу керек, ия. Шын аты Нұрмағанбет. Сонда өседі, неге әкесімен бірге плотничать етеді. Біраз етіп қалады енді, киініп, покупка жасап, сол әйтпесе нашар тұрады. Ақшасын бермейді дейді,анау деп мынау деп. Бір күндері дөкей жиын Нұрмағанбет деген атты танып, «сенің атың менің атым сықылды екен. Оған жарамайсың сен! Сен Нұрмағанбетті қой, Балуан Шолақ» деп ат береді. Содан барып, Балуан Шолақ атанған. Сонда жиында барады, жас кезі сол аналар байлар ылғи «түйе балуан» деп айтады дейді, арқанмен әлгі қорқытып жүріпті. Соны алып шығады, «кім күреседі мынаумен»? бәлен мың, бәлен жылқы деп. Содан ешкім бұрынғы түсіп жүрген жігіттерден балуандардан ешкім, «жоқ, ол болмайды» деп, содан Балуан Шолақ «күресемін» дейді. Киімін сыпырып тастап, ішігін киіп шығады. «Ойбай, анау өлтіреді» қой қой дейді туыстары. Кедейлер жағы ғой енді. Болмай шығады, анау өгіздей ақырып, әлгі балуан Сәкен Жүнісовтың кітабында ма әйтеуір, «киім жоқ, түйе балуан» не болса деп, екі қолды тығып жіберіп, қабырғасын ұстайды дейді. Көрдіңіз бе, қабырғалардан ұстағасын, әлсірейді ғой енді, содан сол олай сілкіп бұлай сілкіп ананы, біреулер бір кішкентай жігіт ақ өледі ғой «жоқ болмайды». Жығылмайды. Бір уақыттарда сол Балуан Шолақ көтеріп ап, жықты дейді әлгіні. Сол жыққанан тұрмады дейді анау басынан аттап жүре берді дейді, бәрі жүгіріп кеп, «Ой,ой мынау қате кетті» содан бөліске салады ғой, сөйтті де, анау отырған жюрилер айтыстағы кейде бір шатасады, біз қарап отырады. «Жоқ, бұл кедейдің баласы бұған мал керек жоқ. Бөліп алайық, мынаған мынаған,бұған сол бірдеңе бере салу керек» дейді. Ал енді, ол өзі жас жігіт нете алмайды. «Мен мал алайын деп түскем жоқ, бағымды сынайын деп түстім» дейді. Сол әлгі Нұрмағанбет деген келіп, түбі ненікі Сағынай деген керемет, паң.

Содансол«мен жай түспеймін, не керек, ақша керек» дейді. Я ана, орыс айтады. «Мен жетпіс бес теңгеге» дейді. Қазақтар жетпіс бес теңге жинап, күреседі дегенменен. Ананың әлгі приемын жібермей, көріп отырады, мынау басын бұрайды екен. оған жібермей ар жағында күші ғой енді, ұстап алып, оны да сол алып соқты дейді. Сол тізесімен басын тиген екен, басын шайқады дейді «не надо» деп. Уже мына жақ қабырға бәрі сынып кеткен дейді. Корон, Корон, Иван Корон деген. Жетпіс бес теңге не салып, одан шыққаннан кейін кедейдің жігіттері өздеріндей «осы бізді арестовать ететін шығар мыналар», нелердің бәрі орыс қой енді, бастықтардың бәрі әлгі Көкшетаудың несі да, полицейі бар, «айда қашайық» деп салт атқа мініп алып, қашады енді барлығыенді, ду ду бірінен соң бірі. Сол жарыса жөнелгенде ана Балуан Шолақтың аты нашарлау қалыңқырап қояды. Сосын жақындай береді, жақындай береді, соның ішінде біреуі бәрін жықты дейді енді. Аты құдай ау кім еді? Е, сол жыға берген соң өзінен өзі сырғанап, сырғанап жақындай берді дейді. Сосын анау жиекке кеп, «Немене, күрескің келе ма?» деп айтты дейді. Шекпенін тастап күресейік. Сол мен қолыстасты дейді, амандасып, қол ұстағанда ана Балуан Шолақтың тегеурінін байқап, сескенді дейді орыс. Құдай ау аты, сол бір не? «мен жай түспеймін ақша керек»дейді ана орыс айтады. Содан сол қарыннан нетіп, қуырдақ жасайды ғой. Соны жасап отырған кезде костер даладағы түн ішінде не келді дейді, әлгі генерал губернатор тройка немен, кейбіреулерайтты дейді «ай,мынау сені іздеп келді осы. Тығыл, сен тығылып қалшы,біз сөйлесейік» деп. Өркөкірек не жігіт бола ма? «жоқ, мен неғылмайм, нетпеймін. Мен ештеңе істегем жоқ. Ұрлық қылғам жоқ. Немене» ?

«Біз сенімен сөйлесейік деп келдік. Мынау цирктің бастығы» дейді орысты. Сен анау «біздің геройымызды считай колека болды. Енді соның орнына бізге кісі керек, мықты. Сен давай циркке кел. Біз саған ақша береміз, алтын береміз» мынау жолдаспен сөйлесейін, елменен, жерменен сосын көремін. Сол енді бишара Қажымұқан секілді бармайды, «мен елімді, жерімді тастап». Елден не шығады? Түк те жоқ. Вот содан бір күні базар аралап жүрсе, Көкшетау ма әйтеуір басқа бірдеңе ма? Көкшетау ма или Ақмола ма, Атбасар ма, бір аттар келіп жатыр дейді. Мынау Челябинскіден әкеледі дейді татарлар, башқұрлар сол жақтан, керемет аттар. Сол аралап келе жатса, бірі керемет сүмбідей бір дөкей айғыр қара тұр дейді шыңжырменен байлаулы «Мынаны да сатасың ба» десе «Да» әлгіні былай шыңжырдың несінен ұстап көрейін десе, басын шайқап, ұмтылайын деді дейді. «сен мені қорқытуға айналдың ба» деп тағы жақындай бергенде, ат секірді дейді. Екі артқы аяғымен, секіріп иығына, басу ғой енді, сол кезде екі аяқтан ұстап алып, жамбастан алып соқты дейді атты. Әлгі айғырды. Содан өзі түрегелді дейді, манағыдай ұмтылмады дейді. Анау әлгі байлар енді мынау адамды қойып жығып, енді мынау малдарды тыныштық бермеді мынау деп тағы жаза бастайды. Вот, қайда? Сонымен сол не керек, қорлықпен жүреді ғой бишара, анда қашу мында қашу. Одан сол әлгі, кімнің бір бай орысқа жалданады екен дейді. Воропай болуға тиісті. Мен де бір оқыған едім.



Сіз бұны оқыдыңыз ба? Жоқ өзіңіздің естідіңіз бе?

Оқығаным, естігенім айтқандары сол.



Сәбит Мұқановты оқыдыңыз ба? Сәбитте мұндай жоқ қой деймін?

Сәбитте мұндай жоқ. Мынау кімдікі әлгі, бертін осы өлді ғой. Көкшетауды неге атына өзгерттің деп, Назарбаймен, кім Серік жоқ анау саржалпақ не болды ғой. Вот,сол. Осында бар да, содан сол әлгі орыстың қорасын салады әкесімен. Олдағы кішкене хитренкірей ма? бір күндері сыртынан дөкей ит байлаулы тұр нағыз, шынжырынан алып, итті көтеріп өлтіріп тастайды. Сондай ол қолы тиген жерден секіріп шығады дейді ар жағынан. Күш көп. Ішіне кіріп тағы бір бұқа өкіріп келе жатыр дейді. Бұқа өкіріп келе жатыр дейді анандай жақындап келіп қалғанда мүйізінен ұстап, жығады әлгіні, бұқаны. Сосын қарамады дейді. Келмеді дейді, есікті ашып, күллі өгіздерін жиырма шақты ма далаға айдап алып шығып, осы Шортан дейді соның несінде аралдар бар ғой соған апарып тығып, сосын мынау Петропавлдан мясокомбинатқа жіберетін нелер әкететін заготовительдерге беріп, ақша алып, сол жүреді. Вот сол ақша түскесін құтырып, неге тартады. Ол екі арада ақ боз атты алады, анау аты. Ол мынау Көксеңгір дейді ғой, әлгі Уәлиханов районының соны Қараой, Көксеңгір деп, мал көп жатады, жылқы.



Осыны атқаны шын ба? Балуан Шолақты атқаны шынба?

Сол Татьянаның күйеуі дейді атқан. Вот. Әкесінікіне келіп, ол енді офицерлік оқуда болады ғой, әлгі жігіт. Соның анау ол пұл естіп, бірақ Татьяна тигізбейді. Сол бір күндері ескі терезені жауып қойып, әлгі клуб па бірдеңесін гулятьтап отырғаннан үйін біледі ғой енді, бұрын қорасын салды. Баспалдақ болады ғой, әлгі баспалдақпен түсіп, есікті ашып, теріс айналып айғай сап келгенде шалқасынан түсіп сол. Анау әлгі офицер жігітте пистолет болса керек соны алып бүйтіп, ыңғайлана бастағанда Татьяна қасына барып, қолындағы пистолетін жұлып алып, байының аттырмайды «Тиме» деп. Былай қарағанда, анау да қарап тұрмайды, подполды ашып, «ну ка бір бірден кір» деп. Бәрін түсіреді подполға, соның үстіне жәшікті әкеліп қояды. Татьяна айтты дейді «Тиме, қайтесің, өлтірме оны» ана байын да, қоя бер деп.



Балуан Шолақ орысша білген

Я,я білген. Орысша өлең айтып, сырнай тартып, орыстың қыздарын ысқырып осы сөйтеді дейді, гуляйттап. Сонан сол сөйтеді. Сонан өшіге береді ғой. Тағы жүргенде әлгі манағы өгіздің ақшасымен неге барады. Атбасарға ия . Құлагер ат әкелді дейді. Сол келгенде анау өздерінің ақшасын алайын деп әлгі. Түйе балуанмен күрескенде танысқан, Ғалия деген қызбенен танысқан. Соған жүгіреді, өлең шығарған ғой. Анау да көнеді. Атты құла жорға ат болады. Керемет дейді. Ғалияны мінгізіп алып, сол айдап жүргенде оны розыскіде жүрген екен. Қоянды жақта царский ненің сотнясы жоқ, осы үкіметтің солдаты ау деймін, соның бір бастығы болады орыс мықты орыс болса керек ол да. Солар қоршап әлгі атты тоқтатамыз дейді. Олар тоқтамайды сол туда сюда жүргенде ана Қояндының даласында атты ату керек деп, атамыз деп, атты атып жібергенде арба құлайды. екі арада енді талып қалса керек, көк теке кіммен келіп алысқысы келеді. Балуан Шолақпен. Бірақ соғыста сол неде болған, салт қамшыменен қасқырларды ұрып алып жүрді. Ат жетіп отырады екен, ат жетсе, сол неден береді. Тұмсықтан, бастан. Онда енді аңшылар көп болды, основной солар болды. Атпен қуып жүріп, соғып жүрді қасқырды. Ол да бір лесник болып, соңғы кезде солай болды. Айтпадың ба, анау Күлсәрінің әкесі ол да қасқыр ұстаған болды. Қонғанда айтпады ма? ол неге өйтті? Вот сондай болды.



Мына Целинна болғанда ..

Целинна бұзылып жатыр деді радиомен, бір күндері мына жерге әкеп бір самосвал, ана жерге әкеп бір самосвал қып қызыл не крашенный керемет инвентарлар селка, плух и т.д. Осыны жина мына жерде кілті бар несі бар инструкциясы, шилка жетпіс бес тенге рубль, соқа плух жиырма бес тенге вот соны жинасаң келет көрет Зеренді несі болды алғашқы кезде, Зерендинский. Сол ақша әкеп береді, солай басталды. Содан кейін тракторларды өкіртіп әкеле бастады ДТ 54 деген бір жақсы тракторлер болды, сосын біздер де оқуға жіберді трактордың, сонда оқу оқыдық. Сосын әйтеуір оңдап, жақсылап оқыдық. Трактор как раз жаңа жаңа трактор тиді бір кәрі кісіменен үлкен кісі тракторшы болып, мен помощнигі болып. Елу адам боп қалды, уборка керемет болды.



56-шы жылы сол бірінші урожай ма?

Енді халықты 54-ші жылы болды, бірақ жақсы болмады, жай күнкөріс бола бастады ақырын ақырын. Енді бір не біздің ел бір колхоз болды, мына бір колхоз болды орыс колхозы. Оларда урожай жап жақсы болады, бізде неге болмады? Понимаешь? Өзіміз істейміз, бірақ аналардың оплата тізеу болмаған соң халық нетеді, сондай болды. Или организация дұрыс емес па? Қазақ бірыңғай болса жақсы болмайды ол. Жұмыс істете алмайды, бірін-бірі аңдып сол, анау бес тенге алса, мен он тенге алдым деп тұрады кассадан.



Мына тыңның ішінде неше түрлі бұзақы адамдар болды ғой. Солардың қылықтарын көрдіңіз бе, істеген істерін? Түрмеден шыққандар, нелер неше түрліні әкелді ғой олар да.

Головорез болды. Бірақ айғайға күшті ғой қазақ. Осыменен екі колхоз бір болды, центр анда барып жүрдік. Урожайды тоғызыншы майда уже бітеміз сеит етіп, бірінші майда шығып жатады уже, где охрех где плуха, көрініп, соның бәрі жақсы болған соң сабантой жасаймыз деп, өгіз сиыр ол пұл сойдырып, сөйтті сол. Бір екі рет анау водопод дейді. Соның маңайында жасады. Содан әлгі Целинный бар, мынау бар, хулигандар өзінде де болды хулигандар. Тыныштық бермей қазақтарға сөйтті. Қазақтар ашуланып сойды, гүрсілдетіп бәрін. Жаяу қашты. Машинаға мінуге шамасын келтірмей. Ал егер оларды тимесе, тимейтін едік. Келесі жылы анда жасады. Бәріміз сонда жүрдік. «Ал, енді байқаңдар, бұлар өлтіреді, ұрады»деп үлкендер айғайлап қояды. Ет жеп, екі кісіге бір жартыдан арақ береді сол. Соңына келгенде біреуін сыртта ұрып жатыр дейді, тұра жүгірсек, рас. Содан жігіттер кірісіп, әлгіні сойып, өзі сырнай тартадыда, гормонист өзі. Соны сойып, сойып көшеге әкелдік, бір уақытта әкесі где то бір екі бірдей жігіт, баласымен ұстасып жатқанның алдына жақындай береді, жақындай береді. Оның ойы ананың мойнына салу екен, сосын тарту екен қылмен. Соның онысын біліп қалып, бас жөнін тартып алып. Сондай болды. Ой біраз болды, ұмытып та қаламыз. Ол енді өткенді қайта келтіру қиын ғой енді. Мынау ауылдар қандай жоқ боп кетіп жатыр, мынау Қараөткел деген ауыл сол Ақаныңның Балқадишаға барып жүрген ауылы сол. Қараөткелде Ыбырай дегеннің қызы екен. Әке шешесі паңдау болады ма? Көнбейді оған барма деп. Сосын барғысы келеді. Ол кеткеннен кейін тағы біреуді. Ұрқия деген болу керек. Бірақ есер, ақын не, адамдар аса бапты болмай өзі. Есерлеу болады, мақтаншақтау. Ал Құлагер бірақ осы елдің жылқысының баласы дейді. Сонда Ақаныңыз осы елге жиен боп тұр. Құлагерді сол нағашысы беріпті дейді өлеңінде бар сол. Ал енді сөйткен ана ауылдар жабылып қалды қазір бірде-бір кісі жоқ. Қараөткел, Интернационал, Тура жол дейтін



Сонда адам жоқ па қазір?

Жоқ, үйлерінің бәрін көшіріп алып кетті. Ертеде. Шамалы орыс сол, көшеде толғанның бәрі қасқыр болады. Далаға шыққанда мынандай үйлер жоқ.



Қасқыр көп деген, мал аз ғой

Еркек жігіттер кеткен соң, мылтық кетеді. Шешем марқұм ана лесхозда бір мылтық болды бір двадцатый колибр одна ствольный, тұрмыста болды. Жылқы болды, бие болды. Ат арба, сонымен жүріп үй шығарды. Кордонда қалып қойдық қой енді. Вот сондай өмір болды.


Келе-келе кішірек кезім сол жүгіріп жүрем сол. Маған енді бар жақсы көргенім ол кезде машина деген жоқ дүкендерде машина жасап доңғалақ кішкентай машина жасап әкеп берді маған.

ЕЕЕ, ойыншыққа?

Ойыншыққа, ия ия. Соған осы жақсы көріп сөйтіп жүрдім. Сол бір күндері шақырып алып кепті деді. Қайда кеткенін білмеймін сол осыдан, осы елден мына жерде тұрды, біз анда тұрдық, окраинкада, Вайдаболдың түбінде, анау өзегінің жиегінде кардон болды кәзір оны орыстар да қазақтың да жастардың біледі, көрдіңіз бе. Сосын тұрдық әкем барып проводить .... Где то майдың екіншісінде ма енді енді шөпке түсіргелі повестка келді. Повестка дейді соғысқа. Соған жылап сықтап бізге бәрібір шешем сол елден барғандар болды сол анау мынау. Воот. Ол кездегі такси ат, атарбаны жегіп, ... үкіметтің бір атын лесхоздың, сол, соның ортасына ... бір байтал үйретіп еді соны берді, содан Зерендіге келдік, Зеренді дейді, нақты кім екенін білмейм сол Зеренді деді, сонда. Сол келсек, сол, енді қазір ойлап жүрем көөөп, бір ылғи тақтай, решетка, небо пополоп сонымен гарадить етіпті, қыр, қазір памятник дейді Зерендінің ортасында, ақпанда памятник қойып, сонда, сол жерге жинап, әлгі допроизовиктерді нетіпті, бір жерінен ғана кіргізіп, сосын машинаға кіргізіп, мінгізіп алып кетеді. Бізді кіргізбеді, далада қалдық, входтың қасында, сонда, сосын, только көрдік Жеспята, Уралец, полуторка дейікші, солай солай мінгізіп, алып кетті әкемді әне әне кетті деп жатыр, машинаның үстінде. Сонымен сонда келдік. Анда қайтадан. Мұнда келе бастаған соң сол ұры дегендер шықты ғой. Еркектер кеткен соң масқара болады екен.



ҒАБДУЛҰЛЫ КАБДРАХМАН
Аты жөніңіз? Кабдрахман Ғабдулұлы-

Қай жылғысыз?1946 жылғымын

Осы өңірде туып өстіңіз ғой? Иә осы өңірде 30 шақырым жерде

Ана жерде Уәлиханның жатқан жері бар. Сол кісінің басы көтерілді. Сонда мына жерде осы ара Уәлиханның жайлауы болған. Ана жаңа Бурабай тауы Көкшетау тауы дегенді көрсеттім ғой. Сол Таулардың қасында ханның ордасы болған. Сол жерден мына жерге жайлауына келіп жүрген. Целинчиктердің миларында қалған ханды жерлегенде оның байлығын сол жерге көмді деп ойлап сосын барып қазған. Сыздыков Қадер деген болған полковник болды сол кісілер барлығы жиналғанда Мына жерді тауды неге хан сүйегі деген деп сұрағанда сол кісі айтыпты ол жерде зират бар. ол жерде 15-20 шақты зират бар кесененің астында да қалды. Ол кісілер 1995 жылы барып көріпті. Маған айтты 1994-те барып көрдім оқи алмайсың әлгіні қарап бетін сипап кеткенмін. Содан ол кісілер 1995 жылы алып кетіп дом полит. просвещениеге қойды. Алматыдан кісілер келді әлгіні оқыды да жазды переводын барлығын істеп кетті. Содан кейін ол біраз жатты. 2000 жылдары жаңа тас әкеліп ана тасты жапсырып клейт етіп қойды. Студенттерменен солай қойды да Мухитанов деген кісі өзі төре тұқымынан сол әкелді де қойды. Содан кейін 2009 жылы мамыр айынан бастап кесенені бітірдік. Тамыз ішінде бітіріп ас берді сонда бұл кісі. Естай Мырзахметов, Айтқожа Қазыбеков Ислам Иманқұлов деген Сыздықов Қадыр сол кісілердің арқаларында осы кесенені басына көтеріп қойғанымыз сол. Түркістанда жоқ бұл кісі, бұл орта жүзге тиген ханымыз



Осы маң сонда жайлауы болған ба?Бұдан арман қарай тағыда Сырымбет деген жері бар соның барлығы сол анау Айғаным деген ханым болды ғой сол кісінің тұрған жері. Уәлидің жүрген жері осы маңайда жайлауларында жүргенде қайтыс болған ғой. Анау Түркістанға жеткізе алмай жаздың күні қайтқан сонда да біздің қазақтар хандарды барлығын Түркістанға апарып қойып отырды ғой. Сонда бұл кісіні осында қойған. Тасын 1995 жылы Көкшетауға апарып оқытқызып Алматыдан кісілер келді арабтану мамандары келді. Жазуын оқып осы жерге кесенесін көтеріп қойды. Мұның мына жерді Қарақалпақ дегені шешесі Уәлидің қарақалпақтың қызы болған екен. Шешесі қызым елін сағынбасын деп өз кісілерін жіберіп отырған. Содан осы бір тауды Қарақалпақ деп қойған. Осы тауды қазір де қарақалпақ деп атайды. Осы араға әкеліп қойған соң мына таудың аты қарақалпақ деп кеткен. Кененсарының әкесі Қасымды хан қылма деп үлкен кісілер Уәлиді хан қылған Абылайға айтып. Қасым қалмақтың жиені. Қасым ханнан Кенесары туады.

Аты-жөніңізді айтыңызшы, Ташманбет Дулат Махметұлы, Баратай ауылында тұрамын.

Ия қай жылғысыз?1943 жылғымын

Ертеде болған Қазірет оның баласы Қазтай деген,елде болған молдаларымыз Нұрғожа деген молда болды. Қазкен деген молла болды. Махмет деген молла өзім әкем. Қазір оқып келген молдалар жастар бар. Мейрам молла деген болған. Сол кісілерден оқыды біздің әкелеріміз. Сәлік деген, Нұрғожа деген, Әли, Шөкен деген ол кезде дінді оқытты ғой молдалар. Бертін ғой қазақша оқығандары. Біздің әкелер арабша оқыды олар. Ақжан деген Ағаныстың әкесі оқығандар. Осы ауылдың ақсақалдарының бәрі оқыған. Әлтай деген балалары болған Қытайдан оқыдым, шалдардан Әліп деген Нұрқожа, Өмір, Әли, Шөкен дінді оқытты ғой молдалар қазақша. Біздің әкелер арабша оқыды әжептәуір білді. Одан кейінгілер 36-37 жылғылар ағаларымыз болды, молдалар көп болды. қазір жаттап алған молдалар көп қой. Алматыдан оқып келгендер болды мына мешітті ұстап отырған Алматыдан оқып келді 6 ай. Жастар бар Жеңіс деген. 40 молданы білмесем де соған жақындаттым енді.



Өзіңіз жастайыңыздан қандай қызмет істедіңіз? Жастайымнан шопыр болдым. Шопырдан ақырғы кезде мына зав.складқа шықтым. Маленкий склад, чем большой оклад, маленький склад дейді ғой. Содан пенсияға шықтым. Животноводстваның қарамағында істедім.

Біліміңіз қандай болды?Білімім он бірді бітіргенмін енді әкеміз соғыс ардагері.

Осы целина қалай басталды осы есіңізде ме, соны айтсаңыз?Цеоина мынау 54 жылдары басталды ғой.Сол 1954 жылы осында целинщиктер келді орыстар. Целина жыртты, әкеміз бригадир болды, менің әкем Рахмет деген кісі. Ол кісі бригадир болып1956 жылы ВДНХ-ға выставкаға барды.Сол жылдары көп бидай шықты, урожай болып. Сорок лет октябрь деген болған, колхоз болған. содан кейін колхоздан кейін ғой онда үш точка бірге болды. Жылынды, Ақан, Баратай деген үшеуі бір ақ басқарма болды. Басқарма Жылындыда тұрды. Әбішев Қожахмет деген Шуча ауданынан келген Ұялы деген жерден келген. Әкеміз бригадир болды, ертеде басқарма болды осы жерде содан пенсияға шықты. Ақырғы кезде молдалық заниматся етті. Бұрынғы оқығандары еске түсіп, ол кезде үлкен молдалар о дүниелік болып кетті ғой. Енді елді біреу басқарып,құбылаға қарату деген сияқты солай болды. Кейінгі жастар жүріп жатыр ауылымыз жаман емес жақсы, байлық бар қазір көп жерлерде ауылда жұмыс жоқ қой, жұмыс болмаса істейтін ауылда кісіге іс табылады. Істемейтін кісі жұмыс жоқ деп отыра берсе отыра береді. Қазір еркіндік берді, мысалы бір жерге бару үшін, қонаққа бару үшін бригадирден сұрап барасың.Андроповтың тұсында қолымызда выпискной болу керек қалаға барған кезде.Қазір бостандық ауылда міне жидек деген бопа деген, отын деген ауылда бәрін сатып жидек сосын бопа, шие бар.

Бопа деген не?Грибы орысша саңырауқұлақ сосын бүлдірген әр түрлі айта береді ғой. Соны теріп, өскен кезде базарға апарып сатады, тиын тебен ақша болады ғой.

Иә-иә жақсы көп өтедіма? Мынау саңырауқұлақты орыстар жақсы алады ғой. Қазақтар саңырауқұлақтың не екенін білмейді. Қазір бары біледі, біттей балаға дейін бәрі.

Үйіңізде көне заттар барма?Бұрыннан әкемнен қалғанбар еді, музейге бердік патифон, ер тоқым болды, мынау школдың музейінде белбеуі бар еді.

Жоғалтты ма? Музейге бергенмін бәрін. Ардагерлердің біразының карточкалары бар школда.

Жақсы рахмет. Білгеніміз осы.
ИСКАКОВ ШАПИ
Ақсақал ата бұрыннан тарихымыз ауызша тарих болды ғой, ия, өзі атадан балаға мұра болып келеді,

Әңгіме түрінде шежіре түрінде сонда осы жақтағы жаңағы қазір мынау біздің ауызша тарихымызды жинап жатырмыз. Мұны жазып аламыз хатты неге түсіреміз компьютерге, сондықтан қыстауға келіп, осы жақтың ауызша тарихын зерттеп жүрміз.Ең бірінші билердің, батырлардың аттары шешен, көсемдері, ақындары жаңағы зергерлері, құсбегі, шеберлері, сондайларды біле білсеңіз айта отырыңыз. Аты жөніңізді айта отырсаңыз, бұл жерде қанша уақыттан бері тұрып жатырсыз?

Туған жерім осы жер 1944 жылы осы ауылда механизатор болғанмын, әскерге барып келдім 54, 56, 57



Ешқайда шыққанымыз жоқ ақырын-ақырын комбайн, тракторға мініп кейін пенсияға шықтық, балалы-шағалы болып, ауылда өсіп-өндік. Енді тарихи есте қалған әңгімелер біздің тұсымызда мен сізге айтайын таңның атысы, күннің батысы темірдің үстінде болдық. Посевной басталады таң ертең тұрасың көзді уқалай салып, екі шыны шәй болса ішесің, егін бітіре бергенде шөп дейтін, шөп нуқаны біткен соң, уборка басталады. Сонымен қысы-жазы осылай жүрдік қой, тарихты да әңгіме тыңдайындай үлкендеріміз болған жоқ. Балам бітірген кезде мен коммунист болдым. Сондай замандар болды міне егемендік уақыт болды өзімізге-өзіміз келіп, намазымызда жай намазымызда шығып жатырғой совет үкіметінің тұсында о да болмайды. Онда жаман болмадық әңгіме айтатын шалдар көп болды. Олар тірі қалу үшін бір ауыз сөз айтқан жоқ неге? Бірінен- бірі қаймығып Нұрмұқандардың әңгімесі бір таңнан екі таңға жететін әңгіме болдығой. Бәрі ішінде кеттіғой, ол кісі ақын болған. Өлең шығарып, сондай-сондай ағаларымыз болдығой. Бірақ олар пісіп әңгіме айтқан жоқ. Кітап, история, радионы көп тыңдаймын қазақша өлең, домбыраны, Үкілі Ыбырай, Біржан – сал, Ақан- сері солардың өлеңдерін тыңдап отырамыз постоянно. Мен сіздерге не айтайын бүкіл өмірім осы ауылда өтті, орыстар 83-84 жылдар келдіғой, тасын қопарып, трактормен жыртты. Ертеңге дейін тосып, 3-4 жыл болды мұның басын қоршағалы мазар қазір барамыз. Абдрахман сен білесіңғой төре тұқымы дейді содан қалған ілік-жіліктер барғой содан осылар мазарды сосын ағайындар 2-3 жылда тұрғызды. Мазарды көресіздер. Аты кім еді. Шоқан Уәлиханов Сансызбай Мұхит төре тұқымы екен, біз бала кезімізде тракторден күні-түні үйге де келмейміз. Соның басында тас көп болатын. Бұл жерде хандарды көмген. Алматыдан бір генералды шақыртып, қопарып сол кісілер тасты оқыды, қайта қойды. Бұл төре тұқымдарығой Өмірсерік бар ол не біледі дейсің 90-ға жақындап қалды.

Аты жөніңізді айтыңызшы? Искаков Шапи соғыс қинап тұрған кезде басқарма болды, соғыс жүріп жатқанда дейді. Октябрь деген жерде жігіттер барғой қызылдардың әскерін ол кезде машина жоқ атыс қызылдар жақтан Шубутинка жанында дейді. Арбаның дөңгелектеріне оқ сарт-сарт етіп тиіп жатыр, Қызылдар бірін-бірі білмейді ат пен ат қосшы бар міне өстіп әкелеріміз істеген еңбегі. Өтірік несі жоқ, солардан қалған ұрпақтар ағамыз болды.

Әкеңіз қай жылғы? Әкемді білмеймін ол кезде бала болдым 74 жасында қайтыс болды. Әкемді білмеймін общем 74 жасында қайтыс болды,

74 жасында қайтса 1900 жылғы болды ғой . Елде бәлен жыл басқарма болып, соғыс жылдарында оңай шаруа болған жоқ деп ойлаймын. Әскерге алмаған одан қалған үлкен ағамыз қайтыс болды. Енді мыналар кіші ағамыздың балалары Ш. Уәлихановтва доктор наук Искаковта қазір қызмет істеп жатыр.Міне жеңіл-желпі осы, Алтынорақ, Қызылтаңға барсаңыз үлкен кісілер біледі, колхозға кіріп.

Совет үкіметі кезінде осындай ат болдыма әлде бұрыннанба? Қазір үлкен кісіден қалған жоқ, байларды конфискелеп, ес білгелі жағдайымыз осы Теміржан деген болды Болаттың әкесі осы жерде Қызылтаңда басқарма болды бұрынғылардан 2-3 шал қалды. Көкен енді осы кісілер әжептәуір бертіндегі үлкен кісілер.Ашаршылық жағдайында мен ол кезде баламын.
КЕНЖЕҒАРИН ТҰРЛЫБЕК
Аты жөніңіз? Тұрлыбек Кенжеғарин

Қай жылғысыз? 1937 жылғы, 80 жасқа қарадық

Бұрын қандай қызмет істедіңіз? Мен негізі пед. институт бітіргенмін, бірақ 3-4 жыл ғана істедім.

Мұғалім екенсіз ғой? Иә, сосын басқа жұмыстар да істедім.

Қай пәннен? Геогрофпын.

Сосын басқа жұмысқа ауысып кеттіңізбе? Трактористте болдым, малшы да болдым. Жас күнімде колонияда да істедім. Ақыры есепші болдым.

Осы ауылдың аты қалай аталады? Қазақша аты Долба ауылы. Бұнда бұрын Касамаровка деген орыс поселкасы болған. Содан қазір енді Қостомар деп атайды. Долбы деген қалмақтармен соғыс кезінде Қанкөл деген көл бар жолда. Сонда қалмақтар келіп орналасқан. Қалмақтарда 1000 сарбаз болған. Біздің қазақта 500-ақ сарбаз. Содан олар қазақтар бізге тиісе алмайды деп бейқам жатқан ғой. Жайылған деген атамыз осы ауылдың апасы Байдәулет, Келдәулет, Машам, Долбының балалары сол кісіден тараған. Сонда сыртқа ағашқа 250 адамды қойып 250 адам шабуыл жасайды қалмақтарға. Қалмақтар сосын өре түрегеледі. Сол кезде сырттан ағаштың арасында тығылып тұрғандар шабуыл жасайды. Қалмақтар сасып қалады, сөйтіп қалмақтарды қырып тастайды. Сондан анау енеміз Долбы деген тұтқын болады. Қызға сарбаздар қызығады да мен алам, мен алам дейді. Ол кезде 2-3 әйелден ала береді ғой. Содан қыз айтады ерікті өзіме беріңдер онда қазақша қалмақтар біледі дейді. Жұрт тоқтап қалады, мен ханның қызымын қараға тимеймін алсаң өзің ал депті. Жайылған атамыз анау қолды бастаған кісі содан сол атамызға қосылады. Ол кісіден 4 бала туады. Олардың бары осы жерде отыр. Құлсынбай, Құлынбай, Төлебай, Қармыс деген 4 ата. Осы ауыл сол Жайылған атамыздың 4 ұлынан тараған ұрпақтары.

Мағираны білесізбе Қожахметова?



Ахмет Тоқтабай: Иә, білемін

Тұрлыбек Кенжеғарин: Ақын жазушы

Замзагул Байжұманова: Осы ауылдан шыққан ба?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Иә, Алматыда тұрады. Айсина Майра деген депутатымыз бар. Сол тағы сайланды осы ауылдікі.

Ахмет Тоқтабай:«Хан көл» деп неге атаған?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Судың бетіне қырылған ғой, судың беті қып-қызыл қан болған содан барып «Ханкөл» деп атаған. 1912 жылы орыстар келіп қоныстанады осы жерге. Содан негізі қысым көрсеткен ғой. Бірақ, біздің аталарымыз ол туралы ештеңе айтпайды. Содан осы жерден 70 шақырым «Ащылы» деген жерге көшіп кетіпті. Аталарымыздан естігеніміз бар сосын Саттар Елубаев деген жазушы болды ғой. Сол кісі публицистік әңгімесінде осы Долба ауылы туралы айтып өткен.

Ахмет Тоқтабай:Саттар Елубаев ол Шымкенттікі ғой.

Тұрлыбек Кенжеғарин: ол бізде болыпты. Қызелесте болыпты, сосын бізге келіпті какраз ана артель болып құрылып жатқан кезде.

Ахмет Тоқтабай:Сонда жіберген ғой жоғарғы жақтан.

Тұрлыбек Кенжеғарин: Солай шығар содан артельге келіп тарихын жазып кеткен. Совет өкіметі орнаған соң орыстар шақырды деп жазады ол кісі. Бірақ, орыстар шақырған жоқ қой өздері келген ғой. Мынадай жерден көше ме, анау Ащылы жағы дала содан көшіп келген де кішкене Долбы деп атаған артельді. Үлкен Долбы анда қалған, сосын артынан олар да келген. Артынан артель кішкене Долбы атанған. Май айында қар аралас жауын жауады. Орыстардың «тяговая сила» дейді ғой өгіздері қырылып қалады. Біздің қазақтар мына Ақтөбе деген бар. Айнала ағаш жылы жер. Сонда сақтап қалған мұны қазақтар айтады төбешік қора деп. Орыстарға көлік керек. Ол кезде техника жоқ қой. Жер жыртуға, егін салуға көлік керек қой. Содан екеуін қосады, анау «Жизнь» деген колхоз болған орыстардікі. Ал қазақтардікі кішкене Долбы. Содан екеуін қосып 1-ші май колхозы атаған. Колхоздан кейін совхоз болды.

Ахмет Тоқтабай:Сіздің елдегі ашаршылық қалай жүрді? 1930 жылдардағы.

Тұрлыбек Кенжеғарин: Ашаршылық бізде онша болған жоқ. Өйткені тау бауырында жуасын жесе де, шиесін жесе де әйтеуір аман қалған ғой. Біздің ауылда бір әйел екі қызымен ертіп келеді аш уақытта. Тағы бір келіншек келеді. Сосын екі шал әлгілерді алады. Анау шешесімен қызын алып келген шал анау шешесін алмайды қызын алады. Қызынан бір ұл туады. Бірақ, есін жиған соң олар кетіп қалады.

Ахмет Тоқтабай:Өзінің еліне кетіп қаладыма?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Иә, Астраханский район дейді Астрахан ауданына кетеді. Туған 6 айлық баланы алып қалады. Сен үйіңнен әкелген балаң жоқ деп. Қазақи уақыт қой, қазіргі уақыт болса жұлып алады ғой шешесі. Қазір ол бар Тоғжан дейтін қыз. Сосын бір атамыздың ұрпақ керек болып ұлы жоқ болады. Сосын анау келіншекті алады. Одан Ермекбай, Көпей деген 2 бала болады. Ермекбай 73 жасқа келіп қайтыс болады.

Ахмет Тоқтабай:Анакеліншек үйіне кеткен жоқпа?

Тұрлыбек Кенжеғарин:Келіншек кеткен жоқ бізде, қартайып қайтыс болды.

Ахмет Тоқтабай:ол Астрахан жағынан келген бе?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Жоқ, Атбасар жағынан келген. Ол кісі айтып отыратын Бейімбет Майлин менің ағам деп. Бір әңгіме айта отырайын: Екі әйел төбелесіп жанжалдасып жатқанда Қосжан деген атамыз далаға шығып тұрады сонда Қапар деген атамыз «Ай Қошеке мына боранда далада неғып тұрсың депті» сөйтсе «Даланың боранын айтасың ғой үйдің боранын айтсаңшы деп айтады» дейді. Ашаршылықты көрді ғой бірақ, әйтеуір аштан өлгендер болған жоқ біздерде дейді біз онда болған жоқпыз ғой.

Ахмет Тоқтабай:сол келіншектің аты кім?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Айжамал, атамыздың аты Қосжан.

Ахмет Тоқтабай:Келіншекті Қосжан алған ба?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Өзі келген ғой аштық уақытта. Сүйретіліп келген ғой. Менің әкем негізі қалай бітіргенін білмеймін институт бітірген. Сосын Еркіншілік ауданында Қызылотаудың бастығы болып артельді ұйымдастырып, отырықшылыққа ұйымдастырған. 1942 жылы соғысқа кетті. Әкем соғысқа кеткенде мен 5 жастамын. Бір жыл бронмен қалды, мына жердегі Қошқарбай деген ауылда онда Ленин атындағы 10 жылдықтың директоры болды. Байтас деген бай болған. Әлжан, Садуақас деген байлар болған. Олар конфискацифкацияға ұшырады.

Ахмет Тоқтабай:оларда қаншадан малдар болған.

Тұрлыбек Кенжеғарин: қанша екенін білмеймін, мыңшақты жылқылары болған шығар. Байтаста Бағила деген қызы түрмеге ылғи тамақ алып барып аман алып қалған. Анау Садуақас пен Әлжан сол түрмеде аштан қайтыс болыпты дейді. Екі мыңнан, үш мыңнан қойлары болған. Ол кезде малмен күн көріп отырған халық қой.

Ахмет Тоқтабай:Ханкөл, Долбы сияқты тарихи әңгімелерді білесізбе? Аңшылар туралы.

Тұрлыбек Кенжеғарин: Нүркей деген аңшы болды қасқырларды атып әкелетін. Қақпанмен ұстап әкелетін, ол кезде қасқырлар көп болды. Қазір бізде жоқ қасқыр. Ол кісі тірідей де алып келді.

Ахмет Тоқтабай:Тірідей қалай ұстаған екен?

Тұрлыбек Кенжеғарин: таяқ тістетіп жіппен байлаған аузын. Өзін қасқырлар талап, тонын барлығын жыртып солай келді бірде. Біз барып көрдік үсті басы жырым-жырым. Қасқырлармен алысқан, біреуі қақпанға түскен ғой. Басқалары жаныда тұрған, олар аңшы барып қалғанда шабуыл жасаған. Ол кісінің үлкен шаңғысы болды. Соғысқа қатысқан адам. Найман деген аю алған. Аюлар қабірлерді қаза бастапты аш болған ғой. Содан ана кісі Ильяс деген кісі екеуі үңгірде жатқан аюды түртеді, сонда аю ақырып шығады. Екеуі алыса кетеді. Сонда аюды алып ұрады. Кездігін шығарып алып аю тістеймін дегенде кездігін тығып алады. Ол кезде саптама етік, кездігі қонышында екен. Содан бармағын шайнап тастапты. Ильяс қашып кетіп ауылға келіп Найманды аю өлтірді жүріңдер деп барса Найман таста отыр дейді, қолын ұстап шайнап тастаған бармағын. Ол кісінің бармағы жоқ сол аю шайнап тастаған. Ақырғы аюды сол кісі өлтірген дейді ғой.

Ахмет Тоқтабай:бұл қай жылы?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Совет Өкіметінен бұрын болған жылдары. 1910 жылдары болған дүние ғой деймін. Қараүңгірдің жартысы тұзды да, жартысы тұзсыз.

Ахмет Тоқтабай:Құсбегілер қандай болды.

Тұрлыбек Кенжеғарин: Нүркей деген атамыз бүркіт ұстады. Бүркітпен не ұстағанын білмеймін ол кезде біз баламыз ғой. Ол кісі 1947 жылы ма қайтыс болды, соғыста болған, мақтау алған кісі. Ол кісі ауырғанда кукурузник самолет келіп қонып алып кетті. Самолет ол кезде көрген емеспіз.

Әз-Бөгенбай туралы айтсам ол екі кісі. Әз-ағасы болады, Бөгенбай інісі болады. Бөгенбай негізі тарихта бар екен.



Замзагуль Байжуманова: Кененсарының кеңесшісі ме?

Тұрлыбек Кенжеғарин: Иә, Кененсарының кеңесшісі болған. Ақылшы іздесең Бөгенбайға бар деп айтқан екен. Содан Бөгенбай қырғыздарға барып татуласайық депті. Сонда қырғыздар ақ қошқар әкеліп сояды. Осы уәдені бұзған адамның қаны осы ақ қошқардай шашылсын деп. Сосын Бөгенбай келеді ғой, келсе Кенесары шабуыл жасауға дайындалып отыр екен. «Мен уағдаласып келдім сен барма» депті Кененсарыға. «Әй Бөкең айта береді» деп Кенесары шабуылға шығыпты. Сол жолы Кенесары қаза болады. Ал Бөгенбай етегін сілкіп кетіп отырады. Ұрысқа қатыспай осы жақтың сарбаздарын алып кетіп отырады. Сыпатай да сатып кетеді. Сыпатай қырғыздардың жиені екен дейді. 500 сарбазбен қалды енді әлдерің келетін шығар тастап кете берген,сосын қоршап алып қырған оларды.

Ахмет Тоқтабай:Жалпы Бөгенбайдың қырғыздармен мәмілеген келгені дұрыс болған ғой.

Тұрлыбек Кенжеғарин:Біз жақтан Көмекей рунынан Арлан, Шамай деген екі батыр да өз сарбаздарымен кетіп отырады олар да Кенесарыны тастап кетеді. Арлан, Шамай да Көмекей Бөгенбайларға туыс болады. Бірақ, олар қырдағы Көмекей, ал біздегі Қызылқайнар, Бөгенбай ауылы таудағы Көмекейлер.

Ахмет Тоқтабай:Бөгенбай аруақты адам болған ғой.

Тұрлыбек Кенжеғарин: иә, Бөгенбайдың зиратының орны болған жерге сол жерге орыс үй салады ол өртеніп кетеді, екінші рет қайыра орыс үй салады тағы өртенеді. Сосын орыстар көшіп кетеді. Басына мұнара салғанда шебер жігіт зираттың арасында ішіп алып жүріпті, сонда Сабыр Хамзин ақсақал бұл киелі адам сен мұныңды қой депті.Сөйтсе әй өлгеннен келген адам барма, бары бекер деген екен. Әй бала мен ескерттім енді өзің біл депті. Ертесінде сол жердегі жатқан будкасы өртеніп ішінде газ балоннан өрт кетіп құтқара алмадық содан жаңағы шебер жігіт өртеніп кетіпті.

Ахмет Тоқтабай:Целинниктер келді

Тұрлыбек Кенжеғарин:

Ахмет Тоқтабай:

Тұрлыбек Кенжеғарин:

КОНКАЕВА САУЛЕШ ҚУАНБАЕВНА
Оралмансызба? Жоқ.

Соғыс ардагерісізбе?Жоқ.

Аты жөніңіз?Конкаева Саулеш Қуанбаевна

Қай жылғысыз? 1948 жылғымын

Біліміңіз? Средний специальный

Мамандығыңыз? Кокшетауский кооперативный техникум товаробед промышленных товаров. Осындай техникум болатын қазір колледж.

Мекен жайыңыз? Шағалалы ауылы, Строительный көшесі №7 үй, кв. 2

Бұл жерде қай уақыттан бері тұрып жытырсыздар? Бұл жерде 1991 жылдан бастап тұрып жатырмыз. 25 жыл болды.

Одан бұрын қай жерде тұрдыңыздар? Біз бұдан бұрын 1985 жылдан бастап 1991 совхоз 25-летие Целинныйда тұрдық.

Қандай руға жатасыз? Руым.. Мен Северо-Казахстанский областта, село Рузаевкада тудым, сонда тұрдым. Бұрын Кокшетавский область болған.

Ата-анаңыз қай жылы туылған?

Әкем 1921 жылы туған

Анаңыз? 1928 жылы туған. Екеуіде жоқ қазір.

Ата-анаңыздың білімдері қандай болды? Әкемнің білімі средний специальный, пед. колледжді бітірген. Баяғыда Көкшетауда болған. Ол кезде пед. учелище дейді ғой. Анам Сырымбетовский школында 7 класты бітірген.

Ата-анаңыз немен айналысты? Әкем мұғалім болды алдында, сосын гос. работник болды РАЙПО-да инстпектор гос доходов болды фин отделда.

Анаңызше? Анам домохозяйка болды.

Ата-бабаларыңыз ашаршылық жылдары басқа жаққа кеткен жоқпа? Жоқ.



Осы жақта тұрғылықты ма? Иә

Бұл жақта туысқандарыңыз барма? Бұл жақта жоқ.

Шет елге кеткен туыстарыңыз жоқпа? Жоқ. Осы Қазақстанда

Өзіңіздің руыңыздың ата-бабаңыздың әулетіңіздің тарихын білесізбе? Рузаевканың маңайында тұрды солай.

Қандай тілдерді меңгергенсіз? Қазақ тілі, орыс тілі, английский так, английский оқыдық.

Еңбек қызметіңізді қай жерде бастадыңыз? Ең бірінші мен оқу бітірген соң институтқа түсе алмай Рузаевский сельский советте істедім. Помощника началника военного стола. Кісілер военный учетқа тұрады ғой, военный стул болды. рузаевка үлкен, районный центр же был. Соның помощнигі болдым. 1 жыл істедім потом техникумға түстім.

Жұмыс жолыңызды бастағанда біліміңіз қандай еді?10 классов только.

Қазір немен айналысасыз? Қазір пенсионерка, дома.

Соғыстың басталғаны туралы есіңізде барма? Мен 1948 жылы тудым ғой.

Естігендеріңіз барма, ата-аналарыңыздан? Школда неде позновали, кітаптан оқыдық.

Ата-анаңыз соғысқа барған жоқпа? Әкем барды. 1921 жылғы ғой.

Әкеңіз қай жерде соғысыпты? Хат келуші ма еді? Келген шығар. Айтып отыратын, Латвияда служил, Литва, контужен был, ранен был.

Анаңыз айтқан жоқпа, осындай жерде соғысты, осындай болды, осындай марапаттары бар деп? Айтты ғой, но забыла я.

Құдайға сенесізбе? Сенеміз?

Қандай ұлт өкілдерімен жұмыс істедіңіз? Орыстармен, қазақтармен, немістермен

Қандай қарым-қатынаста болдыңыздар? Немістер қайдан келген немістер? Приволжьеден келген немістер. Олар көп тұрды ғой.

Осы жақта ма? Иә, бала кезімізде Рузаевкада, осы жақта көп болды ғой немістер. Кейін көшіп кетті.

Қарым-қатынастарыңыз қалай болды сол орыстарменен, немістерменен? Жақсы

Олардың барлығы қазір көшіп кетті ме? Немістер в основном көшіп кетті, орыстар да көшті, орыстар қазір де бар. Тұрады осы жақта сонда бала кезімізде бірге ойнап, бірге жүретінбіз. Не делились немцов. Енді немцы, руский деп не делились.

Олар қандай тілде сөйлеуші еді? орысша

Орыс тілінде араластыңыздарма? Иә, барлығы орысша, русский школ закончила я. Сонда ойнайтынбыз не делили ниче нету. Сен орыссың, сен қазақсың деген жоқпыз.

Зейнеткерлікке қай жылы шықтыңыз? 1997-98 новерно

Жастық шағыңыз туралы қандай естеліктер бар, қандай тарихи оқиғалардың куәсі болдыңыз, осы өмір сүрген уақытыңызда қандай тарихи оқиғалар болды, Желтоқсан оқиғасы кезінде. Онда мен осы Көкшетаудамын ничо такого не было.

Осы Зеренді ауданы туралы қандай тарихи оқиғаларды білесіз? Аңыздар, мысалы? Осы аймақ туралы. Я Рузаевке родила мен білемін как Колчак проходил айтатын. Аты Рузаевка деп айтатын бір Рузаев деген орысқа өлтіріп тастапты место соның атын қойыпты.

Бұл ауыл сонда қазір қалай аталады нақты? Чаринка

Неге олай аталыпты? Қайдан білейін, бізде поздно келдік знаем Чаринка дейді. Шағалалы

Документ бойынша қалай? Біреу Шағалалы дейді, біреу Чаринка дейді. бізде поздно келдік.

Документ бойынша Чаринка деп аталады ия? Ия

Кеңестік қоғам Совет өкіметі дейді ғой сол кездер туралы айтып бере аласызба сіздер сол кезде өмір сүрдіңіздер ғой? Сол кез сіздерге ұнады ма, қандай болды? жақсы, жаман жақтары болды ма, сол кезеңнің? Мы по книге знаем, по истории

Жоқ, сіздер сол кезеңде өмір сүрдіңіздер ғой, Советский Союздің кезінде, сол кездегі жағдай бүгінгі күнмен салыстырғанда қалай жақсы ма, қандай нелер өзгешеліктер оқиғалар болды? Жоқ айта алмаймын.



Әке-шешеңіз аштық туралы ештеңе айтпаушы ма еді? Олар бала кезі ғой, аштықты айтты олар пережили переуд.

ҚАБДЕШОВ МҰХИТ
Аты жөніңіз? Мұхит Қабдешов

Мен Батыс Қазақстанның тумасымын. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысынан.



Руыңыз?Байұлымын.

Барлығы майданға кетті, әйелдер қалды осы жайында не айтасыз? Налог, әйелдердің еңбегі масақ теру туралы не айтасыз.

Мен соғыстың алдында ғана туған адаммын. Әкем соғысқа кеткенде мен білмеймін әкемнің қандай адам екенін. Әкесіз өстім, содан әке-шешемнің, әкемнің ағасы болды елде бронмен қалып қойды, сол кісінің айтқан әңгімелерін. Сол жақта мынау ашаршылық кезінде біздің әке-шешеміз анау Ойыл деген шығанақ Берсейітті білесіз соның еліненмін. Соның қызында сабақ оқыдық. Сол кезде жұрт босып кетіпті. Олар Ақтөбе облысы деген Ақтөбенің ар жағында 300 шақырым. Ар жағында бұрынғы Гурьев облысы, Орал облысы үшеуінің мынадай түйіскен жерінде тұр. Қызылқоға ауданында Тайсойған деген бар. Сол Тайсойғаннан мен 7 шақырым жердегі ауылда туыппын. Сосын біздің әке-шешеміз онда мен жоқпын, менің алдымдағы апайым ғана бар содан бұлар бізден анау арбаменен Орал менен Ақтөбенің арасындағы Тұзтөбе дейді қазақтар «Сольилиск» деген тұз шығаратын жерге барып жұмыс істеп тұз шығару кентінде жұмыс істеп өмір сүріп келеді.



Қазір Орынборға қарайды ма? Иә

Бұл бір мәселе екінші мәселе, Отан соғысы кезінде ашаршылық болды ол жақта. Шешем ғана қалды ағам да әскерге кетті. Ағамызда жеті қыз бар, ер баладан мен ғана. Сонда біздің ол жақта мынау біздің жегеніміз «құмаршық» деген бұта бар, тарыға ұқсас, оны ол жабайы. Сол уақытта табанның астына алашаны жайады, сосын қозғағанда бары жерге түседі. Осыны қуырып, осыны жедік. Мұны сіздер жеп көрдіңіздер ме, жеп көрмедіңіздер ме кішкене қанттың дәмі бар, бұл бір тамағымыз. Екіншіміз біздер атын ұмытып қалдым бір шөп болды. Бұта шағыр сияқты. Шағырдан басқалау, соның тамырын шешем барып қазып әкеледі, оны суға пісіреді, оны отқа кептіреді, оны сосын ұнтақтап айранға бұлғап береді. Осыларды жедік,сосын жиде деген өседі тағы. Жидені білесізбе?



Білем.

Ал енді жиде бұл жақта да өседі екен. Бұл жаққа менің келгенімнің өзіне 54 жыл болды. Осы жақты жерсініп кеттік. Бұл жерде жидені керек қылмайды. Сол біздер жеген жиде кішкене ақшыл болады, енді біздің елде қазір не істейтінін білмеймін. Одан әлгі тоспа дейді ғой, соның орнына пайдаланды. Өзіміз соны жедік. Сосын екінші мәселе ол уақытта Шығанақ Берсейіттің ізбасарлары болды. Сонда ол жақта анау Ойыл, Қиыл деген өзендер бар содан суармалы тары егеді. Мысалы, өз басым тарымен ғана өмір сүрдік. 17 жасқа келгенше нанды көрген жоқпыз біз. Нан жоқ себебі ол жақ нарын құмның шеті ғой. Осыны жедік сонда жаңа бізді ажалдан алып қалған құмаршық. Сосын жиде, осыларменен өмір сүрдік. Оның алдындағы әңгімелерді байқасақ осы бір мәселе бар айтайын деген. Ол Мәлік Ғабдуллинге байланысты. Бұл әңгімені мен өздеріңіз секілді ғалымдар келді, бұл 1970 жылдардың бас кезінде шықты мынау Зеренді деген сөзді ол уақытта Қазақ Совет энциклопедиясы сол уақытта шықты. 1970 жылдың басында шықты бірінші Қазақ Совет энциклопедиясы. Аудандық партия комитетіне хат түскен ғой, осындай аудан орталықтарының аттарын ауданның территориясында не бар осы жөнінде энциклопедияға мәлімет жіберіңдер деп. Ол кезде мен үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісімін, хатшымыз орыс болды түсінбейді. Маған жіберді, сосын осыны зерттеп-зерттеп, сол кісілер келгенде әңгімелесіп ол кісілердің ішіндегі қазір тірісі жоқ-ау деймін. Сонда мынадай бір әңгіме айтты. Жаңа келген кісі былай деді: «Кім соғыстан келгеннен кейін Мәлік Сәбит Мұқанов ұстазы ғой. Сәбит Мұқановқа айтыпты дейді. Сәке мен сізден бір ақыл сұрайын деп едім депті. Мен Көкшетаудың Қойсалған деген жерінде тұрдым, бастауыш класты бітірдім де, мектепті бітірдім де Көкшетауға кеттім. Содан 7-ші класты бітіргеннен кейін ауыл шаруашылық институтқа түседі ғой. Ол уақытта 7 класпен ала беріпті институттар. Сосын 7-8 екеуінде бір қарсысына 2-3 адам келіп, орыс адам келіп содан ары қарай кетті ғой. Сонда айтқан әңгімесі ғой. Сонда елімізде аштық болды депті 1930-31 жж. Қойсалған осы 20-ақ шақырым жер Қойсалған туған жері. Сосын айтыпты менің шешемнің қайда жерленгенін білмеймін депті. Себебі шешем Қойсалғаннан ана жақта Еңбек бірлік деген бар. Құлет деген ауылдар ашаршылық кезінде барлығы тамақ іздеп Көкшетауға қаптапты. Ол уақытта шешелері жұртпен шығып кете ме әйтеуір біреулермен шығып кетіп әйтеуір білмейді қайда өлгенін. Осыны не істеймін осы ойымнан кетпейді, Сәке деп айтыпты. Сонда Сәбит атыпты: Сен депті өзіңнің туған жеріңнен, кіндік қаны тамған шешеңнің жерінен бір кішкентай құм топырақ ал да соны өзіңнің көңілің соққан жерге апарып қой депті. Осыны істепті Мәлік. Ал қазір оны әкесінің зираты Қойсалғанда, шешесінің зираты Көкшетауда деп аталады бірақ, ол жерде мен құдайға не болмайын сол Көкшетауда зираттың астында ол кісінің денесі жоқ дейді. аштан өліпті, сонда бұл жақта аштық болмады дегенге мен...

Мысалы, менің айтайын дегенім бұл мәселені халық көпшілікке айтуға болмайды, Мәкең-Мәкең, Сәбең-Сәбең. Осы сіздің бір қаперіңізде жүрсін. Қазір басына құлыптас қойылып зираты тұр. Мәлік өз қолынан істеді. Енді, үшінші мәселе мен ел-жұрттың әңгімелерінен естиміз. Біз осында мына Олжабай екеуіміз Баян Жанғалов деген дана кісі бірінші хатшы социалистік еңбек ері сол кісінің тәрбиесін көріп өстік екеуімізде. Ол кісі айтатын біздерге. Сендер мен ешқандай жұмыс істеп отырмын деп ақын-жазушыларға, мәдениет саласында, әдебиет саласында жүрген кезде бірінші кезекте қабылдаңдар да, олардың айтқанының барын істеңдер деп айтатын. Сондықтан біздер сіздер сияқты адамдарды құдайымыздай көреміз, солай өстік, әзір де солай көреміз. Сондай адамдардан көп естідік бір баласы Мәкеңнің шешесі осылай болған.Бұл сосын ары қарай енді сол Мәлікпенен менің қайын атам осы жердікі мына жерде Қошқарбай деген елдікі Мәлікпенен екеуі дос болған, өте жақын дос болған. Біздің қайын атамыз сол Қойсалғанның қасында Қарабұлақ деген жерде бастауыш мектептің меңгерушісі болады. Сол кезде Мәлік қасындағы Қойсалған жақын содан келіп екеуі танысады, Мәліктің сипатын білесіздер ал біздің қайын ата да ұзын бойлы 2 метрге жақын сымбатты кісі болған. Содан екеуі танысып, сол жерде дос болады, одан кейін Мәлік кетіп қалады. Мәлік әскерге кеткеннен кейін Мәліктің әкесі екінші әйел алып, Көкшетауда тұрады. Мәліктің қимас досы ғой Қажыбаев Баймағамбет деген Көкшетаудың ауылында тұрады май, қаймақ, жылма-жылғы соғымы, отыны сол досының әкесіне апарып тұрыпты. 1943 жылы Мәлік батыр болғаннан кейін елге келеді, Алматыға келеді де, Алматыдан тура поездбенен Көкшетауға келеді. Сосын Көкшетаудың басында оны жұрттар қарсы алады сонда ол еліне бармай, Көкшетаудан тура мына жолдағы Айдарлы деген жер бар тау жағында Қарашілікке досына келеді жаңағы Қажыбайға. Содан Қажыбайға келіп, «Судабекер» деген немістің машинасымен артында кузовы бар, артында түрегеліп тұруға болады соныменен келіп халыққа амандаспай тұрып, бірінші жаңағы біздің әкеменен төс қағысып амандасады. Алдында Қажыбайға хат жазады, онда «ер мойнында қыл арқан шірімейді, сен менің әкеме қамқор болып жүрсің» дейді. Осы қыл арқан шірімес деген бүкіл Зеренді ауданы емес Көкшетау ауданының бүкіл мұғалімдерін КазПИ-ге түсірген Мәлік. Үш балдызым, екі қайынағам осы әкесінің досы арқылы барып КазПИ-ге барып түсіп бәрі мұғалім болған.

Ол кісі КазПИ-де ректор болды ғой ол кісі? Иә, 12 жыл ректор болған. Жаңағы Қошқарбайғаға келгенде колхоздың басқармасы Мұқысов Шәріп деген Көкшетауда тұрады, үлкен, жұмыста істеген облыстық оқу бөлімін басқарған Тельман Мұқышовтар соны көріп машинаның соңынан жүгіреді ғой.

Бұл жерге орыстар келді сосын мына Қошқарбайға немістер, ингуштар келді, бұлар картоп екті, осы маңда мына Қошқарбай ауылының ақсақалдары айтады біздер аштық көрген жоқпыз картопиямен өмір сүрдік дейді. Осындай жағдайлар енді бұл мәселеде әрине сіздің айтқаныңыз дұрыс ауыз әдебиеті керек. Қазір жұрттар айта береді, оны байқап-байқап сіз осы екеуінің арасындағы әңгімені жай институтта да сіз оны ашық айта алмайсыз. Осыны ойлаңызшы жаңағы шындық па. Бірақ, өзіңіз сияқты ғалым доктор айтты. оны Сәбит кейін Мәлік естелік жазады. Сонда келтірді, кейін оны алып тастады деді. Мәліктен Сәбит кейін қайтты ғой.



Сәбит 1974 жылдары қайтты. Осы жерде сонда жаңағы шешесіне байланысты тағы да айтамын кез-келген аудиторияда айтуға болмайды. Мәлігіміз Мәлік қой енді. Сіздер зерттеуші адамсыз ғой осы есіңізде болсын.

Сіз ана жаққа барсаңыз қазір құмаршықтың пісіп тұрған кезі Батыс Қазақстанда. Осыны бір байқаңызшы.



Құмаршықты мына Астрахан жақта болдым мен. Сонда бұл құмаршық деген бір кісі Астраханда рыбалинский институтта оқыдым дейді. Шешем сонда құмаршықты салып береді дейді. Жанымда үш орыс жатады дейді, сонда сол құмаршықпен күн көрдім дейді. Олар үйінен нан, анау-мынау әкеледі, мен құмаршық сөмкемде соны жеп күн көрдім дейді.

Сол құмаршықты қазір неге қолданбайды, кәдімгі тары сияқты ауызға саламыз, сосын тарының қазір бренд қылайын деп жатыр ғой. Биыл 5 рет ойлы-қилы жерлеріне суармалы егіске егіпті қазір жақсы шығып жатыр дейді. Ол 1 гектардан 205 центнер алды ғой.



Қазақтың ежелден тамағы ол тары. Біз нанды орыстың қол асына кірдік қой, содан кейін қазақ нан жей бастады.

Тарының қасиеттерін қазір көп жазып жатыр ғой. Мысалы, мынау біздің Батыс Қазақстанда үш облыс қой, енді төрт облыстағы енді бәрі емес негізінен ол жақта тары жеп өскен адамдар шаштары кеш ағарады екен. Қартайғанша тісі сау болатын көрінеді. Осыны қазір зерттеп жатыр, оны осы тарының пайдасы деп жатыр.



Шет елдерде пшонный каша асқазанға ем деп берді ғой.Иә, солай.

ҚАЖЫБАЕВА КӨКЕН
Аты жөніңізді айтсаңыз? Қажыбаева Көкен

Сарытөбе деген жер бар ғой, білесің ба? Сол жерде тұрдық жұмыс істедік.Бейім жүргіздік, жас келіншек екеуіміз сосын бір екі қыз болды. Бір Байшағыров деген уәкіл болды. Сол төртеуіміз бірге жүрсек айтатын “Анау әйелдерге қосылма, жаман айтады”марқұм.

Ахмет Тоқтабай:Ал енді мынау сізден сұрайын дегеніміз, бұрынғыдан қалған әңгімелер болса, мынау бұрынғының салты дәстүрі, бала тәрбиесі бір атақты адамдар болса, бір әйтеу ескіден қалған әңгіме болса есіңізге салып айта отырсаңыз.

Аты жөні белгісіз(апа): Біздің атамыз қажы молда болған кісі, содан атамызға кісілер келеді ғой, әңгімелесіп отырады. Біз арғы жақта жүреміз осылай, атамыз мына жақта отырады. Анда-санда кіріп жүреміз, басымызда орамал қазір ғой ол шекеміз майланып. Атамызбен 19 жыл шешемізбен 9 жыл тұрдық. Енді әңгімелескенде Ілияс деген шал болды. Білесіз ба сіз Мейірманов деген. Сол кісі оқымаса да тоқығаны көп болды. 7 жасынан молдадан оқыпты медреседе. Мынау әлгі тегін тегін үлкен молда қайда солармен бірге оқыпты. Аты немене еді үлкен мешіттің… Науан Хазретпен бірге оқыпты. Содан кейін 13 жасында молда болыпты. Сол жаста аға жеңгесінің қолында болыпты, олар түртпекте жеке шығарғысы келіпті. Жалғыз қалай тұрады Бурабай түбіндегі Ақкиіктен бір қыз алып 15 келгенде жеке шығыпты. Соның әңгімесінде айтып отыратын. Екі кісі келіпті бір қопаға таласып, бір би шешеміз болыпты тегінде бала таппаған,мынау бидің үйі дейді Темірқан Әділхандарды білесің ғойсолардың тегінде болмаған баланы асырап алыпты Бәтжан деген. Сонда сол кісі би болыс болып осы ауылдың көбін билеп, сол кісінің айтқанымен болыпты. Мына жақта үлкен абысыным бар менімен бірге түскен. Мен ана жақта болдым. Мына үйге келгенде мені сыртпен әкеледі. Шәлі салып сыртымнан, ана көшемен жүргізбейді бізді.Суға барған ана үлкен кісілер мал суғарып жатқан оған бармаймыз үстіп қарап тұрасын ана кісі малын суарып біткенше. Ол кісілер кеткен соң барып су аламыз. Ол кезде су сарқылып қалады сол суды қасықтап аламыз. Бір күні Кенжебекті білесіз ғой әкесі су алып жатқан мен барып қаппын. Сосын былай қарап, теріс қарап тұрдым ана кісі кеткенше. Сол кісі кеткенде су алдым, соның үстіне “сен неге бардың деп” менің жігітім маңдайымнан қасықпен пергені бар емес пе. (күлді) Мен қайдан білейін күн боран сымақ деп айтып жатырмын. Әлгі шешеміз ұрсып жатыр “Онда не тұр көрінген жоқ қой, теріс қарап тұрғанын көрдім мен деп” Сондай сондай заман болған..

Ахмет Тоқтабай:Сонда нешежастасыз?

Аты жөні белгісіз(апа): Сонда 18-19 жастамын. 18де бірінші ұлым туды 17 де келдім. Марттың үшінде келдім, жігітім мен келгенде әскерге кетті. Ол кісі әскердің үш жылы емес екі жылдан кейін келді, климаты жақпай бір жерден бір жерге барып…

Содан бір ай жатқанда осы қопанды бөліп аламыз деп. Иә басқа жерден бір үлкен кісілер. Сонда айтайын дегенім “әй сендер тарқандар біреуіңнен қамыс кетеді біреуіңнен намыс кетеді тегінде қайтарып аларсыңдар ер азаматсыңдар ғой ұят болады”деп сүйдепті. Ой Алла ай әлгі кісінің атын ұмытып қалғанымды қарашы



Ахмет Тоқтабай:Сонда әлгі ана кісінің сөзін тыңдап тыңдаған ғой?

Аты жөні белгісіз(апа): Сонда әлгі кісінің сөзін тыңдап әлгіндей айтқан сонда біздің атамыздың әкесі сол сүт дәм татарлық тамақ беріпті пісіріп сол үш төрт кісіге. Дейді кісілер. “Шіркін ай әлі күнге дейін сол кісінің тамағы аузымыздан кетпейді”

Әлгі құстын етін сүтке пісіріп берген соң конешно кетпейді.(күлді)



Ахмет Тоқтабай:Сонда құстың етін сүтке пісіріп бере ма?

Аты жөні белгісіз(апа): Сондай мадақ деген құсты сүтке пысырып береді біздің ауылда атамыз ар жақтағы.Жабайы құс қой…

Жазда тақия киеміз ал қыста бөрік…

Дәрет алған ғана былай….шашыңды еріңнен басқаға көрсетпе дейді. Жатқанда қарсы қарап жат артыңды беріп жатпа дейді Құдайға қарсы жатқанын дейді. Әке шешенің атын атасанда еріңнің атын атама дейді. Атамдар кейде сондай қатты сөз айтып қоятын cонда еститінбіз. Ал қайын жұртыңнын бақай шегейіне шейін ат қойдым бәріне ат қойдық. Қазір өліп жатса солай айтамыз “биттей аға”,“үлкен аға”, “тәтті аға” сол “кенже аға” сондай сондай ат жетпегендерді Қайын аға қайыным деп айтамыз.

Ахмет Тоқтабай:Жалпы енді қыз баланы шыр етіп дүниеге келісімен ақ мәпелеп өсірген ғой. Содан кейін қызға қырық үйден тыйым дейді сол дәстүрдің бәрінен айырылып қалдық қой қазір.

Аты жөні белгісіз(апа): Сондай сондай болғанбыз солай жүргенбіз, абысыным екеуіміз келгенде онда ауыз үй төр үй ғой әлгі кірпішпен салынған үйлер. Мын жақта абысын тұрады. Оның да күйеуі армияға кеткен екеуіміз жұмыстан кездесіп тұрамыз…жұмыс істедік, мая салдық….отын шөп әкелетін……соған таласатын.

Біз өзіміз 57 жылы қалаға көшіп кеттік. Мен келгеннен кейін қайын аға да қалада болды. Районның Ақжол газетінде істеді. Одан кейін осы қалаға көшіп келіпті, көшіп келіп бірге тұрамыз деп сол бір үй алдық. Жартысында ол кісілер тұрады жартысында біз тұрамыз. Жігітім корреспондент болды мынау поездің бірінші жүрген кезі. Газет таратып жүрді арасында тайный дегендер болады екен соларды основнойлармен бірге берді. Сонда арасындажүрдік біз. Пошта тасу сияқты. Сосынбір екі жыл істеді қалаға мал тұрғызбайды кемпір шал малымен кетіп еді енді малсыз келеді деп айтты Қажыбай не қылған деп айтады деп ауылға көшіріп әкетті 59 жылы.



Ахмет Тоқтабай:Ал енді сөзіңіз аузыңызда қыз бала тәрбиесі туралы айттыңыз ал ұл бала тәрбиесі қалай болушы еді?

Аты жөні белгісіз(апа): Ұлдар тәрбиесі енді сабақтан келеді сабағын оқытып төртінші классқа дейін біздің балалар осында төрт ақ класс болды да төртінші класстан соң Молодежныйда, Молодежныйда орысша қазақша да болды. Біз қазақшаға бердік. Әйтпесе сол орысшаны да қазақшаны да үйреніп алды. Көп балалар соннаң бітіріп келді.

Ахмет Тоқтабай:Ер балаға айтып отыр қыз балаға сияқты ананы істеме мынаны істеме деп айтты ма?

Аты жөні белгісіз(апа):Ұлдарда ондай болған жоқ. Мен айтатынмын мен қызды неғылсам сен ұлмен неғыл деп

Ахмет Тоқтабай:А сіздер өздеріңіз бөліп алдыңыздар?

Аты жөні белгісіз(апа): Бөліп аламыз екеуіміз бөліп аламыз, ұлымда ана жер...Ұлдарда жақсы оқыды

Ахмет Тоқтабай:Сосын мына балалар жаман сөз айтқанда қандай жаза қолданушы едіңіздер?

Аты жөні белгісіз(апа): Әкесі бірдеме істеп жатса соның ісін істейді Үлкен балам сондай еді. Атамның баласымын дейтін Атанның жанында жатып па едің десе , ...боқтарынды езбей. Оған менің балам деп айтқанда жоқ ол мені Ақтай дейд. Сондай сондай неғылдық.

Ахмет Тоқтабай:Неше балаңыз болды?

Аты жөні белгісіз(апа): 18 Бала тудым Қазір оны бар Құдайға шүкір жеті қыз үш ұл.

Ахмет Тоқтабай:Солар жастай шетінеді ма?

Аты жөні белгісіз(апа): Бір жасқа келіп, бір айда...Әкемнен қара хат келгенде далада қалыпты жүрегі ұстап. Әжем сол далада қардың астында қалған шешемді алып келді ғой. Аяқпен салдық. Бір шелек бидай тығыр әйтіп бүйтіп...Сосын әйтеу

Шелек дейді күлі. Сабын болмай қалды ғой әнеу жолы. Сол кезде бізде сөйттік шелекке салып басымызды жуып, кірімізді жуып.

Бірінші күлді аласын иә?

Күлді жинап қоясын

Суға араластырасын ба?

Суға араластырмайсын, суды қайнатасын сосын мына жақта ши болады...

Қазан.

Бірақ мені шақырады, өлең есте қалмапты, билейсің



Сосын Бөрітастамақты біз далада ойнайтынбыз, сөйтіп әлгі бөркінді алып алдына тастай саласың түсінген адам ұшып тұра келеді, байқамаған сол өлең айтып. Сондай

Ахмет Тоқтабай:Ақ сүйекті қандай сүйектен ойнадыңыздар?

Аты жөні белгісіз(апа): Әлгі сиырдың күюіп қалған сүйегі қайда сонымен. Иә сонымен ойнайтынбыз.

Қазақ ауылы болып отырды, 18 шақырымда Молодежный қазір Молодежный дейді соны қасына жаңадан совхоз ашты Карл Маркс болды. Жер барда Қазақтың сол жерге үш төрт шақырым жер, cовхоз ашты Александров.

Жаңадан бәрі соған ауып кетті

Сосын мынау Қазақстан совхозы. Орыстар мынау Карл Маркс өзінің тіліне жақындау болсын деп солай істеді. Мысалы мынау қазіргі Ивановка қасынан былай

Білем түнде өттік жанынан

сол Ивановака Киров совхозы деді например

Совет өкіметі кезінде сөйтіп аттарын неғылған архивтрадан қарадым Қазақстан совхозы Өзімнің мынау Ұялы

Атамның басын жарып тастапты, Әлкендер арғы атасы

Шоқындырайын деп жүрсін ба деп

Түсінбеген ғой



Аты жөні белгісіз(апа): Бір Дещенко деген орыс Бурабайдан сол келіп атаммен танысып

Өзіңді өлтіріп тастайды бір күні жүр кеттік деп алып кетті Бурабайдың жанындағы

Үлкен он мың дей ма. Сол көбі атамның қол астында істепті

Ахмет Тоқтабай:Осы сізді қазір толғантып жүрген қандай нелер бар? Осы ауылдың жердің елдің мәселесі жөнінде.

Аты жөні белгісіз(апа):Жеріміздің не болғанын білмеймін бұрындары жерді бөліп беруші еді

Ахмет Тоқтабай:Осы халықтың алдында қандай проблемалар тұр? Соны айта берсеңіз

Аты жөні белгісіз(апа)/Аға: Ой көп бізде проблема айта берсек шаршап кетеміз

Мынау анада жұмыс жоқ жастарда бұл бір мен осында келіп жүргенде елу үй барды.

Көшіп жатыр ақырын ақырын.

Және мына жерде не істеуге болады мынау арада ақ балшық бар

Орыс белоглинка дейді

Бор сияқты балшық

Тағы да көрсетем

“Ақшасор” деген көл бар

Барып жатсаңыз дененіздің ауырулары кетеді.

Мен өзім аяғымды саламын.

Біреу соны қазір сатып алды дейді Алматы жақтан осы жақтың кісісі болса керек,

арендаға алсада если ондай болса жақсы болар еді

Курорт ашып адамдарды емдеп

Мына келіншектер жай отыр бұларға ақша болар еді, жұмыс болар еді

Кетпес еді, Қазір көбі кетіп жатыр жастар

-Ақбалшық анада ізбеш шығарды ғой сосын жауып тастады

Ал енді осы ана жылы Қопадан бірдеме шығады деп осында әлгі Қуандық деген бала.

Бітті...


Көзін жабады

Суық жер ол асты қолмен ашса.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Ахмет Тоқтабай:Мынау ашаршылық туралы?

Мынау кітаптар жинағанбыз



Коментатор:Олар қазақша ма?

Орысша кітаптар



Ахмет Тоқтабай:Кітап ол қазына ғой ешкімге берменіз

Мынау кітапханаға апарып беріңіз

Көрсе бола ма?
ҚАСЕНОВА РАБИЯ ТАСЫМБОЛАТҚЫЗЫ
Депутат, мать- героиня, қазір Нұр Отандамын, сосын сол неғып жатыр.

Аты-жөніңізді айтып отырыңыз?

Қасенова Рабия Тасымболатқызы

Он бала тәрбиелеп өсірдім.

Қаттырақ айтасыз ғой

Мынау тісіммен неғылмайды, жуырда ғана салғызғамда тісімді, содан шықпай отыр. Атам болды, шешем болды, өз анамды алақанымдан жөнелтіп о дүниеге, қолымда қалды өз анам, анатілер ерте қайтты. Қайыншешем айтатын: «Өй, жаныма жан, малыма мал қосқан құлыным- ау» деп отыратын. Қазір бұл ...(не расслышала).



Қай жылғысыз?

Мен бе? 1940. Майда туғанмын 25-де.



Қай руға жатасыз?

Арғын?


Қай ру, руыңыз?

Сүйіңқара.



Сүйіңқара қарауылға кіре ме?

Білмеймін соны, ұмұтып қалдым, бәрін білетінмін осы, қазір совсем мыйым да бос, балам қайтқалы мыйым істемей кетті. Әйтпесе бәрін жатқа білетінмін. Сосын, Егімбай Береке болды, сонда депутат болып жүрдік қой, мынау жолды салдық, ең бірінші осы жолды салған соң Егімбай, мен сол жұмыс істесең де солардан да қалған жоқпын, еш жерден де қалған жоқпын, жүребердім. Еріну дегенді білген жоқпын.



Мал бақтыңыздар ма?

Мал бақтым, қойды, міндетті түрде. Қойды бағып келіп, бие сауатынмын, әлгі, Сығылдата келеді ғой о кезде, самолетпен, келеді, әлгілерге деп оңда ет деген немене, сүр ет тұрады, әлгіні асып қойып уже самолет дүрілдегенде. Әлгілер кеп анандай бізге кеп палатка қойдылар.



Кімдер олар?

Самолетпен әлгі жер тексере ме, ылғи солдаттар келіп, апашка, апашка деп.



Қазақтар ма?

Қазақ.


Орыстар да барма ішінде?

Бар аралас, сразу май, құрт, бәрің салып беремін әлгілерге. Бір кез, анада келіп, көшіп қалды деп, апашка мен сізді таба алмадым дейді. Келуі де маған қыйын боп тұр деді. Сол, сіздер ондамағасың, өзіміз ондай берейікші деп шықтық дедім. Ой апашка дейді бәрі. Сол телевизорге түсіріп әкетті, шығарыпты телевизорге.



Көрдіңіз бе?

Одан,Павлодарға осы жиенім шығып, құдалыққа бардық қой. Енді машинадан түсіп жатырмыз, бір уақытта, бір кұдағи келіп, міне, міне, кеше ғана осы құдағиды көрсетіпті телевизорде, жоғаландап жатыр деп.



Иә, тәтелерің жолаңдады, апаларымыз.

Жетпістегі ағамыз, анау күні көрдім ғой. Не, бәрі барда, неде қалып қойды, анау күні ақырындап барғам, неге, көрдің бе, птицефабрикаға.



Немінеге?

Көрсетейің деп, аттың үстінде қой бығып жүргенімді, не қылғанымды, бәрің. Міне кей қара, менің еңбектерім, бұны, әлгі, әбдіренің түбіңде жатқан ғой, еңді, әбдірені ақтарып жатсам, әлгі кәртішкенің барлығы тұр, сол ненің, әбдіренің түбінде.



Қай жылдары бақтыңыздар қойды?

70ші, 60шы жылдары. 54тен бастап қойға кірдім, содан жүрдім 90ға дейін, пенсияға шыққанша дейін.



Қанша қозығы алдыңыздар?

Өзіңе өзі қосалтып.



Жүзге жүз алдыңыздар ма?

Ең бірінші,… бағып кірдім. Отырмын үйде, сосың жолдасыма айттым, әй қарағым, біз неге отырамыз осы, жұмысымызды реттейік деп қойға кірдік. Содан бастап қой бағып, ... неше қойлық кигізді кеңейтіп, осы қойдың да кезегі кеп қалды. Қалай бағамын еңді, ештеңе болмайды, тіпте мен бағып келейің деп ашуланғаннан, бауырым сосын кетті. Онда бие сауып, қымыз көп, келгендердің барлығын неғылайық.Құлыным, солай болды. Тәртіпті болыңдар, үлкендердің несінен неғылмандар, өтпендер, сыйландар, сіз- біз деген нағыз жақсы сөз. Сендерді жақсыға апаратын да сол. Көлделең өтпендер, қолдарыңнан ине мен жіп кетпесін сосын. Міне, арғы машиналар кішкентай кезден алған біздің машина. Тәртіптікке үйретсен, бәрі тұрмыс па, только ақыл, ұрысқаннан пайда жоқ, балалар. Дұрыс болу керек әрқашан. Міне мынай келің, қолымдағы келің, тіпті ойқырлы. Көршілерім бәрі маған айтады, үй кет, көрінгенді ұстамай. Жоқ, шаңыраққа ие болып отыр, түтің шығарып отыр. Ұл тапты, қыз тапты. Милі, басыма тышып қойсын, милі, келің бе, келің. Әйтпесе, балам қайтқасын екі жылдан соң айттым келіңіме, құлыным, сен жассын әлі, қырыққа жаңа толып жатырсын, тұрмысқа шығам десен есік ашық. Баланы сенден бездірмеймін, саған да барады, өзіме де келеді, солай ортада жүреді. Ал асырауыны өзім асыраймын. Сол осы алақанымда ұстап отырмын келіңімді. Міне, төрт жыл асты қайтқаңына.



Келіңіңіз қанша жаста қазір?

Қазір қырық, 75ші жылғы.



Менімен жасты екен.

Менің қайнсіңілім.



Бәрі кругом 16.

Мына кісі апам, ол менің қайнсіңдім, күйеуімнің ағасының қызы.



Ммм, жақын екен де.

Сол, ауылда солай болады, солай болады, балапаным- ау. Кругом 16,бәрі туыс.



ҚҰСАЙЫНОВА ЗЕЙНЕКАМАЛ ҚАЛЕЛҚЫЗЫ
Аты жөніңіз?

Мен, Құсайынова Зейнекамал Қалелқызы, өзім кезіндегі Көкшетау облысы, Шучъе ауданының Қарабұлақ ауданының тумасынмын. 1979 жылы осы Ұялы-Машам еліне келін болып түскен болатынмын. Сол өзім 17 жыл совхоз шарауашылығында, мал шарауашылығында жұмыс атқардым. Коммунистік Партия қатарында болдым. Заманның ағымына қарай, өзімнің жас кезімде армандаған арманым мұғалімдік оқуға түсіп, сол оқуды бітіріп, мен ұстаздық қызмет атқарып, биыл зейнеткерлікке шығып отырмын. Бес балам бар, жолдасым 10 жыл бұрын қайтыс болған. Осы Машам еліне келін болып түскеніме де биыл отыз жеті жыл болып қалды. Сол мектеп қабырғасында жүргенде оқушыларыма туған жердің хикаяларын жинауды менің үлесіме тапсырған болатын. Сондықтан мен бар елдің тарихын, сол кездегі көне-көз қариялардан, соның ішінде Шәпиева Ғайша деген анамыздан жазып алған болатынмын. Оны өзіміздің облыстық Бұқпа газетіне жарияладық «Ауылым - алтын бесігім» деп. Сосын бертін келе, тағы да ауыл тарихын жүктеген соң, оқушылармен ауқымды жұмыс атқарып, осы елдің бар тарихын жинастырып, биыл еліміздің колхоздастыру кезеңінен бастап 80-жылдық мерейтойын елдің азаматтары мен азаматшаларының арқасында ұйымдастырып, соны тойладық. Елімізге 600-ден астам қонақтар келді. Соның ішінде Астана, Алматы қаласынан да болған өзіміздің ауылдастарымыз, жерлестіреміз, жан-жақтан бүкіл ел азаматтары түгел жиналды. Елдің бұл қысқаша тарихы ата-бабаларымыз жатқан, ата-бабамыз тұрған жер осы үлкен түкті баурайының ағаштарының орманның алқабында мына алаңқайда ағаш ішінде, содан кейін колхоздастырып, мынау қағаз жүзіне көшіріле бастаған кездері, осы еліміздің мынау Өсек өзенінің қатарында көп талдардың үсті тола ұя болады екен. Сол таңдап ата-бабамыз елді осы жерге тіккізген екен. Ағаш ішінде болмай, осы жолдың үстінде, өзен-судың қасында еліміз осы Ұялының осы молдау болсын, үлкен шаңырақты үлкен мекен болсын деп «Ұялы» деп атаған екен. Осы табиғаттың несі дарысын деп, ата-бабаларымыз айтқан тілектері, армандары орындалды деп ойлаймын. Әр шаңырақта, осы 28 шаңырақ бар, осы 28 шаңырақтан тіпті біздің елімізде он екі ардақты аналар бар. Ең кемі сегіз, жеті, он екі, он төрт алды ардақты аналарымыз. Сол осы шаңырақтардың өрбіген ерлеріміз бен қыздарымыз жан-жақта, Қазақстан мемлекетінің әрбір саласында қызмет атқарып жүр. Енді мынау еліміздің мына жекешеленуге көшкелі бері, жұмыс жағы азайып, жан-жаққа тарап жатыр, сондықтан, биыл біз әдейі ұйымдастырып отырдық осы 80 жылдығымызды. Осы он семья болса да, елдің ішіне кішкене ой салсың, бірін-бірі көрсің, кейінгі ұрпақ көрсің деген ниетпен осы тойды ұйымдастырдық. Соның басы-қасында жүрген міне осы еліміздің беткі ұстар азаматтары мынау Садуов Болаткен, Сағындықов Уалихан, акиматтың қызметін атқарып отырған Сағындықова Құралай Ғалымжанқызы, Майдан Бапанұлы деген үлкен ағаларымыз бар, Шыңқожа Сабыржанұлы деген азаматтарымыз бар, Муканов Төрегелді деген азаматтарымыз үлкен зейнеткерлікте жүрсе де, елдің тойын өткіземіз деп күнде келіп сол ұйымдастырудың басы-қасында жүрді. Сосын мына Кажахметов Болатжан, мына осы еліміздің ең үлкені болып қалған, 1954 жылы туған, елімізде бригадирлік қызмет атқарып, елдің тізгінін ұстаған азаматымыз Қасымтай Ақпарұлы деген азаматтар, Куштаев Танатар осы елдің бәрі ат салысты. Осы жерде отырған он отбасы түгел дей ат салысып, үлкен тіпті аудандық газет беттерінде мақала шықты, «Елдің ерлері ерледі» деген. Расында да, мен айтар едім, елдің азаматтарының арқасы, елдің бірлігінің, ынтымағының арқасында деп айтар едім соның бәрі. Еліміз колхоздастыру кезеңінен бастап мынау сол айтып отырған Бектұрсынов Бапан деген кісі 36-жылдары елді, сол колхоздастыру кезеңінен бастап басқарған. Сол кезде өзінде бізде түйе, жылқы, қой, мал шаруашылықтары, қара мал өсірілген екен. Соғыстың ауыр кездерінің өзінде темір алыс болған, сол жерден Щучье қаласынан 70-80 шақырымдай соған түйемен, өгізбен кіре тартқан. Жас балалармен әйелдер. Мына соғыс кезінде біздің елімізді паналап, репрессиялық жағдайға ұшыраған кісілер болған екен осы жерде, орыстардан келген, сонау Россиядан жер аударылғандар болған. Сол кісілердің, ол кісілер осы жердің жергілікті орыстар тұрған, ингуштар тұрған, немістер. Ингуштың кісілері осы еліміздің адамгершілігі, қонақжайлылығына рахмет айтып, бір келіп айт күндері біздің елімізге келіп тұрып әдейі құрбан айт шалып, рахметін айтқан Ахмет деген кісіні білемін. Елімізде бірлікшіл, бауырмашылдық ертеден, ата-бабамыздан дарыды деп айта аламын. Сонымен бірге, мынау, жана айтып отырмын ғой сол халық шаруашылығының көрмесіне барған апаларымыз бар Исина Қазкендер мысалы. Ленин орденінде механизаторларымыз болған Шоқан Майжан деген аталарымыз, еңбек Қызыл Ту деген орденде өзімнің қайың атам Рамазан Молдабай деген. Ол өте байыпты сабырлы кісі болатын. Ол кісінің бірінші жолдасы қайтіп кетіп, сегіз бала қалады. Одан кейін менің жолдасымның анасына үйленеді. Бес баламен келеді. Одан кейін өздерінде он төрт бала өсірген ардақты аналар көп бұл жерде. 8,10,12, 14 балалы аналар бар. Сол балалардың барлығы жан-жақта еңбек етіп жүр еліміз үшін. Кейінгі жастарымыз да алға басуда. Елімізде негізінде мал шаруашылығы, егін шаруашылығы саласында жұмыс істеп, орман шаруашылығында жұмыс істеген ата-бабадан үрдіс болып қалған ұрпақтан-ұрпаққа, мысалы, осы шаңырақтың иесі Болаткен Садуевтің әкесі де, арғы аталары да осы орман шаруашылығында жұмыс істеген. Ал мал шаруашылығында мына жерлерде үлкен баздар болған. Сонда мал шаруашылығында істеген кісілер бар. Ал енді мына соғыс кезінде комбайн штрувалдарына отырған ауылдың Шаханова Күлсандар, Шевченко Оля дейді, Шевяенко Настя деген кісілер ер азаматтардың орнын жоқтатпаған. Соғыс кезіндегі ауыртпалықты сезінген сол Бапан атамыз ең бастысы пима табандайтын, етік жөндейтін шеберхана ашқызғанын мен көрегенділік деп білемін. Ең бастысы ол көрегенділіктен келген...Пасейтов Нұрмыханбет, мынау сол Бапан аталарымызбен бірге тізе бүгіп, бірге қызмет атқарған, сонымен бірге мына Ахметов Бабыржан деген аталарымыз, Шоқан деген аталарымыз елдің бірлігін сақтап қалуға тырысқан. Соның арқасында күні бүгінге дейін осылай осындай күнге жетіп отырмыз. Біздің елімізден шыққан қазір мықты адамдарымыз да бар. Жастар алға басуда. Ұшқыш ағаларымыз да келіп, осы тойымызды көріктендіре түсті. Сондықтан мен ата-бабалар салған жолды ұрпақтар әлі күнге дейін жалғастырып, елге деген азаматтық парыздарын адал орындап келе жатыр деп ойлаймын. Өзім міне бірнеше жыл елге келін бола жүріп, сол елдің тарихын жинастырып, шәкірттерім бар, жан-жаққа, бір жақсысы ел туралы хабар болса мұғалім көрдіңіз бе, мұғалім естідіңіз бе деп жатады. Мен ...Соның бірі, мына биылғы жылы он бірінші сыныпта оқитын, осы жердегі Әбуталип деген атамыздың немересі Аслан Әбуталипов деген он бірінші сыныптың оқушысы бар. Біз мектептке тарих пәнінің мұғалімі Сарғазина Бижанов деген қыз екеуіміз бағыт-бағдар бердік. Баламен бірге отырып осы барлық немелерді жинастырдық. Енді міне ел азаматтарының қазір сздерге көрсетемін, ер азаматтарынан да көп көмек болды. Ағалардың ақылымен, сол кезінде жинап алған осы деректеріме кішкене ...бар нені жинақтадық деп ойлаймын, тарихи болсын. Қазір көнекөз қарияларымыздың бәрі қазіргі кезді жоқ, азайып бара жатыр. Мұқағали Мақатаев айтпақшы, «Қариялар, қариялар азайып бара жатыр» демекші, қарияларымыз өздеріңіз де көріп отырсыздар, биыл 95 жасқа келген ардақты аналарымыздың бірін о дүниелік қылып о дүниеге аттандырдық өз қолымызбен. Енді денсаулықатарының несіне байланысты енді үлкен аталарымыз мынау Бектуров Тасқоже деген елдің, Қапырхан деген аталарымыз сол қалада, Кажахметова Балқия аналарымыз деген денсаулығына сәйкес. Сондықтан мен ойлаймын, атына заты сай Ұялы болып келген еліміздің тарихы осындай, ауылымыз ата-бабалардың аманатын орындап келе жатыр деп ойлаймын. Ұрпақтар жалғастығы болып жатыр. Кейінгі ұрпақ бұны да зерделеріне тоқиды деп ойлаймын. Ары қарай біздің бастаған шаруамызды олар да жалғастырады деп ойлаймын.

Ашаршылық жылдарынан сондай бір фактілер болса, сондай әңгімелер болса ана, біздің қазақтың 2,5 миллионы қырылып қалды ғой, соған байланысты не айтасыз?Осындай естіген әңгімелеріңіз бар ма?

Бала кезімде естуім бар, Қайша апам айтатын осында бригадир болатын, оның барлығы ағатай деп айтатын, сонда қораның былай екі қабырға салады, арасына келеді ғой ана полномоченныйлар, бүкіл малды алып кетеді дейді, сол қоздаған қойларды ананың ішіне тығамыз дейді екі арасына, бір екеуін қалдырамыз адып кететіндерді, қалғанын срлай дейді, маңырап қалса алып кетеді дейді, тыныш тұрса қалады, сөйтетінбіз дейді. Түп түгел түк қалдырмай алып кетеді дейді.



Халықтың қырылуын көрген соларды естігендеріңіз?

Ондай қариялардың бәрінің денсаулықтары несіне байланысты қалада бір-екі



Естігендеріңізді айта беріңіз сол кісілерден

Менің естігенім сол енді, басқа, Қайша апамыз айтты сол көбісін. Шапиева Қайша деген. Ол кезде көп мән де бермедік қой. Жастау болдық, көп мән бермедік. Әйтпесе көне көз қариялар болуы болды, мен келгенде қариялар біркелкі біз ол кезде бармайтынбыз үлкен кісілер отырған жаққа.



Ал қалай тұрды? Соғыс кезінде өте қиын тұрды ғой

Соғыс кезінде иә біздің елдің басқару азаматтары мықты болды деп айтатын бәрі. Болсталған азаматтар әсіресе әлгі етік табандайтан, пила табандайтын шеберхана ашып



Осы ауыл азаматтары ма?

Иә осы ауылдың ішінде сол, төрт түліктің арқасында даладан егін комбайынмен тауып келеміз деп ешқандай астық ала алмаймыз дейді. Үйдегі балалаларымызға жаутаңдап. Менің өз әжем ауылда комбайында отырған. Тоже айтады мына қолтығымызға, көйлектің бір бидайдың тігіп алатынбыз, оның өзін көріп қалса жазалайтын



Балтабек атамыз ... кетіп қалған жоқ па?

Ол кісіде бала болған жоқ,



Жоқ оны голосок үшін отырғызған жоқ па ол кісіні?

Сондайды айту керек апа

10 шықты голосок алып неге кетті?

Енді оны мен білмеймін

Бірақ оны айтқылары келмейді.



Неге айтқысы келмейді?

Бұрынғы кісілер білмеймін естеріне түсіргісі келмейді ма? Айтпыйды үндемей қалады. Қорықты ма?

Жоқ қазіргі заманда енді бәрін айтуға болады ғой?

Мен өз құлағыммен естімеген соң оны айта алмаймын. Мына кісі Баяхметов деген кісі 79 жылы 30 декабрьде біздің Виденко совхозынан жедел аударды тың 25 жылдығы деген совхоз ашып, осы кісі жас кезінде бізге совхоз директоры болып келді, ол кезде біз жаспыз комунистпіз, даярка болып істедім мен кезінде. Сол түскен фотоларымыз бар


НҰРҒАЛИҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
Аты жөніңіз? Олжабай Нұрғалиұлы

Әртүрлі пікірлер айтылып жатыр бірақ Балқадиша есть Балқадиша. Біз оған аудан әкімі ескерткіш орнатқызды. Біз Балқадишаны құрметтеп жатырмыз ғой, бір жағынан бірақ, болашақ ұрпақтарға бұл Балқадишадан үлгі алсын деп. Қазір мынау қалада той-думан өткізіп жатады ғой, мынаған келіп, карточкаға түсіп кетеді қазір. Дегенмен, Балқадиша дегеніңіз Ыбырайдың қызы ғой. Әкесі шешен, ел басқарған. Кеңөткелге алдын-ала үйлендіреміз деп атастырып қойғанда әке-шешесі қайтыс болып кетеді де сол үйінде отырып қалады. Бірақ, күйеуімен Сүлейменмен қатынас жасап, сол екеуінің арасы алты жас. Оған обалшылық жасап қазір телевидениеден мен Қазақстан радио комитетіне жаздым онда берілді, Егеменді Қазақстанға жаздық, Қазақ әдебиетіне жаздық. Обал «Күйеуің 85-те, шал Қадиша» деп айтады. Осыны айтқанда тікенектей мына басыңа бірдеңе тигендей болады. Тиген күйеуінің екеуінің арасы 6-ақ жас. Оны кеп ана Әміре Қашаубаев шатасты. Францияға барып тұрып: «күйеуің 85-те» деп. Сондай адамдар айтқаннан кейін жамау жабылған. Көзінің тірісінде осы сөзді естіп кетті ол кісі. Сондай уайым қайғыда кетті. «Ойбай-ау менің Сүлейменім, бірінші күйеуім 6-ақ жас үлкен» деп. Қазір радиодан айтылып жатады күйеуің 85-те деп. Балқадишаның аруағы кешірмейді оны, факті бар ғой сұрамайды ма келіп. Осы төңірегінде мен әңгіме қозғадым, жақсы мақаланы барлығы оқыды, біздің аудандарда олай айтпайтын болды. Облыста айтпайтын болды. Республикада күні бүгінге дейін сайрап кетеді. «Күйеуің 85-те» деп.

85-те деген сөз қайдан шыққан? Ақындар біріне-бірін жамай берген. Менде ақынмын бірақ шала ақынмын. Енді солай бірдемені-бірдемеге жамап қоя береміз, аузымызға не келеді соны. Сонда ол 19-да болған, шешесі қайтыс болған соң. Енді Ақан сері келеді, ол кісі Атбасарлатып жоғары базар барғой соған кетіп бара жатқан болу керек. Ол кезде ол кісі 63-тің тұсында кішкене есінен Құлагер кетті, құсы кетті, иті кетті өзі жалғыз қалды. Сол кезде жанына отырғызады ғой, бір қыз отырғызу керек. Сонда жанына «Балқадишаны» отырғызады. Балқадиша барып отырған, 2-3 сағат отырғаннан кейін жұрт тарай бастайды. Ақан серінің баяғыдай сөзі жоқ. Сонда екі жеңгесі келіп шақырады. Барлығы кетіп қалады. Балқадиша әдеп сақтап, Ақанның жанынан кетіп қалуға ұялады. Отырғызып қойғаннан кейін. Сосын келіп әлгі екі жеңгесі атына дейін білемін. Екі жеңгесі келіп шақырады сонда Ақан естіп қалып екі-ақ шумақ өлең шығарады Балқадишаға. «Келгенде екі жеңгең келіп отыр, рұқсат бізден сізге бар Қадиша» – деп рұқсатын бергенде Балқадиша орнынан түрегеліп әлгі екі жеңгесімен кетіпті. Ол Ақанның шығарған екі шумағы. Бұл факті, бұл елден алынған дүние. Енді әлгі екі өлеңге тағы қосып жүр. «Кетті деп Балқадиша естігенде құшақтап құс жастықты жылағаным» деген бар ғой сол екі шумақтың төңірегінде болса ғой әңгіме ғажап болар еді. Бұны сіздер білесіздер бұл бір жаңалық емес.

Қариямын осы жерде тұрамын жақында осы журналистер одағының мүшесі деген атақ берді. 10-шақты 5-еуі басылды 5-басылатын шығар өзімше кітап жазған боламын, өлең жазған боламын. Өзімнің ұрпақтарыма қалдырған боламын. Былай деді ғой Т. Молдағалиев:

«Мың сәуле бар кел-кел деп шақыратын,

Бір сәуле бар жаныңда отыратын (жаныңда отыратын өзіңнің әйелің ғой)

Мың кітап бар ешқашан оқылмайтын

Бір кітап бар күн сайын оқылатын» – деп қазір кітап көп.

Менің айтайын деп отырған саясатымды сіз жақсы білесіз. Мынадай саясат болған. 300 жыл болды ғой солардың таптауында болдық қой. Кешегі Кеңестік дәуірдің. Енді олардың саясаты қалай кім ұрлық қылады, кім елінде бас кесер болады, кім кісі өлтіреді оны Сібірге айдаған бізге. Суық қой біздің жер. Бірақ, саясат қалай болған олар жер аударды ғой мысалы. 1954 жылы тың игеру болды ғой, әрқайсысының қолына мылтық берген, оған қоса оғымен берген. Осы кішкентай ғана ауыл болған. Осы Зерендіде тұрған қазақтарды мылтықтың күшімен біздің жеріміз бар Зеренді білесіз, Бурабай білесіз, Арықбалықты білесіз. Жеріне сондай көз тоймайды сондай табиғат жоқ шығар деп ойлаймын. Енді соларды келіп тұрып қуып шыққан да, аналар қоныстанған. Мен Зерендіде 50 жыл тұрамын. Сонда 1969 жылы 60-ақ семья болды нанасызба. Сол 6 процентін құрамайды. 10000 халық болды осында, енді ар жағы түсінікті ғой. Әбдән қазір біздің ішімізден шпиондар шығып, бәрін орысша наименовать етіп алған тау, тас бәрі. Саясат сол, тың игеруде де саясат сол әйтеуір осы жерді алу ғой біздің жеріміз мынадай.

Мына біз тың игеруді бір жақты ғана айтамыз, ол жаңағы Совет Үкіметінің сондай саясаты, кереметтей деп, тың игерудің екінші жағы да бар. Ол мысалы әрбір төртінші тың игеруші ол анау Россиядан түрмеден шыққандар, сол жердің хулигандары, солар келді. Солардың істеген істерін не білесіз соны айтыңызшы? Олар жергілікті халықтың малын ұрлады, қыз-келіншектерді зорлаған оқиғалар болған соларды бізге осындай әңгімелер факті керек. Біз оны общий фразамен айтамыз.

Біздің ауданда Қазақстан деген жер бер. Қазақстан ауылы. Сол Қазақстан ауылында жастар тек қана тыңнан келген адамдар «комсомолский молодежный бригада» дейді ғой соны ұйымдастырып оның бастығы «Уцу» деген болған. Енді өзен ағып жатыр ғой сол өзеннің арғы жағында жаңағы комсомолский бригада бергі жағында Қазақстан ауылы. Бергі жағынан бір қазақ жігіті барады ғой аналардың арасына соны жаңағы «Уцу» басқарған хулигандар, жастар ұрып-ұрып жіберіпті. Біздің арамызға неге келдің деп. Оны ауылдың жасы бір Жантасов деген жігіт атына мініп алып, шоқпарды алып, қамшыны алып анау өзеннен өтіп ар жағына барып далада жұмыс істеп жатыр ғой енді ремонт анау-мынау, шоқпарды алып тұрып барын соққан. Сөйтіп, үйге келеді. Ауыл дүрлігеді, ой аналар келіп қалады деп. Сонда аналар айтыпты: әй қазақтың бір баласы келіп, бәрімізді ұрып кетті, біз ауылға бармайық ауылға тиіспейік деп ақыр аяғында татуласып солай болып кетіпті. Ана жігіттің өжеттігін көрдіңбе біздің жігітті неге ұрады деп мен какраз сол жылы сол жерде мен комсорг болып істедім. Жаңағыны солай болды деп уақиға қылып айтады маған. Сонда әлгі үйге барсам сен не десем енді біздің жігітті ұрып жатқанда біз қарап тұрамызба. Біз оған ұрғызбаймыз.



Ашаршылық жылдары туралы не білесіздер? Осы жақта ашаршылық қалай болды. Біздің жақта ашаршылық көп болыпты. Мен мына жақта Қараөзек деген ауылдан едім. Бабаларымыз сол туған жерін тастап, аштықтан аман-сау алып қалу үшін Северный Казахстанда Булаев ауданы деген бар, естуіңіз бар шығар сол жерге барып паналап, сол жерге барып күн көрген. Менің өз әкем шешемді салып алып 1931-33 жылы анау Омскіде жалданып жұмыс істеген. Әйтеуір аштықтан аман сақтану үшін. Сонда келе жатып бір орыс алдына келгенде шешем босанып, содан мені олжа бала деп атымды Олжабай қойып жүргені сондықтан. Ана айтып отырғанда жаның түршігеді, соған нанбайтынбыз біз. Қазір атын атап мынаны былай қылдым, мынаны былай қылдым деп айта алмай отырмыз ғой біз. Біз Кеңестік дәуірде істедік қой қызмет. Көрдіңізбе сол пәле болды. Осылардың барлығын жинақтап жүретін тарихшы керек. Сіздер міне жинақтап жатырсыздар. Жолдарың аман болсын жолдарың сәтті болсын. Бірақ, мен қорқамын дуалы адамдар қазір қалмады, шынын айту керек. Сізге нақтылы данныйлар беріп сөйлеген сөзді жай біреудің айтқан сөзімен жай жазуға болмайды. Оның барлығын дәлелдеп отыру керек.

Ол мысалы адамға байланысты, егерде адам шын көңілмен шындықты айтса ол шындық ол факті болады. Егерде ол адам өмір бойы өзі өтірікші болса онда әрине ол өтірік, өтірік өрге баспайды ғой, сондықтан да ауыөша тарихты жинауымыз керек бұрынғы кезде партиядан көп қалған нәрселерді айту керек. Қазір егеменді ел болғаннан кейін барын айту керек. Күдік қалмау керек.

Барлығы майданға кетті, әйелдер қалды осы жайында не айтасыз? Налог, әйелдердің еңбегі масақ теру туралы не айтасыз. Жамбыл облысында жүргенсоғыс кезінде әпербақандар неше түрлі ойларына келгенді теді дейді. Шолақ белсенділер. Қызылша тереміз дейді әйелдер сонда қызылша тергенде бүкіл азаматтар соғысқа кетті ғой бүкіл, анау жаңағының асқынғаны соншалық дейді қызылша теріп отырған әйелдерді келіп теуіп келіп қалады екен, сосын ол теуіп кеп қалған әйелге бүгін менің қойныма жатасың деген сөз екен. Сондай ға дейін барды дейді. Сондай әңгімелердің барлығын айту керек.

Менің бір шумақ өлеңім де бар:

Не істемедік, не істемедік кезінде

Тиым салды болмысыңа сезімге,

Үстем таптың өкілі екен дедік-ау

Шәкәрім мен Ахметтің өзін де – деген

Соларды біз оңдырмай солардың өзін де көбіне солардың қазақтың өзі кінәлі. Әлде өзіміз кейде кінәліміз. Соның өзінде біз бірімізбен-біріміз оңбаймыз. Жайден-жай жүріп мына туыстарын туысқа жамандап, бір жерге барса сыртыңнан жамандап жүретін сұрқы иттер бар. Қазаққа осы жаман. Неде болса тату болу керек. Бір жерден бас шығару керек. Айдалада жүрген сол тиісіп ондайлар Алла оны жібермейді.

Руға бөлінгенді ұнатпаймын. Жеті атаңды біл ар жағын қазақсың бітті. Оңтүстікке бөлін, солтүстікке бөлін түптің түбінде содан қорқамын.



Қазір қазақ қыздары басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып жатыр осыған қалай қарайсыздар?

Қазір әйел 60 процент артық десекте мен қателеспеймін. Қыздар көп 25-ке 30-ға келіп отырған енді олар көбею керек қой. Олар барады да Қытайдан келсе соларға тұрмысқа шығып алады. Ал енді оларға сен тұрмысқа шықпа десең онда сізге 4 әйел алуға рұқсат ету керек. Құранда бар 2,3,4 әйел алуға болады оған қамқорлық жасай алсаң деген. Мен санаториде болдым келіп жатқан жігіттердің 40 процентінің әйелдері орыс. Енді кішкене бір сол орыс әдемі сұлу болса дүниені меңгеретіндей адам болса жарайды ғой. Олпы-солпы, сол жерде бір қазақша сөйлеген адамды ести алмай кеттім. Қазақтар барлығы орысша сөйлеседі. Қазіргі әйелдер жұмыс таба алмай отыр.



Менің байқауымшақазақ жігіттер өзінің қазағын алады көбіне ол бұрын болған, бұрынғы заманда қалай саясат болды. Бұрынғы заманда орыстың қызын алсаң партия совет орындарында істегендер. Қазір керісінше қазақ қыздары көп шығады.

НҰРСЕЙІТҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
Аты жөніңіз?Олжабай Нұрсейітұлы

Неше жастасыз? 82-ге келіп отырмыз

Кім болып қызмет істедіңіз?Мұғалім болғанмын.

Қай пәннен?Математика пәнінің мұғалімі болдым.

Руыңыз?Арғы атамыз Көмекей дейді, оның бергі жағында Тұңғатар, одан Бұқар деген, Бұқардан 8 бала тараған Қарауылдан тараған.

Біздің мақсатымыз ауызша тарихты жинау, осы жақтағы елдің атақты адамдары айтсаңыз соның ішінде өзіңіздің Бабаңыз Бөгенбай жайлы айтсаңыз? Бұқардан 8 бала тараған соның бір ұрпағы Бөгенбай келеді, бір ұрпағынан біз келеміз.

Бөгенбайдың ел алдындағы қызметі туралы айтсаңыз? Бөгенбай өзі бір жағынан батыр болған, бір жағынан батагөй болған, ол кісінің батасы теріс кетпеген адам. Кененсарының «советник» дейді ғой кеңесшісі болған. Ол кісі 105-ке келіп қайтыс болыпты.

Бөгенбайдың әкесінің аты кім? Құттықара

Туған, өлген жылдары белгілі ме? Ескерткіші қай жерге қойылды?

Бұрынғы қонысы Кеңес кезінде Лосьевка деп атаған орыстар, қазір Бөгенбай би ауылы деп өзгертіп алдық. Бөгенбайдың бұрынғы қонысы ғой. Переселенецтар келген соң, орыстармен біз тұрмаймыз деп қаланың орталығы басқа жерге көшкен. Олар шошқа ұстайды, крестит етеді біз олармен бір болмаймыз деп ата қонысы сол жерде өзінің жатқан жері қазір, Айдабол көлінің ығында тұрған ғой олар.



Бұл кісінің өмірінен бір әңгімелер қалса айта отырыңыз? Оны бұл кісінің нақты ұрпақтары Сабыр біледі көбін. Мен көбін ұмытып қаламын.

Өзіңіз білетін тарихи әңгімелер болса айтып отырыңыз? Бұрынғы ата-бабаларымыздың барлығы атақты болыпты. Мұқан деген кісі содан тараған ғой 8 бала. Оның өзі атақты бай болған. Көкшетаудың бер жақ бетіне жылқысы симаған ғой ертеде.

Қанша мың жылқысы болыпты? Оны санамаған ғой. Ағаш-ағаштың қуыс-қуысына айдап әкеліп түгендегенде әлгі ағаштың қуысы толса бар түгел дейді. Ал, толмаса сонда іздейтін көрінеді. Үлкендердің айтқанын естіп отыратынбыз. Санап жатпайды екен. Бұқардан 8 бала болыпты. Бір баласынан біз, бір баласынан Сабыр т.с.с. тараған. Екі баласы Балқаш ауданының ар жағында болыпты қоныстары. Атақты Арлан, Шамай деген батыр солардың тұқымы.



Бөгенбай батырдың астындағы тұлпары қандай болды. Ондай әңгіме қалды ма? Тұлпар аттар мінген ғой негізінде. Кененсарының қол астында Қырғызға елшілікке барыпты.

Сонда бұл кісі Қырғыздың соғысынан аман қалып, өз еліне келіп қайтыс болған ғой иә? Иә, 105 жасқа келіпті. Ауылға келіп қайтқан ғой. Ол кісі алдағы болатынның барлығын болжап отырған ғой.

Сол болжағыштығы көріпкелдігінен қандай бір әңгіме бар? Қараңғы түнде келе жатқанда бір жерде қамшы түсіп қалыпты, енді қайтып келе жатқанда қараңғы түнде жанындағы нөкерлеріне «мына жердегі қамшыны алыңдаршы» – деп айтады дейді. Ой мынау қайдан біледі ол тура осы жер дейсіңба деп ойлапты қасындағылары. Әй түс деп түсіп қараса сол жерде екен тауып алыпты.

Сонда қамшының сол жерге түскенін біліп сондай зерек болып тұр ғой? Иә, соны біліп тұр ғой. Бір жаққа кетіп бара жатқанда қамшы түсіп қалады. Біраз өткеннен кейін жарайды қайтарда алармыз дейді. Қайтып келе жатқанда жанындағы кісіге түсіп қамшымды алып берші дейді. Негізінде соны біліп тұр ғой. Үлкендердің айтқанын айтам мен.

Қамшы жайында әңгіме болса сіздің елде қандай атақты қамшыгерлер болды? Ондай қамшыгер дегендерді естігем жоқ.

Осы жерге орыстар переселендер келді ғой, осы жерге келіп қоныстана бастады, осыдан қалған оқиғалар барма? Осыдан қалған естігендеріңіз, қалай жерді алды, қалай қоныстанды олар? Қарашекпендерді патша үкіметі кезінде мында жер аударыпты ғой. Барып Қазақстанға орналасасыңдар деп. Сонда келіпті. Лосьев деген жер бөліп беретін адам. Сол келіп мына жерлерді переселенецке береміз деп біздің аталарымыз қоныстанған жерлерін. Ол кезде олар үй салмайды, киіз үймен отырған ғой. Содан осы жерден ар жағына сендер отырасыңдар, мына жағына мыналар отырады деп сол жерді кесіп берген. Мынау Викторовкіге де, Лосьевкеге де, анау Сандықтауыңа да анау Лосьев кесіп берген. Содан соның атына мынау Лосьевка атанып кеткен. Әйтпесе, әз-Бөгенбай ауылының қонысы. Қазір Бөгенбай ауылы деп атайды. Ана жылы зерттеп, қағазы Омскіден шықты ма Бөгенбай ауылы деген соныменен қайтадан атын берді ғой.

Мына біз тың игеруді бір жақты ғана айтамыз, ол жаңағы Совет Үкіметінің сондай саясаты, кереметтей деп, тың игерудің екінші жағы да бар. Ол мысалы әрбір төртінші тың игеруші ол анау Россиядан түрмеден шыққандар, сол жердің хулигандары, солар келді. Солардың істеген істерін не білесіз соны айтыңызшы? Олар жергілікті халықтың малын ұрлады, қыз-келіншектерді зорлаған оқиғалар болған соларды бізге осындай әңгімелер факті керек. Переселендер келген жылдары біздің Зерендіде бірінші секретар Бектұрғанов Хасан Шаяхметович деген болған. Ол жас кезі, мына жерде кішкентай столовый болған. Әлгі столовыйда переселендер тамақ ішіп отырады. Соған келіп кіргенде әлгіні жан-жағына қамалап ұрмақшы болады. Анау жас жігіт өзі дет. домда өскен олайғысын олай, былайғысын былай жығады дағы далаға шықса бір атпен бір кісілер келе жатады. Әй түс деп әлгіні атынан түсіріп алып атқа мініп алып қамшыменен 30 шақты орыстың барлығын ұрып, айдап милицияға алып келіпті. Сонда сол переселенстердің сотталғандар дегені дұрыс. Бірінші секретарды келіп алып ұрмақшы болғандары. Бұл кісі Жамбылда да істеген, сол жерде пенсияға шығып, сол жерде қайтты. Сондай айтқыр кісі еді.

Сонда осы оқиға нешінші жылы болған? Сол целена келген кезі. 1954-1955 жылдар болу керек. Осы Зерендінің бірінші хатшысы. Өзі дет.домда өскен орысша қазақша судай білгіш еді.

Бұл Бектұрғанов Жамбылда І-ші хатшы болды, керемет іскер басқарушы болды. Иә, керемет басқарушы болды. Осында Зерендіні де керемет көтеріп тастады.

Тыңға байланысты қандай фактілер білесіздер. Ашаршылық жылдары туралы не білесіздер? Осы жақта ашаршылық қалай болды. Әкем айтып отыратын осы тау бауырының бәрі Шұбар дейді. Шұбарда кісі аштан өлген жоқ әйтеуір күн көрді дейді. Мынау Атбасардың ар жағында нағашы апасы болады тұрмысқа шыққан. Соған барыпты атпенен. Барғанда әрбір үйлердің ол кезде киіз үйлер ғой есігін ашып қалсаң отырған адам қатып қалған, кейбіреулері әлсіз «әй кел, кел деп айтады» дейді оның қолына тисең сені жеп қояды дейді. Жанында бір кісіменен атпенен барса бір-екеуі тырбаңдап қуа бастаса керек, атқа міне сала тұра қаштық әйтеуір аман-сау құтылдық» дейді деп әкем айтып отыратын. Қырда Атбасардың ар жағында сондай ашаршылық көп болды дейді. Сол жақтан біраз адамдар осында келіп жан сақтаған. Орыстың арасында кортошка егіп, солардан айырбастап оны-мұнысын қылып

Жаңағы оқиға Атбасар жақта болған ғой? Иә, Атбасар жақта, Атбасардың ар жағында Қима ауданы жағында болған.

Бұл жерде ашаршылық болмағаны балық ұстап жеген шығар. Балық ұстап жеген мынау көл бар, анау орыстар кортошка т.б. оны-мұны өсіріп соларменен қарым-қатынас жасап, бұл жақта аштан аман қалған.

Түркісиб темір жолын салды ғой, Алматыдан Семейге ары қарай кететін сода Семейдің Аягөзінің жанында біз әңгімелескенде бір кісілер айтады менің семьямды аман алып қалған темір жол дейді. Сол темір жолдың жолымен жүреміз, бірдеңе лақтырады дейді, тамақтың қалдықтары бар ғой, соны теріп жейміз дейді. Содан аман алып қалды, содан күні бойы ағайынды екеуі кеткен поезды аңдиды екен де сонымен жүгіреді. Аналар тамақтарын лақтырады, соны үйге әкелеміз дейді.

Иә, ондай болды ғой. 1930-1932 жылдары сондай болыпты.



Сол жылдары 2 млн. 300 мың қазақ қырылды ғой.

Одан да көп шығып жатыр ғой.



2 млн. 300 мыңда аз емес.
РАХЫМЖАНОВА КҮЛӘШ
Аты жөніңіз? Рахымжанова Күләш Сәбікенқызы

Туған жылыңыз? 1949 жыл

Қандай оқу орнын бітірдіңіз? Мен мәдениет саласы. Көкшетауда техникум бітірдім, сосын Ш. Уәлиханов институтында сыртай оқып ол бітпей қалды балалы-шағалы болғансоң.

Зерендіні Шангин ашты соның атын берейік деп былтыр осында қазақтар үлкен бой көтеріп ірі әңгіме болды. Біз оған бой бермедік. Сол сияқты қай жерді алсаңызда анау Повлодарды алыңыз, анау Баянауыл ашық жерге бармай осындай көлдің жиегі аштық болсада балығын теріп жейді деген мәселе ғой. Осылай басып алған жерлер ғой. Тарихты біз жете білмей қалғанымыз анау аталардан қалған ауыз сөз бұл жерде орыс көп сондықтан біздерде көп қала қалмаған. Ал анау Мәшхүр Жүсіп атамыздың жинаған Повлодар, Баянауыл жақтардан күшті қалып тұр ғой. Бізде қалмай тұр. Өзімізше мен 1-2 кітап жазған соң ертең біреулер оқығанда ұятқа қалмайын деген себеппен аннан-мыннан іздестіріп, Қойшығара Салғарин ағамызға сүйеніп, Ұлы Қағанатын жазды ғой ол кісі кереметтей қылып, соны толық оқып бір уақытта қарап отырсақ сондай мәселемен келген ғой. Біз кереметтей тарихты білеміз деп ойламаймын шамалы-ақ. Осы бертін келе ғана қарап жүргенім, ито осы елімнің тарихын жазайын, олай-бұлай болып кетсек кішкене бірдеңе қалып қалсын деп. Сол тарихты тексергенде шыққан дүниелер ғой, әйтпесе біз не білеміз. Орыстардың ішкі саясатын біз қазір жақсы біліп тұрмыз кеш болсада. Аңыздар көп әртүрлі.

Достық үйінің жауапты хатшысы, аудан бойынша қазақ тілінің төрайымы болып келемін.

Бұрын қандай қызметте болдыңыз? Мен мұғалімдіктен бастадым. Ақын-имправизатормын, шығарып-салма, суырып-салма ақынмын. 20 жылдай домбыра ұстап ақындықпен жүрдік, республикалық ақындар айтысына анда-мұнда қатынасып. Мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ бердім. Содан кейін аудандық мәдениет бөліміне басшы етіп қойды. 12 жылдай ауданның мәдениет саласын басқардым. Содан соң балалар шығармашылық үйінде директор болдым. Жаман атқарған жоқпын деп ойлаймын.

Ақын деген сирек қой, ол тума талант. Жалпы сол ақындығымның арқасы біраз еңбектердің шығуы да деп өзімше ойлаймын. Біз ауылды-ауылға шыққанда, облысқа шыққанда, республикаға шыққанда барлығын тәптіштеп тексереміз ғой. Сондықтан көп нәрселер санада қалып қалды жастау кезде.

Қай ел боласыз? Мен Зеренді ауданы, Кенеөткел деген ауыл бар, көптеген қорымдары бар жаңадан шығып жатқан, күні кеше тағыда табылып жатыр мен сол жердің тумасымын.

Руыңыз? Қарауыл Жаулыбайға жатамын. Оның ішінде Дүйсен би бабаның ұрпағымын. Бізде Дүйсен би баба, Қанай би, Бөгенбай бидің мазарлары бар. Уәлихан атамыздың зираты жатыр. Мен Дүйсен бидің Кенжебай деген ұрпағынан тараған екенбіз. Дүйсен би атамыздың 9 баласы болыпты соның кенжесі Кенжебай содан тараған екен. Аталарымыз Сәбікен Мұғжан, оның Сәбікен деген баласынан тараппын. Бәрін жатқа білемін. Аталарымыз ел басқарған. Күйші, домбырашы болған. Қисық заманда намаздарын жасырын оқыған адамдар.

Тарихтан көнеден білетіндеріңіз қандай, мысалы осы жақтағы би-батырлар, хан-сұлтандар, атақты адамдар, өнерпаздар содан қалған бұрын хатқа түспеген әңгімелер болса? Біздіңжерімізде Қанай би ең басты тұлға, Абылайханның ақылшысы болған дейді, Абылайханның қаз дауысты Қазыбектің қасындағы досы ретінде болған. Қаз дауысты Қазыбектің өзі айтады ғой: «Ақыл сұрасаң Қанайға бар» деп. Сондай бір кемеңгер кісі болса керек. Бөгенбайлар үшке бөлінеді ғой. Әз-Бөгенбай, батыр Бөгенбай, шешен Бөгенбай. Соның көмекейінен сөз тараған мына Бөгенбай біздің жерімізде. Мына жерде Бөгенбай ауылы деген жер бар, сол жерде мазары бар сол жерде жатыр.

Бөгенбай би Бөгенбай ма? Би, шешен оны «әз» дейді. Би Бөгенбай біздің жердікі екен. Біздің осы Солтүстік аудандікі екен.

Елі кім бұл кісінің? Елі осы Зеренді ауданы осы жердікі.

Руы? Турасын айтатын осы кісінің тұқымы қазір келеді.

Екінші қандай Бөгенбай тағы бір Бөгенбай? шешен әз Бөгенбай, Әзіңіз осы міне.



Батыр Бөгенбай Қанжығалы ғой? Иә Қанжығалы Бөгенбай.

Үшіншісі кім? Енді шешен Бөгенбай. Қанай бидің айтуынша: «көмейіне құс ұя салған» деп айтады Бөгенбайды. Ана екі Бөгенбайдікін білмеймін мен біз өзіміздікін ғана сұрастырып біліп жүреміз ғой. Қазір осы кісінің тура тұқымы Хамзин Сапарбек деген кісі турасын айтады. Батырларды қарастырсақ Қалақ батыр бар ешбір жерде аты аталмай келген бірақ, бұлардың барлығы Абылай ханды айналдырған осы Көкшетау маңайында. Қалақ батыр, Шамай, Арлан батырлар. Шамай, Арлан батырлардың еңбегі орасан зор көрінеді ел қорғауда.

Шаман дедіңізбе? Арлан, Шамай ағалы інілі бұлар. Айыртау деген жерде Қарасай батырдың досы Ағынтай батыр бар. Олардың екеуіне қойылған ескерткіш те бар. Ағынтай батыр біздің жердің батыры.

Мен Ағынтай батыр болды дегенге сенбеймін. Сенбейсіз бе? Қалақ, Шомай батыр. Балуан Шолақ бізге жатады. Ақындардан Ақан сері, Біржан, Қазақстан деген Зеренді ауданының бір ауылында Уәлиханның мазары жатыр. Біржанның әндерін көп талдап қарадық. Балқадишасына балтыр ескерткіш қойылды былтыр.

Балқадиша жайында қандай әңгіме білесіз? Балқадиша осы Зеренді ауданының бір Жанайдар Мусин деген бір ақын-жазушымыз болды. Қазір ол дүниелік болып кетті, сол кісінің елі мына «Қараөткел» деген жер. Табиғаттың бір керемет сұлу жері. Кесенің ішіне қойғандай жан-жақтары Жыланды тауы ар-жағынан бер жағынан. Жыландының етегі Қошқарбай тауының сілемдері барлығы соған барып қосылған жерде ауыл бар. Сол ауылға құдайдың құдіретімен алыс болсада қазір басшылар келсе той-томалақ жасап, орын дайындайды ғой сол сияқты Ақаныңіз бар, Біржаныңыз бар, батырларыңыз бар, Айдабол батыр, Қалақ батырыңыз бар осылардың барлығы тайлы-тұяғымен осында барып демалады екен. Олардың демалатын бір көрікті жері болса керек. Қараөткел деген жер. 30-40 ауылы болған, «Тіржан қажы» деген қажысы болған. Сол Тіржан қажының көмегімен батырларымыз, ақындарымыз бір мезгіл демалуға, ойын-сауығын құруға сол жерге барады екен. Тіржан қажы шіріген бай болса керек. Кетерінде байлықты тыққан ғой орыстар келгенде. Сол байлықты іздейді ұрпағы таппайды. «Медвежье сопка» дейді, «аю апаны» деген орын бар сол жерге тыққан екен деген сөз бар. Енді Балқадишаның тарихы Балқадиша сол Қараөткел ауылында Ыбырай деген зергер ұста болған. Өзі көрікті, сөзге жақын, сондай бір адам болады да, бүкіл халықтың бары кереметтеріміз сол кісіні сағалап барады екен. Сол бірде Құлагер өліп, Ақан ағаның «Аман» деген баласы барғой мылқау, сөйлемейтін. Сол баласымен жүдеп-жадап, қайда барам енді деп өзінің Қоскөліне шығып Тіріжан қажыға келеді. Осы үйге демалайын деп келеді. Келіп жатса хабар келеді бұл үйге. Осылай Ыбырайдың әйелі босанды, соның шілдеханасына шақырады ауылды деп. Мына жерде «Қарсақ» деген ауыл бар. Одан ары Қараөткелмен екі ортаға 30 шақырымдай. Соған Ақанның келгенін естіп, сол үйге қонаққа шақырады. Енді бұл шын нағыз әңгімесі осы. Үлкендердің айтуы, біреулер оны ғашық қылып та қойдығой. Содан Ақан барады. Барғанда ауылдың қыз желеңдері жиналып отырады екен. Ақан ағаның жағдайы төмен, бұрынғыдай емес. Келгенде көпшілігі тайсақтап қасына бармайды. Сонда манағы қыз бала ағаның қасына өзім отырайыншы деп даяшыдан сөз алып барып отырады екен да.

Жаңағы Балқадиша ма? Иә, Балқадиша сол кезде 19 бен 20 арасында болса керек айттырылып қойған екен. Отырады, ән-күй айтылып желпініп отырады ғой жастар сол кезде жұрт тарай бастайды ғой жұрт тарай бастаған кезде бұл қыз отырып қалады. Тұрып кетуге именіп, ана кісіден рұқсат сұрайын деп отырады. Сөйтіп, созылып отырған кезде екі жеңгесі келіп «қыз сені шақырып жатыр» жүр тұр дейді. Сол кезде барып ана кісіден рұқсат сұрайды екен. Аға мен енді тұрайын, тарады жастар деп. Осы кезде қыздың инабаттылығына, кішіпейілділігіне, өзі бұрымды, аққұба келген әдемі болған екен Балқадишамыз. Оның біз қызын көрдік Балқадишаның.

Туған қызын ба? Иә, туған қызын Күли деген. Ол кісі біздің ауылда тұрды. Үлкен апа Күли апа дейтінбіз. Мен 1990 жылдары нағыз ауыр кезде мәдениет саласын басқарғанда Ілия Жақановтың нұсқауымен «Ақан әуендері» деген деректі фильмнің әндері жиналды. Сол кезде Қабдешов аға деген зам. болып тұрды. Сол кісі айтты: «Еліңе екі режиссер пастоновщик барады, Балқадиша апаңды жырлап көрсет шамаң келгенше деді маған. Содан елге алып барып Балқадишаның әуендерін, Ақанның басқада әуендерін дискіге жаздырып үш күн жатып бұлар деректі фильм жасап 17 минуттық. Соның ішінде жазғыздық әдемі шықты. Енді сол Балқадишаның Күли деген апасы Балқадиша 1954 жылы апрельдің 15-де мекен сол кезде қайтыс болды.

Бертін қайтыс болған екен ғой? Сонда 100-ге келген бе ол кісі? Жоқ, ол кісі алпыс бірдеме жасында ғана қайтыпты.

Ол кісінің фотосы да сақталған шығар? Фотосы да бар, бәрі бар. Біз Күли апаға қарап нұсқасын сыздық. Ол кісі айтатын апам маған ұқсайды деп. Сары әдемі, ал енді бір суреттер бар, соңғы, қартайып ол кісінің тұрмысы соңғы кезде ауыр болған ғой. Оның көпшілігі жазылмайды. Қараөткелде тұрғанда үйі өртеніп кетеді бір жағдайлармен. Сол кезде қыздың қолына келеді ғой, Сүлеймен деген күйеуі. Бұл манағы біздің Дүйсенби деген бабамыздың Қойайдар деген баласынан тараған ұрпақ. Бұл кісі жалпы бізге келін болып тұр. Кенеөткел ауылына келін. Ол кісінің суреті бар. Жаңағы Олжабай ағаның қолында бар бір суреті.

Фильмге суретін бердіңіздерме? Бердік, сол қолдан жасап бердік. Ана кісіге қарап отырғызып, Қайрат Соқанов деген балаға салғызып соныменен бергіздік. Мұрынды, әдемі жеке басы суретін бердік. Немересін алдына алып отырған карточкасы бар оны біз көрсетпейміз онда жүдеу. Ескерткішті қойған кезде де біз манағы қазақ қызының ибалығы, инабаттылығы. Мына жерде мен Балқадиша атындағы ардагерлер тобы деген құрып жатырмын. Өзіміздің тура апамыз болған соң оны қалай атамаймыз.

Зираты бар ғой? Біздің Кенөткелде таптық ол кісінің зираты ертеде 1954 жылдары нағыз аласапыран кезде зираты аяқ асты болып қала жаздаған екен, бірақ сол Ильия Жақанов келіп өз көзімен көріп, зиратын көреді ғой сол кезде Мұхит ағалар сол 1990 жылдары ауылға барғанда ол кезде көзі тірі қариялар бар болатын. Сол кісілер апарып көрсеткен, сол жерге бертін біз сол кісінің басын көтердік. Зираттың өзі қысылып қалған екен, кереметтей биік қоюға размер келмеді, сондықтан шағын 2 метрлік басын көтеріп, мрамор тақтасын қойып қойдық.

Осы жерден неше шақырым? 40 шақырымдай. Зираты бар ескерткіші бар, ол кісі қиын өмір сүрген, жағдайы нашарлаған, оның барлығын біз айтпаймыз, оны жазбаймыз тек қана әдемі жағын ғана көрсетіп келдік. Айтқан да дұрыспа?

Айту керек. Жаман жағы да,мысалы бізде коммунистік идеология ғой, шет елдің кез-келген тарихи қайраткерін Аврам Линкольннан бастап барлығын шет елдіктердің бір жақсысы жақсы жағын да жаман жағын да айтады. Сонда ол адамға жақын болады. Біз кез-келген адамды құдай жасағымыз келеді. Біз вакумның астында тұрдыққой ағасы қорқақтап. Оның жазылмай қалған себебі мен былай деп түсінем. 18 ғасырдан бастап бұрмаланды оны сезбей қалдық біздің дөкейлеріміз кеткен соң бітті саудамыз қазақ. Сондықтан турасын айтатын кісі жоқ.

1953-54 жыл менің көз алдымда сол сурет әлі күнге дейін сақтаулы. Мұқышев Шәріп атамыз қартайып ел басқарудан тайған кезде сол кісінің оң қолы болып менің атам жүрді. Әубәкіров Мұғжан деген кісі. Бұл кісінің өзі соғыстан бронмен қалып қалған. Сол кезде інісін, екі баласын бір үйден үш азамат соғысқа кетті. Сонда бір баласы жоқ болып кетті. Оны мен зерттеп интернет арқылы тауып отырмын. Ал бір баласы Қасым Мұғжанов әкесінің жолын қуып Орта ағашта председатель болып жүрді. Бірақ, соғыстан жарым-жан болып келді. Кавалеровский войскада болған, осы жерден кеткенде военкоматтар арқылы тексергенде соғысқа кетті соғыстан кетті деп жаттық қой ағалар бірақ соны тексерген уақытта бұл кісі 16 жігітпенен соларды басқарып комсорг ретінде ВЛКСМ қатарында болғандықтан отрядник болып кеткен екен. Сол кавалервский войскаға барған екен бірақ ана негізгі ковалервский емес басқа бір топта содан аяғының жартысы бес бақайы жоқ, өкпесі суыққа қабынып келді. Нағыз тың көтеріліп жатқан кез, сол кезде атам елді басқарып жүрген кез үш түрлі ұлттың кісілерін алып келді үйге. Мариям деген немка мамасы кәрі кісі.



Нешінші жылдары? Бұл 1955 жыл. Мен 6 жас шамасындамын. Еңгезердей бір сары жігіт Антон әжесімен әкелді. Қазір Красный картонда тұрады қазір бала-шағасы. Қарқас деген бір гректі әкелді. Біздің үй 3 бөлмелі болды. ағаш үй, атам өзі марқұм намаз оқитын. Тарауықты біздің үйде өткізетін. Сол кісілерді әкелді бұрыш-бұрышқа мына бұрыш ананыкі мына бұрыш мынаныкі деп бөліп қойды. Олар кішкене горох аны-мұны алып келіпті, соны суп етіп ішеді. Қыс бойы біздің үйімізде болды. Келесі жылы өзеннің бойынан саманнан елболып саманнан үй салып берді. Жеті семья келді Кенөткелге. Осы 1955 жылы осы 7 семья үшін қазақ мектебін орыс мектебіне ауыстырды. Біз орысшадан бір «а, б» деп білмейтін бізді ауыстырып келіп жіберді.Содан біз жарты жыл қиналып-қиналып қайтадан қазақ мектебін қайта орнына қойды. Сол кезде жаңа айтып отырмыз ғой, жамандығының себебін оны мен Төлеген ағаның Қажыбаев жазушылар одағының мүшесі біздің керемет абыз атамыз ғой. Сол кісінің бір ана бір жылдары газетке жазған статьясында былай деп жазады: Қарағаш ауылына келген переселендердің жерді үйдің іргесіне дейін жыртқанын суреттейді ол кісі. Бір уақытта мал бағып жүрген бір үлкен ата зираттың маңайына келмес енді бұлар деп жүреді ғой. Мен ана кісінің жазғанын айтып отырмын сіздерге. Бір уақытта манағы тракторист жігіт қарамай зираттың қасына келгенде ана кісі ана жақтан еңкілдеп жүгіріп келіп зираттың үстіне шығып кетеді. Сен неге бұған шығасың. Бұл неге сен зиратты басасың сосын қараса қызыл мұрын орыстың еңгезердей жігіті шалды итеріп тастайды. Бізге задание болған, біз сөйтеміз, бөйтеміз деп. Зираттың үстімен өтіп кетеді ана кісі трактормен. Қоршалмаған зираттар жатады, сол ертеде қоршалған жоқ қой солардың үстімен өтіп кетеді, осыны Төлеген аға жыламсырап отырып жазғанын оқыдым. Әлі есімде сақталды. Міне оның манағы теріс жағы целинаның. Оң жағы анау біздің жақ бұл кезде ағалар білмейді капустаның не екенін, қызылшаның не екенін біздің солтүстік регион білген жоқ. Біздің елде сол кезде көктемінде әлгілер шеттен келгендер капуста екті. Қатар-қатар екті біздер кішкентай балалар соның шөбін жұламыз. Бұл 1956-57 жылдар. Міне осындай жағдай болды. Енді жаңағы аштықта менің әжем 1974 жылы март айында қайтты, 84 жысында. Ол кісінің бауырында өстім мен. Сонда сол кісінің айтқан бір әңгімесі әлі құлақта. Аштық осы Кенөткелден, Айдарлыдан мына Сарадыр арқылы шұбарған халық Көкшетауға темір жолға күн көреміз деп шығады ғой. Сол сарыадыр бойында қалып қойған кісілер болды деп айтатын. Екі қыздың өзенін бөлі өтетін ана сарыадырдың бойымен тік түсеміз деп жолға шыққан талай кісінің қырылып жолда қалып қойғаны, содан мынадай жағдай айтатын аштықта Жыланды тауының шиесімен жидегі біз соны тереміз дейді. Бір күні дейді сол шиеге барсам дейді шашы жалбыраған шошып кеттім дейді кім екенін білмесем өзімнің Балқия деген подругам есеңгірегені сондай ана ағаштардың жапырағын сорып тұр екен мен соны көрдім деп айтып отыратын. Біздің мына Қошқарбаймен екі ортада томар бар сол томардың жуасы құтқарған деп айтады. Біз ауызымызда тісіміз түсіп қала жаздаған соң сол жуаны теріп әкеп жеуші едік. Сосын қынаның астында қоянжапырақ деген болады екен. Біздің жақта сондай өседі екен. Сол қоянжапырақ әлгі түйір-түйір түйме сияқты дейді. Сол қынаның астынан теріп сол қоянның жапырағын жейтінбіз дейді.Бақбақтың сөлі ракқа қарсы дейді, жусанның сөлі ракқа қарсы дейді біз солардың осы бала күнімізде бақ-бақ деп солардың сөлін сорып тура өзін суға қоспай дәнеңе қылмай өліп қалған жоқпыз оны ядовитый деп айтады. Соны біз сорып отырып мына аштық жылында жүрген ағалар соның бәрін біледі мінекей. Просто естеріне түсіре алмай отырда олар бізден бұрын жеді ғой ондай нелерді. Біз соны жедік бақ-бақтыда жедік осындай жағдайлар болды. Бірінің етін бір баласын сақтап қалу үшін дейді, ішіндегі слабый балаларын жегенді көрдім деп айтатын әжем. Мықты бір отбасының бір ұлын сақтап қалу үшін қыздарды құрбандық жасағандарын көрдік деп айтатын. Бұл кісілер екі аштық көріпті менің әжелерім. Екі аштық көрдік деп айтып отырады ғой. 1936-37 аштығын көрдік, анау 1923 жылдың аштығын көрдік деп айтып отыратын әжем марқұм. Аштық анау таулы жапырақты жерлерде болмайды деген ол жай сөз. Бала болсақта сол кісілердің әңгімесі құлағымда. Өйткені, біздің үйде кешкісін әңгіме айтылатын, кешкісін имандылық әңгімелерді атам айтатын сондықтан құлағыма қалып қойған сөздер және ол кісілердің бауырында өстім. 1974 жылы қайтты, атам 1971 жылы қайтты. Енді манағы масақтан шығады. Тағы масақта мынадай бір әңгіме болды. 1948-1949 жылы менің әкем мен анам екеуі махаббатпен қосылады. Анам 3 жас үлкен сондай көрікті, шашы беліне түскен. Нағыз масақтың кезі ғой ол кездер. Атам бронмен қалған күні-түні жұмыс істейді. Әйелдерге айтады екен. Сендер ұрлық жасамаңдаршы мен өзім берейін сендерге деп. Ол қанша береді олда бригадир болып тұрған соң жаңағы айтылған сөздер бар қатал болу керек деген. Содан бір күні келініне айтады сен ұрлық жасама, біздің іргемізде Павловка деген жерде женский колония тұрды. Ойдан келген ағалар біледі. Сол кезде менің шешем үйде жерге тамақ жоқ қой, анау атамыз бригадир болса да атамыз өте адал адам болды.Мен өзім білемін бертінге дейін біреудің ала жібін аттамаған, ол кісі шебер мәсі тігеді, әйелдерге биік өкше етік тігеді. Сондай жан-жақты адам болды. Сонда атам айтады екен сен алға түспе деп. Байқап тұрса әйелдер мына ішкі қалтаға жыртық-жыртық киімнің ішіне қалта салады екен де бір уыс масақты соған тығады екен. Атам соны көріп қалады, солай қалтасына салып тұрғанды. Ана жақтағылар көреді ертең олар әкетеді. Енді не істеймін қалай наказать ету керек келінді. Сосын жанына шақырып алып жалғыз өзін дейді. Орыстарда сөз бар ғой «Біреуді қорқыту үшін өзіңдікін аяма» деген. Қалтасынан екі уыс масақты етегіне түсірткізіп алғыздым дейді. Ол кісі ылғи камзол киетін, белі бүгілген. Сол камзолдың етегіне түсірткізіп алдым дейді, сосын айттым дейді сендер үйге қайта беріңдер мен Назираны колонияға апарып тастайын ұрлық жасап тұр ғой бұл деп қалғандарын қарамадым дейді. Апара жатырмын дейді сосын менің шешем ерте қайтыс болған жолшыбай жылап айтып бардым дейді. Ана колонияның бастығы атаның танысы болса керек. Мен кешке түнделетіп тамақты өзім әкеп беріп тұрам, бір жұмадан кейін алып кетем, премерге қойдым бұны деп сөйткен екен. Сонда мамам құрдастарына айтады екен. Атам 6 километрге барғанша егіліп жылады, сақалынан жасы сорғалап, ал енді анда барған соң бастығына айтты мен кешке қайтсем де бір банкі айран мен масақты әкеліп беріп отырамын сен ешбір күмәнсіз қабылдада 4-5 күннен соң шығарып жібер депті. Солай істепті, содан кейін құрдай жорғалап елдің барлығы атамды силайтыны сондай болыпты. Міне менің естігенім көргенім шеттен келген переселендердің мына күні бүгінге дейін біздің үйге солар араласады. Витя деген бала менімен бірге оқыған біз құшақтасып амандасып жатамыз. Ол бір жағы жан үшін не істемейді жұрт. Ал енді қазақ жеріне әр түрлі келіп жатыр ғой оны біз біліп отырмыз. Не себепті келіп жатқанын қалай келіп жатқаны оның барлығы отаршылық жасаудың астары. Анау Төлеген ағаның жазғаны анау оңбағанның жерді жыртқаны ол ана кісілердің көргені, ал көрмегені қайда жатыр. Олардың қылғандары қайда жатыр. Ботагөз романындағы анау Ботагөзді қалай қудалады анау орыстың офицері. Ол жай бер жағы, сондықтан жаңағы Балқадишаның екі ауыз өлеңі мен сіздерге соны айтып берейін жазып алыңыздар.

Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша

Бұралған белің нәзік тал – Қадиша

Сексен қыз серуенге шықса дағы

Ішінде қара басың хан-Қадиша

Дегенде Балқадиша, Балқадиша

Боларсың біздің сөзге зар – Қадиша

Бір емес екі жеңгең келіп тұр ғой

Рұқсат бізден сізге бар – Қадиша

Мәшһүр Жүсіп аталардың 1800 жылдың аяқ кезі ғой түнделетіп борандатып ол кезде ауылдардың арасы ашық сондай жинаудан барып қазақтың шежіресін ана жақта Ақселеу ата жазып қалдырып отыр ғой өзінің Жайық жағын. Біздің жақта Қарауыл Жаулыбай туралы Павлодар Баянауыл жақтан бері келген Мәшһүр Жүсіп ата қазақтың шежіресін таратқан осы Северный регионды таратқан сол кісі ғой. Орыстар бізді жаулап алған соң шежіре қайда қалды. Өзіңнің правасын ұмытып қала жаздаған жоқпа. Ақселеу бізді де жазды бірақ ол кісі тереңдетпеді.



Ахмет Тоқтабай: Тарихқа қазір көзқарас бойынша мен өзімнің көзқарасым мына патша үкіметі бар ғой патша үкіметінің саясаты Қазақстанды жаулап алып отарландыру жағынан ол Қызыл империяға қарағанда анағұрлым гуманный адамгершілік жағынан алып қарағанада. Сіз қараңыз патша үкіметі тұсында қазақтың саны 1933 жылғы санақ бойынша 6.5 млн. 1915 жылы Ахмет Байтұрсынов айтқан «Алхамдулилла 6.5 млн. халықпыз деп. 40 млн малы болды. Ол кезде де патша үкіметі жақсы жақсы жерлерді алды жайықтың бойын, Есілдің бойын, Ертістің бойын. Десяти верстный паласа дейді қазақты жақындатпайтын 10 километрге дейін. Ал енді қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бүкіл өнер бәрі сақталып қалды. Ал қызыл империя жаулап алғанда коммунистер келгенде бұлар бәрін құртты ғой. Бұл қызыл империяның саясаты патша үкіметінен асып түсті. 1933 жылғы санақта қазақтың 2млн. 800-ақ мың сонда жартысынан көбін қырып жіберген. 1928 жылғы санақта 4.5 млн. жылқы болған 1933 жылғы санақта 300 млн. ғана жылқы қалған. 30 млн. қой-ешкі болған 6-7 млн. ғана қой-ешкі қалған. Сонда мына Қызыл империяның коммунисттердің істегені патша үкіметінен асып түсті. Неге десеңіз патша үкіметінің саясатын ең кереметтей әшкерелеген бұл Отыншы Әлжанов. Ол айтады 1917 жылы Алаш тобын құрғандар мен дейді ол кісі астымда ақ боз атқа мініп тұрмын дейді осы қазір уақытша үкімет патшалық Ресейдің уақытша үкіметі осы ақ боз аттың төбеліндей ғана қалды дейді. Уақытша үкімет құлайды орнына өңшең құдайсыздар құлдар келеді дейді.

Ішінде НКВД-ның шолақ белсенділері де болды. Оны мына Семей жақта ақжүректілер дейді, орыстар стукачтар дейді, салпанқұлақтар дейді осылардың салдарынан халық зардап шекті ғой. Мысалы, мына Алматы облысында Самсы деген жерде Нұржан деген адам болған. Ел масақ тереді ғой, оны жеп қояды аш адам емеспе сонда бұл кісі адамның қиын орап тексеріске апарады екен. Соғанға дейін жеткен. Ондай адамдар бүкіл Қазақстанда болды. Голощекиннің 48 000 адамы болған екен ғой осындай елдің не істеп отырғанын хабарлап барын жеткізіп отырған тиісті орындарға. Содан көп адамдар жазықсыз кетті ғой. Соны қазір санағанда бұл Қазақстан бойынша 48000 адам дейді ғой өздері.

Біреулер 61000 адам дейді.



Ахмет Тоқтабай: Енді неше түрлі мәлімет айта береді ғой. Сосын қазақтың зиялылары неге көп зардап шеккен осындай салпан құлақтардың арқасында.

Ол өзі ұлттың қанында бар шығар.



Ахмет Тоқтабай: жоқ, ұлттың қанында бар деп айта алмаймын отарлық тәуелділікке түскен халықтардың калониялдық осылардың бәрінде бар. Мөңке би айтады ғой келешекте елдің игі жақсыларының бәрін осылар құртатын болады деп. Елді сатқан елді көрсеткен осындай адамдардың көбінің тағдыры жаман бопты. Көбінің тағдыры сол ұрпақсыз қалады екен. Халықтан қарғыс алған ғой. Сондайды айту керек. Білу керек, болашақ ұрпаққа.

Ахмет Тоқтабай:Қазір қазақ қыздары басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып жатыр осыған қалай қарайсыздар?

«Жау жағадан алғанда, ит етектен алады» деп жатады ғой мына қыздардың онысына мен түбегейлі қарсымын. Өзің тіпті жағдай келмей жатса қайыршы болып кетті деген естіген жоқпын. Әйел адам ол бәрібір выход табады. Ал ұрпақсыз қалып бара жатырмын десе ешкімге жалынбай ақ бір бала туып алда соны тәрбиелеп отыр менің ойымша соған құдіреті жетеді. Ана басқа бір орыстарға байға тиіп жатқан қыздарды ол қыз солардың алдында көрсету үшін оның сондай дәрежесі болуы керек. Анау орыстың байы, Қытайдың байы көшеде жүрген қазақтың жай қызын ала салмайды ол рядовой қызды алмайды ол рас па. Ол алады білімі бар, өзіне тең келетінді, манағы көркі бар кисе киімі бар осындайларды алады. Ол неге? Қытай келіп қазақтың күн көре алмай жатқан қызын неге алмайды екен солай емеспе. Олар жүріп жүрген қыздарды алады. Қызметте отырғандарды алады, ал қызметте отырғандар оларға Пушкиннің сказкасы сияқты бүгін жыртық шара ертең басында отырған кісі дворянка болдым ертең теңіздің ханы қыл деді ғой, сол сияқты біздің кейбіреулер қолдарында ақша болса қыздар олар тағы да болса екен мен бір керемет байға тисем екен, керемет бай болсам екен деген арманмен тиеді деп ойлаймын. Егер әлгіндей жағдай қазақтың қыздары жоқ жүректе намыс болса, от болса жүрегінде жоқ мен өз баламды өзімнің қазағымның бір жаман анау есіктегі құлдан табайын десе, жесір әйелдер баяғыда байдың қолындағы құлдан күңше бала таппадыма тапты ғой солай. Оқимыз көзіміз көрген жоқ оқығаннан айтып отырмын. Сондықтан біздің қыздар солай ойлайтын болса жоқ өзімнің ұлтымның бір баласы болсада өзімнің ұлтымнан туайын десе менімше сондай қысыл-таяңға келіп қалған ештеме де жоқ. Аспан жерге төңкеріліп түскен жоқ. Олар сөйтіп көрінген ұлттың етегінен ұстап кететіндей. Ол адамның ішкі сана-сезіміне байланысты деп ойлаймын.



Ахмет Тоқтабай:Әлемде демография дейді ғой халықтың өсімін зерттейтін ғылым. Егерде әрбір үшінші қыз басқа ұлтқа тиетін болса сол ұлттың болашағы жоқ құриды содан кейін осындай сұрақ қойып отырмын.Семьяда шешесі құлағына айтып отыру керек. Қытай қазақтарында шешесі, әжесі қызға айтып отырады екен. Басқа ұлтқа тиме, басқа дінге кірме деп. Осындай ұлттық тәрбие бізде жоғалды. Мүмкін сіз сияқты адамдар айтады өй қызым жақсы адам болса шыға бер дейді. Сонда біздің 10 млн. қазақ ол жойылып кетеді. Мен Пекинде болдым. Бір үлкен адамның үйіне қонаққа шақырды. Сонда екі баласы үйде қазақша сөйлейді екен. Үйде қазақша сөйлесеміз, мына табалдырықтан шыққан соң өзің біл қай тілде сөйлесеңде деп айтамын дейді. Президент те айтып жатыр қазақпен қазақ қазақша сөйлессін деп. Оны ешкім орындағысы келмейді.

1964жылдан 1984 жылға дейін үш республикалық айтыста болдым да Шоқанның 150 жылдығында Шоқанның төсбелгісіне ие болдым. Бірақ, сол кезде көзге түскенім қай жер. Неге десеңіз орыстардың ішінен орыстанып тұрған қазақтың қыздары ақындыққа барған жоқ. Мен суырылып шығып кеттім да, содан Алланың бергені маған қарсы келген дүние болған жоқ. Көптеген кісілер мектептегі мұғалімдер контордағы қызметкерлер бұлардың барлығы есалаң болып жатты. Мен ақындыққа барамында сол совхозды мақтаймын, сол районды мақтаймын. Кәдімгідей барған жеріңді мақтайсыңғой. Мақтағанда оны шындап мақтайсың. Еңбеккерлерін мақтайсың. Сондықтан маған кетай былай тұр деген сөз болған жоқ. Біздің солтүстік аудан көп бейнет көрді орыстардан.



Ахмет Тоқтабай:Иә білеміз ғой менде өзім солтүстік ауданнанмын. Мына Өскемен жақтанмын.

Иә, білемін ғой Өскемен әлі басып тұр ғой.



Ахмет Тоқтабай:Жоқ қазір қазақ көбейіп кетті.

Құдайдың бір бергені оралмандардың келгені мықты болды. Оралман деген атқа мен тағы қарсымын. Қаным қайнайды оралман десе. Кезінде сол анау патшалық Ресейдің төмпісіне Қызыл әскерге көнбейміз бағынбаймыз деп кеткен жаужүрек аталарымыз ғой, ондай нәрсеге белбеуі бос адамдар бармайды. Жаужүрек адамдар барды. Ана балаларымды жоғалтып алам ау, қырылып қалам ау деп ойлаған жоқ. Алдына мақсатты қойды кетті, мен елімді жерімді байлығымды сақтап қалам деп көрдіңбе. Елін жерін сақтамағанмен байлығын сақтап қалдыма қалмадыма бір Алла біледі. Бірақ, дәстүр мен тілді қараңыз, қаймағы бұзылмай келді ғой. Біздің жерге сол ағайындар 25-30 проценті кіріп отыр. Әлгілердің кіріп келгендегі сөзін қараңызшы. Қалай сөйлейді дәстүр қайда жатыр. Салт-дәстүрлердің біреуі де бұзылған жоқ. Біз ұмытып қалған дүниені солардан қазір алып отырмыз.



Ахмет Тоқтабай: мысалы, сіз өзіңіз ақынсыз иә, Қазақстанда 500-дей ақын бар екен. Сол тәуелсіздікке арнап, тәуелсіздік таңы атқанда солардың ішіндегі ең керемет «Көк тудың желбірегені» деген тек оралмандардан шықты ғой.Бұл ешбіреуінен шыққан жоқ.

Екінші гимн болып кетті ғой бұл.



Ахмет Тоқтабай:Алмас Ахметбекұлы, сосын компазитор Елмұрат Зейпхан олар шынында да бостандықты, еркіндікті аңсаған. Қазақтың кейбіреуі оны түсінген де жоқ. Түсінгенді қойып қазірге дейін өткенді аңсайтын адамдар бар.

Ол неден потому что олардың басына анау оралманның басына түскен күн түскен жоқ. Ол жай ғана мына жерде отырып үйінен шығып, үйінен кіріп келіп ана орыс мені боқтады деп ашуланып келіп солармен ішіп келіп, абыйыр намысты қиратып, ұлттық дәрежені төмен түсіріп, есалаң болып, кешіріңіз менің шамамдағы менің құрбы құрдастарымның барлығы арақ ішеді. Анау круг солай болды да. Біз круг дейміз, орта дейміз орталық среда дейміз олай емес. Ол ми мен жүректе. Ал егер мен арақ ішетін болсам ертең балама немді айтамын деген еркек болған жоқ қой. Оған 1980-1990 жыл кездесті. Жұмыссыздық олар совсем қалды. Жаңағы әйелдердің бел көтеріп, ала дорба ұстап шығып кетуі деген не? Менің уақыт, заман, ала дорба деген нем бар, сонда қараңыз. Сол әйелдер семья асырады. «Шырмауық дүние» деген бір поэмама бар. Онда ол әйел келдеді екен ала дорбасын ұстап, үйінде еркегі жоқ. Ол көрші орыстың қатындарымен мас болып арақ ішіп жатады. Ол факт. Манағы әйелдің еңбегі көшеде ана бала тәтесінің үйіне қонып келеді, еркегі арақ ішіп жатыр. Анау әйел ақша тауып жатыр-ау, бізді асырап жатыр-ау өзінше жаман қатын бизнес жасап жатыр-ау осыған мен қолқабыс жасайын дегеннің орнына еркек ана жердегі жаман орыстың қатынымен не болмаса, байы өлген біреумен бас қосып, ана семьясын пышқырып кетіпотырды. Қазір 65 пен 70-тің арасындағы еркектердің барлығы өз семьясымен тұратындар 15-ақ пайыз. Мен байқап отырсам. Менің осы Зеренді ауданымда солай. Ол жалғыз бұл жер емес бәрінде солай. Біз просто көзіміз көрмейміз. Айтыңызшы бірнеше әйелмен тұрған кісі құдай қосқан әйеліммен тұрам деген адам барма? Бірен-саран-ақ. Айтады ғой, бірінші зайып Алладан, екіншісі адамнан, үшіншісі сайтаннан. Сонда Алла қосқан зайыбымен тұрған еркек адам қазір көп болса 25 пайыз. Бәрі айрылып кетті. Оны көрген осы семьядан шыққан балалар бөтен еркектерге тиіп жатқандар. Ал егер өзінің апорасы ата-әжесі отырса, оның әке-шешесі отырса ол қыз бала ондай істемейді, ол ұл бала оны істемейді. Семьясы айырылған, қабырғасы бүлінген семьядан шыққан қыздардың ісі ол. Менің жолдасым солай кетіп қалды мен жасырмаймын оны. Бірақ, балаларымды мен қатал ұстаймын. Олар ондай жолға бармайды. Оның бары заман емес. Қазақтың жүрегінде көрсе қызарлық бар, алып ұшарлық бар. Е мынау осылай жүреді екен, мен неге қалып қойдым, шамасы келмей жатса да соған бас салады. Дегенменде, өзімізді-өзіміз жамандап қайтеміз. Бетіміз дұрысталып келе жатқан сияқты. Кеше ғана Н. Назарбаев айтты ғой. 2020 жылы жағдайымыз өте жақсы болады. Әумин ол сол 2020 жылға дейін тірі тұрсын. Енді мен тағы бір қызығып отырғаным И. Тасмағамбетовтың келгеніне қызығып отырмын. К. Мәсімовтың орнына келгені дұрыс болды. И. Тасмағамбетовты әкелгенге өзіміз ел болып қуанып жатырмыз. Ол мықты жігіт. Әттең соның қасиетіне жету керек, бұрмалап анда-мында секірте бермей. Соны дайындау керек қой деп біз отырған жерде айтып отырамыз. 25-ақ жыл былай қарасақ. Ауылдың ішінде әйелдер түк түсінбейтіндер айғайлап жатады Назарбаев өйтті, бүйтті, өлейік деп жатырмыз деп. Мен айтамын айналайын мынау сенің тұрған үйің мен 30 жыл жалғыз тұрамын. Балаларымының барлығы қызметте жұмыста. Өз беттеріменен өмір сүреді. Мен өмір бойы қызмет істеп келемін. Қолымды қараңдаршы крестянская рука. Огородтың ішіне кіріп кетемін бос уақытымда. Мына жерге гүл егем, ана жерге картопия егем, ана жерге бірдеңе егемін. Ал сендер ауылдың ішін қараңдаршы ат шаптырым жер. Крестянское хозяйство егеді екенсіңдер ақшаларың бар бірақ, мына жердік барлығын бос қалдырмай неге жыртып тастап неге картопия екпейсіңдер, неге көкөніс екпейсіңдер. Ал енді елдің барлығы жаман бастық жаман, анау жаман, мынау жаман. Мынау 5 сотыққа бір жағына огород бір жағына помидорыңогурцыйың бары өзіңде емеспе. Күзді күні қандай рахат. Сатып алмайсың пайда Назарбаев өзі сөйтіп айтады ғой.Ол кісі өзі жерге өз қолымен екпегенімен соның пайдасын біліп тұр ғой. Бізде жалқаулық сұмдық.

Ахмет Тоқтабай:Қазақтың жалқаулығы қиын. Неге десеңіз мен өзім біздің елге оралмандар келді. 1990 жылдардың ортасында келді ғой. Алдында солар 1 чемоданмен келген. Қазір солардың алдында 1000 қойлары бар. 200 сиырлары бар. Олар незовисимый адам. Алматыдан квартира алып қойған. Неге десең таңның атысы күннің батысы жұмыс істейді.

Бұл кісілерге апай, тәтей десең құрдай жорғалайды. Барайық көмектесейік айналайын деп тұрады. Бұл жерде олардың тәлім-тәрбиесі мықты сосын бұлар шет жақта не көрді десеңізші. 5 маңғол тұрады екен, 2 қазақ тұрады екен бос адам анау маңғолша сөйлейді, мынаның жүрегі ауырады ғой маңдайынан таяқпен соқпаған күнде де бұлар қысылып, қымтырылып өстіп келді де мында келіп өз елім, өз жерім деп шалқасынан түсті. Онда да біз оралман деп уақытысымен квотасын бермей, әрине олардың ішінде де неше түрлі сұмдар бар. Адам болған соң неше түрлі жағдай болады. Алаяқтары да бар оны да көрдік, қолмен де ұстадық. Бірақ, көбіне 80 пайыз жүректері мықты. Ана жақтан «Отан» деген нәрсені біздің жердегі қатын-қалашқа еркектерге жетпей тұрған ұлттық намыс олардың жүрегінде керемет сақталған. тіл мәнері, сөйлеу мәнері біздер қазір мына документ 2 тілде жүріп жатыр ғой. Іс қағаздары мен ішкі саясатта отырамын мына жерде кітап оқып жүрген бір қазақша терминдер келеді. Әлгіні қазақша переводтағанда әлгінің өзі бір сорақы сөз. Ал оралмандар тап-таза қаймағымен бұзбай алып келді тілді. Қазіргі жаңа переводтарда терминдер жаман. Қазіргі тарихтың өзі мен ананы оқимын, мен мынаны оқимын деймін ғой. Қойшығара Салғаринді оқығанда бір түрлі, анау жуырда ғана шыққан «Мәңгілік ел» қазақ жеріндегі экспедиция былтыр осы жерде 1 жұма болды. Солар Астанадан келіп 1 жұма болды. Өздерінің шығарған кітаптарын әкеліп. Шамалары сіздердей ғана, ал енді солар тарихтан не кітап жазады айтыңызшы. Сіздер кітап жаздыңыздарма айтыңыздаршы.



Ахмет Тоқтабай: Мен 5-6 кітап жаздым. Менің ең үлкен кітабым «Қазақ жылқысының тарихы» деген. Ол жылқының тарихы емес. Жылқы арқылы қазақтың тарихы, мәдениеті, өнерін, философиясын жылқы арқылы зерттейді. Ол кітап 7000 тиражбен шықты. Қазір бүкіл дүние жүзіне тарады. Неге десеңіз кітап өте үлкен. Ганк-конгта шығарылды, салмағы 3,5 кг. Президенттің қазақтарды таныстыратын кітаптардың сериясына кіріп 29 елдің президенттеріне берілді. Бүкіл Қазақстанның елшіліктері бар ғой шет елдерде сол елшіліктерге таратылған. 30-40-тан. Сол кітапты шет елдерде Франциядадан қонақтар келгенде, солар арқылы шет елдердің барлығына таратылды. Ал екінші кітабым менің «Қазақ тазысы» деген. Ол 3 тілде шықты. Мен өзім этнограф болғаннан кейін қазақтың тазы иті ұлттық құндылықтардың бірі. Қазақ, орыс ағылшын тілдерінде шықты. «Түркі халықтарының этномәдениеті» деген кітап шықты. Бұл кітаптардың бағалары өте қымбат,шет елде шыққаннан кейін.Қытайдың қызыл жібегімен тысталған, салмағы 3,5 кг. Қазір бағасы кішкене түсті. 6-7 мыңға алуға болады. Қазақ тазысы 5000 тұрады. Ол Алматының магазиндерінде бар.

ТАНАЛИЕВ ӨМІРСЕРІК

Зәмзәгүл Байжұманова: Аты жөніңізді айтсаңыз? Аты жөнім Таналиев Өмірсерік

Зәмзәгүл Байжұманова: Туған жылыңыз? Туған жылым 1928 жылғы, документ бойынша 1929 болып жазылып жүрмін.

Зәмзәгүл Байжұманова: Осы жердің тұрғылықты азаматысыз ба?Иа,

Ахмет Тоқтабай:Еліңіз кім, руыңыз сүйегіңіз?

Таналиев ӨмірсерікАтығай

Ахмет Тоқтабай:Мамандық, қандай кәсіп істедіңіз?

Таналиев Өмірсерік: Соқа айдадық соғыс уағында. Біраз бейнет көрдік одан кейін келе трактор айдадық, жер жырттық, содан кейін енді мал бақтық, жылқы бақтым бірнеше жыл жылқышы болдым, одан кейін ауырып еліме қайттым 2-ші группа содан жүріп жатқан жағдай. Одан басқа не айтамыз.



Зәмзәгүл Байжұманова: Соғысқа бардыңыз ба?

Таналиев Өмірсерік: Жоқ соғысқа деген бармадым.



Ахмет Тоқтабай:Бала кезіңізде ТООЗ дейді, артель дейді ана колхоз қалайқұрылды соны түсіндіріп айтсаңыз?

Таналиев Өмірсерік: Колхоз қалай құрылғанын қайдан білейін. Мен білмеймін ол жағын 1928 жылы құралдыма 1929 құралдыма.



Зәмзәгүл Байжұманова: Үлкендерден естуіңіз жоқпа?

Таналиев Өмірсерік: Кампескеге кетті байлар, Қажынын баласы кетті Картеске.



Ахмет Тоқтабай:Қандай байлар кәмпескеге түсті?

Таналиев Өмірсерік: Мынау Бектұрған дегеннің бабасы кәмпескеге кетті. Жалқысын әкеліп колхозға беріп



Ахмет Тоқтабай:Каншажүзжылқысы болды?

Таналиев Өмірсерік: Бір айғырдың жылқысын әкелді ғой Бектұрғаннан. Әкеп шетінен қосып жатты дейді, бәлен қажыныікі, түглен қажыныікі дейді. Осы жерде бес жүз жылқы болды.Көп жылқы болды, сол жылқының арқасында Кенжебай Төлежанов деген Москваға барып Ленин орденін әкелді. Содан кейін соғыс басталып әскерге алып кетті. Отыз шақты биелерді, құлындарын шырылдатып қораға қамапқұлындары өлді, өлмегендері қалды.



Ахмет Тоқтабай:Соғыскезінде сонда қандай жұмыс істедіңіз?

Таналиев Өмірсерік: Соқа айдадық. Өгіз жектік сиыр жектік. Кемпірлер шелегін ұстап соқаның басына келеді Кейін келе-келе өгіз, сиыр жеккен жоқ, жылқы жекті. Бір соқаға 6 ат жекті.



Ахмет Тоқтабай:Содан қалған ескі соқалардан барма?

Таналиев Өмірсерік: Жоқ, бітті ғой бәрі. Жаңа шыққан соқаның өзі де жоқ.



Ахмет Тоқтабай:Соғысжылдарында қара қағазқалай келді, қалай естіртуші едіңіздер?

Таналиев Өмірсерік: Кейбіреуін естіртеді, кейбіреуін естіртпей жауып тастайды. Естірткеніне дұға қылып, бата беріп жатады.



Ахмет Тоқтабай:Қырық төртінші жылы көпхалақты жер аударды ғой Сталин, чечен ингуш кореец солар келді ма сіздің ауылдарыңызға?Таналиев Өмірсерік: Біздің ауылға ингуштар келді.Үш-төрт семья ингуш келіп ақырында өздері күнін көре алмай, мынау Ивановкаға орыс қаласына алып кетті жұмыс істетеміз деп. Сонымен кетті. Немістер болды.

Зәмзәгүл Байжұманова: Көп болды ма немістер?

Таналиев Өмірсерік: Олар көп болды.



Зәмзәгүл Байжұманова: орыстар ше?

Таналиев Өмірсерік: Орыс жоқ бір орыс болған жоқ. Бары неміс болды қазақ болды. қазір неміс де кетті, бары кетті қазақ қалды. Бірде неміс жоқ.



Ахмет Тоқтабай:Германияғакетіп қалдыма?

Таналиев Өмірсерік: Кетті, Германияға кетті, Көкшетауға кетті. Бертін келген соң 3 ауылды бір қосты ғой. Ұялы, Киров, Қазақстанды. Сол кезде барлығы бытырады.



Ғабдулұлы:Неміске тұрмысқа берген қыздарыңыз бар ғой немісте?

Таналиев Өмірсерік: Мынау Шаляпиндегі неміс қой.



Ахмет Тоқтабай:Сонда немістен келін алып отырғой ия? Иә.

Ғабдулұлы:Алишаның шешесі ше?

Таналиев Өмірсерік: Шура ма? Шура ол орыс қой. Ол местный орыс.



Ахмет Тоқтабай:Целиниктер келгендегі жайын, солардың еңбегін, әңгімесін қызығын айтыңыз бұзақыларда айтыңыз.

Таналиев Өмірсерік: Бұзақылар болды, төбелестер болды қазақ пенен орыстар. Бірақ кейін келген целинниктер ақталып шығып кетті. Біздің мына жерден екі жігітті апарып қамады ғой. Бір жыл отырып келді.



Ахмет Тоқтабай:Не үшін сонда?

Таналиев Өмірсерік: Целинниктермен төбелесіп, жанжалдасқан ғой. Арақ ішіп алып целинникте жынданған. Анау жердегі вышкадағы памитникті құлатып трактормен соғып целинниктер.



Ахмет Тоқтабай:Қандай кімнің памятнигі ол?

Ғабдулұлы: Зираттың басындағы құлып тастарды құлатқан ғой.

Анау ішіндегі зиратын ашқан ғой. Алтын бар деп трактормен құлатқан ғой. Содан барып төбелескен ғой.



Ахмет Тоқтабай:Қанша балаңыз бар?

Таналиев Өмірсерік: Үш ұл. Үш қызым бар. Қыздарым тұрмыста, ұлдарым семьялы, немерелерім бар кішкентай.



Ахмет Тоқтабай:Жолдасыңыз қашан қайтты?

Таналиев Өмірсерік: Екі мың екінші жылы қайтты, он төрт жыл болып қалыпты.



Ғабдулұлы: Шөберелеріңіз нешеу?

Таналиев Өмірсерік: Немере шөбере жетеді құдайға шүкір. Ғабдулұлы: сексен сегізге келіп отырсызба? Сексен сегізден сексен тоғызға қараймын енді.



ТАШМАНБЕТ ДУЛАТ МАХМЕТҰЛЫ
Аты-жөніңізді айтыңызшы, Ташманбет Дулат Махметұлы, Баратай ауылында тұрамын.

Ия қай жылғысыз?1943 жылғымын

Ертеде болған Қазірет оның баласы Қазтай деген,елде болған молдаларымыз Нұрғожа деген молда болды. Қазкен деген молла болды. Махмет деген молла өзім әкем. Қазір оқып келген молдалар жастар бар. Мейрам молла деген болған. Сол кісілерден оқыды біздің әкелеріміз. Сәлік деген, Нұрғожа деген, Әли, Шөкен деген ол кезде дінді оқытты ғой молдалар. Бертін ғой қазақша оқығандары. Біздің әкелер арабша оқыды олар. Ақжан деген Ағаныстың әкесі оқығандар. Осы ауылдың ақсақалдарының бәрі оқыған. Әлтай деген балалары болған Қытайдан оқыдым, шалдардан Әліп деген Нұрқожа, Өмір, Әли, Шөкен дінді оқытты ғой молдалар қазақша. Біздің әкелер арабша оқыды әжептәуір білді. Одан кейінгілер 36-37 жылғылар ағаларымыз болды, молдалар көп болды. қазір жаттап алған молдалар көп қой. Алматыдан оқып келгендер болды мына мешітті ұстап отырған Алматыдан оқып келді 6 ай. Жастар бар Жеңіс деген. 40 молданы білмесем де соған жақындаттым енді.



Өзіңіз жастайыңыздан қандай қызмет істедіңіз? Жастайымнан шопыр болдым. Шопырдан ақырғы кезде мына зав.складқа шықтым. Маленкий склад, чем большой оклад, маленький склад дейді ғой. Содан пенсияға шықтым. Животноводстваның қарамағында істедім.

Біліміңіз қандай болды?Білімім он бірді бітіргенмін енді әкеміз соғыс ардагері.

Осы целина қалай басталды осы есіңізде ме, соны айтсаңыз?Цеоина мынау 54 жылдары басталды ғой.Сол 1954 жылы осында целинщиктер келді орыстар. Целина жыртты, әкеміз бригадир болды, менің әкем Рахмет деген кісі. Ол кісі бригадир болып1956 жылы ВДНХ-ға выставкаға барды.Сол жылдары көп бидай шықты, урожай болып. Сорок лет октябрь деген болған, колхоз болған. содан кейін колхоздан кейін ғой онда үш точка бірге болды. Жылынды, Ақан, Баратай деген үшеуі бір ақ басқарма болды. Басқарма Жылындыда тұрды. Әбішев Қожахмет деген Шуча ауданынан келген Ұялы деген жерден келген. Әкеміз бригадир болды, ертеде басқарма болды осы жерде содан пенсияға шықты. Ақырғы кезде молдалық заниматся етті. Бұрынғы оқығандары еске түсіп, ол кезде үлкен молдалар о дүниелік болып кетті ғой. Енді елді біреу басқарып,құбылаға қарату деген сияқты солай болды. Кейінгі жастар жүріп жатыр ауылымыз жаман емес жақсы, байлық бар қазір көп жерлерде ауылда жұмыс жоқ қой, жұмыс болмаса істейтін ауылда кісіге іс табылады. Істемейтін кісі жұмыс жоқ деп отыра берсе отыра береді. Қазір еркіндік берді, мысалы бір жерге бару үшін, қонаққа бару үшін бригадирден сұрап барасың.Андроповтың тұсында қолымызда выпискной болу керек қалаға барған кезде.Қазір бостандық ауылда міне жидек деген бопа деген, отын деген ауылда бәрін сатып жидек сосын бопа, шие бар.

Бопа деген не?Грибы орысша саңырауқұлақ сосын бүлдірген әр түрлі айта береді ғой. Соны теріп, өскен кезде базарға апарып сатады, тиын тебен ақша болады ғой.

Иә-иә жақсы көп өтедіма? Мынау саңырауқұлақты орыстар жақсы алады ғой. Қазақтар саңырауқұлақтың не екенін білмейді. Қазір бары біледі, біттей балаға дейін бәрі.

Үйіңізде көне заттар барма?Бұрыннан әкемнен қалғанбар еді, музейге бердік патифон, ер тоқым болды, мынау школдың музейінде белбеуі бар еді.

Жоғалтты ма? Музейге бергенмін бәрін. Ардагерлердің біразының карточкалары бар школда.

Жақсы рахмет. Білгеніміз осы.

ТЕМІРЖАНОВ БОЛАТ
Көріпкел, әулие, зергер, ағашшы, ерші сондай адамдар есте қалғандары болса...

Мен өзі қара басым 1937 жылы туғанмын, осы жерде



Аты-жөніңіз кім?

Теміржанов Болат. Әкеміз соғыста қайтыс болды Московский область, Подольский район деген жерде жерленген. Осында ғой сонда жазылған жерленгендігі. Содан енді шешеміздің түрін де білмейміз, ерте қайтып кеткен. Содан кеңестік оқуға түстік соғыс біткен жылы. Мұғалім сұрайды фамилияң кім дегенде екі әкем бар деппін ғой мен. Екі әкем дегенім анау әкем соғыста, мына әкемнің қолында болдым ғой. Теміржановпын деймін. Теміржан әкем екенін білемін ғой. Қай жылы екенін ұмытып қалдым, Пансионға түстім оқуға, үшінші мәрте қазақ орта мектебіне, Вукате деген полковник ағайын туыс еді, сол арқылы. Пансионда оқыдық қой. Нағашым жұмыс істе деп алып кетті. 5 жыл жұмыс істеп келдім. Сол жерден үйленіп келдім осында қайтадан.

230-250 дей жылқы болады ғой деймін. Шалдар көп біздің ауылда бәрі бие сауады. Түнімен жайып жүресің, таңертең алып келесің. Сағат 8-ден ерте әкелмейсің деп ұрсады шалдар маған. Сауады ғой бәрін. Сөйтіп жүріп пенсияға шықтық.

Сонда мына КТУ-дың малын бақтыңыз иә? Әр үйден, мысалы бір үйден 3 жылқы, бір үйден 1 жылқы шығады иә?

Солай, солай, солай



Ал табыс қалай?Айына сізге қанша зарплата берді?Ол кезде енді аз ғой советтің уақытында

Сонда да жылқы бағу оңай емес қой иә?Оңай емес, солай пенсияға шықтық.

ТЕМІРХАНОВ ЖЕҢІС
Аты жөніңіз? Жеңіс Темірханұлы Темірханов

Мамандығыңыз? Инженер құрылысшымын

2 жылдан бері жұмыс істемейміз, күнкөріс тіршілік көздері бар, ара ұстаймыз, тауық ұстаймыз



Ахмет Тоқтабай:Неше сотық жеріңіз бар?

Жеңіс Темірханұлы5 сотық жерім бар

Ахмет Тоқтабай:Жасыңыз нешеде?

Жеңіс Темірханұлы72 жасқа келемін осы қыста, 70 жасқа дейін қызмет істедік, Көкше академиясы деген академия болған қазір жабылды. Сол жерде мұғалім болғанмын, 2 жыл болды қойдым қызметті. Туризм, өлкетау жағынан сабақ бердім. Соңғы оншақты жылда. Одан бұрын құрылыста істедік, құқық қорғау жағында істедік, тұтынушылардың құқық қорғау облыстық бірлестігінің төрағасы болдым 10 жылдай. Тарих, өлкетану деген дүниелерді соңғы 10 шақты жылда ғана ақырындап кірісіп жатқанымыз.

Ахмет Тоқтабай:Қай рудан боласыз?

Жеңіс Темірханұлы: Мен Арғынның Қарауылымын. Арғынның қарасопыдан тарайтын Қарауылы бар ғой. Біз осы Зеренділік Қарауылдармыз оның ішінде Мәсек балалары тіршілік жасап жатыр Зерендінің төңірегінде. Көкшетаудың бергі жақ беткейі сол Қарауылдар. Арғы жақ беткейі Атығайлар. Мен өзімді жан-жақты зерттеп толықсыған тарихшымын деп айта алмаймын. Оны бірден ескеру керек. Спортта любитель деген бар ғой, профессионал деген бар. Соның любительі сияқтымыз біз.Сондықтан егер мен өмір бойы тарихпен айналыссам мүмкін басқа дәрежеде, басқа жерде болушы едім. Бірақ, менің негізгі мамандығым инженерқұрылысшымын. Өмір бойы құрылыста істедік. Бастық болдық әжептәуір дәрежеге жеттік, сол соңғы жылдары 10-шақты жылдардың ішінде мынау елді тану, өлке тану деген тақырыптың бір салалары ретінде ең бірінші өзімнің туған елімді тануға тырыстым. Туған еліміз біздің кәдімгі баяғы Н. Хрущев заманында жоқ болып кеткен ірілендіру, мектептерді қысқарту деген пәлелерге ілігіп еліміз жойылып кеткен. Туған еліміз Қараөткел деген турасынан жүргенде 35-40 шақырым жерде. Сол елім туралы бір хикая, тарих етіп жазған дүнием осы. Мұнда енді бүкіл ауданның көлеміндегі тарихи тұлғалар жоқ, өзіміздің Қараөткелге байланысты тұлғалар бар.

Ахмет Тоқтабай:Егер 100 дана шықса да 50 дана шықса да ол мәңгілік болып қалсын десеңіздер Алматыдағы ұлттық кітапханаға, ғылыми кітапханаға, Астанадағы ұлттық кітапханаға осы үш жерге 3 экземплярды міндетті түрде тапсыру керек. Сонда ол мәңгілік кітапхананың каталогына кіреді, электронный катологқа және кіреді сосын ол өлмейді. Менің таныстарым Атырау басқа жақтағы өздерінің кітаптарын маған жібереді мен апарып өткіземін. Қазақстан кітап палатасы сонда біреуі тұрғаны дұрыс. Кірап палатасының өзінің қоймасы бар. Мысалы мен Ташкентте архивте істегенде кезінде қазақтың зиялыларының бәрі Ташкентте жұмыс істеді ғой Сәкен солардың кітаптары Өзбекстанда кітап палатасында тұр. Мағжанның 1923 жылы шыққан кітабы, көп қазақтың оқымыстылары солардың кітаптары. Сондықтан осы 3-4 кітабыңызды кітап тиражбен шыққанда соған деп дайындап қоясыз.

Жеңіс Темірханұлы: Ең бірінші соларға беру керек қой. Біздікі жай таралып кетеді қолдан қолға. Мынау кітабым менің өзімде 2-ақ дана қалды. Бірінші шыққан кітабым бітті. Біздің Қараөткелде Киіктөбе деген жер бар. мына кітапта жазылған. Кикі батыр бар ғой баяғы Аманкелді Имановтағы. Басы эрмитажда дейме. Киіктөбеде біздің ауыл мен Үлгілінің ортасында біздің ауылдан 6-7 шақырым орта тұста төбе кәдімгідей. Әке-шеше апаларымыз барлығы айтып жүретін. Мынау жерде Кикібатыр жатыр соған тағзым етіп жүріңдер деп беттерін сипап жүріңдер деп содан өстік, есейдік. Сосын ойландық ай осы Кикібатыр қай Кикібатыр жатыр екен, ана Кикібатырма қай Кикі деген ой келеді ғой. Содан біздің профессорымыз Зайбарт деген археологымыз бар атақты. Ботайды ашып жатқан.

Ахмет Тоқтабай:Иә білем Виктор Феодорович.

Жеңіс Темірханұлы: Жуырда Ботайға барып келдік. Жуырда Қазақстан телеарнасынан келіп түсірді,бір жұма жатып түсірді. Сол жерде болып біраз әңгіме шерттік. Сол Зайбарт маған көмектесіп өзінің жетекшілігіменен өзінің адамдарыменен бір жұма жатып қаздық. Сол жерде Кикінің мәйіті барма жоқпа деп. Бірде-бір мүрде жоқ. Жай төбешіктер бар кішігірім, үлкен төбе бар ортасында. Соны оңдап тұрып қаздық. Енді Зайбартқа сенуге болады ғой, мына жерде жоқ деді. Бірақ, бір кезде болған сияқылды. Бір жатқан жері бар сияқылды мыс. Ал бірақ ешқандай халықтар жоқ.

Ахмет Тоқтабай:бізге баяғыда мен тарихи ескерткіштерді зерттеу қалпына келтіру институтында істегенде сонда бір Торғай жақтан ба құлыптас келді ғой. «Кейкі құлыптасы» деп жазылған. Ескі құлыптас.

Жеңіс Темірханұлы: Жоқ, біздер көргеніміз жоқ. Кейкінің басына бардым ана жылдары. Оны біз көргеніміз жоқ. Біз Кенесары ханның жорық жолдарымен деген экспедиция құрып бұдан 10 жыл бұрын сол жақтан бастап арман қарай анау төменге барып қайтқанбыз.

Ахмет Тоқтабай:Ақтөбеге бардыңызба? Ақтөбеде кілем жайған деген жер бар.

Жеңіс Темірханұлы: Жоқ, Ақтөбе жағына бара алмадық. Орскіге дейін бару керек еді. Келесі сапарымыз болатын бірақ біздің Нұрахан деген қайтып кетті де экспедиция екінші айналып бара алмады. Мен сол экспедицияны өзім басқарып барғанмын. Сонда Кейкі деген батырымыздың мүрдесі болған екен. Ол анау қайда 17 ғасыр болуы керек. Сол кезде Кейкі батыр мынау орта жүздің Найманынына болуы керек. Сол уақытта баяғыда қалмақтың соңынан қуған заман бар ғой батысқа қарай біздің Бөгенбай батыр заманында сол үрдіспен қашқанда біздің батырлар қуып соңынан барған содан Кикі деген батырларына оқ тиіп жараланып осы жерде бір жылдай жатып қалған екен. Сосын ана жақты жеңіп қайтып келе жатып мүрдесін алып Шығысқа кетіп қойыпты. Сондай тұжырымға келдік ана кітапта. Менің екінші жазған кітабымда.

Ахмет Тоқтабай:ол әбден мүмкін. Мына Абай ауданында Мамай батырдың мовзолейі барТобықтының. Ол жерде ол кісінің ішек қарны ғана жатыр, өкпе бауыры, жүрегі. Оны жерлегенде өзін кебіндеп былғары тігіп Түркістанға апарып қойған.

Жеңіс Темірханұлы: Оның ішек қарны бауыры екені қайдан белгілі.

Ахмет Тоқтабай:ол тарихи әңгімелерде бар. Жерленгенде Қожахметтің қасына жерлеген. Мысалы, Бөгенбайдың да Бөгенбай сөресі деген жер бар ғой. Оны мысалы ішек-қарнымен сақтамайды ғой. Бөгенбайдыкі бір қыс тұрған Бөгенбай сөресінде. Сосын жаз шыға қар кеткеннен кейін апарған. Сонда ішек-қарынның барын алады ғой. Ол заманда да оташылар болған ғой.

Ахмет Тоқтабай:мына Балқадиша жайында жазыпсыз, Балқадишаны мен таң қалып отырмын біздің бала кезімізден балалар өлең айтады ғой, сонда Балқадиша бертін болған екен ғой.

Жеңіс Темірханұлы: Біздің апаларымыз, біздің ауылдікі, аталас.

Ахмет Тоқтабай:көрдіңізбе?

Жеңіс Темірханұлы: Жоқ, көре алмадым. Көруге болатын да еді. Қараөткелде туып Кеңөткелде. Қызын көрдік Күли апа қатар тұрдық. Қазірге дейін жігіттер тобы ма айтады ғой, 80 жаста дегенді айта береді. Әлі күнге дейін.

Ахмет Тоқтабай:бізде сөйтіп айтып жүрдік білмейміз ғой.

Қазір енді ел біліп тұр барлығын, болмағанын Масабайдың Сүлеймені деген мына кісілердің ағалары. Өзіне айттырып берген ғой сонда 6-7-ақ жас үлкен екен. Соны Масабайдың Сүлеймені 7-ақ жас үлкен екен соны 80-дегі деп әлі күнге.



Ахмет Тоқтабай:мысалы, мен Қорғалжың ауданында эксипедицияда болдым. Сонда Дударай әніне Мариямның ешқандай қатысы жоқ екен. Соны шығарған адамның Үлебайдың зиратын фотаға түсірдім, содан кейін Мариям Летинаның қатысы жоқ екенін барын тарихи дәлелдепоны жазып сосын архивке өткізіп қойдым, БАҚ жарияладым. Ал мына Балқадишаның мәселесінде солай жазамыз.

Күләш РахымжановаАнау жігіттердің клипін доғарсын

Ахмет Тоқтабай:түбінде шындық жеңеді неге десең көп нәрседе өтірік басып кеткен нәрселер көп.

Күләш Рахымжанова:анау Париждің 5 этажынан шырқаған Әміре атамыздың өзі солай деп айтқан соң ол кісілердің де құлағына шала жетіп тұр ғой. Әуелден шала жетіп тұр. Мен даже алысқа бармайын өзіміздің осы жердегі қызмет істеп, бәленбай жыл істеген анау Әлия әпкелеріміз Ақан ғашық болыпты ғой, «у них любовь была» дейді осылай. Мен айтам, мен жарайды басқа бөтеннен естісем Әлия онда амалым жоқ, ал сізден естідім ба бұл қайғы болды өзі дедім. Трагедия, ұят болды өзіміздің қызымыз. Біз сізден үлкенбіз, тым құрығанда біздің сөзімізді тыңдап ендігәрі біреу бірдеңе деп жатса ұят болды ғой. Любовь, какой тебе любовь басымен қатып жүрген кезде өзі. Ананың аға деп силап қасына ізеттілігіне, қарындасқа деген ілтипат, қазақтың қызына деген оның тәрбиесінге деген. Ол кісінің өзі шашы ұзын көрікті Күли апайды көрген уақытта Қайрат Сауқанов деген художник жұмыс істеді. Сонда Қайратқа айттық мына апайға қарап отыр да Балқадишаның суретін сал деп. Сонда сол кісі суретін салды. 17 минуттық видеофильмін таптық. 1993 жылы түсірген Илия Жақанов ағаның нұсқауыменен. Ол кісі 1992 жылы келіп тексерді. Кенеөткелде Абуов Ильяс аға апарып көрсетті қай жерде жатқанын. Ол кісі ауылдың мәліметтерін жинаған адам ол кісінің баласының қолында неше түрлі дерек әлі бар. Манағы зиратты көрсетті мен зираттың басына баруға шамам келмей қалды, қолым босамай қалды машинамен кісілерді жібердік. Мұхит аға бар барлығы бірге барды да Елеместің атасын алып ол кезде ол кісілер тірі зираттың басын белгілеп алып келді, соныменен белгіленіп қалды. Сол Қайрат Сауқанов ана кісінің суретіне қарап отырып суретті салды. Әр адамның басында жақсылығы мен жамандығы қатар жүреді, әр адамға солай. Сол сияқты бұл Балқадиша апамыздың да көрмегені жоқ. Қараөткелдегі үйі өртеніп кетті. Бала шағасын қолтығына қысып қыздың қолына келіп тұрады екен. Неше түрлі бейнетті көреді екен. Олар вапше қуғындалып кетіпті.

Жеңіс Темірхан: Ата-бабаларының барлығы кулак болып кетіпті. Шетте Ресейде жүріпті. Ресейдің бір станциясына барып әзер паналап қалып қойыпты. Әйтпесе дәулетті адамдар болған екен Ыбырай әулеті. Мықты, келбетті, ақылды, парасатты ылғи ақын-жазушылар үйіне келіп түсетін адамдар болған.

Күләш Рахымжанова: Біржан, Ақан барлығы Балуан шолаққа дейін сол жерде болған екен. Байдың қызымын деп ол кісі кеуде керетін кісі. Біз ол кісіні кемсітіп аламыз.

Жеңіс Темірхан: Өтпелі кезеңнің адамдары ғой.

Күләш Рахымжанова: Соның өзінде қазір әдемі суреттеу керек. Біз қате сөйлеп отырмыз. Олай емес, қарқараған байдың қызы болды, сондай қиыншылық болған мен мойыған жоқ деп айтудың орнына дегенмен өз қалпын сақтап өтті деп. Адамдар қисық сөйлейтін ештеме жоқ.

Жеңіс Темірхан: Біржақты айтпау керек. Мынау ауыз әдебиеті болды енді ауыз тарихы деп зерттеп жүрсіздер иә. Ол халықтың ауызында жайдан-жай қалмайды. Халық сүзбеден өткізіп, ең бір керек дүниесін ғана есте сақтайды ғой. Ол ауыз дүниесі болған соң ол есте сақтау деген тек іріктеліп, сүзбеден өтіп, сөйтіп қалады халықтың санасында. Сондықтан халықтың ауызында қалған соң ол жай адам емес деп ойлау керек.

Күләш Рахымжанова: Бір ауылдың ішінде барлық кісі айтылмайды ғой, бірақ кісі айтылады. Мысалы, Мұқыштың Шәрібі, Әубәкірдің Мұғжаны дейді. Мұқыштың Шәрібі 19 ғасырдың орта белінде билесе, ол кісі кеткен соң біздің аталарымыз менің аталарымның баласы Қасымжан Мұғжанов ұстады. Сол сияқты әрбір ауылдың өзінің кереметі бар. Қарөткелдің өзінің кереметі, Зерендінің өзінде Жүнісов дегендер болды. 99 пайыздың ішінде 2 ақ семья болды. Осындай-осындай кісілер бар әрине.

Жеңіс Темірхан: Жуырда Тіржан қажының басына тас қойып жуырда 1 ай болды осы жерде Тіржан қажы деген болған. Ол кісілер менің нағашым болады өзі. Менің елім жағында сол кісілердің жұрты бар. Сосын зиратына жуырда тас қойғызып ұрпақтары немере шөберелері үлкен дүние жасады. Ілия Жақанов қатысты. Менің кітабымның ішінде бар Тіржан қажы туралы. Біздің елдің төңірегінде сол кісінің қонысы болған. Жеті жер ошақ деген жер бар. Ол кісі қайтқаннан кейін бір жылдан кейін жеті жер ошақ көтеріп, тайқазан беріп, ас беріп 3 мыңдай адамдар жиналған төңіректен. Ол кісінің ұрпағы бар, шөбересі бар осы қалада тұрады. Сол кісі менің нағашыларым болады, оны мен кітапта келтірдім себебі, біздің Қарөткелдің тумасы деп өзімше тартамын. Себебі, Қараөткелдің жерінде жеті жер ошақ сол жерде. Ол кісінің аты туралы мәлімет бар. Атын қалай қойғандығы туралы. Ол кісілер ел аузында бар адамдар, тарихта бар адамдар. Міне сол кісілер туралы ауыз толтырып айта алмады осы күнге дейін, себебі Совет дәуірінде айта алмады ол кісілер кулак болып кеткен адамдар. Оның 4 бөлмелі үйі біздің Үлгілі деген жерде мектеп болды содан көшіріп алып кеткен бүкіл дүниесін конфискация болып талан-таржыға салып. Сол кісінің жұрты мына Подлецкий деген жер болған 5 шақырым жерде. Міне сондай адамдар болған. Тірбек би деген болған. Ол да біздің нағашы жұртымыз. Кітабымда Тірбек биді жай ғана нағашым ретінде айтып өтемін. Бірақ Тірбек биді жеке жазған жоқпын. Тірбек би деген ол да Құдастан тарайды. Ол да Тіржан қажылармен аталас. Ол кісінің де зираты кейінгі ұрпағы менен сұрайды зираты қай жерде деп. Қарсақтың сарқырамасы соның арғы жағында сайдың ар жағында зираттар бар сол жерде жатыр дейді. Оны қалай табасың дейді. Мен көрсетейін деймін. Сіз қалай білесіз дейді, мен көрдім деймін. Мен көрсетсем болды солай қалады. Оны ешкімде біліп жатқан жоқ. Сол жерде жатыр. Тірбек би Шыңғысхан заманында билік құрған осы төңіректе. Ол кісінің ауызынан біраз сөз қалды, әңгімелер қалды деуге болады, бірақ оны жинастырып жазып алған адам жоқ. Мен өзім жинастырайын десем негіздер шамалы айтатын адамдар көзі жоқ қазір. Менің нағашы апам осы жерде тұрады 80-ге келіп жатыр Қалау деген. Ол кісі де біліңкіремейді. Ол кісінің нағыз тікелей ұрпағы.

Күләш Рахымжанова: Тіржан қажының атының қалай қойылғанын айтайын деп отырмын. Құдайдан қолын аспанға созып тұрып сұраған екен: «Е Алла тағалла маған бір тірі жан берші, тым құрығанда екі қолы жоқ, екі аяғы жоқ» бұл менің атамнан естіген сөзім.Күні бүгінге дейін немере шөбересінің бір қолы жоқ, туғаннан оң қолы жоқ сол қолымен қалай сурет салады. Сондай керемет адамдар бар ауыздары дуалы. Мыңды айдаған Тіржан қажы деген аты болған ол кісінің.

Жеңіс Темірхан: Тіржанның мыңнан аса жылқысы болған. Зеренді көлінің арғы жағында дала жер барсол жерден анау Сандықтау ауданында Құмдыкөл деген жер бар. Сандықтау деген тау бар осы екі ортада жайылып жатады екен жылқылары үйір-үйір болып жүздеген үйірімен. Ол кісі жайлауға бармайды екен, бұрын жайлауға Терсақал дейтін Атбасар жағына кетеді екен. Ол кісі айдамайды екен осы жер жетеді маған мен қозғалмаймын деп. Себебі мыңдаған жылқыны айдап жүру оңай ма. Ал мына жерде ағаш орман ортасы қысы-жазы жайылым бар деген сияқылды осы жерден қозғалмаған екен. Зеренді көлінің атауы қалай болғандығы туралы бірнеше варианты бар. Біз негізі Қалақ батырдың ұрпағымыз. Қалақ батыр деген анау Абылайдан сәл ертерек болған адам. Содан кейін Абылай ханның тұсына ілігеді. Қанай биді білесіздер ол туралы біраз жазылған шығар. Қанай би туралы жеке үлкен кітап бар Бекеновтың. Қанай би туралы көсіліп айтуға, көсіліп жазуға да болады. Қалақ батыр туралы қазіргі заманда Қалақ батыр зираты табылды. Зираты Көкшетаудың арғы жағында Раздольный деген жер бар. Ол жерде қырғыздардың бір елі бар, сол жерде бір ауыл бар сол жердің бір төбесінде Қалақ батырдың зиратын тауып соған белгі қойдырды ұрпақтары. Қалақ батырдың тікелей ұрпақтары, бізде ұрпағымыз. Біз жамағайын сияқтымыз ал олар тура ұрпақтары. Тасты қою рәсіміне мен бара алмай қалдым. Бөгенбай би туралы білесіз, ол туралы жазылып жатыр. Бөгенбай би кәдімгі Кенесарының заманында. Өзі тарихта 7-8 Бөгенбай бар. Қанжығалы Бөгенбай бар ғой ол да Арғынның Қанжығалысы. Ол Ерементау жақта. Ол Қара Керей Қабанбаймен тұстас бір заманда өмір сүрген адамдар ғой. Абылайханның тұсында.

Ахмет Тоқтабай: Бөгенбайдың сүйегі Түркістанда жатыр.

Жеңіс Темірхан: Иә, сосын бұл жерде Арлан Шамай деген батырлар болған Кенесары заманында. Қарауылдың Көмекей деген ұрпақтары осы жерден 30 шақырымдай Лосьевка деген ауылды өзгертті. Қазір оның бергі жағында Викторовка деген бар. Лосьев, Виктор деген адам ғой өзі бай шонжар орыстың. Көлдің екі жағына екі поселок орнатып біреуіне Лосьевка біреуіне Викторовка деп қойған ғой. Соның Лосьевкасы қазір Бөгенбай би атындағы ауыл деп әйтеуір өзгертті. Әз-Бөгенбай деген ағайынды екеуі ғой, екеуі де әулие болған. Викторовканы әз деп қоюға болады ғой, оның фермері орыс ол жерде орыстар көптеу қазір 50 пайыздан асқан жоқ қазақтар асса да жаңа-жаңа асып жатырмыз.

Күләш Рахымжанова: Қазақтар 50 пайызға толған жоқ.

Жеңіс Темірхан: әйтпесе сол жерде «Әз» ауылы болуы керек. Көлдің бергі жағында. Арлан Шамайдың Арлан деген ағасы ол үлкен әңгіме ол екеуі өте өжет мықты батырлар болған Кенесары заманында. Кенесары заманында анау Қырғызға бармай тұрғанда әртүрлі соғыстар болады ғой, сонда Арлан мен Шамай екеуі бір жекпе-жекте шығып қарақайлап шабады. Қарауылдың әкесі Қарақай болады. Қарақайлап шауып, барын қырып-жойып аттары шығып содан біреулер Кенесарыға келіп айтады, осы екеуі Абылайлап шаппай Қарақайлап шапты деп өсек ретінде айтады ғой. Содан Кенесары шақыртады ол екеуін. Сендер Абылайлап шабатын біздің дәстүріміз бар сендер неге оны бұзасыңдар деп. Сонда Қарақайлап шапқанның не айыбы бар жауды жеңсек болмайма депті. Сонда Кенесары ештеңе дей алмай Шамай деген өте шәпшәң өжет болады. Қолтығында қанжары тұрады, сөйтіп кіріп келгенде Кенесарының артында тұрған екі жендеттері бар ғой. Егер мен басымды көтерсем басын алып түсіңдер деп келісіп қойған ғой. Содан басын көтермей қабағы түсіп ақырын шығып жүре береді. Ештеңе жауап бермей кетіп отырады. Сонда жендеттері айтыпты Кенеке сіз неге ештеңе айтпадыңыз шауып түсіретін едік депті. Сонда Кенесары ай жігіттер ай сендер білмейді екенсіңдер мен басымды көтере бергенде менің де басым сендер екеуіңнің де басың жоқ болар еді депті. Ананың қолтығында қанжары тұрғанын сезіп қалады. Көрдіңізбе Кене ханның өзі қаймығады. Сол түннен қалмай Арлан мен Шамай қашады. 100 жылқыны алады да алдына айдап осы жерге дейін келеді. Ол анау Балқаштың түбінде болған уақиға сияқты. Ал енді Шамайдың зираты табылды. Құмдыкөлдің арғы жағында Мусок деген жер бар сол жерде, ол кісінің де ұрпақтары бар екенКөмекейден.

Күләш Рахымжанова: Айдабол туралы естуіңіз бар ма?

Жеңіс Темірхан: Айдабол деген Павлодар жағынан келген батыр деп есептейді оны..

Күләш Рахымжанова: Мен Айдабол батырдың ұрпағымыз деген кітап оқыдым. Әлгіні оқып қарным ашты, Айдаболдың ұрпағымыз деп анау ана министрлік анау анда, анау мында вице пример деп жазып құнын кетіріп Айдабол батырдың ұрпағымыз деп жазады да, өздерін-өздері насихаттап жазады.

Айдаболдың түбі осы жақтан шыққан деген қауесет бар ғой. Соны естідіңізбе?



Күләш Рахымжанова: Негізігі түбіҚаржас дегеннің бір ұрпағы дейді. Оны деректер табу керек. Оны жай айта салу болмайды.

Жеңіс Темірханұлы: Менің бір аздап айта кететін дүнием «Қайран елім Қараөткелімді» қазір реніш көрсетіп біздің елден тарағандар мені неге жазбадың менің әкемді неге жазбадың деген болды.

Қанай би бір кезде әртүрлі айтады. Ташкенттің әкімі болды, атбегі болды, сұлтаны болды деп әртүрлі айтады. Біздің жақта Мұсақұл, Тарағай, Жайылған деген үш ата болды. Соның Мұсақұл Тарағайымен Жайылған үш атадан тарймыз барымыз. Сол Мұсақұл деген атамыз өте мықты палуан болған сол кісіні ертіп алып барып үлкен қара бура өзбекті жеңіп жамбасын сындырып ол қайтады, содан кейін аты алда келіп ол жеңіледі сосын біздің Қанай бидің сол жерде Ташкенттің кілтін алатыны сол. Кілтін алып 12 жыл сол жерде бас би болады. Қанай бидің де есте қаларлық шаруалары көп.

Кейінгі Совет дәуірі белгілі ғой. Совет дәуірінде біз айта аламыз ба айтпаймыз ба білмеймін.

Дүйсен би деген мына кісілердің аталары бар. Би болды деп қазір айтып жүр қазір билік құрған заманын дәлелдеп жазу керек сияқты. Оны зерттеу керек сияқты. Құсбегі болғаны аян ол тарихта бар. Дүйсен би туралы әлі зерттеу керек,әлі жазу керек. Әрбір елдің бір өзінің ер адамы бар. ол ер адам деген кім. Ол ер адам деген ол тарихи шежірені жақсы білетін, әңгімеші сол ауылдың өткен кеткенін жақсы білетін адам. Сондай ер адамы ақырындап бізде қазір азайып кетті. Елімізден береке кетті, ауылдан береке кетті қазір. Ауылда үлкендерге келсең здравствуй андай мындай жартылай орысша, жартылай қазақша шала қазақтанып, бірдеме айтады. Кәдімгідей әдемі қариялық дәстүрге салып, кәдімгі ел адамы болатын адамдар өте аз. Жоқ деуге ауыз бармайды, бірақ бір жерде бар шығар тұнып тұрған адамдар біз оны білмейтін шығармыз кім біледі. Ел адамы деген тек шежіреші емес бір кезде елдің басқарамысы болған. Ол кезде мынау бір білімді, алғырлығына қарап ел басқаруға жібереді ғой. Мұқышов Шәріп деген болды. Мұқышев Тельман ағамыздың әкесі. Ол кісі ғұлама қай жағынан болсын, дін жағынан болсын, қазіргі заманның саясатынан болсын жақсы білетін. Мынау өндірісте Қажықан атамыз болды ол кісінің түрі келбеті барлығы өзіне сай, түні бойы қымызды сапырып отырып әңгіме айтатын.



Күләш Рахымжанова: Ол кісі Сталиннің қолынан медаль алған кісі. ВДНХ-да.

Жеңіс Темірхан: Бексұлтан деген атамыз болды мына Қызылегісте. Бұл кісі бір ғұлама екен ана кісінің әңгімесі деген шежірені бүкіл адамзаттың шежіресін тәптіштеп айтып береді екен. Бұлар ауыз тарихының ғұламалары. Әр елде болды сондай ғұламалар. Қазіргі заманда сондай дәстүрден айрылып бара жатырмыз.

Ахмет Тоқтабай: қазір жылқы өсіру, қымыз сауу қандай дәрежеде.

Жеңіс Темірхан: Қазір коммерциялық дәрежеде бір сөзбен айтсақ.

Ахмет Тоқтабай: қазір жылқы ұстау көбейді ме?

Жеңіс Темірхан: Жоқ. Көкшетаудың төңірегінде ауылдар бар ғой айналасы 30-40 шақырым қалаға сату үшін жылқы ұстайды. Соны сатып тіршілік еткен болады.

Күләш Рахымжанова: Жылқыны көбейту мақсат неде? Оны құндылап өлім-жітікке, той-томалаққа сатады. Жылқыны құрбандыққа шалмайды ғой. Қараңызшы Алла тағалланың өзі жылқыны құрбандыққа шалмаған. Ал енді біз той-томалақ, ойын той 1400-1500 деп сатып жүр ондай жерде жылқының басы көтеріле ме, көтерілмейді. Малдың басы көтерілмейді, біздің регион мал ұстауға қолайлы жер бірақ әлгіндейден кейін көтерілмейді. Бизнес көзіне айналып кеткен. Сиыр малы да сондай.

Жеңіс Темірхан: сиырдан да безейін деп жатыр, асырау қиын деп ауылда көп проблема. Бағатын жер жоқ деп, қалай бағам дейді. ауылдың айналасының барлығы біреудікі. Қазір ауылдағы бақташылар бақпайды жер жоқ бітті.

Күләш Рахымжанова: мен осы бір жерге де сенбеймін. Мен өзім кішкентай Кенөткелді алайыншы. Арғы жағы біздің егін егетін жеріміз, мына жағы Сарыадырдың бетіріне дейін бос, таудың етегіне дейін бос, ана Қойсалғанның етегіне дейін бос арман қарай Қошқарбайдың етегіне дейін жер бос ол біздің бала күнімізде солай болатын. Әрбір үйде аристон тұр ол не деген сөз жағдайлары жақсы. Мал көп болған соң қотанда бөгеледі,сонысымен арпалысады. Бір күні статья жарқ ете қалады. Ойбай, мал жайылымы жоқ құрдымға кетіп жатыр. Одан Сағдиев Ерлан деген Кенөткелдің жерін алып алғандеп. Оны аудан шешкен, ол 2 жыл бұрын шешілген. Алды артына қарамай газетке ана жерден суды әкетеді жол қирап жатыр жолға ремонт жасамайды, Туран суының мойынында Кенөткел жерінен шыққан су деп жазылмайды деп соған дейін жазыпты да. Ол біздің Дүйсен би бабамыздың бұлағы скважина құрып қойған 1994 жылы. Содан бері сорып жатыр.

Жеңіс Темірхан: біздің елімізде Баян Жанғалов социалистік еңбек ері. Қайтқалы 3-4 жыл болып қалды. Бұл кісі де Қанай тегі. Мәлік Ғабдуллин де Қанай тегі. Математик Ысқақов. Мектебі бар Алматыда архимед. Өзі интернат мектеп ашып қазір үлкен тәжірибе жинаған адам. Осының бәрі бір Қанай ұрпағы.

Күләш Рахымжанова: Алматыда Кәріпхан Тәшенов аға баржазушы. Қазақстан правдасының корреспонденті. Біздің Кенөткелден шыққанағаларымыз. Жоғарғы советтің дептутатары менің ауылымнан шыққан. Өзбектерімен целинаның кезінде шыққан Ермек Баржақсина КСРО жоғарғы советінің депутаты. Төкенова Орынбасар деген шықты КСРО жоғарғы советінің депутаты. 1970 арнаулы орта білімді қазақ жастарының ауыл шаруашылығында еңбегі деген тақырыпта осы мәселеде осы кісілер көтерілген. Жоғарғы Советтің депутаты сауыншылықтан ауыл кеңесінің төрағасына дейін көтеріліп барып, облыста өзінің жеке қабылдау кабинеті болды. Еңбегі сіңген дегендер бізде өте көп.

Жеңіс Темірхан: Мусин Жанайдар деген 8-9 кітабы шыққан. Облыстық партия комитетінің үшінші хатшысы болды. Көкшетау правдасы газетінің редакторы болды. Талдықорғанда, Астанада істеді. Зеренді өлкесінің табиғаты бір бөлек, бұл табиғатты жекелеп таудай қылып жазуға жағдай бар еді, қазір журналистеріміз осыған ден қоймай жүр. Зеренді деген атауының өзі Зеренді көліне байланысты. Казачество болды бір кезде. Бұдан 150-200 жыл бұрын казактар келді, орыстар келді келімсектер келді. Осында 5-6 орыстар бар сол казактардың сойылын соғып жүр. Біз мына Зерендіде біздің ата-бабаларымыз бірінші болып орныққан деп осы ауылды мекен еткен сосын орныққан деп жүр. Ол жарамайды.

Ахмет Тоқтабай: қазір мына қазақ қыздарының басқа ұлттарға шығуына қалай қарайсыз?

Жеңіс Темірхан: мен бұл мәселеге оптимистік тұрғыда қарар едім егер қазақ қыздары басқа ұлтқа шығып бала-шағасының барлығын қазақ қылып жіберсе мен қарсы емеспін. Ал басқа ұлтқа шығып сол ұлттың қарамағына кіріп дінін алып ұят болатын жағдайға барса онда қарсымын. Жуырда менің әйелімінің подругасы келіп қонақ болып кетті. Қазақ тілінің маманы немка. Менің әйелім екеуі бір педучелище бітірген осы сөйлегенде қазақтың тілінің майын ағызады. Ол кісі келгенде Қазақстан телеаранасында бір передача ұйымдастырып жібердік, сол кісі аңсап отыр қазақтың қымызын-ай, анасын-ай мынасын-ай деп. Ол жерде бір-екі мен сөйлесетін қазақ бар дейді. солармен кездескенде кәдімгідей қауқылдасып қаламын деп кәдімгідей осы жүрегінен шыққан сөзді айтады. Соның бір ағасы қазақтан алған, бір сіңлісі қазаққа шыққан осында тұрып жатыр.

Ахмет Тоқтабай:Сіз Көкшетау қаласында тұрасызба. Ол жақта қалай қазақтар

Жеңіс Темірхан: Қазір Көкшетау қаласында 62 пайыз қазақ тұрады. Қазақ қазір көбейіп келеді. Ақмола облысында 51 пайыз қазақ. Бізде қазақилыққа жақын деп айта алмаймыз, жаңа-жаңа өте аз қазақшылық.

Ахмет Тоқтабай: Көкшетау қаласында қанша халық тұрады?

Жеңіс Темірхан: 137 000 халық тұрады.

Ахмет Тоқтабай: менбаяғыда келгенімде осында сонда 92 000 халық тұратын. 1980 жылдары болуы керек.

Жеңіс Темірхан: Көкшетау шағын қала.

Ахмет Тоқтабай:Өнеркісіп жоқ па?

Жеңіс Темірхан: өнеркәсіп тоқтап қалды. Кішігірім жинастыратын Камаз инженеринг деген компания бар. Ол Татарстанмен келісімге отырып Камаз бөлшектерін әкеліп осы жерде құрастырып жатқанға мәз боламыз. Оның өзін ешкім алмай қойды, автобус сияқты қылып шығарып, сосын ЧС-ке беріп ақырындап шығарып жатыр. Белорустармен келісім шартқа отырып Беларусь тракторын шығаратын зборочный цех жасап жатыр. Келешекте өйтеміз бүйтеміз деп жатыр. ЖБИ, сториматериал шығаратын жағынан кіші гірім мекемелер толып жатыр. Үлкен өндіріс орны деп осы екеуін айтамыз. Қаланың сыртында алтын өндіретін «Васильковка» дейді қазір енді «Алтынтау» деп атап кетті. Сондай мекеме бар үлкен кен байыту комбинаты. Олда қолдан-қолға ауысып қазір Қытайға ауысайын деп жатыр деген қауесет естідім. Қытай сатып алыпты деп естіп отырмыз. Оның мәліметін білмеймін. Бірақ ол бір сұмдық дүние. Қытай бізге де келетін болды деп жатырмыз. Оңтүстік пен Шығысты жайлап жатыр ғой ақырындап. Енді бізге де кіретін болды деп жатырмыз.

Күләш Рахымжанова: Иә Қытай алыпты. Енді әлгі Әйтеке би айтқаны тура келді ғой. Соғыссыз ақ кіріп алады деген.

Жеңіс Темірхан: ақырын ептеп мың жылдық дәстүрі бар саясатпен келе жатыр бұлар, бір Қытайды итерсе соңынан оны, жүзі болып кететін дей болып жатыр.

Ахмет Тоқтабай:Конфуцийдің өсиеті бар. Мысалы, сен Қытайсың дейді, әлемдегі жерге барып қоныс теп дейді, ол сенің жерің, бірақ сенің міндетің жаныңа екі Қытай әкел дейді. Ол екі Қытай тағы екі Қытай әкелуі керек. Сонда өзіңіз ойлаңыз сол жер сол Қытайланады.

Күләш Рахымжанова: сосын сол жердің қызын ал дейді.

Ахмет Тоқтабай:қызын алу қазіргілердің саясаты

Жеңіс Темірхан: арифметикалық прогрессия дейді оны.

Ахмет Тоқтабай:Қытайдың саясаты бейбіт жолмен экономика сауда информатикамен жаулап алу әлемді.

Күләш Рахымжанова: Иә, олардың жерінде тыныштық болмай кетті ғой, шығыннан шығын.

Ахмет Тоқтабай: Олар қазірҚытай ханзу дейді өздерін оларда бір баладан ғана рұқсат беретін, қазір екі баладан рұқсат беріпті. Ана жақта қазақ ұйғырларды шектеп отыр екі баламен. Ол жақтағы қазақ осы жаққа келмей 1,5 миллион қазақ бар. Мықты қазақтар олардың барлығы мәдениеті барлығы күшті. Дәстүрі, еңбекқор.

Жеңіс Темірхан: Қабдеш ағамыз жазғандай ана жылы бір шекара ашық болып қалды ғой Совет дәуірінде. Сонда 250 мыңға жуық қазақ өтіп кетіпті ғой. Сондай бір лек болса ғой.

Ахмет Тоқтабай: Соңғы 6-7 жылда Қытайдың әлеуметтік көмек беру кредит, процентсіз кредит береді соған қалып мәз болып отырмыз.

Күләш Рахымжанова: Президент және халық деген газет бар. Сол газеттің статистикасын оқысам Қазақстанның әрбір тұрғыны бүгінгі туған балаға дейін 87 мың доллардан берешекпіз.

Ахмет Тоқтабай: Жоқ, 8700 доллардан ол бала туа салғанда сол қарызды мойынына іліп туады екен. 160 миллиард қой қарызымыз.

Жеңіс Темірхан: 160 деген ол бүкіл мемлекеттік құрылымдар, жеке үлкен магнаттар солар алған қарыздар барғой соның бәрі мемлекеттің гарантиясымен алған ғой ол есепке кірмейді екен. Біз санаймыз ал бірақ мемлекет санамайды оны

Күләш Рахымжанова: Өзбекстан берешек емес екен ғой.

Ахмет Тоқтабай: бірақ мемлекет сол. ТМД көлемінде бір ғана мемлекет сол қарызы жоқ.

Жеңіс Темірхан: біздің Қараөткел аумағында орман сосын терең сай мына жағында «Жаманкөл» деген көл бар. Сол көлдің шөбі белуарға келетін шөп. Өлең шөп дейді оны, бірінші мал азығы бар деген сөз. Су баршылық, табиғат ну орман, оның ішіндегі жеміс-жидегі бар. Аң құсы бар дегендей, сол ашаршылықтың зардабын көрседе бірақ аздау көрді ма деп өзім ойлаймын. Менің әкемдер, әжемдер айтып отыратын менің әжем 97-ге келіп қайтты әкемнің шешесі. Жалғыз шолақ сиырым болды деп айтып отыратын. Солшолақ сиырдыңсоңында жүрдім дейді. Соғыс заманында, одан бұрын 1930 жылдардың кезі сол сиырдың соңында жүріп аман қалдық дейді.

Ахмет Тоқтабай: ол сиырды 1930 жылдары малдың барын сыпырғанда алып кеткен жоқ па екен.

Жеңіс Темірхан: Жоқ, сол шолақ сиырдан мен айырылмадым дейді. Соның арқасында аман қалдық дейді.

Күләш Рахымжанова: Таулы тасты жер болған соң тығып ұстап алып қалды ма екен.

Жеңіс Темірхан: Жоқ, біздің жер қалың орман.

Күләш Рахымжанова: қалың орманның ішінде бұл кісілер ақ алаң дейтін кішкентай ғана алаң өңкей таудың ортасында мына жерде кішкентай бір қара сай. Өзі күшті ғұлама бір ата тұрыпты. Есмағұл аталардың айтуы бойынша Ташкен атаның айтуы бойынша ағып келе жатқан суды теріс айналдыратын молда болған екен. Сондай қасиеті керемет болған. Ол кісілер де сол Қараөткел жерінде тұрған. Көзіміз көрген жоқ бұлда естіген құлақ.

Ахмет Тоқтабай: Бұл жерде шөп болды ғой, бұл жерде балықпен аштан аман қалған шығар.

Күләш Рахымжанова: Уәлихан жағын алсақ таулы, тасты, қыратты жерлер, алаңқай жерлер. Орыстардың өзінің мекен еткен жерлерін көрмейсіңдер ме, ыңғай сулы жерлер.

Жеңіс Темірхан: Көлдің жағалауы.

Күләш Рахымжанова: Көлдің жағалауы, Зеренді мынау Балқаш, анау Науан, анау Айжанка осындай керемет жерлерді, Лаван мен мынау Көкшетаудың екі ортасында казактардың құрған станициясында полосасы бар ғой.

Жеңіс Темірхан: Горкая линия

Күләш Рахымжанова: Линиясы бар.

Жеңіс Темірхан: Жағалап бүкіл казачествоны салған ғой. Одан әрмен қарай қазақтарды өткізбеген өздері жүрген. Ашаршылыққа орыстар аса көп қиналған жоқ қой. Себебі, бопа тереді, өйтеді, бүйтеді шөп шалам жейді деген секілді. Мынау біздің ауылда әрбір үйде ақсақал болса жүріп тұрады ар жағында орыс ауылында соның тамыры болған. Ар жағында Құмдыкөл деген ауыл бар орыс басқан көлдің жағалауында тұрады арасы 7-ақ шақырым. Сонда біздің ауылдың қазағы тамырына барады. Менің атамның тамыры болыпты «Трафим» деген. Трафимнен барып бөлке нан жеп келеді дейді, квасын ішіп, балығын жеп келеді дейді. Олардың ұны бар, наны бар біраз шайқалып келеді екен. Олар келгенде ет, сүт, май, қымыз береді. Осы тамырлық қарым-қатынасы әжептәуір күнкөріске септігін тигізді деп ойлаймын.

Күләш Рахымжанова: менің әжем соғыста бір баласы жарым жан болып келді ғой. Мен кішкентаймын 6-7 жасармын. Таңертең ерте сиырын барлығын жөндеп, кеттік дейді кетеміз. Үлкен қара шелек болады 12 кг. ба. Троицканың бергі етегіне сайдың бергі етегі толған қара қарақат болатын үлкен-үлкен. Әлгінің ішіне түсіп апам тереді-тереді. Мен қалжырап шаршаймын. Мені бұтаның қасына апарып жатқызып қояды орап. Әлгі шелекті толтырады сосын итшілеп әлгі шелекті әрең үйге әкелеміз. Сосын әлгі қарақатты тазалайды, баласына тамақ керек қой, ол бала біраз жатып қалды соның өзінде апам марқұм баласын алақанына салып бағатын. Бие ұстайды, сол биенің қымызына қарақат қосады кішкене май қосып күбіге салып бұлғап-бұлғап ағатайға, шалына беретін. Жаңағы терген қарақатын паулка 3,5 км сол жерге апарып стақандап сатады. Стақаны 20 копейка.

Ахмет Тоқтабай: Бұл несінші жылы?

Күләш Рахымжанова: бұл 1956-1957 жыл. Менің 1 класқа әлі бармаған кезім. Әйтеуір білемін қалжырап жығыламын, жылап еңіреймін. Күзді күні нағыз шие пісіп жатқан кезде огурцыйға, помидорға, шемішкеге айырбастайды. Барлығын айырбастап қапқа салып алып кешке итшілеп әзер келеміз. Әжем марқұм өте трудоголик адам болды. Өзі әдемі болды. Туған жері Жылымдыда.

Жеңіс Темірхан: Сарбас Ақтаевтың елі.

Күләш Рахымжанова: Сарбас Ақтаевтың елі. Зылиха деген шешем болған. Нағашымның ұлы болмайды. Жолдастары осы Зылиха туғанда барып қайырлы болсын айтқанда есіктен кіре бұл кісі олардың ойын сезеді де айтады: «Мен Зылихамды қыз демеймін, құдайдың бермегенін іздемеймін, сендер соны айтуға келдіңдер ма» депті. Біздің әжелеріміздің шыққан тегі солай. Менің әжемде бір қасиет болды.Қазір менің үлкен балам емші. Оқыған оқуының барлығын қойып қойып емге кетіп қалды. Әжеміз сынықшы болатын. Біреудің қолы, бірдемесі сынып қалса оны маз іздемейді қолына түкіріктеп-түкіріктеп алады да сынған жердің барлығын уқалап отырып ескі құсқы шүберектерді алып қап-қатты қылып орап тастайды. Бар бір жұмадан кейін келесің сосын көремін деп жібереді. Көзге жаман бірдеме түсіп кетеді ғой. Біздің Кенөткелде сыртында ұста болды. Темір терсектердің ұстасы Есімғали аға деген ағамыз болды. Сол кісі соның құдайы оның ішінде не істелімбейді барлығы істелінеді. Жер жыртатын соқалар, далаға шығаратын сауыт-саймандар соның барлығын сонда істейді. Сонда көзіне бір ұшқын түсіп кетіп көзі ағып кете жаздап бір кісі апама келеді. Апам әлгіні отырғыза салып тілін салып жіберіп, олайда-бұлайда ала алмай әбден зықысы шығып, 3 рет салғанда темір түсіп кеткен екен көздің қарашығына. Сондай қасиетті адамдар болды. Атамның қасиеті етікті тармыспен тігеді. Менің көргенім ешкіні сояды, ешкінің тілерсегін алады да пештің үстіне лақтырып жібереді. Ол кезде пештің арқасы болады. Ол әбден кебеді, оны сосын тарамыстап тарқатады, кішкене ғана кеуіп қалған тарамыс жап-жақсы жіп болады. Сосын соны апам екеуі отырып біртіндеп жинайды, түкіріктеп отырып еседі. Үзілмейтін жіп болады, оны ұзынынан-ұзақ бір-біріне жалғап қатты-қатты орап дөп-дөңгелек жіп жасайды. Екіншіден ұлтанның көтені дейді ғой. Соның артына ою салады ғой. Қазір Қытайлар салады обувьқа. Соның салғанын айтайын. Қадімгі қайың ағаш, қол ұстайтын жері болады, басы иіліп келеді, соны әдемілеп кеседі. Пышақтың қырына ұқсатып кеседі, соны бір-біріне соғып әдемілейді, сосын үшкір болып тұрады, бірақ, қимайды отқа қыздырады. Тіккен мәсінің артына ұлтанына ою салғанда керемет болады. Үшкір болмайды ол басы қайқы болады. Домбыраның ішегін жасайды. Оны ешкі сойғанда аш ішегін қатты тартып-тартып бір ешкінің ішегі бір жарым айналымға келеді. Үйдің ішінде бұрыштан-бұрышқа тартады. Бір ешкіде 13-14 метр ішек болады екен тартқанда. Сосын ол кеуіп қалады, оны апам бір жағында атам бір жағында созып тұрып бұрайды-бұрайды содан ол сыңғырлаған ішек болады. Атам домбыра жасайды содан домбыраға салады. Міне, соны өз көзіммен көрдім.

Жеңіс Темірхан: біздің ауылда Кенетай деген марқұм болды. өте домбырашы, өнерпаз, ойлау қабілеті басқаша. Біз жүйемен ойласақ ол біздің көз алдымызда бір мысықты ұстады да төрт аяғын байлап ішегін бір жағынан суырып алды. Сосын әлгі мысықты тірідей жіберді. Әлгі мысық кетті қашып соның ішегін 10-15 метрма кім біледі. Сол ішекті ең жақсы сөйлейтін ішек осы мысықтыкі дейді.

Күләш Рахымжанова: Ағаш шегені қалай істейді. Бірыңғай қызыл қайың жіңішкелеп біркелкі етіп әдемілеп араменен қиып, пештің иығына тағы лақтырып тастайды. Ол біраз уақыт жатады. Бір кезде шеге біткенде алып түсіріп ағашты ровна қиып түсу үшін балғамен ұрады бір ақатарын алып тастайды. Квадратный шеше болу үшін ұсақтап бөліп тастайды. Осымен етіктің ұлтанын айналдырып екі реттен шегелеп тастайды, ол етік пештің иығында 1 жұма тұрады, ол кезде клей жоқ. Табанды әкеліп ұлтанды қабаттайды да шегені енді жиек жағынан бастайды. Бұл шегемен маған бәтеңке тігеді. Осы бәтеңкелерді мен талай жылдан кидім. Су кірмейді, талай етіктерді осылай тікті.

ХАМЗАҰЛЫ САБЫРБЕК
Ахмет Тоқтабай: Аты-жөнінізді айтып ?

Сабырбек Хамзаұлы Құттықадам ұрпағы, осында Зерендіде тұрам, бұрын елде тұрғанбыз, 5 жыл болды осында көшіп келгелі. Бөгенбай би деген кісі кеше Кенесарының бас уәзір болған адам, оларды уәзір дейді ғой, қазір советник дейді. Мына қырғызға елші болып барған кісі. Бөгенбай анау Кенесары мен Наурызбай қолдап, ол кісі сол Қырғызда елшілікте отырған ғой, барып.Сонда, Кенесары мен Наурызбай соғысуға келе жатыр деп, түсінде аян береді, ол кісі. Тез аттан деп. Сонда манағы шығып келе жатқанда қарсы кездеседі, Кенесары мен Наурызбай қалың-қолымен соғысуға бара жатқан.



Ахмет Тоқтабай: Бөгенбайға иә?

Сабыр Хамзаұлы:Иә, Бөгенбайға. Сосын, Кенесары сұрайды, Бөке не бітірдің? Сосын айтады қырғызбен келістім, соғыспаймыз, не сұрасақ бәрін береді. Мынау қырғыздың Алатаудың жартысын алған ғой, жартысы қырғыз өзі алып, жартысын бізге берген қазақтарға. Соны айтқан ғой, сонды Кенесары жоқ, Бөгенбай қазір қартайған екенсің, мен қырғызды түгел алам деп. Мында газет бар. Өздеріңдей келген адамдар тексереді – тексереді деп, газеттерін бәрі жыртылып бітті өзі.Әз -Бөгенбай дейді бұл кісіні. Әз деген кісі Бөгенбайдың ағасы. Әз деген батыр болған адам. Немере ағасы туған ағасы емес.Мынау Бөгенбай мінекей.

Күләш Рахымжанова: Әлгі не үшін, мынау бір жүрегім аурып қалғаны осы елдің ақша жинап тұрып, анау бір жүз жасар деген кісі әйелі екеу ғана тұр ғой өзі памятник қасында, ааа? ескерткішті қойғанда деймін, басына мазар көтердіңіздер ғой, Енді? Лосиьвкада? И Иә. Сонда анау біреу кім еді анау еді?Жүзжасар ма еді, Мыңжасар ма еді?

Жүзжасар.



Күләш Рахымжанова: Сол кісі мен қойдым өзім ақша бердім мен жинадым деп, карточкіге, өзі ғана шығып қалыпты ғой. Әйелі екеуі ғана

Анау мазарды салғанда бір жаз сол Лосьевкада жаттым барып. Мазарды салдырып фундаментін барын өзім салдырып бердім, екі мазардың кісі апарып. 1850 жылғы Омскінің архивінен тапқаны бар Кенесарының тубегі деп мынау Бөгенбайдың үлкен баласы ту ұстаған адам. Кенесарының туын ұстаған адам. Жарылқапты деген кісі. Кенесары тубегі деп ат қойған ол кісіге.Ол жарылғапты білмейді ешкім тубегі дейді барі, күшті батыр болған адам. Анау Омскінің архивінен шыққанда жазады Кенесары Бөгенбайдың үлкен баласы Жарылғапты тубегі деп атаған батырлығы күшті болған деп. Ол анау Омскінің архивінен шықты. Ортан Садуақасов деген жігіт Омскінің архивінде тапқан ғой. Мінекей, міне Бөгенбай деген осының бәрі, сол әлгі улыған адамдардың есім, тағы да Бөгенбай би.Оның анау,



Ахмет Тоқтабай: Бұқба деген газет болған ба? Бұқба деген қазірде бар. Анау Бұқбаның иесі Матен Бижанов деген жігіт, кітапта жазды Бөгенбай туралы. Сосын, Айдос Әбутәліпов деген жігіт бар, олда кітап жазды. Осы газеттер мінекей, сол анау мазар салғанда сол жаңағы әлгі Жүзжасар да істемегені жоқ, жаңағы салдыртқандарға.

Күләш Рахымжанова: Енді әрбір жиналыста мен салғыздым деп айтады ғой, біз жүрміз ғой құлағым естіліп тұр? Салдыртады атасын басы.

Күләш Рахымжанова: Мынау 2004 жылғы анау жылғы газеттерғой. Бөгенбай деген кісінің батасы өте қатты болған адам.

Иә? Сол мазарды салдырып жатқанда, сол мен Көкшетауда Төлеген, Бекзат деген екі емші бар. Нақты салдыртқан сол адамдар.

Осы газет пе екен. Омскінің архивінен тапқан Ортан Садуақасовтың.



Ахмет Тоқтабай: Бөгенбайдың жаңағы сонда бұл қырғызбен елші болғанда жаңағы, қырғызды дипломат боп, сол несіне көндірген ғой иә? Иә. Көндірген.

Ахмет Тоқтабай: Сонда, Кенесары мен Наурызбай қырғызды түгел алам деген ғой иә? Түгел алам деген, Түгел басып аламыз, неден қорқамыз. Ағыбай деген батыр бар, Бөгенбайдың жаңағы Жарылқап деген баласы бар, күшті батыр болған адам Жарылқап деген Бөгенбайдың үлкен баласы. Батырлығы күшті болған адам. Ту бегі деген ат қойған Кенесары.

Ахмет Тоқтабай: Сонда мына кісі мәмлегер адам болған екен иә? Мәмлегер дипломат болған.Айтып отырмын ғой. Ол кісі би болған кісі. Күшті, мен сізге жай бір мысал айтайын. Жазып алсандар жарайт. Мазарды салдырып жатқанда мен анау Төлеген, Бекзат деген кісілер маған келді. Біздің түсімізге аян берді. Бөгенбайды біз зорға таптық. Осының ұрпағы бар ма деп сұраған ғой біреулерден содан мені айтыпты. Мен Красновкіде тұрамын ол уақытта. Содан маған келді бұлар. Сосын мен айттым мен, ұрпағы Бөгенбайдың не истейін деп едіндер. Осылай мазар салайық деп едік. Сосын мен айттым мазар салған өз күшін жетеме соны салуға дедім? Көреміз деді. Мен айттым бізде әлгі күш беретін адамдар жоқ.Күшті адамдар ақшалай беретін. Егер күшін жетсе сал. Ертен өкбелеп жүрме бізге дедім. Содан олар айтты, бәлен күні зираттың басына кел Лосьевкскіге,сол жерде ақылдасайық біз әлгі мазарды салатын адамды алып келеміз деді. Сосын мен айтқан күні келдім, уәде бойынша, сосын екі кісі екен, салам деген.Біреуі 63- те, біреуі жас жігіт екен.

Ахмет Тоқтабай: Қай жердің қазақтары? Көкшетаудан келді.Сосын мен айттым есіктің аузында тұрдым.Үлкен былай қоршағанбыз, темірменен. Үлкен қылып тұрып өзіміз қоршағанбыз. Содан әлгі кісі, салатын кісіге айттым арақ ішесің бе? Ішем аздап, ішетін болсаң кірме дедім зиратқа. Егер ішпейтін болсаң кір, ішетін болсан кірме. Бұл саған ойыншық емес, бұл кісінің батасы өте қатты адам. Балашағаң барма ? Бар. Ертен өзін көрмесең балаң көреді сенің. Бұл кісінің айтқан батасы қате кеткен емес.Сосын жарайды, жарайды ішпейміз-ішпейміз деді. Сосын телефонмен әлгі әкелген Бекзат екеуі айтты, жарайды кіргізейік, бұл кісілер ылғи салып жүрген адамдар деді. Сосын кірдік. Әз-Бөгенбай екеуі қатар жатыр. Мен айттым мынау ағасы, мынау інісі ғой енді осыны түгел қоршайық дедім. Екеуін бірақ қоршайық. Сосын ол тұрып айтты салдыратын адам тұрып айтты жоқ екеуін екі бөлек қоршайық деді. 9 метр биіктігі екеуіне екі мазар орнаттық. Салатын адамға айттым мен міне екеуі екі бөлек жатыр мен ойлап едім екеуін бірақ қоршайық деп ал сендер екі бөлек қоршайық деп тұрсыңдар фундамент қанша қазу керек.

Олар айтты жарты метр фундамент қазса жетеді деді.Мен айттым жоқ жарты метр болмайды ол.Биіктігі қанша болады. 9-10 метр биіктігі болады деді. Ол барлығы кірпіш былайша айтқанда тас. Ертең ол асадка береді жарты метр деген не ол фундамет болама. Фундаментті дедім мен өзім салып берейін. Толька үстінен өздерің жүргіз.



Ахмет Тоқтабай: Фундамет сіз салғанда, сіз құрлысшысыз ба?

Сабыр Хамзаұлы:Жоқ, құрлысшы емеспін мен. Мен енді өзім қысталайын деп едім.

Ахмет Тоқтабай: Иә.

Сабыр Хамзаұлы:аналарға сенбей тұрмын, олар ертен фундаментті жарты метр деп тұр ғой? Мен айттым фундамент болмайды.Мен енді проравты бәрін өзім табам, фундаментті өзім көтеріп жерден 1 метр биіктетіп берем дедім. Жерден 1 метр биік, сосын ар жағын кірпішпенен өздерін қалай бер. Соған келістік.Сосын мен өзіміздің елдің жігіттерін, Бөгенбайдың ауылдың екі ауылдың жігіттерін жинап, прорав алып келдім. Өзіміздің елде прорав барда совхозда істейтін, соны алып келдім. Сосын бір жігіт, тоже өзіміздікі Көкшетау прорав болып істейтін соны алдырдым.Екі проравқа айттым, ал мен енді стройка мойын бұрған адам емеспін. Осындай осындай адамдар келіп салады. Мына фундамент қанша қазу керек олар жарты метр қаз деп айтты дедім. Жоқ, аналар тұрып айтты. Жарты метр болмайды оған деді. Жарты метр фундаментке жатпайды. Биіктігін қанша жасайды деді маған, мен айттым 9 метр, 10 метр биікте болады деп айттым.Сосын айтты олар жоқ олай болмайды. Фундаментке ең алдында 1 метр, 1 метр 20см. сондай қазылу керек деді. Үш жерден армотура жүргізу керек деді. Үш-үштен, маған енді аналар түсінік беріп жатыр. Мен айттым толька түсінік бер, өзім істеймін бәрін. Прораб маған балдыз, немере әйелімнің немере інілері, сосын мен айттым, сендедім Көкшетауда тұрады, сен менің жанымда боласың фундамент біткенше, анау совхоздың прорабы жүре берсін. «Сен басы-қасында боласың қалай істеу керек не істеу керек, жігіттерді жинаймыз, сен қолыңнан істемей-ақ қой только совет беріп тұр» жарайды деді. Содан біз бір жұма құйып екі фундаментті бітірдік. Жерден бір метр көтердік, жерден бірде жиырма см.фундамент құйдық біз. Сосын әлгі кісілерге хабар бердім келсін деп. Келіп көрді ой бу мақтады, тамаша жасапсындар деп,сосын әлгілер сала бастады.Ең алдымен әлгі Әз ағасы ғой, ең алдымен соның зиратын көтерейік дедік ақылдасып, ағасын зиратын көтерейік деп батыр болған адам.Абылайдың батырларының біреуі, сосын 4-4,5 метрдей көтердік.Әлгі күнде ішеді, күнде ішеді жаңағышебер арақты.

Ахмет Тоқтабай: Әлгі шебер ме? Иә шебер.

Сабыр Хамзаұлы:Жанындағы жас жігіт анау не айтады соны істейді. Оның өз бетімен білмейді. Салдырып жатқан ерлі зайыпты. Әйелі Бекзат күйеуі Төлеген, мен елге кетсем, сол екеуін апарып тастапты.

Ахмет Тоқтабай: Шеберді ме?

Сабыр Хамзаұлы:Шеберді.

Ахмет Тоқтабай: Неге?

Сабыр Хамзаұлы:Күнде ішеді ғой енді. Ашуланып әлгілерді апарып тастады. Мен моншаға түсуге кеткем, бала келіп машинамен алып кеткен. Сосын таңертең келсем, жоқ шеберлер. Сосын не болды.Сосын айтады, осылай Бекзат пен Төлеген анау екеуін алып кетті. Басқа адам әкелем деп айтты.Мен сосын, айтқандай басқа адам әкелді. Екі жігіт. Мен зираттың басында тұрғанмын, келді. Сосын Төлеген мен Бекзат амандасқаннан кейін, мынау екі жігіт салды деп, мынаны бұзамыз деді, жаңағы 4-4,5 метр көтерген стройканы бұзамыз деді, мен айттым сен бұзба оны. Оданда соны бітірсін, анау екеуіне бітіртейік соны, сосын раствор жасат сосын апарып таста. Әлгілер жоқ болмады, біз оған нервничит етпейміз. Ұрысқан ғой еңді. Сосын енді өзің құй, содан әлгі жерде екі жігіт алып келді, екі жігіт келген соң, мен айттым қарақтарым арақ ішесіндер ме? Лучше кірме дедім, арақ ішсең кірме, ертең кем болып қаласыңдар. Мынау осал адам емес, мұның батасыдасоңдай қатты болған адам. Өзіде соңдай қатты болған адам.Сосын жоқ, аға біз әбден салып болған ша арақ ішпейміз. Бізге только зираттың басына будка әкеп бер.Басында жатып істейміз деді. Ауылдары бөлек, адам, бір шақырымдай тақау, жарты шақырымдай енді.Сосын жарайды, будка да тауып әкеп берем. Ағаш шығарып жатқан бір диляни кісіп жатқандар бар деп, сосын бөткесін келісіп, соны жалдап алдық. Менің үлкен балам, манағы тратормен сүйреп алып келді. Зираттың басына қойып, ішінде кроваты жататын жері бар, газы бар тамақ істейтін бәрі.Сосын мен дедім, ет керек пе, только айтып тұр қой әкеліп беріп отырам сойып. Еттен былай, обеспечивать етем сендерді, сосын әлгілер жарайды деді. Сосын манағы, анау әлгі 4,5 метрді қиратып, бұзып шығарып тастадық. Мыналар өздеріп фундамент сол күйінде, өздері манағы кірпішпен жүргізіп,содан бұлар бастады. Бастағаннан кейін, салып жатыр Бөгенбайдың зиратын бітірдік, бұларда арақ іше бастады.

Ахмет Тоқтабай: Бұларды арақты біледі?

Сабыр Хамзаұлы:Иә. Сосын мен айттым қарақтарым дедім, сендерді мен басында келісіп еді, арақ ішпейміз деп. Арақ ішкен адамды жаным жеккөреді. И мына жатқан адам соңдай адам. Ал енді кем болып қаласындар ертең арақты тоқтатындар, содан мен келген манағы тоқтайды, мен кетіп қойсам, әлгі обедке кетем онда-мында кетем. Әлі бірденені алып келуге кетем, әлгілер ішіп қояды. Таңертеңнен түске дейін, манағы зираттың басында болып,түске дейін қызымның үйінен шай ішіп енді келсем, әлгі жігіт ішіп алыпты жатырмас. Сосын мен айттым қарағым саған неше рет айту кереу. Мен ішуді бастағанда айтты ғой, сен бала-шағаң бар ма? Бар. Ертең өзің көрмесең, ана балаларың көреді. Біреуің кем болып қаласындар. Бұл осал адам емес шырағым. Сосын маған айтты ата деді, сен маған анекдот айтпа деді. Мен мұңдайлардың үстінен 20 жыл жүрмін деді, мен айттым сөзінді қайтып ал дедім. Сосын екеуміз манағы, әлгіндей ұрысысып қалдық. Мен айттым, не болсаң ол бол, мен кеттім. Анау телефонмен баланы шақырып, Красивкаға кетіп отырдым.Бұл сенбі күні, әрі моншаға түсіп, әрі үйге барып келейін деп. Содан үйге барып, қонып жуынып моншаға түсіп,таңертен сағат 8:30 кезінде звандайды зираттан. Бөтке күйіп жатыр зираттыңбасындағы бөтке.Бөтке болғанда өзі 10 метрма 11 метрма ұзын, үлкен докей бөтке. Содан балаға айттым, айда жүр таптық екеуміз, келсекманағы бөтке күйіп жатыр, 30 шақты адам тұр жанында, ой неғып тұрсындар. Пажорканың манағы суы бітіп қалған, Виктровкағе кетіп, анау енді цестернадағы судан әкеп шашпадыма мына буткаға. Мында кісі бар ма? Бар, анау енді кісі жатқан жаққа құйсаңдаршы жігіт мас, бөткенің бір жағында жатқан ғой. Содан бак бар, шелек бар, әлгі немене, тақтай бөтке құрғап тұрған әлгідей болған жоқ күйіп кетті. Сосын мен баламға айттым сен Зерендіге миллицияға хабарла, совхозға хабарла, сен жүре бер тоқтамай. Сосын әлгі Төлегендерге звонда. Баланы жіберіп, сосын манағы күттік. Бір уақытта миллициялар келіп, шамасы енді бір сағат өткеннен кейін, бес алты адам келіп, келіп карточкіге түсіріп жатыр. Сосын кім болды басы қасында деді. Мен болдым тағы бір шал бар,сол екеуміз жаздай басы қасында болдық. Бізден жауап алып не болды, не қойды. Барлығын айттық осындай, осындай деп. Сосын жауында мен обедтен келсем осылай мас екен менің тілімді алмады мена ашуланып кетіп қалдым үйге Красивка5а мен –з3м Красивкада тұрамын.Таң ертеңгісін осындай звандады Лосьевканың алдындағы буткаң күйіп жатыр деп. Келсем мінекей анау бөткенің ар жағында краваты бар да ағаштан жасаған соның үстінде манағы от жақындағанда жаңағы оянған ғой негізі. Анау бөткенің бұрышына барып өзінше тығылып жатқан ғой, бөткенің бұрышынан газ ұрып тұр. Балон жыртылыпты. Содан тура есікке ұрып тұр. Енді кісі кірейін десе кіргізбейді қайда есіктен 3 метрдей жерге ұрып тұр газ. Сосын әлгі бөтке жанып болғаннан кейін сөндіргеннен кейін әлгі милициялар бәріміз мен 2 матрас, үйден 2 простина әкелді. Астында алаша матрастың үстіне простинаны төсеп әлгі күйген адамды жатқыздық, үстіне екінші простинаны жауып. Бәрінен жауап алды. Таңертең сол жерден елдер сиыр айдайтын. Сол кісілер келді бәрінен жауап алды. Анау маған айтты мен кетерде: «Ата деді мен анекдотқа сенбеймін маған құй айт, құй атпа»деді. Мен жиырма жыл мұңдайдын үстінде жүргеніме деді. Сен 20 жыл мұндай адамның үстінен жүрген жоқсың, бұл ондай адам емес шырағым. Өзің біл ендігісін дедім де мен ашуланып кетіп отырдым. Сөтке болған жоқ әлгі жігіт күйіп кетті. Мен кешке жақын кеттім. Танертен 8:30 уже бөтке күйді. Сосын әлгі емшілер келді. Емшілер келген соң маған айтады енді моргқа апарайық. Бір машина тап. Милицияның ішінде зам начальник бар. соларға айтқан ба мына Викторовканың школының машинасын бізге алып бер ананы моргке апаруға жарайды деген. Сосын больницаға келсек Жанғалов звандапты. Ешкімге машинаны бермеңдер деп. Содан келсек врачтар айтады Жанғалов звандады машинаны ешкімге бермеңдер деп айтты. енді не істеу керек. Содан Викторовкадан машина іздейік сосын мен бір біздің елдің жігіті, шешесі біздің елде мұғалім болған бұрын сол соның баласынан көргем сондай машина содан Төлегенді ертіп соған бардым, барсам үйіндеке екен. Ойбай Алешка дейміз әлгіні, аты Асқар орысша Алешка дейтін бәрі. Сосын Асқар осындай осындай жағдай, давай сен мына адамды моркке апар. Ойбай ата жарайды, только заправкаға ақша берсен болды. Апарам Көкшетауға, сөз айтқан жоқ. Манағы ақша бердік. Біз жүре береміз, анау зират басына кел дедік келді. Содан Көкшетауға алып апарайық әлгі, сосын әлгі емші Бекзат деген әйел, бір машина әйел бар жанында, оның кім екеннің қайдан білейін өзіміз анаумен жүрген соң сұраған жоқпын. Содан кейін моркке апардық. Морк алмайды әлгіні.

Ахмет Тоқтабай: Неге?

Сабыр Хамзаұлы:Документ жоқ ешқандай, анау жігіттің адресін білмеймін,оның қайда тұратынын оның ата-тегін, фамилиясын атын білмеймін. Әлгі зам. начальнике айтқам, иелері келеді,сосын мен саған алып келіп кездестірейін.

Сосын актіңді толтырарсың дегенмін. Ол жарайды деген. Әлгі әйелдердің ішінде бір корреспондент бар екен. Сол тұрып айтты екінші морг бар соған алып барайық. Ол кезде ауыз берік мен оразамын. Екінші моргке алып бардық. Корреспондент әйел таныс шығар әйтеуір алдырды. Только таң ертең документін алып келіңдер деді. Моргке алдырғаннан кейін жаңағы Төлеген деген жігіт енді мұның шешесі, әкесі, әйелі, інісі бар деді. Соған естірту керек. Сіз бармасаңыз мені олар ұрады, содан әлгі жерде Төлегеннің машинасына мініп алып, ең алдыммен әке шешесін тауып алдық, біледі екен қай жерде тұратын.Соған келдік, келсек маңағы бірінші мазар салған, соның әкесінің інісі екен туған. Мас қып апарып тастады ғой.



Ахмет Тоқтабай: Сонда өздері туыс екен ғой?

Сабыр Хамзаұлы:Иә туыс екен, әкесінің туған інісі екен. Мынау ағасының баласы екен. Сосын әлгі жерде Төлегенді боқтап жатыр ол,соттатам да, қиратам, бәлен қылам, түген қылам. Сосын мен айттым қой шырағым, сен өзі анау анада қылып едің қылықты, енді өзің мынау кісі қайтып жатыр.Анау әйеліне шешесіне естіртейік, менім аузым болса берік, түн болды, ауыз ашқан жоқпын. Менде ауыз ашу керекпін. Ұрыстым әлгі шалға. Сосын шешесінің үйіне бардық, шешесіне барған соң естіртім осындай-осындай жағдай. Сосын шешесі қайнысы тұрып айтты, туған қайнысы екен, әуелдеосы тас қалауды үйреттің, мынау тас қалауды өзің үйреттің ақыры түбіне өзің жеттің деді қайнысына.

Ахмет Тоқтабай: Дұрыс айтқан екен шешесі сөз түсінетін адам екен.

Сабыр Хамзаұлы:Иә сөз түсінетін жақсы адам екен шешесі. Әйелі ауырады екен. Әйелі Көкшетаудың шет жағында тұрады екен соған бардық. Келсек көшені бұзып тастаған машинаны тастап жаяу зорға таптық. Содан әйеліне естіртік, содан уже таң алдына жақыненді. Сосын мен маған таксижалдап беріндер, мен үйге барайын. Сосын Төлеген тұрып айтты, сіз Лосьевкаға барыңыз деді, менің жанымда шал бар тағыда бір Лосьевканың шалы. Таңертен мен сіздерді екеуінді бір жерде табатын болайын, анау миллицияға бару керек,жарайды. Содан Лосьевкаға бізді әкеліп тастады такси. Таңертен олар келді, зам. начальник ол маған құда болып шықты. Сосын мен алып бардым, кешегі мен айтқан салдырып жатқан адамдар пәтерін мен адресін бәрін бердім. Сосын әлгілерді манағы жазу актілерді толтырып, сөйтіп берді милиция. Содан жаңағы Төлеген деген жігіт, маған айтты ата сіз енді менімен бірге қайтып Көкшетауға жүріңіз. Неге? Біз анау қайтқан адамға көмек береміз. Анау оның істеген еңбегінтөлегенбіз, әйеліне, әйеліне бергенбіз. Енді анау похоронға ақшаны береміз біз. Соңын ішінде бол деді әйтпесе тағы анау шал тағы боқтап төбелеседі. Қайтадан барсақ кісілер жиналған әйелінің үйінде. Сосын Төлеген осындай жүзмың теңге ақша берді әйеліне, мынау менің көмегім, похоронға деп.Сөйткенде әлгішал келді де манағы әйелдің қолындағы ақшаны жұлып алды да лақтырып жіберді есікке қарай «мен сені соттатам, қиратам, жоямын» деп.

Ахмет Тоқтабай: Төлегенді ма?

Сабыр Хамзаұлы:иә, содан сөйтіп жаңжалдасып жатқанда, анау боқтап жатыр айғай салып әлгі шал. Сол кезде бір жігіт кіріп келді,жас бала жігіт,ұзын бойлы.Сосын бұл не айғай, сосын манағы айттым осындай-осындай,мынау көмек деп жүз мың теңге ақша беріп еді, соны лақтырып жіберді. Әкең ба әкесінің інісі ме? Өзің білесің. Сөйтсек, әлгі қайтқан жігіттің үлкен баласы екен бұл. Құда түсіп қойған екен бүгін-ертең үйленемін деп отыр екен.Сосын әлгі жігіт ақша қане? Мен айттым әне жатыр ақша. Ақшаны алды да қалтасына салып алды жаңағы жігіт. Сосын ана шалға айтты:«Сіз қиянқылықты қойыңыз» деді,сіздікі жетеді енді деді әлгі бала. Мынау әкемді де сіз өлтірдіңіз. Араққа әуелден үйреткен сенсің, ақырында түбіне жеттінң деді. Енді тағы не қалды? Мынау өліп жатқанда тағы саған не керек. Манағы жігіт ашуланып, сосын бізге тұрып айтты, осы менің әкемнің жаныңдажаздай стройкада жүргендерің барма деді? Мен айттым:«басынан аяғына дейін мен жүрдім» дедім. Мен сол зиратқа барып көрсетесін бе күйген жерін бәрін? Иә, көрсетейін алып барсаң дедім. Әлгі жерде машинасына мінгізіп алып зиратқа алып барды. Сосын міне мынау бөтке, осында бөтке керек деген соң жалдап алып едік, ақырында бөткеде мынадай болды. енді оны востоновить етіп беруіміз керек. Содан манағы жігіт барлығын көріп, сосын ата деді: «Мен әкемді де білемін қандай адам екенін, мынау әкемнің әкесінің інісі жаңағы ақшаны лақтырып тұрған, оныда білемін мен бүгін-ертең үйленейін деп отырмын, ал енді отта жоқ, сотта жоқ ешқандай ештеңе де болмайды, күйер адам күйді, өлер адам өлді ешқандай ешкімнің айғайын тыңдамаңғдар деді. Осындай жабулы қазан жабулы қалады ешқандай ештеңе болмайды, ренжімеңіздер деді. Сонымен бала барлығын көрді де кетті. Сол айтқандай манағы сөзде болған жоқ ештеңе болған жоқ, сосын анау екінші адамды алып келді. Екінші мазарды салдыруға, біреуін бітірді ғой. Екіншісін салдыруға екінші адам алып келді. Сосын соған салдырып жаттық, ол не жалғыз адам салғаннан немене көмектістік өзімізманағы кірпішіне, раствор езу, бәрін көмектесіп істедік келер жылы жазғытұрымда бітірдік. Мінекей ол кісінің осындай қасиеті. Осынша айттым қарағым арақ ішпе сен, бұл осал адам емес, мерт боласын, өзін өлмесен балаларына қырсығың тиеді. Ақырында, сол екеуміз әлгіні айтып, жаңағы неғылдық сөткесіне жеткен жоқ, әлгі жігіт мен мұндайларды жиырма жыл қолды бірақ сілтеп, маған анекдотын айтпа деп.

Ахмет Тоқтабай: Сонда осы жердің жігітіма екен сол?

Сабыр Хамзаұлы:Көкшетаудікі.

Ахмет Тоқтабай: Көбіне ондай құрылысты мынау оңтүстік жақтан келгендер салушы еді.

Сабыр Хамзаұлы:Жоқ местный Көкшетаудікі.

Ахмет Тоқтабай: Бөгенбайдың басқа қандай халық алдында сіңірген еңбегі оқиғалары бар?

Сабыр Хамзаұлы:Бұл Бөгенбай деген кісі келешекті болжап, келешекте не болады соны айтқан адам. Бұл кісі Жайтабар деген кісі өзіміздің елдікі немере інісі. Жастайынан осы Жайтабар сол кісіге атқосшы болыпты. Сол Бөгенбайдың жанында жүреді, қайда барса соның атқосшысы болып жанында жүрген екен. Сол кісіде бала болмапты. Содан бір тойдан келе жатқанда бабамызға айтыпты, «Баба» депті мені есіме алмадыңау депті, бала жоқ екен әлгі Жайтабарда, сонда айтады:«әй Жайтабарым ай мен сені неге есіме алмаймын, есімдесің сен» депті,«бірақ мен көрмеймін, екі бала көресің,мен болмаймын ол уақытта депті, мен көп ұзамаймын қайтам, мен қайтқанда сенің бәйбішең қайтады,менің асымнан ұшынады, сол ұшынып барып қайтады бәйбішең сенің. Сонда сен Мұсақұлда бәленшенің қызын аласың атын айтады, бір кісінің соның қызын аласың, содан екі бала көресің,біреуінің атын Сармантай, біреуінің атын Наймантай деп қой дейді. Көрдің ба қалай? Айтқанымдай манағы Бөгенбай қайтады, жүз беске келіп қайтты ол кісі.

Ахмет Тоқтабай: Бөгенбай иә?

Сабыр Хамзаұлы:Иә. Содан қайтқанымдай айтқанымдай жетісінда ма, қырқында ма,астан ұшынып, жаңағы Жайтабардың бәйбішесі қайтады, жаңағы Бөгенбай айтты ғой, бәленшенің қызын аласың, сол кісінің қызын алады барып.Содан екі бала туады, анау Сармантай деген сол баласы, Жайтабардың 80-ге жақындағанда қайтты. Қазір Қызыл қайнар зиратында жатыр. Менің әкеммен түйдей құрдас екен, сол кісі айтатынмен тумай тұрғанда Бөгенбай атымды қойып кеткен, Сармантай деп, әлгі кісі әңгіме қылып айтып отыратын. Ол кезде біз баламыз ғой, керек қылдық па оны үлкендер көп болды біздің ауылда. Ол кісі сондай, сосын Шауыпкел деген руы ноғай Қарауылнан шығады, Шауыпкел деген батыр болған адам, сол Шауыпкелдінің ұрпағыБөгенбаймен түйдей жасты екен. Баубек деген кісі батыр болған адам. Кенесарының қол астында болған адам бұда, сол Баубек Кенесары мен Наурызбай қолда қалған соң, қырғыздан қайтады ғой елге, әскерді алып, Бөгенбай мен Баубек екеуі, сонда осы біз Шұбарға келгенде, бұл жерді ескіше «Шұбар» дейді ескіше. Шұбарға келгендеБөгенбай айтқан ғой мынау Шұбар менің елім Баубек, мен енді осы елімде қалам, жасым болса келді, ертең осы арада маған топырақ бұйырса, елімде қалайын мен. Баубек жатып тұрып жабысады, бала күнімізден бірге өстік, екеуміз енді қалған жасымызда бірге болайық. Менімен бірге жүр менім жайлауыма депті.Оның жайлауы Державин районы, Қызыл ту деген колхоз болған ертеде. Білесін ба?

Ахмет Тоқтабай: Иә,білемін бұрынғы Ақмола. Ақмола облысы бұрынғы.

Сабыр Хамзаұлы:Сол манағы қызыл ту ауылында мен сол қырық жетінші жылы болдым бала күнімде.Сонда он бес,он алтыдағы уақытым. Сол Баубек батырдың еліне бардым мен, қырық жетінші жылы. Бұл жақта астық шықпай, үсіп кетіп, сонда біз Баубек еліне астық алып келдік барып. Бұл уақта біздің шалдар бәрі түгел, енді кешегі уақытта бәрі бірге өсіп бірге қайнасқандар ғой шалдар. Сол Баубектің еліне барып, содан астық алып келдік. Қызық ту деген кішкентай ғана ауыл екен, Державиннен алыс емес, шамасы елу шақырым алпыс шақырымдай. Сонда біздің құдандалылар барған көлікті толтырып, екі шана астық салып беріп, сонда әңгімеден - әңгіме шығып, Баубек манағы Сібірге қайтқан екен.

Ахмет Тоқтабай: мммм Сібірге айдап жіберген екен ғой?

Сабыр Хамзаұлы:Сібірге айдап жіберіп сонда Сібірде қайтқан екен. Сонда жанына бір жас жігіт қосып жібереді елі, Баубек түбінде олай-бұлай болып кетсең мынау саған күтуші болсын мынау жігіт деп.Жас бала жігіт баубекпен бірге Сібірге барған ғой. Сонда біздің Бөгенбай атамыз осы арада Баубекті осылай Сібірге айдап бара жатыр деп, алдынан кісі жіберіп, анау апарып жатқан адамдарға ақша беріп, Баубекті үшкүн қондырады үйіне. Үш күннен кейін кетейін деп жатқанда екеуі көрісіп жылап құшақтасып сонда Баубек айтыпты Бөгенбай сен жыламауың керек еді деп. Сен жыладың көзіңе жас алдың мен бұл сапардан тірі оралмайды екенмін депті. Менің сүйегім сол Сібірде қалады енді жыламай аттандыруың керек еді депті. Сол Сібірде жүргенде баубек қайтып содан жаңағы жанына қосқан жігіті сол жерге жерлеп, басындағы бөркін киімін алып келеді елге. Соны анау Қызыл ту деген ауылда Баубектің зираты бар. Сол бөрікті Баубектің зираты қылып қойған екен. Сол бөрік қазір Баубектің зираты, ал сүйегі Сібірде қалған. Содан бабамызды Баубек болмай апарды ғой енді, апарған соң сол жерде бес жыл тұрама алты жыл ма тұрама, сосын жарты түнгі уақытта балаларына айтады бабамыз, жылқыдан бір ту биені әкеп сойыңдар дейді. Сосын балалары май айының басы кезі болса керек. Бір семіз дөкей биені әкеп сойып, сонда манағы бабамыз өзі қатарылы шалдарды бәрін шақырып ас береді. Ас беріп болғаннан кейін, Баубекте бар ішінде, сосын манағы бабамыз тұрып айтады:«Мен сендермен бала кездермен бірге өстім, біте қайнадық, бірге ойнап жүрдік, ал енді менің елім бар, жерім бар, жасым болса міне келді,ертең сүйегім елімде қалсын, маған рұқсат етіндер, мен еліме қайтайын, мен сол үшін жинап отырмын» депті, сонда отырған замандастары жылайды, отырып бала күндерімізден бірге өсіп біте қайнасып едік енді қартайғанда бөлінетін болдық деп. Сонда бабамыз да жылапты. Сонда Баубек құрдасы мынау Бөгенбай нағашысы нашар еді, ер бала нағашыға тартады көрдің бе жасық, жылап отыр деп мысқылдапты Баубек. Сонда Бөгенбай тұрып айтады дұрыс айтасың ер бала нағашыға тартады нағашым жасық болса болған шығар, бірақ мен оған жылап отырған жоқпын депті. Менің сүйегім ертең орыстың аяғының астында қалады соған жылап отырмын депті. Содан еліне келген соң мынау Лосьевкада қайтты ғой енді, Лосьевкада жерледі. Ақырында мынау 1904-05 жылдары ма Лосьевканың қаласын орнатып осы жерде сол кісінің зиратының жанында үй салады, үй салғаннан кейін, ол уақытта ағаштан салады ғой, әлгі үй үш жыл күйеді. Қайдан салады, үш жыл подрять күйген соң, манағы ар жағында біздің ауыл бар, төрт бес шақырым, мына жағында он жетіші пордьез колхоз ол уақытта сонда шалдардан сұрайды осы мына жиылған не қылған тас ол уақыттағы зираттарды таспен қоршайды ғой. Фундаментке тасты алып кеткен шашыранды жатқан тасты көрсетеді, сонда біздің шалдар тұрып айтады, оо бұл жерде әлдене батыр адам жатыр, Бөгенбай деген кеше Кенесарының бас уәзір жатыр, бұл солардың зираты дейді, сен үйіңді неше салсаңда, сен үйің бұл жерде үй болмайды, одан да басқа жерге сал үйіңді. Өйткені сен шошқы ұстайсың, шошқаңана зиратқа барады, ол зиратты бастыруға болмайды дейді ғой енді қазақта. Содан барып анау Ящкин деген шал бертін қайтты,сексеннен асып қайтты, тоқсанға жақындағанда. Содан әлгі жерден көшкен соң, біз байыдық дейді, әлгі Яшка айтады, әкем байыды дейді. Тоқсанға келіп қайтты ау деймін, күшті плотник та,менде әлі күнге дейін сол кісінің Яшкиннің істеген шанасы бар, ағаш шана әлі күнге дейін бар, Яшкиннің көзі, мінекей сол орыс қала салып ақырында сол зираттың жанында қала Лосьевка атанды.

Ахмет Тоқтабай: Мына Бөгенбайдың ақылын алғанда қырғызданКенесары аман қалады екен иә.

Сабыр Хамзаұлы:Аман қалғанда айтты ғой Бөкең мен деді Кенесары, Наурызбайға айтты «Сендер бұл сапардан тірі оралмайсындар дейді, сразу айтады, мен бата бердім» дейді. Сонда анау бәйбешесі жанында отыр екенКенесарының бәйбішесі.«Ашуланып сен қартайған екенсің,бұрынғы Бөгенбай емессің, қартайыпсың» - дейді Кенесары. Сонда манағы ұшып түрегеліп, қаптал шапан киеді ғой ол уақытта, етегін үш қабатқағып, бұл сапардан тірі қайтпайсындар дейді. Ендігісін өздерін білесіндер дейді. содан шығып кетеді. Сонда бәйбешесі тұрып айтады Кенесарыға, анау Бөгенбай етегін үш қабат қағып кетті, екеуің ағайынды екеуіңбұл сапардан тірі оралмайсындар дейді.«Бұл сапар туралы райыңнан қайт» дейді бәйбешесі Кенесарының. «Е сонша қартайған шалды қойшы»- деген ғой Кенесары, ақырында сол болып олда қағып отыр ғой. Сонда Ағыбай батырға айтады, Ағыбай бабамыздың құдасы екен.

Ахмет Тоқтабай: Шұбыртпалы Ағыбай ғой?

Сабыр Хамзаұлы:Иә Шұбыртпалы Ағыбай. мынау ағайынды екеуі осы жолы қолда қалады, мына қалған әскерді сен басшылық жаса бұрынғыдай қалай болса солай басқарма мынау ағайынды екеуі қолда қалады әскерді кейін қарай алып қайт дейді. Ақырында соғысып жүргенде ең алдыменен Кенесары Наурызбай екеуі ақылдасады қалай соғысамыз деп. Сонда Кенесары тұрып айтады мен күннің батысынан тием қырғызға дейді, сен Алатауды айналып келіп шығысынан ти дейді. Қырғызды ортаға алып соғысамыз дейді. Содан жарайды деп екеуі екі жаққа бөлінеді ғой, сонда ат матымен Кенесары орға түскен болу керек.Сонда күннің батысынан қырғыздар ор қазып тастаған екен. Сонда үлкен қара тұман түсіп Кенесары ат-матымен орға түскен. Сол жерде Кенесарыны тірідей ұстап алады соғыспайды.Енді Наурызбайға келейік. Тұманнан асырып болғаннан кейін соғысады ғой, құдай сақтасын қырғызды қиратады ғой, әлгі бөлтірігін алған қасқыр сияқты, сонда манағы қырғыздың ханы тоқсан жаста бір сыншы адам бар екен, сол сыншыны алдыртады. Мынау сізді ата емес Наурызбайды сынасын қалай қолға түсіреміз, тоқсан жастағы қария айтады, мен бір соғысып жатқан ұрымтал жерге анық көрінетіндей бір төбеннің басына отырғыз дейді, мен Наурызбайды сынайын дейді. Сонда бір төбеннің басына отырғызып, манағы Наурызбай соғысып жүр ғой, сонда бір қырғыздың сыншысы тұрып айтады, хаңға, мынаны сендер тірідей ұстай алмайсыңдар, мынаның бақыты астындағы ақ ауыз атта дейді, ақ ауыз ат, егер алсандар Наурызбай сендердікі болады.Басқа ат анадай шаба алмайды дейді. Ақ ауыз атта оның бақыты дейді. Сонда манағы қырғыздың бірнеше сыншы, бірнеше мергендерін қояды ғой, ақ ауыз атты атуға, ақырында ақ ауыз аттың ортан жілігін үзіп жібереді атқанда. Соңда үш аяқпенен өзіннің әскеріне келеді. Ақ ауыз ат болмайды, сосын енді қандай ат мінесін дейді ғой Наурызбайға, сонда Байсейіт дегеннің торбеті деген аты бар екен қадырлі, сол торбестіні алып келіңдер дейді Байсиет.Байсейіт деген Эстонияда бар. Ахмет Тоқтабай: Байсиет пе Байзақ па?

Сабыр Хамзаұлы:Байсиет. Байзақта Байсиете бар екеуде бар Эстонияда. Сонда манағы торбестіні алып келеді, сонда анау Байзақ торбестіге май ішкізіп жіберген екен, ақ ауыз ат құлады дегенде, ол қырғызға сатылған адам екен шпион. Сонда манағы тор бестіні мініп қырғыздың ортасына барғанда тор бесті құлайды. Май ішкен ат қайтсін. Сонда Ағыбай артында келе жатыр ғой. Сонда Наурызбай жаяу соғысып жүргенда Ағыбай өте береді жанынан. Манағы айтып еді ғой қырғыздардың қолында қалады деп. Соның сөзіменен Ағыбай батыр өте береді. Сонда Көке дейді екен Ағыбай батырды. Кенесарымен жасты екен Ағыбай. «Көке артыңа бір бұрылмадың-ау» деп айғай салыпты. Содан манағы Ағыбай әскерді жинап, кейін қарай шегініп, Наурызбайды қырғыздар ұстап алады сол жерде. Ағыбай батыр тоқсан жасқа келіп қайтыпты, сонда айтыпты манағы ол уақытта үлкендер қадірлі адам қайтқанда түнде күзетеді ғой, қашан қайтқанша,сосын таңертең бұл бертінге дейін болды. сонда бір жас жігіт отырып «ата өмір-бақи батыр болдың өзің арманың барма осы дүниеде»? – депті сонда Ағыбай батыр айтыпты ойбу қарағым-ай сендер мені өледі деп жылап отырсыңдар депті. Мен сол өліп анау ертең Наурызбайдың бетіне қалай қараймын деп жылап бара жатырмын» - депті. Енді Наурызбайды осындай Бөгенбайдың сөзімен айналып кетіп бара жатқанда Көке-ау артыңа бір бұрылмадың-ау деген сөзі әлі күнге дейін мына құлағымда тұр депті. Ертең осы Наурызбайдың бетін қалай көремін деп бара жатырмын депті. Ағыбай батыр 90-ға келіп қайтыпты. Шалдардың әңгімесі ғой сол уақыттарда айтатын. Онда біз керек қылмадық жас бала болдық. Біздің тұқымның барлығы Кенесарының қалауында болған адам, кешегі Совет үкіметі орнады ғой, менің атам халық жауы болып кетті, Бөгенбайтұқымы. Халық жауы деп әкетті. Екі ағам, үш ағайындымыз мен кішісімін. Әкемнен сегіз айлық күнімде қалыппын.

Ахмет Тоқтабай: Қазір жасыңыз нешеде?

Сабыр Хамзаұлы:Қазір отыз екінші жылғымын, документте отыз төртпін. Әкемнен сегіз айлық күнімде қалыппын. Әкем халық жауы, мына совет үкіметі орнағаннан кейін іздедік,қай жерде қалған.Сонда мына Қарағандының карлагінде қайтқан екен. Документ жіберді, қай жылы сотталды, қанша жылға сотталды, қай күні қайтты соның бәрін айырып жазып, документ жіберді бізге. Үлкен ағам Ұлы Отан соғысында қайтты. Ахмет Тоқтабай: Өзіңіз қандай жұмыс істедіңіз?

Сабыр Хамзаұлы:Мен малда істедім көбіне. Бригадир болдым, малшы болдым. колхозда кладовщик болдым. көп балалы болдым мен. Бригадирлікте істеп жүргенде бригадирдің ақшасы 130 сом болды. сосын мен бригадир болып істемеймін маған қай жерде ауыр жұмыс ақшасы көп соған барамын дедім. Содан малға келдім.

Ахмет Тоқтабай: Қой жайдыңыз ба?

Сабыр Хамзаұлы:Жоқ бізде қой емес қара мал болды, жылқы болды. жылқы да бақтым, қара малда бақтым барлығын істедім, ақшасы қай жерде көп соның барын істедім. 11 балам болды, соның жетеуіне жоғарғы білім әпердім. Өзім оқыған жоқпын қарақтарым енді сендер оқы қараңғы болып қалмай деп. Менің үлкен ағам орысша, қазақша оқыған адам. Кешегі Отан соғысында капитан званиесі болды. Отан соғысы басталғанда оларды бірінші әкетті, сонда бірінші әкетгенде оқытқан ғой бірденеге капитан званиясы болды ол кісінің. Екінші ағам пленде болып қырық алтыншы жылы кетлді ол. Бөгенбай ұрпағының көрмегені жоқ, совет үкіметі ойбой көретінді көрсетті. Олар орыспенен соғысты ғой Кенесары, сонда біздің ұрпақтың барлығы соның ішінде. Бөгенбай ұрпағы түгел соның ішінде болды. Айтып отырмын ғой, баласы меніңағайынды екеуі, Бөгенбай інісі Мүсіреп деген туған інісі бар, қайда барса жанында ертіп жүреді екен інісін. Жанынан қалдырмайды екен. Сол Бөгенбайдың мен үлкен шаңырағында отырмын. Әкесінің Құттықадам шаңырағында менің отырғаным, қазақ әлгі үлкен шаңырақты бағалайды ғой.

Ахмет Тоқтабай: Бөгенбайдың қандай астына мінген аттары болды?

Сабыр Хамзаұлы:Ол уақытта Бөгенбайда малда көп, дүниеде көп, бұлар бай, байдың тұқымдары ғой. Менің әкем кешегі 1928 жылғы бірінші конфискаға кетті менің әкем.

Ахмет Тоқтабай: Қанша малы болды сонда ол кісінің?

Сабыр Хамзаұлы:Енді оны кім білсін қанша болғанын ол бұлардың әкелері Бұхар деген кісі. Біз мынау қызылқайнар ауылы үшке бөлінеміз. Бұхар, Шақа, Боранбай деп үшке бөлінеміз. Біз Бұхарға жатамыз. Бұхар деген кісіде жылқысында сан болмаған адам, орасан бай болған адам. Мынау Көкшетаудың бер жағында Ескенжал деген ауыл бар. Бұхардың зираты сонда. Бұхар сол Көкшетаудың тұрған жерін жаз жайлайды екен. Мына жерде Еминикольский деген совхоз орталығы бар ол жерді күзді күні жайлайды екенЕминикольскийді. Сосын қыстың күні ары қарай күннің батысына кетеді екен. Қараадыр, Победа орыс совхоздары бар ары қарай сол кісінің қысқы жайлары да. Бұхар деген аталарында сан болмаған жылқысында, орасан бай болған адам. Одан Сырымбет, Сырымбеттен Құттықадам туады. Құттықадамнан жаңағы Бөгенбай біздің аталарымыз Бұхардың шөбересі ғой енді,сонда біздің Құттықадам деген атамыз.

Ахмет Тоқтабай: Құттықадамнан Бөгенбай иә?

Сабыр Хамзаұлы:Құттықадамнан Бөгенбай.Анау Құтықадамның әкесі Сырымбет. Сырымбеттің әкесі Бұхар,

Ахмет Тоқтабай: Қарауылға кіресіздер ғой сіздер иә?

Сабыр Хамзаұлы:Бізді Қылты Қарауыл дейді,Қылтының баласы Атығай қарауыл ғой. Атығайдың көбі мына Петропавлдың айналасында. Бұл жерде шамалы Атығай. Бұл жер Қарауылдар көбі.

Ахмет Тоқтабай: Осы тазы иттер, төбет иттер жайында қандай әңгімелер білесіз?

Сабыр Хамзаұлы:Мен өзім охотник болдым. малда жүрдім ғой енді, жылқыда жүрдім, тазы иттер ұстадым, төбет иттер ұстадым қазір де бар. біз мынау Красиловка деген жерде менің 3 балам тұрады. Мынау Зерендіге көшіп келгенімізге бесінші жыл. Мен кіші баламның қолында тұрамын. Алты ер бала, бес қыз бала 11 бала болды. соның үшеуі Красиловкада тұрады. Біреуі көкшетауда тұрады. Біреуі менің қолымда зерендіде, ең үлкеніміз Астанада тұрады. Ол энергетический институт бітірген. 12 районның үстінен қарайды энергияның үстінен Астанадағы бала. Мынау жермен айналасып жүр, екі бала бұл ауылмызда главный зоотехник болған, мына Қарабұлақ деген совхоз болған міне жерде.

Ахмет Тоқтабай: Қарабұлақ совхозының директоры кім болды?

Сабыр Хамзаұлы:Ол уақытта Жамантаев деген болды.

Ахмет Тоқтабай: Аты кім Жапар ма?

Сабыр Хамзаұлы:Жапар емес.

Ахмет Тоқтабай: Жапаров деген болды ма?

Сабыр Хамзаұлы:Жапаровты білмеймін.Жамантаев болды. Сосын тағы кім деген болды, Тұраш деген жігіт істеді,директор болып совхоз уақыттында кешегі. Қызылегісте егін жолы аталды ғой бұлар.

Ахмет Тоқтабай: Сексен жылдары Жапаров деген директор істеген жоқ па?

Сабыр Хамзаұлы:Білмеймін мүмкін ертеде істеген шығар.

Ахмет Тоқтабай: Тазы иттер соның қасиеті жайында не айтасыз?

Сабыр Хамзаұлы:Білмеймін айта алмаймын. Қызылегіс Ленин жолы аталғанда Қызылегісті орталық қылды онда Тораш деген жігіт істеді. Қайтты ол осы Зерендіде. Жақсы жігіт еді, Әуелбековпен ол қайын жұрты болды. рузаевканың Мәдениет деген ауылынікі.

Ахмет Тоқтабай: Енді ескіліктен басқа қандай әңгімелер білесіз?

Сабыр Хамзаұлы:Ескіліктен енді, біздің шауыпкел деген Ноғай қарауыл біздің Қылды қарауыл Ноғай қарауылмен бірге болыпты. Соңда мына Бөгенбай атамыз жеті сегіз жасар бала екен, жаңа айттым ғой Шауыпкелді батыр болған адам. Шауыпкелді үш ағайынды бопты, Шауыпкелді деген кісі мың адамға төтеп беретін батырлығы соңдай күшті, шешесі мың түйенің басын қарабура басына жеріген екен. Соңда манағы Шауыпкелдің әкесі қартайған уақыт екен бәйбішесігне айтыпты бір шай ішіп отырғанда. Ана келін далаға шығып кетеді. Сонда ана жас келін бәйбішесіне айтыпты: сенің өзің жынысың емеспа анау келін күннен күнге жүдеп барады сұрасаңшы мен қалай сұраймын одан келінде бір хикая бар білші депті. Содан шал далаға шығып кеткенде кемпір сұрайды ғой: «келін, қарағым осы сен жүдеп барасың бір нәрсе нужда болып жүрсің бе қалай деп сұрағанда анау келін тұрып айтыпты мен атама айтуға ұялып жүрмін депті. Ана мың түйенің басы қара бураның басына жеріп жүрмін депті. Оны айта алмай жүрмін деген ғой. Содан бәйбіше манағы шалына айтады. Сосын шал манағы түйешіні шақырып алып, қара бураны алып кел сойыңдар дейді. Қарабураның сойып мына басып кесіп әкеп бергенде,анау келіні қолына құшақтап ұйықтап қалыпты, соңда анау шал айтыпты,мың кісіге тұратын батыр туады мына келінен депті.Мың кісіге төтеп беретін батыр туады депті. Айтқанындай Шауыпкел туған ғой. Шауыпкел соңдай орасан батыр болған. Шауыпкел алғаш жауға шапқанда, мына екі езуінен ақ көбігі ағып отырады екен дейді. Аттың жалытүсіп қалады дейді, жидіп манағы аузындағы аққан көбікпенен аттың жалы жидіп түсіп қалады дейді. Шауыпкелдің батырлығы соңдай болған. Оны Ноғай қарауыл дейді оларды.Бізді Қылды қарауыл дейді. Сегіз атағой Қарауыл. Содан онда мынау Уәлиханның хан уақыты мына Сырымбетте тұрды ғой, ханның ордасыол уақытта.Соңда біздің жайлауымыз Сырымбеттің күн батыс жағында болыпты. Шауыпкелдің жайлауы. Біз солардың қарауында болдық қой енді Қылды Қарауыл. Сонда бабамыз 7-8 жасар бала екен. Жаңағы Бөгенбай деген бабамыз. Содан бір күні Шауыпкел ағасыда, Бадырақ інісіүлкен ағалары ерте қайтқан екен, бірақ жеңгелері тірі ұрпақ үлкен ағаларынан үш ағайынды болған екен. Сонда Бадырақ ауырып қысқы жайлауда жазғұтырым жазғы жайлауға көшу керек қой, бәйбіше бай, мал көп. Бадыраққа айтады бәйбіше мына малды қысқы жайлауға қалай ұстаймын енді жазғы жайлауға көшу керек екеуің рұқсат етіңдер. Сонда Шауыпкел тұрып айтады, мына Бадырақ тәуір болғанша, мен мұның жанынан кетпеймін. Ал енді көшсең өзіңбара бер, бәйбішеге жеңгесіне содан маңайындағы жалшылары бар,маңайындағы туыстары бар, барлығы жайлауға көшеді. Келсем анау Уәлиханжайлауға кронт қойыпты келіп, бұлардың жайлауына Шоқанның аталары. Жайлаудың бір жағына келіп бұларда қонады, содан манағы Уәлихан біркүні бәйбішеге кісі жіберіпті. Бәйбішенің шалы мінетін кіші ақ жорға ат бар екен. Орасан атақты сол сары жорға атты маған берсін мен мінем жаздай деп бәйбішеге кісі жіберіпті. Сонда бәйбіше айтыпты ол мен шалымның сары жарға атын Уәлихан болмақ түгілі, Уәлиханның дөкейі келседе бермеймін, ол үшін өкпелемесін депті. Ол шалымның көзі мен қашан өлем, сол уақытта анау екі қайнысы айтады соларға қалады сол уақытта содан сұрап алсын депті. Содан Уәлихан хан емеспе, бісін қайрап жүреді бәйбішеге. Содан күзгі уақытта қырық жігітпенен Уәлихан бәйбішенің ауылына келе жатады. Содан біреулер айтады ойбай Уәлихан келе жатыр жанында нөкерлері бар дегенді бәйбіше естиді. Сосын бәйбіше айтады мынау киіз үйдің етегін көтеріңдер дейді жоғары көтеріп түріңдер дейді. Анау күтушісіне айтады мынау киіз үйдің ортасына маған төсек салып беп дейді. төсек салып береді, сосын үстіндегі көйлектің барын түріп тастап ұзын штанның екі балағын түріп тастап шалқасынан түсіп құс төсекте жатады есікті ашып қойып. Уәлихан ассалаумалғаликум деп кіріп келгенде, бәйбеше қозғалмай жатқан күйінде жата береді. Сонда манағы тарт етегіңді дейді Уәлихан ашуланып, жап етегіңді деп, ақырғанда бәйбіше тұрып айтады:бұл етек сенің қолыңа тисе, мойныңа торғын қылып саларсың дейді, ханға. Сонда манағы ап бәлем сен деп Уәлихан ашуланып кетіп отырады. Енді бәйбіше қорқады енді, бұлар шабады мені деп. Сары жорға атты бермеді, анаған анадай істеді, енді не істеу керек. Енді екі қайнысы біреуі ауру біреуі сау. Ескі жұртта қалды, қысқы жайлауда. Сонда манағы біздің бабамызБөгенбайды сары бала дейді екен бұлардың қойған аты, бір жігітін жіберіп, сары баланы шақырып алып келіндерші деп шақырып әкеледі. Сонда сары бала 11-12-дегі бала екен Бөгенбай атамыз. Сосын сары бала дейді анау кеше Уәли келіп кетті дейді. ол мені келіп шабады енді дейді. мен сені ана екі атаңа жіберемін дейді. қазір ана жылқыдағы сары жорға атты алдырамын, білетін бір ағашты айтады. Қызылқайнар деген ағаш сол ағашқа барғанда күн батады, сары жорға атты ерттеп беремін сол Қызылқайнарға барғанда қас қарайа бастайды сол уақытта алдыңнан ақ боз атты бір адам шығады. Сол адамның соңынан ере бер дейді. Ол сенімен сөйлеспейді дейді. ақсақалды, ақ боз атты адам шығады алдыңнан дейді. Сосын сары жорға атты әкеліп ерттеп береді. Айтқанындай ағашқа келгенде күн батады. Соның арасында ақ боз атты ақсақалды адам алдында түсіп алдында жүріп отырады оқ бойы, еріп отырады таң ағарған кезде, әлгі адам жоқ болып кетеді. Алдында бір адыр тұр, адырға шығып қараса, адырдың етегінде ауыл тұр. Сосын келіп манағы желінің басындағы ол уақыттағы желінің құлын байлайтын ұзын желі болады ғой, желін басына келіп сары жорға атты байлап, манағы киіз үйге жақындай бергенде, Шауыпкел жаңағы атасы таңғы намазға шығады, қараса сары бала келе жатыр. Желінің басы, сразу таниды ооо сары бала неғып жүрсін, түнделетіп қайдан келдің. Сосын бәйбіше үйретеді, үлкен атаңа айтпа дейді, мән жайдың бәрін түсіндіреді ғой, сары жорға ат сұрағаны жайлауға келіп қонғанның, ханның келгенде әлгі істегенін, бәрін айтады, анау Бадырақ деген атаңға айт, үлкен атаңа айтпа дейді. Ана үлкен атаң Бадыраққа апарады, сонда үйде отырғанда Бадырақ атаңа осының бәрін айт дейді, сосын Бадырақ атаң өзі біледі аржағын дейді. Содан жарайды, сары баланы үйге қымыз беріп, шай беріп, сосын жүр анау атаңа сәлем беріп барып, ертіп алып келеді. Ол кісі төсекте отырған, келіп сәлем беріп амандасып, анау Шауыпкел шығып кетеді. Бадырақ елідің амандығын бәрін сұрайды. Жай келген жоқсыңғой түнделетіп, қалай келдің, қалай таптың. Анау бәрін айтады, ааа Уәлиханға келген соң, тықыр, бәйбішеге тықыр жақындаған екен ғой, сосын барып бізге жіберіп тұр ғой, әйтпесе сені түнделетіп бұлай жібермейтін еді. бірақ, енді мынау атаңның Ал енді мен саған айтайын қазір біздің үйден барасыңсары жорға атты қоя бер жылқыға, ер тоқыын алып, күн көзі жағына жастанып жат дейдіер тоқымыңды. Сосын ол бесіннамазында тұрады, бесіннамазына тұрғанда сені көреді дейді, сол уақытта мүмкін бір сынса сынар дейді.Сынбаса сынбайды дейді атаң дейді. Сонда манағы шалдың айтқанын істейді ғой, сосын атасына айтады осылай-осылай жағдай, сосын атасы айтады ой мен бармаймын оған дейді.Сары жорға атты қойып алып, ер тоқымын жастанып тоқымдасын ұстап жатады ғой,енді намазға шықса дәретке ағыл-тегіл терлеп жатыр. Күннің көзінде ыстық күн. Шауыпкелді шақыртады, інісі Бадырақ. Сен қисайғанды қой бар, сен кешегі ағаңның жеңгең емеспе неше өкпелесеңде. Ертең Уәли келіп шабады оларды, одан да бар иесіз қылма жеңгеңе көмектес. Содан Шауыпкел жылқышыға айтады ғой сары жорға атпенен менің атымды алып кел ана баланы үйге кіргізіп қымыз беріп шай беріп екеуіә аттанады ғой. Содан еліне кіре бергенде сары жорға аттың оздырып бала бұрды дейді. Әйтпесе жеңгесінің үйіне түскісі келмеген ау енді, сонда анау атты оздырып, жеңгесінің үйіне қарай бұрып, ойпырмай сары бала сен қылдың ау, еріксіз бұрдын ау деп, манағы жеңгесінің үйіне келіп түседі ғой. Сосын амандасып, манағы жеңгесі, кешкі жақын ердің үлкендерін шақырып, қонағасы беріп, мән жайын айтады қайнысы.Осылай осылай сары жолға, жайлауға келіп қонып қойыпты, мендегі сары жорға атты сұрап, бермедім осылай-осылай істедім. Қап бәлем деп кетті, сосын мен саған жаным қысылған соң, саған жібердім, дейді ғой, енді сосын жарайды олай болатын болса, ертеңіндеолар енді батырлар сауыт-сайманды үстінен тастамайды ғой, ол уақытта жаугершілік заман ғой. Сауыт- сайман үстінде, найзасын алып, Уәлиханның ауылына келіп, Уәлиханның үйінің босағасына найзасын тіреп, айғай салды дейді, Уәлихан барсың ба? Шық далаға деп. Сонда Уәлихан мынау шауыпкелдің даусы ғой деп жүгіре шығып: «ойбай Шабеке неге аттан түспей тұрсың», «Жоқ, аттан түспеймін, сен қазір мені аттан түсіру үшін қазір мынау Қылды қарауылдың қтоыр тайына тимеймін деп қағаз жазып әкеліп қол қойып бер мөріңді басып сонда ғана кіремін» депті. Содан Уәлихан қайтадан кіріп Қылды қарауылдың қотыр тайына тимеймін деп мөр бастырып қағаз әкеліп беріпті содан Шауыпкел татуласып содан қайтқан екен дейді. шауыпкел деген кісі орасан батырлығы. Әуелде біздің, осы араның барлығын қалмақ басып алған екен. Мынау біздің елдің мына жағында 4 шақырымдай жерде «Ханкөл» деген көл бар. сол Ханкөлінде үлкен соғыс болып осы Шауыпкел мен мынау жайылған, екеуі қалмақпен соғысқан ғой, сонда манағы ханкөлі қып-қызыл қанболып кеткен екен, кісінің қаны. Енді әскердің өлгендігі көп болғаны ғой сондай, содан Ханкөл аталған екен. Сонда манағы Ханкөлге келіп, Жайылған мен Шауыпкел екеуі ұзақ күн соғысып енді кешке жақын манағы тоқтайды ғой соғыс басылып. Сонда Жайылған шақырып алыпты, ертең қайда соғысамыз, сонда қалмақтың бір батыры шығады жекпе-жекке, оған сен шығушы болма, мен шығамын депті, ол сені қолына алмайды, мен оны бұрыннан білемін депті, жекпе-жекке мен шығамын онымен сонда көресіңоның батырлығы қандай екенін депті, Сонда айтқандай қалмақтың әскері мен қазақтың әскері сонда ат ойнатып қалмақтың батыры жекпе-жекке айғай салып шығыпты ортаға. Сонда Шауыпкел батыр шығыпты бұл жақтан. Шауыпкел айтты ғой мен шығамын деп. Сонда найзаны салып жібергенде Шауыпкелді ердің артына түсіріп жіберіпті. Сонда Жайылған шыдамай шауып келген бетте қалмақтың батырын желкеден салып өтіп кетіпті. Сол кезде қалмақтың батыры құлайды. Батыр құлағанда жаппай соғыс қой енді. Содан кешке дейін соғысып, кешке жақын соғыс басылғаннан кейін Жайылғанды шақыртып алады Шауыпкел. Сосын Жайлған келеді. Өмірі дейді соғысып жүріп осы сенің істегеніңді ешкім істеген емес, сен соғыстың тәртібін бұздың дейді. қиянат қылдың сен қалмақтың батырына дейді. Неге сен артынан келіп шоуып өтіп кеттің дейді. Ол менімен жекпе-жекке шықты, сен көмек бермеуің керек, сен оны қапыда жібердің. Сонда Жайылған айтыпты, Жайылған мына Қостомардың аталары Долбы дейді, Қостамардыбұрынғы ескіше. Долбы деген ханның қызының аты, Жайылғанның тоқал әйелі Долбы деген, қалмақтың ханының қызы. Сонда айтыпты: Шабеке сен аттың құйрығына түсіп қалдың ғой депті, найзаласқан да, егер сен олай- бұлай болып кетсең, біздің күніміз не болатын еді, мен соны көріп шыдай алмай шауып кетіп өтіп кетіп,басын шауып. Сонда әлгі кісі өзі білмей қалыпты, ердің сырғанап түсіп кеткенін, апырмай мен сөйтім ба депті. Содан барып осы араны бәрін Жайылма мен Шауыпкел тазалаған ғойқалмақтан. Біздің ар жағында Профлентен деген лесхоз болды, Біздің Қызыл қайнардан шыққанда жеті-сегіз шақырымдай Мамақсай деген сай бар. соның жанында жалғыз ағаш жалғыз қайың болды. Мамақ жерінде күн түсті сол жалғыз қайыңға. Сол жерде ханның ордасы болған екен қалмақтың ханының ордасы. Ханның әскерін соғысып, қырып ханның ордасына барады ғой Шауыпкел мен Жайылған екеуі. Сонда бір әйел шығып манағы басындағы жаулығын алып, былай бір соғады, былай бір соғады. Төрт жағына төрт соғып жаулықты аяқтың астына басып таптайды дейді. Сонда бұлар түсінбейді әлгі әйелдің қандай номек беріп тұрғанын. Сосын әйелдің жанына келіп амандасып, сонда анау әйел тұрып айтады. Мен дейді қаным қаным қазақ дейді, мен қазақтың қызымын дейді. бірақ мен ертеде жаугершілікте жаулап алған дейді. Мен қазір бәйбішесімін дейді, үш үй тұрады хан ортадағы ақ үйде ұйықтап жатыр қазір дейді. мен сендерге қаным қазақ болған соң номек бердім дейді. Мына жақта қырық мың әскер бар, мына жақта қырық мың әскер бар, мынау ханның ордасы деп, манағы жаулықты аяққа басқаным сол дейді.Мынау үшінші үйде хан жатыр дейді, ал енді ұйықтап жатқанда өлтірмесендер сендерге ол алдырмайды дейді. Сонда манағы Шауыпкел Жайылғанға тізгінді лақтырып жіберіп, секіріп түсіп кіріп келсе, шалқасын түсіп жатыр екен дейді, екі қолын желкеге қойып, сол уақытта мана бауыздап жіберген ғой қалмақтың ханын. Сонда бауыздап жібергенде Шауыпкелді қолтығына қысып алып тұра жүгіріпті, әлгі бауыздаулы хан анау мамақтың жанына жете бергенде, енді бауыздауынан анау қаншама қан ағып жатыр. Анау Шауыпкелді лақтырғанда мамақтың жиігіндегі қайынның жанына түсіріпті жаңағы ханлақтырғанда. Батырлығы сондай күшті болған адам, қалмақтың ханы. Соны үлкендер айтып отыратын ханның ордасының, Шауыпкел батырды лақтырған қайың мынау деп күн түсті ақыры осы бертінде.Төбесіне түскенде быт-шыт қылып жан-жағынан қарай қайын кіріп. Сол анау қалмақтың ханның қызын алған ғой, Долбы деген Жайылғанға берген. Сонда осы мінекей Жайылған ұрпағы көп. Мына жерде «Интернат» деген ауыл бар, «Тура жол» деген ауыл болды, «Қостамар» деген ауыл. Мына Жайылған,Қызылегес, Көктерек бәрі Жайылған баласы. Бір шеті Крупски. Осының барлығы Жайылған тұқымдары. Мына Долбы деген ауыл, Долбы деп ат қойған сол қалмақтың қызының аты. Сол жерде манағы Қостамардың тұрған жеріне үй тігіп, сол жерде Долбыны алып, сол жерде тұрып қалған. Содан Долбы аталған. Жайылғанда күшті батыр болған адам дөкей.

Ноғай қарауыл деген кісі сондай орасан батыр болған адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет