312
осы ұстаным бойынша түзеген болатын. Латын әліпбиін қолдамаса да осы ұстанымды
негіз етіп Х.Досмұхамедұлы латын әліпбиінің жобасын жасағаны белгілі. Зерттеулер-
ге қарасақ, латын әліпбиінің алғашқы жобасы 1927-1928 жж. мерзімді басылымдарда
24 әріп, 1 дәйекшемен жарияланды. Бұл алғашқы әліпби сол кездегі А. Байтұрсынов
жасаған әліпбимен бірдей болды және өте дұрыс әзірленіп, жасалған әліпби деп
есептелді. Латын жазуына енгізделген қазақ жазуын жобасын Н. Төреқұлов 28 әріп бой-
ынша әзірледі. 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне 29 әріппен көшті.
Қабылданған әліпбидің кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын
стандартына сәйкес алынбағанын айтуға болады. Бұл әліпбиге 1933 жылы Қ. Жұбанов
өзінің толықтыруларын енгізді, яғни әліпбиде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Толықтыруда,
сондай-ақ, f, h, x әріптерін енгізілді. Қ.Жұбанов ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының ор-
нына бір таңба алуды, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады. Қ.Жұбановтың бұл
ұсынысы, яғни ый, ій, ұу, үу қабылданбады. Ол кезде Қ.Жұбанов болашақта қазақтар бұл
қосарлы дыбыстарды дыбыстаудан алыстап кететінін білмеді. Бұл әліпби С.Аманжолов,
С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың тарапынан жетілдірілді. Терминдер орыс тілі
емлесі бойынша жазылатын ұстанымды Қ.Жұбанов, С.Аманжолов ұсынды.
С.Аманжолов латын жазуына негізделген қазақ жазуында мынадай кемшіліктерді
көрсетті: әліпбиде х, f, v таңбаларының болмауы; и, у таңбаларының жоқтығы, соның
салдарынан миссисипи, миссури сияқты сөздердің 6, 7 әріптің орнына, 113-19 әріпке
дейін жазылу; фонетикалық принциптің ұсталынуы; кірме сөздердің әртүрлі орфо-
граммалануы; сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зоология, биология,
театр
сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйатыр болып таңбалануы...» [2, 144 б].
1940 жылы қазақ жазуы кириллицаға негізделген графикаға көшірілді. Бұл ауысты-
ру саяси жағдайға байланысты болды. А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ халқының
үндестік заңына ыңғайластырып реформалады, оның реформалаған жазуын бірден
алу түркі жұрты ең озық жүйе деп таныса да, орыс жазуын бірден алу түркі тілді
халықтардың қарсылығын туғызатындығын түсінген орталық уақытша латын жазуын
уағыздап, түркі халықтарына алғаш латын жазуын қабылдатты. 1937-38 жылдарадғы
қуғын-сүргіннен кейін, латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп,
1940 жылдан бастап түркі халықтары, соның ішінде, қазақтар да орыс графикасына
көшірілгендігі белгілі.
Тарихтан белгілі тамаша тарихи туындылар мен жинақтар латын графикасын-
да жазылып, бүгінгі күнге дейін сақталған. Латын әліпбиі 1929 жылдан 1940 жылға
дейін қолданылған. Сол уақытта, XX ғасырдың 30 жылдары репрессияға ұшыраған
ақын-жазушыларымыздың көптеген туындылары мен еңбектері латын әліпбиінде
жарық көрді. Латын әліпбиіне көшу біртектес түркі әлемімен бірігудің нышаны.
Түріктер 1928 жылдан, өзбек халқы 1991 жылдан, әзірбайжан халқы 1992 жыл-
дан бастап реформа қабылдап, латын графикасына көшкен болатын. Кеңес үкіметі
тұсында бізбен бауырлас кейбір халықтар латын графикасына көшкенде, арамыздағы
рухани байланыстар үзіліп, бір-біріміздің жазуымызды түсінбейтін де күйге жеттік.
Латын әліпбиіне көшу ата- бабамыздың сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіздікті,
рухани бостандықты, саяси дербестікті нығайтудың белгісі. Бүгінгі таңда латын
әліпбиіне көшу әлемдік мәдениетпен қауышуға мүмкіндік жасайды. Қазақ мәдениеті
313
дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышады. Түркі елдерімен ортақ
жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетіміз қалыптасады.
Латын әліпбиін қолдану - әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы.
Елбасымыз атап өткендей: «Латын әрпі коммуникациялық кеңістікте басымдылыққа
ие». Латын әліпбиі мүмкіндігі шектеусіз жаңа техниканың тілі. Әсіресе, компьютердің
көптеген бағдарламаларында төл әріптері бар қазақ әліпбиі оқылмайды. Оған себеп
кириллицаға көшу барысында тілдің табиғатына, дыбысқа сай әріп, таңбаның бол-
мауынан, «Ә», «Ғ», «Ө» дыбыстары сияқты төл дыбыстарымыздың таңбасы ойлап
табылған болатын деген пікірлер де бар. Аталмыш дыбыстар латын әліпбиінде бар.
Бұл графика тіл заңдылығын бұзбайды. Әлемге түсінікті әліпбиге көшу қазақ тілінің
өзіндік
табиғатын,
тазалығын, ерекшелігін сақтауға ыңғайлы.
Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаһандану заманында өмір сүріп отыр. Еліміздің тарихы
– бірегей мүмкіндіктерді іске асыру жылнамасы. Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге
түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы
болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе
әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне
көшуді қолға алу. Олай болса, латын әліпбиіне көшсек, қазақ тілінің буын үндестік
заңы, дыбыс үндестік заңы, ерін үндестік заңы бұзылудан сақталады, емлетануда
қиындық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан дыбысталмайтын және болмай-
тын басы артық 16 әріптен арыламыз, сөйлеу мәдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нор-
малар орфографиялық нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік
ұлт негізі қалыптаса бастайды, латын әліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды
жеңілдетеді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашады.
Бұл
- өз тарихымызды, рухани азығымызды жаңғыртудың белгісі.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». 12 сәуір, 2017 ж.
2. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 131 б.
3. Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда.
– 2000, 186 б.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 382 б.
Достарыңызбен бөлісу: