Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ



Дата05.11.2016
өлшемі32,59 Kb.
#734
түріСабақ
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, қара сөздерінің мазмұнын меңгерту.
  • Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
  • Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы
  • Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
  • Пәнаралық байланыс: қазақ тілі , музыка, тарих
  •  
  • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сәйкестендіру, тірек сызбалармен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, суретпен жұмыс
  • Сабақтың барысы:
  •  
  • I. Ұйымдастыру кезеңі
  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Сабақты Қазақстан Республикасы Әнұранымен бастау
  • Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
  • ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
  •  
  • Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.
  •  
  • Бүгінгі сабағымызды:
  • Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
  • Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
  • Абай сынды дана туған халықтың,
  • Ұл-қызы да болу керек дарынды, -
  •  
  • деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.
  • Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, тек қана елі ғана емес, бүкіл дүниежүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, мына тірек-сызбаларға сүйене отырып, топтастыру арқылы шолу жасай кетейік:
  • (бірнеше оқушы тірек-сызбаларды талдап өтеді)
  • Абай
  • кім?
  • Көркемсөз шебері
  • Философ
  • Көркем әдебиеттің қазығы
  • Ұлы ақын
  • Аудармашы
  • Ғалым
  • Композитор
  • Күйші
  • ІІІ. Жаңа сабақ
  •  
  • 1. Бүгінгі жаңа сабағымыз Абай шығармашылығын қорытындылау сабағы болғандықтан, «Жылдар жырлайды» айдарымен Абай атамызға қатысты айтулы оқиғаларды еске түсірейік.
  • Жылдар
  • Айтулы оқиғалар
  • 1
  • 1845
  • 2
  • 1904
  • 3
  • 1886-1889
  • 4
  • 1888-1890
  • 5
  • 1891
  • 6
  • 1895
  • 7
  • 1897-1898
  • Жылдар
  • Айтулы оқиғалар
  • 1
  • 1845
  • Абай атамыздың туылған жылы
  • 2
  • 1904
  • Абай атамыздың қайтыс болған жылы
  • 3
  • 1886-1889
  • Пушкиннен «Евгений Онегиннің» аударған
  • 4
  • 1888-1890
  • «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз» табиғат лирикасына арналған өлеңдерін жазды
  • 5
  • 1891
  • 6
  • 1895
  • Баласы Абдірахман дүниеден озды
  • 7
  • 1897-1898
  • Абай қазақтың әніне назар салып, музыка өнеріне мән берді
  • 2. Абай Құнанбаев атымен тікелей байланысты тұлғалар суреттері тізбектелген.
  • Осы суреттердің жұмбақ сырын шешіп көрейік
  • А.Бөкейханов
  • И.А. Крылов
  • А.С. Пушкин
  • Н.Лермонтов
  • М. Әуезов
  • А.Байтұрсынов
  • Оқушылар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады
  • Ә. Бөкейханов – Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалыса, өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.
  • М. Әуезов – Абай өмірі мен өнерінің мән мағынасын бар ынта-ықыласымен, асқан сүйіспеншілікпен терең зерттеді. Жазушы ұлы ақынның өшпес мұрасын, тарихи тұлғасын өз халқының тыныс - тіршілігімен, бүкіл өмір жолымен бірлікте алып, «Абай жолы» эпопеясын жазды.
  • А.С.Пушкин. Н. Лермонтов, И.А.Крылов – Абай, Пушкин, Лермонтов, Крыловтың өлеңдерін, поэмаларынан үзінді, мысалдарын қазақша сөйлетті.
  • А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың өте күшті, терең ақыны, қазақтың бас ақыны» - деп баға берді.
  • ІV. Енді Абай өлеңдерін «Сәйкестендіру» әдісі арқылы еске түсіріп өтеміз.
  •  
  • Абай атамыздың қандай өлеңдерімен таныстық?
  • Тақырыптары
  • Өлеңдерінің атауы
  • 1
  • Табиғаттың төрт мезгіліне арналған
  • «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
  • 2
  • Білім жайлы
  • «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Болыс болдым, мінекей», «Әсемпаз болма әрнеге»
  • 3
  • Адамгершілік мәселесі жайлы
  • «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Кәрі құдаң қыс келгенде»
  • 4
  • «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»,
  • 5
  • Адал махаббат мәселесі жайлы
  • «Ғашықтық, құмарлық – ол екі жас», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
  • Тақырыптары
  • Өлеңдерінің атауы
  • 1
  • Табиғаттың төрт мезгіліне арналған
  • «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Кәрі құдаң қыс келгенде»
  • 2
  • Білім жайлы
  • «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
  • 3
  • Адамгершілік мәселесі жайлы
  • «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап»,
  • 4
  • Зорлық – зомбылық, әділетсіздікке қарсы
  • «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Болыс болдым, мінекей», «Әсемпаз болма әрнеге»
  • 5
  • Адал махаббат мәселесі жайлы
  • «Ғашықтық, құмарлық – ол екі жас», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
  • Әрбір тақырып бойынша Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып өтейік
  • V. Абай әндерінің бәрі – қазіргі нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар. Абайдың өзі шығарған жиырма шақты өлең - әні бар.
  •  
  • Абайдың қандай өлеңдерін білеміз ?
  •  
  • «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қор болды жаным», «Алыстан сермеп», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Сен мені не етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш»
  •  
  • Абай тек қана әнші, ақын ғана емес, күйші
  •  
  • Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?
  •  
  • ( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)
  • VІ. Абай - әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен, жай мағынасын ғана аударумен шектелмей, Пушкин, Лермонтов Крыловтармен таласа отырып, өз ақындық қуатын, қарымын танытқан, қазақ өлеңінің шоқтығын көтерген ақын.
  • Абай аудармаларын еске түсіре кетейік:
  • Пушкиннен: «Евгений Онегин», «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі»
  • Лермонтовтан аударған өлеңдер саны жиырма жеті.
  • «Мұңлы шайтан», «Теректің сыйы», «Тұтқындағы батыр», «Дұға», «Жалғыз жалау»
  • Крыловтан: «Есек пен бұлбұл», «Піл мен кәнден», «Түлкі мен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бүркіт пен қарға»
  •  Оқушыларға бірнеше мысалдарын айтқызу
  • VІІ. Абай поэмалары қазақ өмірінен алынған емес, шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Поэмалар саны үшеу: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі».
  •  
  • Әрбір поэмасына тоқтала кетейік
  •  
  • Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздеріне ерекше тоқталуды жөн санадым. Себебі Абай қара сөздері көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер, бүгінде бағасын жоймаған құнды еңбек.
  • Абайдың қанша қара сөздері бар?
  • 45
  • Қазақ әдебиеті тарихында.ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сездерін жазуды қолға алған. Буған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
  • Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап керсетеді:
  • «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қагазга жаза берейін, ақ қагаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
  • Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ыншы қара сөзі қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз казақтардың тубі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
  • Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
  • Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-қүлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.
  • Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
  • Абайдың қара сөздері
  • Дүниенің тылсым сырларын тану:
  • Надандық, жалқаулық
  • т.б. сынау:
  • Ар-ұят, адамгершілік:
  • Еңбек:
  • Қазақ
  • мақалдары:
  • Қазақтардың мінез-құлқы:
  • Ғылым, білім, өнер:
  • Осы тақырыптық топтар бойынша қара сөздерін жіктеп көрейік
  • Абайдың қара сөздері
  • Дүниенің тылсым сырларын тану:
  • 7,19,31,38,43
  • Надандық, жалқаулық
  • т.б. сынау:
  • 3,6,8,11,18
  • Ар-ұят, адамгершілік:
  • 5,9,11,18,24,40,33
  • Еңбек:
  • 2,4,25,42
  • Қазақ
  • мақалдары:
  • 5,6,37,39
  • Қазақтардың мінез-құлқы:
  • 4,10,12,15,22,24,35,38
  • Ғылым, білім, өнер:
  • 23,32,33
  • Оқушыларға бірнеше қара сөздерін жатқа айтқызамын
  • Абайдың кейбір қара сөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндерінің астарлы сырын сынға алады.
  • «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» қара сөзін жатқа айтып көрейік
  • ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту
  •  
  • «Пікірі жоқ адамнан қорық» дейді шығыс даналығы. (Ауызша тіл, ой дамыту)
  • Әрбір адамның өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Сендер қазір өзінтану сабағынан да үйреніп жүрсіңдер.
  • Мақал-мәтелдер
  • Абайдың сыны
  • Өз пікірің
  • • Жарлы болсаң, арлы болма
  • • Қалауын тапса, қар жанады
  • • Атың шықпаса, жер өрте
  • • Алтын көрсе, періште жолдан таяды
  • • Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.
  • Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені күрысын
  • Сүрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сүрау керек, не аққан терден сүрау керек.
  • Жер өртеп шығарған аттың несі мүрат?
  • Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сүмдығын қоштағалы айтқан Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антүрған-ның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?
  • Енді Абай атамыздың бірнеше қара сөздеріне өз ойымызды білдіре кетейік. Мәселен:
  • Біз «Жиырма тоғызыншы» сөз арқылы Абайдың қазақ мақалдарының кейбіріне берген бағасымен, сынымен таныстық, өз ойымызды білдірдік. Абай тек мақалдарды сынап қана қоймаған, кей қара сөздеріндегі ойлары қанатты сөздерге айналып кеткен. Әсіресе «Отыз жетінші» қара сөздері осындай сөздерге бай. Енді біз де Абайша осы Абайдың өз сөздеріне пікірімізді білдіріп көрелік:
  • 1-нұсқа
  • р/с
  • Абайдың сөзі
  • Сенің сының немесе пікірің
  • 1.
  • Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
  • 2.
  • Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
  • 2-нұсқа
  • р/с
  • Абайдың сөзі
  • Абайдың айтпақ ойын анықтап, мағыналас қазақ мақал-мәтелдерін тап
  • 1.
  • Әкесінің баласы - адамның дүлппаны. Адамның баласы - бауырың.
  • Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
  • 2.
  • Жаман дос - көлеңке:
  • Басыңды күн шалса,
  • Қашып құтыла алмайсың;
  • Басыңды бүлт шалса,
  • Іздеп таба алмайсың
  • Жақсыға шаң жуымас
  • Жаманға жан жуымас
  • Басыңа іс түссе,
  • Жақсы көмек етеді,
  • Жаман күліп өтеді.
  • Жақсымен жолдас болсаң,
  • Жетерсің мұратқа
  • Жаманмен жолдас болсаң,
  • Қаларсың ұятқа
  • р/с
  • Қазақ мақалдары
  • Сенің сының
  • 1.
  • Ұялған сыбағасынан құр қалар
  • 2.
  • Жаман көрген досыңа,
  • Жаман көрген малың бер.
  • Көре-көре күйінсін.
  • 3.
  • Тойған үйге тоғыз бар.
  • 3-нұсқа
  • Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.
  • ІХ. Қорытынды:
  • Абай - ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
  • Абай насихаты - ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
  • Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіне керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
  •  
  • Абайдың өз сөзімен айтсақ:
  •  
  • Терең ойдың түбінде теңізі бар,
  • Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
  • Х. Бағалау
  •  
  • ХІ. Үйге тапсырма:
  •  
  • Эссе жазу.
  • «Абай даналығына түйген ойым» немесе Абай атаға хат.

Каталог: materialy -> kazak%20adebieti
kazak%20adebieti -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kazak%20adebieti -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты
kazak%20adebieti -> Сабақ мақсаты: Кіріспе сөз
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Далада» өлеңі 1 2 3
kazak%20adebieti -> Сабақтың мақсаты: білімділік
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың
kazak%20adebieti -> Сабақ жоспары «Блум таксаномиясына»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет