Өзектілігі. Заманауи спортта жетістік деңгейі органдардағы арнайы бейімделгіш өзгерістермен
қамтамасыз етіледі. Қайталанған дене жүктемелерінде нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың синтезі
белсендіріледі, соның нәтижесінде «ағзаның жұмыс қабілеттілігін шектейтін мүшені кеңейтетін
тармақталған құрылымдық із қалыптасады және осы арқылы ағзаның дене жүктемелеріне ұзақ уақытқа
бейімделуінің негізін құрады – жаттыққандықтың пайда болуының биологиялық негізі [1]. Жүйелі
құрылымдық ізді қалыптастыруда бүкіл ағзаның жасушаішілік және жоғарғы нейрогуморальдық
механизмдерінің үйлесімді жұмыс істеуі шешуші рөл атқарады. Белгілі бір сипаттағы жүйелі жаттығу
жүктеменің түріне сәйкес келетін өзгерістерге алып келеді. Осылай, жылдамдықты-күштік жүктеме басқа
бағыттағы жаттығулармен салыстырғанда бұлшықеттердегі креатинфосфатының шоғырлануының артуын
көбірек тудырады [2].
Білікті спортшынының дене дайындығы арнайы жаттыққандықтың максимумына қол жеткізуге
(немесе ұстап тұруға) бағытталған функционалдық бағыттылықтың сипатына ие болуы керек.
Спортшының біліктілігінің өсуімен арнайы дайындықтың өсуіне тек анағұрлым арнайы жаттығу әсерлерін
қолдану есебінен ғана (құралдардың, режимдердің немесе әдістердің құрамы, оларды қолдану бойынша)
қол жеткізілетіндігі анықталды. Алайда бастапқы кезеңдерде мұндай тәсілді пайдалану нәтижелі болмайды
[3].