Иван Васильевич Кутурга
1924 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Добромысловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты Украин, КОКП–ның мүшесі. Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың қыркүйек айында шақырылған соң Орлов жаяу әскер училищесіне жіберіледі. Оқуын аяқтауға мүмкіндік болмай – 1943 жылдың ақпанында өз курсантарымен бірге Брянск майданына аттанады. Ұрыс даласын Белоруссия және Балтық маңында өткізді. Тильзита, Кенигсберг, Данцига қалаларын алуға қатысады. Барлаушы, артеллерист болып соғысады. Төрт рет жарақат алады.
1945 жылдың басында 682-ші артиллериялық Қызылту полкінің 235-ші Витебск Қызылту Суворов ордені дивизиясының атқыштары қатарында нысанашы кіші сержант Иван Васильевич Кутурга Шығыс Пруссияда жойқын ұрыстарға қатысты. 20 қаңтарда оның батареясы Грос-Фридрихсдорф аймағында, шегініп келе жатқан жаудың ізіне түсіп келе жатып, жаудың жаяу әскер батальоны шамасындағы қорғаныста жатқан тобын кезіктіреді. Кіші Сержант Кутурга тез арада өз қаруын жауға бұрып оқ жаудырады. Бұл ұрыста оның оғынан жаудың 50 солдаты қайтыс болады. Нысанашының ерлігі мен тапқырлығы арқасында атқыштар бөлімінің шабуылын үдетуге көп көмегін тигізді.
Айырылып қалған рубеждерін қайтару мақсатында Лабиау қаласы маңында, 23 қаңтарда фашистер бірнеше қарсы шабуылға көшті. Соның бірі үлкен артиллериялық дайындықтан кейін үлкен жаяу әскер тобымен 10 танкті жібереді. Иван Кутурга нысанасын жауға дәл бағыттап, танктің шынжыр табанынан дәл түсіреді. Танк тоқтап қалып, келесі оқтары танк мұнарасына тиеді. Артынан іле екінші танк Кутурганың қақпанына түседі. Қалған фашист танктері жаяу әскерлерін тастап тым-тырақай қаша бастады.
Кутурганың қайсарлығы жаяу әскер бөлімшелеріне Лабиау қаласын иемденуге мүмкіндік береді.
19 наурыз Куменен ауданы тұсында жау жағы 20 танкіні алдыға алып қысқа мерізімдік дайындықтан кейін қайта шабуылға көшті. Жағдай күрделене түсті. Артиллерист Кутурга жау танкілерінің жақындағанын тосып, әуелі біреуін артынан екіншіснің көзін жояды. Бірақ неміс танкистеріне оның қолындағы қаруды істен шығаруға мүмкіндіктері туды. Осы уақытта Кутурга көрші жатқан қаруға ұмтылып, үшінші танкісін атып түсіріп және көпірді істен шығарады.
1945 жылы сәуірдің 6 мен 9 аралығында 235 атқыштар дивизиясы Кенигсбергке шабуыл жасауға қатысты. Иван Кутурга бұл соғыста 8 станкті пулемет, 1 бронетранспортер және жаудың 20 солдатының көзін жояды. Кірпіш зауыты үшін ұрыс барысында жау жағы екі пулеметті біздің бөлімшелерге қарсы қояды. И.В. Кутурганың есебінің арқасында дәл көзделген оғымен жаудың осы қаруынан басқа, екі автомат пушкасымен 30 шақты солдатын өлтіреді.
Соғыстағы ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша Иван Васильевич Кутургаға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Кейін офицер Иван Васильевич Кутурга Баку қаласында тұрып, әскери кадр болып қызмет жасайды. [30, б.447-448, 41, б.6]
Достарыңызбен бөлісу: |