Капсула шумақтарында жүретін сүзілу үдерісіне шумақ мембранасының барлық сүзілу үдерісі жүретін беткі қабаты, шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) әсер етеді. Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) жүректен шығатын қанның (Жүрек шығарылымының) шамамен 20%-ын құрайды және оның көлемі капиллярлардың тарылуы немесе кеңеюіне байланысты болады.
Құрал-жабдықтар:жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.
Мақсаты: Несептің түзілу қарқындылығына шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) және онкотикалық қысымның әсерлерін көрсету.
Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындылығы (мл) зерттеледі, содан соң келесі көрсеткіштердің өзгерістері анықталады: капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі, қанның гидростатикалық қысымы мен онкотикалық қысымы, және де несептің түзілу қарқындылығының өзгеруіне талдау жасалынады.