Саяси даму және модернизация Саяси қақтығыстар мен дағдарыстар.Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар 1)Саяси даму және оның өлшемдері Саяси даму деп саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетке және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу(модернизация) теориясы атқарады. Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.
2)Саяси жаңғырту ұғымы Саяси жаңғырту – бұл қоғамдық ойдың маңызды бағыты, оған дәстүрлі мәдени және әлеуметтік-экономикалық формаларды терістеу, саяси өзгеріс және жаңа қағидаттарды іздеу тән.ХХ ғасырдың ортасында саяси ғылымда жаңа категория: «саяси жаңғырту» «тіркелгендігін» айта кеткен жөн. Ол ғылыми және әдеттегі сөз қорына нық кірді. Социалистік жүйе мен Кеңес Одағының ыдырауынан кейінгі Еуразия, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді талқылау мен бағалау барысында бүгінде белсенді түрде пайдаланылады. «Саяси жаңғыртудың» мәнін түсіну үшін «саяси даму» категориясы маңызды болғандықтан, осы категориялардағы олардың ортақ және ерекше жақтарын көрсету мақсатында біз оның мазмұнын қысқаша қарастырамыз. Саяси даму ұғымы ғылыми әдебиетке ХХ ғасырда енді және ол саяси жүйелердің өзгеруі үдерісінің мазмұнын сипаттау үшін қолданылады. Аталмыш ұғым мен жай ғана саяси қатынастар жүйесіндегі өзгеріс фактісі емес, қоғамның саяси жүйесіндегі сапалық өзгерістер – саяси жүйенің күрделене түскен экономикалық және әлеуметтік жағдайларға үнемі бейімделу, жаңа қоғамдық мүдделер мен талаптардың пайда болуына шапшаң әрі тиімді түрде әсер ету, жаңа саяси институттар құру және қалыптасқан жағдайларға барабар олардың қызмет түрлерін жасау қабілетінің арта түсу үдерісі де белгіленеді. Демек, саяси даму – бұл саяси жүйенің қоғамдық ортаға икемді бейімделуі, оның сапалы жетілуі және өзінің қызметін жүзеге асыруда жаңа деңгейге өтуі, әлеуметтік мүдделердің қанағаттануы. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне көшу «саяси даму» немесе «саяси жаңғырту» терминдерімен анықталады. Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын қамтамасыз ету. Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады. Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді құрайтын өзгерулерді құрайды. Қорытындылай келе, саяси жаңғырту – саясаттың өзгерістерге, инновацияларға төзімділігінің, оның икемділігінің маңызды көрсеткіші екендігін, уақыт талаптарын қабылдай білу және оларға жауап беру екендігін айтуға болады. Мұқият ойластырылған және негізделген саясатты жаңғырту күйретудің қаупінің, әлеуметтік шиеленістің ұлғаюының сырын сыртқа шығармайды, ол саяси тұрақтылықтың негізі және кепілі болып табылады. Сонымен қатар, саяси жаңғырту – саясатты дамыту мен жетілдірудің терең қайнар көзі, табысты, нәтижелі саяси қызметтің міндетті шарты. 3)Саяси жаңғыртудың мақсаттары,белгілері
Саяси жаңғырту саяси жүйені, саяси қызметтің түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін, технологияларын, сондай-ақ, саяси бағдарламаларды, доктриналарды, тұжырымдамаларды, мақсаттарды, стратегияларды жетілдірудің, жаңарту мен өзгертудің тетігі болып табылады.