Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы


Б. Майлин поэзиясындағы өмірдің көркем шындығы



Pdf көрінісі
бет57/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
 
4. Б. Майлин поэзиясындағы өмірдің көркем шындығы
 
5. Б.Майлиннің поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі 
ҚОРЫТЫНДЫ 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті өзіне дейінгі ұлттық 
әдебиетіміздің бар асылын, үлгі дәстүрлерін бойына сіңіре отырып, 
дәуір талабына сай жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Әсіресе жаңа
ғасыр табалдырығын шығармашылық талаппен аттаған ақын-
жазушылардың қай-қайсысы да Абайды өзіне пір тұтты, хал-
қадірінше «бас ақын» межелеген биіктен көрінуге тырысып, түрлі 
ізденістерге бой ұрды. Дәстүрді жалғастыру мен жаңашылдыққа
ден қою ой сана тұтастығына, идеялық-көркемдік бірлікке алып 
келді.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінде түрлі 
әдеби 
бағыттар 
қалыптасып, 
ақын-жазушылар 
шығармашылығындағы өмір шындығын суреттеу тәсілдері сан алуан 
реңктермен толыға түсті. Түрлі бағыттағы идеялық-көркемдік
ізденістер әдеби ағым-бағыттардың толыса, кеңейе түсуіне игі әсер 
етті. Өмір шындығын, ұлт мүддесін, замананың өркениетті 
көріністерін алға тарта отырып, өз тұсындағы озық ой-санадан өріс
тапты, соны жетекші идеяға айналдырды.
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде әдеби жанр мәселесі де көркем 
әдебиет өркендеуінің көрсеткіші ретінде көрінді. Расында, ХХ 
жылдардағы әр түрлі әдеби ағымдардың пайда болуы көрсемдік-
эстетикалық талаптан туған сұраныстың нәтижесі еді. А.Байтұрсынов 
бастап, М.Жұмабаев жандандырған ой-идея кеңестік дәуірде де өз
өміршеңдігін танытты. 
Алайда, 1917 жылдың ақпанында белгі берген еркіндік, сол 
жылдың қазанынан кейін өзгеше арнаға бет бұрды. Қалай дегенде де, 


70 
кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті сол қоғам ұстанған саяси -әлеуметтік 
идеологияның жетегінде болғаны анық. Дегенмен, олардың көбінде 
тарихи шындық жазушы қиялы арқау болған көркемдік шешім арқылы 
ажарлана түсіп, шынайы өнер туындылары да дүниеге келіп жатқанын 
әсте естен шығаруға болмайды. 
С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин сынды әдебиет 
алыптарының 
шығармашылығында 
кеңестік 
өмір 
көбірек 
жырланғанымен, шындығына келгенде, шығармашылық болмыс жеңіп 
кетіп, ақын-жазушылар өз туындыларында көркемдік шындықтың 
еркіне бағынып, өнер табиғатының құдіретіне бағынды. Олардың 
кейін 37- жыл зобалаңына ұшырауына да көбіне осы бір 
шығармашылық тұлға ретінде өнер шындығының еріктен тыс қатал 
заңдылығына бағынғандығы «кінәлі» еді. Өйткені олар тума талант, 
шын дарындар болатын. Сондықтан да өнер заңдылығын бұзуға ары 
бармағаны анық.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ әдебиеті 
– 
шын мәніндегі алтын ғасыр әдебиеті. Ол – қазақ әдебиеті дамуы 
тарихындағы жазба әдебиеттің мейлінше дамыған, ең бір өркенді де 
өскелең кезеңі. Ол - алдыңғы дәуірлерді жаңашылдықпен дамытқан, 
кейінгі кезеңге дәстүр ретінде жаңа серпін берген өміршең әдебиет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет