Тақырып 2. Жаратылыстану және биология пәнін оқытудың даму тарихы
1.Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің тарихына қысқаша шолу жасаңыз. Жаратылыстану ғылымын оқытудың әдістемесінің даму тарихы ХVIII ғасырдан басталады.Ежелгі Русьтің мектептерінде табиғат туралы пәндер оқытылмады. Мектептерде жаратылыстануды оқыту ХVIII ғасырдың аяғында енгізілді. Табиғат байлықтарын және экономиканы дамыту үшін мемлекетке білімді адамдар керек болды. ІІ Екатерина халық училищесін және мұғалімдер семинариясын (1783) ашты. Халық училищесі мен мұғалімдер семинариясында алғаш рет жаратылыстану оқытыла бастады. Жаратылыстанудан оқулық құрастыруға, мұғалімдер семинариясында дәріс оқуға академик Василий Федорович Зуев (1754-1784) келді. 1786 жылы Зуев фамилиясын кӛрсетпей «Ресей империясындағы халық училищелеріне арналған жаратылыстану тарихының сызбалары» атты оқулық шығарды. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылыстануды оқытудың бірізділігін қалыптастырды. 1. Қазбалар патшалығы (өлі табиғат) 2. Өсімдіктер патшалығы (ботаника) 3. Жануарлар патшалығы (зоология) В.Ф.Зуев оқу пәні ретінде жаратылыстанудың негізін қалады. Ол жеке жеке өсімдіктерге, жануарларға, олардың биологиясына сипаттама беріп, оларды адамның қолдануы туралы, өсімдіктің «жасушалық» құрылымы туралы айтылып кеткен. «Жаратылыстану тарихын» оқытудың практикалық мәселелерін шеше отырып, В.Ф.Зуев әдістеменің негізгі мәселелерін шешуге тырысты: ғылым және оқу пәні, ғылымилығы, мазмұнының жүйелігі және бірізділігі, оны берудің тиімділігі, табиғи және бейнелеу көрнекіліктердің орны, оқушылардың білімдерінің мәні, жаратылыстану тарихының білім берудегі практикалық рөлі. Ең алғашқы жаратылыстанудың әдістемесін 40-жылдары Германияда мұғалім Август Любен (1804-1873) жазып шығарды. Оның принциптері А.Н.Бекетовтың және басқа да алдыңғы қатарлы педагогтардың идеясына сәйкес болды. 1918 және 1920 жылдары биологиядан алғаш рет бағдарлама шығарылып, В.В.Пловцовтың оқулықтары мен әдістемелері қайта баспадан шығарылды.Алғашқы бағдарламаларда негізгі назарды мазмұнына емес, оқыту әдістеріне көп бөлді. Мұғалімдерге көмек үшін 1935 жылдан бастап «Биология және химия мектепте» журналы шыға бастады, ал 1937 жылдан 1941 жылға дейін Б.В.Всесветскийдің редакциялық етуімен «Биология мектепте» журналы, 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциялығымен «Жаратылыстану мектепте» журналы қайта шығарылды. Алғашқы жылдары мектептегі пәндер жүйесінде сабақтың әдістемелік мәселесін шешіп алу керек болды. Үй тапсырмасының ерекше әдістемесі пайда болды: білімді қайталайтын, бекітетін және экспериментальді сипат алды. Кластан тыс жас натуралистердің сабақтары курстар бойынша (ботаника, зоологяи, физиология, дарвинизм) жіктеледі. Қоғамдық пайдалы еңбек, құстар күні, орман, бақша аптасы, ғылыми кештер белгілі бір тақырыптарды ӛткеннен кейін ӛткізілді. Осы оқытудың формалары сабақпен және ӛзара бір бірімен тығыз байланыста болды.Осылай биологияны оқытудың формаларының жүйесінің мәселелері шешіле бастады. Қазіргі уақытта әдістемеде теориялық анализ бен синтез кезеңі, яғни жеке әдістемелік мәселелерді терең, біруақытта зерттеу, мәліметтерді жинақтап жүйелеу кезеңінде жүріп жатыр. Диссертациялар тақырыптарының мәселелерін, зерттеу жұмыстарының нәтижесін, мұғалім тәжірибелерін жалпы әдістеме бойынша жалпылау жүріп жатыр.