1. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің тарихына қысқаша шолу жасаңыз


 И.И.Полянский және Л.С.Севруктың еңбектерінің маңыздылығы неде?



бет4/7
Дата16.11.2022
өлшемі33,55 Kb.
#158467
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ (2) (копия)
treatise124489, 10 Практ Рахат, Шумер мәдениеті және жазу түрлері
4. И.И.Полянский және Л.С.Севруктың еңбектерінің маңыздылығы неде?
Иван Иванович Полянский (1872-1930) жаратылыстануды оқытудың белгілі әдіскері. Бастауыш сынып оқушыларына арналған табиғаттану оқулығын жазған. 1904 жылы "Табиғаттың үш бөлігі" (Отрех царствах природы) атты еңбегі, 1917 жылы "Бастауыш жаратылыстанудың әдістемесі" ( Методика начального естествознания) әдістемелік құралы жарық көріп, онда жаратылыстану табиғат туралы ғылым болғандықтан, педагогика мен психологияның жетістіктеріне сүйене отырып, зерттеу әдісі негізінде оқытылуға тиіс деп көрсетеді. Педагогика, психология және дидактикаға сүйенген жағдайда берілітін білім әр уақытта бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктерін ескереді де оқыту әдістерін орынды қолдануға жағдай туғызады дейді. Жаратылыстануды оқыту оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталып, табиғат құбылыстарының байланысын түсіндіруге негізделгені дұрыс екенін көрсетеді. Сондықтан да бастауыш буынның алғашқы екі сыныбында заттаныту сабақтары жиі ұйымдастыфрылып, онда деректі материалдар туралы оқытылуға тиіс. Оқитын зат туралы алдынала оқулықтан не мұғалімнің сөзінен оқымай,
оқушылар өздері қатыса отырып, әр заттың қасиетін, түрі-түсін, олардың байланысын анықтайтын болса, олар өздері жаңа ашылыс жасағандай сезінеді. Байқағандары туралы өздері айтуы керек, оның қортындысын да өздері жасауға тиіс. Бұл талап жаратылыстануды оқытудың алғашқы күнінен-ақ қойылады дейді. Жеке заттар туралы оқудан біртіндеп, табиғат құбылыстарын, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты оқуға көшу арқылы бұлардың арасындағы байланысты жақсы түсінетін болады. Ол үшін табиғатқа топсаяхатқа шығу және тәжірибелер жасау басым орын алуға тиіс.
И.И.Полянский педагогикалық үрдіні ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Ол жаңа материалды түсіндіру сабағы, сарамандық сабақ, топсаяхат, қортынды сабақ түрлерін ажыратып көрсетеді де, осылардың бәрі бір-бірімен байланыста өту керек екендігін айтты. Білім беруде ең негізгі сабақ болса, үй тапсырмасы тек сол сабақты толықтыратын бөлім ретінде қаралды.
Сонымен өзінің әдістемелік еңбегінде әдіскер оқушылардың білімді меңгеру барысындағы танымдық әрекетіне, білім беру түрлеріне олардың арасындағы байланысына, үй тапсырмасы мен сабақтан тыс жұмыс түрлеріне баса көңіл бөлді.
Революцияға дейінгі кезеңде бастауыш сыныптардағы жаратылыстануды оқытудың жүйесі А.Я.Гердттің еңбегі негізінде жүзеге асты. Яғный бастауыш сыныпта тірі және өлі табиғат туралы білім бере отырып, олардың арасндағы байланысты, дүниенің біртұтастығын ұғындыруға баса көңіл бөлінді. Іс- тәжірибеде сөздік әдістен басқа бақылау, тәжірибе әдістері енгізілді. Сүйтіп, бастауышта жаратылыстануды оқытудың әдістемесі бойынша азды-көпті тәжірибе жинақтала бастады. Бұл бастауыш сыныпта табиғаттану пәнін оқытуды теориялық та, әдістемелік те жақтарынан байыта түсті. Бірақ, ескі діни пікір мен жаңа материалистік көзқарастың туындауы бұл екеуінің арасындағы қарама қайшылықтың туындауына әкелді.
Дегенмен, қоғамның дамуы, мәдениеттің өрлеуі және күнделікті ашылып отырған түрліше ғылыми жаңалықтар оқушыларға өзерін қоршаған ортадан материалистік түсінік беруді талап етті. 1900-жылы жаратылыстану мұғалімдерінің Бүкіл Россиялық І-съезі болды. Онда жаратылыстану пәндерін оқытуды мұнан былыай мектеп қабырғасынан тыс қалдыруға болмайтындығын атап көрсетті. Міне осыған байланысты революцияға дейінгі кездің өзінде-ақ, бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту жөнге қойыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет