«Физика және астрономия » пәнінен үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы негізінде «Жарық табиғаты. Жарықтың таралуы.» тақырыбына құрылған аралас сабақтың әдістемелік нұсқауы
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жарық табиғаты. Жарықтың таралуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жарықтың табиғаты туралы ұғымды өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, деңгейлік тапсырмаларды орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай тұғызу.
Дамытушылық: әрбір студенттің үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту, логикалық ойлау, танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, репродуктивтік әдіс, әңгімелесу, үшөлшемді әдістемелік жүйе технологиясы, өзін-өзі бағалау.
Сабақтың көрнекіліктер: Жұмыс дәптері, слайдтар, бейне таспа, плакат, буклет, бағалау парағы.
Сабақ құрылымы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді қайталау, үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
«Көпір» тапсырмалары
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
«Білу» тапсырмалары
«Түсіну» тапсырмалары
«Талдау» тапсырмалары
«Жинақтау» тапсырмалары
«Қолдану» тапсырмалары
«Баға беру» тапсырмалары
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
«Кері байланыс» тапсырмалары
І деңгей: «Білу», «Түсіну» тапсырмалары
ІІ деңгей: «Түсіну», «Қолдану» тапсырмалары
ІІІ деңгей: «Жинақтау», «Баға беру» тапсырмалары
V. Үй тапсырмасы
VІ. Қорытынды
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) сәлемдесу, студенттерді сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
2) сабақтың мақсатымен таныстыру.
3)студенттерге ашық журнал, мониторинг парақтарын таратып беру. (қосымша 1, қосымша 2)
ІІ. Өткенді қайталау, үй тапсырмасын тексеру.
үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
Герц тәжірибесінің кемшілігі?
Радиобайланыс іс жүзіне қалай асады?
Радиобайланыстың қандай түрлері бар?
Тербелістерді модуляциялау дегеніміз не?
Тербелістерді детектірлеу дегеніміз не?
Радиотолқындардың түрлерін ата?
Радиолокатордың жұмысы қандай принциптерге негізделген?
«Көпір» тапсырмалары
«Көпір» тапсырмалары
|
І-кезең
Сұрақтарға жауап бер, бос орынға қажетті сөздерді жаз.
Қандай толқынды электромагниттік толқын деп атайды?
Жауабы: Айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атаймыз.
Электромагниттік толқындар қандай толқын түріне жатады?
Жауабы: Электромагниттік толқындар - қөлденең толқындар.
Электромагниттік толқындар вакуумде қандай жылдамдықпен таралады?
Жауабы: Электромагниттік толқынның вакуумдегі таралу жылдамдығы
Электромагниттік толқындардың ортада таралу жылдамдығы қандай формуламен анықталады?
Жауабы: Электромагниттік толқынның ортада таралу жылдамдығы формуласымен анықталады.
Электромагниттік толқындардың диапазонында жарықтың толқын ұзындығының аралығы қандай?
Жауабы: Электромагниттік толқындардың диапазонында жарықтың толқын ұзындығы 380 нм (күлгін түс) 760 нм (қызыл түс) аралығында болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |