Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет129/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Тотығу-тотықсыздану потенциалдары деген не, олар қалай анықталады және нені сипаттайды?

    2. Тотығу-тотықсыздану индикаторлары деген не, олардың түсінің өзгеруіне қандай химиялық процесс әсер етеді?

    3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?



ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ. БИХРОМАТОМЕТРИЯ. ИОДОМЕТРИЯ

KMnO4 → K+ + MnO4-, MnO4- - күшті тотықтырғыш, ол реакция ортасына байланысты тотықсызданады: қышқыл ортада


MnO4- + 5e + 8H+→ Mn2+ + 4H2O, E = 1,51в, mэ = M(KMnO4)/5 = 31,5г/моль. Бейтарап ортада MnO4- + 3e + 3H2O→MnO(OH)2 +4OH-
mэкв. = M(KMnO4)/3 = 52,68г/моль, E = 0,59в.
Бұл реакциялардан KMnO4 – тің қышқыл ортадағы тотықтырғыш қабілетінің жоғарылығын көруге болады. Сонымен бірге түссіз Mn2+ - ионы түзіледі, сондықтан эквивалент нүктені анықтау қиындық туғызбайды. Перманганатометрия әдісі индикаторсыз жүреді. Перманганатта әр уақытта MnO2 қоспасы болады және күн сәулесінен, тотықсыздандырғыштар әсерінен тез айрылады, сондықтан оның концентрациясы алғашқы уақытта тез азаяды. Перманганат концентрациясын 7-10 күн өткен соң ғана анықтайды. Перманганат ерітіндісін қоңыр түсті шыны ыдыста, қараңгы жерде сақтау қажет. Перманганаттың 0,02-0,05н ерітіндісін дайындайды.
KMnO4 ерітіндісінің титрін H2C2O42H2O, Na2C2O4 ерітінділері арқылы анықтайды.
2MnO4- + 5C2O42- + 16H+ → 2Mn2+ +8H2O + 10CO2
C2O42- - 2e → 2CO2
MnO4- - 5e +8H+ → Mn2+ + 4H2O
mэкв.Na2C2O4 = 134/2; mэкв.H2C2O4 2H2O = 126,06/2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет