Орындаған: Молдабек Аида



бет1/10
Дата16.05.2020
өлшемі334,11 Kb.
#69048
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
қан ұю биохимиясы


Орындаған: Молдабек Аида

1.Медициналық сүліктің сэілекей бездерінде тромбиннің ингибиторы – гирудин пептиді болады. Адам қанында гирудин тромбинмен комплекс түзеді. Соның салдарынан, тромбин фибриногенді фибринге айналдыру қабілетінен айрылады. Түсіндіріңіз, неліктен гирудотерапия (сүлікпен емдеу) жүрек қантамырлары аурулары кезінде тромбоздар профилактикасы үшін қолданылады? Сұрақтарға жауап беріңіз:

А. фибриндік ұйыманың түзілуі кезеңдерін сипаттаңыз;

Фибриндік ұйыманың түзілуінің 4 кезеңі бар:



  1. Фибриногеннің фиброн мономеріне айналуы, яғни бұл кезеңде фибриноген теріс зарядталған А және В фрагменттерінен айырылу арқылы фибрин мономерлері түзіледі. Бұл реакцияны тромбин ферменті (IIa) катализдейді. Осы тромбин аргинил глицил арасындағы 4 пептидтік байланысты гидролиздейді.

  2. Ерімейтін фибрин гелінің түзілуі, Фибрин мономерлері түзілген соң Е мен Д домені арасында байланысу орталықтары ашылады. Яғни фибрин молекуласының біріншілік агрегациясы бір молекуласы Е доменімен, басқа молекуласы Д доменімен байланысу арқылы жүреді де, домендер арасында коваленттік емес байланыс түзіледі. Фибрин гелі өзі екі жіпті протофибрилдер түзеді, ал олар көлденең шоғырланып, қалың фибринді талшықтар түзеді. Фибрин гелі тұрақсыз болып келеді, себебі коваленттік емес байланыспен байланысқан.

  3. Фибрин гелі тұрақтану, олар лизин және глутамин қалдықтары арасында амидтік байланыс арқылы жүзеге асады. Бұл реакцияны трансглутамидаза катализдейді. Осының әсерінен шектелген протеолиз белсенді қалыпқа ауысады.

  4. Фибринді қоймалжың ретракциясы, гелдің ретракциясын тромбостенин қамтиды. Фибринді қоймалжың ретракциясы нәтижесінде қан айналымы қалпына келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет