Hum1341 Әлеуметтік-саяси білім модулі (МӘдениеттану, психология) ПӘні бойынша дәріс кешені



бет3/61
Дата22.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#193010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Дәрістер жинағы (копия)

Аффилирация мотивіне қарсы антипод - бұл бас тарту мотиві, ол танысу арқылы жеке қабылданбайды, қабылдамау қорқынышымен көрінеді. Биліктің мотиві - бұл адамның басқа адамдарға билік ету, оларға үстемдік ету, басқару және билік ету ниеті. Альтруизм - бұл адамдардың адамдарға жанқиярлықпен көмектесуге деген ұмтылысы, керісінше - эгоизм, басқа адамдардың және әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделеріне қарамастан, өзінің жеке қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру. Агрессивтілік - адамның басқа адамдарға физикалық, моральдық немесе мүліктік зиян тигізгісі келетінін, оларды мазасыздыққа душар еткісі келеді. Агрессивтілік тенденциясымен қатар, адам оны тежеуге бейім, өз әрекетін жағымсыз және жағымсыз деп бағалауға байланысты, өкініш пен өкініш тудыратын агрессивті әрекеттерді жасыруға себеп болады.
Көптеген жағдайларда агрессия субъектінің көңілі күйзеліске реакциясы ретінде пайда болады - адамның мақсатқа жету жолында немесе проблеманы шешуде (сәтсіздікті бастан кешуде) туындаған объективті өтеусіз (немесе субъективті түрде қабылданатын) қиындықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.
Бақылау сұрақтары:
1. Мотив дегеніміз не?
2. Мотивация дегеніміз не?
3. Агрессивтілік дегеніміз не?
4. Аффилиация дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б
4. Немов Р. С. Психология. «Просвешение». М.,1995,235-241с.
5. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996,94-
106с.
6. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.


Дәріс 3. Эмоциялар мен эмоционалды интеллект.
1. Эмоциялар туралы түсінік: әсер, сезім, көңіл-күй, стресс.
2. Эмоцияны реттеудің әдістері мен тетіктері: эмоцияларды қайта ойластыру және эмоцияны басу.
3. Эмоционалды зияткерлік танымдық қабілет ретінде және адамның жеке қасиеті ретінде.

Адамның таным процестерiнен ерекше орын алатын психикалық процестер түйсiк, ойлау, ес, қиял т.б. процестердiң әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудiң түрлi формалары екенi бұлар бiзге айналамызды әр қырынан танытатыны, әр қайсысының өзiне тән ерекшелiктерi мен заңдылықтары бар екендiгi жан-жақты сөз болады. Адам реалдық дүниенi тек танып қана қоймайды, оған өзiнiң қатынасын да бiлдiрiп отырады, ол бiр нәрсенi ұнатады, бiреудi жақсы көредi, екiншi бiреуге салқын қарайды. Бiр сөзбен айтқанда өз қажеттерiне қарай айналасына түрлi көңiл – күйiн бiлдiрiп отырады.


Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттерiне сәйкес келу-келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болып отыратын психикалық процестiң түрiн сезiм деп атайды. Қажеттiлiктердiң түрлi жағдайларға байланысты түрлiшi өтелуi адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезiмдердi туғызып отырады. Қуаныш пен қайғы, ашу, қорқу, ұят, сүйiспеншiлiк, жек көрушiлiк, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезiмнiң сан алуан түрлерi. Сезiмдер адамның тiршiлiк қажетiне өзара қарым- қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрiнедi. Адамның сезiмдерi тарихи-әлеуметтiк сипатта болады, демек адамның өмiрi қоғамға байланысты, оның әрекетi де қоғамдық сипатта болып, сезiмнiң мазмұнын қоғамдық болмыс белгiлеп отырады. Сезiмдерден эмоцияларды айыра бiлу қажет, сезiмдерден эмоцияларды дұрыс айыра бiлмеушiлiк, яғни бұл эмоция мен сезiм ұғымдарының арасындағы айырмашылықты көрсетедi.
Эмоция адамның түрлi органикалық қажеттерiне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңiл-күйлерi, адам қуанғанынан, қамыққанынан көзiне жас алса , не болмаса бiр нәрсеге мәз болып, шек-сiлесi қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгiлi.
Эмоцияда мәнерлi қозғалыстар адамның сырт пiшiнiнен байқалатын ым-ишаралар көбiрек байқалады. Эмоциялардың қызыметiн лимби жүйесiмен ми бағанасының үлкен ми сыңарларына жақын жерi гипоталамус бөлiгi – дененiң зат алмасуын, температурасын реттестiретiн нерв орталығы басқарып отырады. Осы нерв орталықтарына зақым келсе адам тойғанын бiлмейтiн немесе өмiрде шөлi қанбайтын жағдайға ұшырайды.
Эмоциялар жануарларда да кездеседi. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезiмдерiне лайықты көрiнiстер жануарлар психикасында кездеспейдi. Сезiмдер мен эмоциялардың бiрнеше сапалық ерекшелiктерi бар. Олардың сапасын көрсететiн осындай ерекшелiктерiнiң бiрi- қарама-қарсы полярлық сапалықтар деп аталады. Мәселен, сүйсiну, с үйсiнбеу, көңiлдену, қажу, шаттық уайымт.б. осы секiлдi сапалары өз ара екi полюске ажырасып, бiрiне-бiрi қарама-қарсы мағынада болады. Сезiмдердiң екiншi ерекшелiгi олардың актив (қажырлы) пассив (солғын) болып бөлiнуiнен көрiнедi. Адамға күш берiп әрекетке ұмтылдыратын көтерiңкi сезiмдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерiн астеникалық деп атайды. Бiрiншiсiне: патриотизм, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екiншiсiне: уайым, енжарлық, көңiлсiздiк т.б. сезiмдер жатады. Сезiмдердiң үшiншi бiр ерекшелiгi: жiгерлену және кернеуден босану немесе шешiлу. Бұл да сезiмдердiң қарама-қарсы сапаларының бiрi. Мәселен, студенттердiң емтиханнан өтуi, спортпен айналысатын адамдардың мәреге жетуi шешушi кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жiгерiн жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бiр күйге түседi, мұны кернеуден босану (шешiлу) сезiмi дейдi.
Шамадан тыс күштi тiтiркендiргiштер адамда көбiнесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адам ұдай қинала беретiн болса оның денесi құрып, берекесi кетедi. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деп атайды. Стресс үш түрлi жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрiнiсiн мазасыздану кезеңi дейдi. Организмнiң күштi тiтiркендiргiштер мен айқасқа түсуiн күш салу немесе зорлану кезеңi деп атайды. Адам сырттан келетiн әсерлерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап әрекет жасаудан қалады. Сезiмдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетiнде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмiр үшiн күресте күштi сезiмдерсiз табысқа жету қиынға соғады. Эмоцияларды бiрнеше топтарға жiктеуге болады. Олардың бiр тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т.б. осындай эмоцияларға жатады. Эмоциялардың ендi бiр тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делiнедi. Бұлар – белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену т.б. жатады. Осы айтылғандар мен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар болып табылады. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерiнiң өтелу-өтелмеуiне байланысты туып отырады. Мысалы: күрделi түрлерiне, көңiл, аффект құмарлық эмоциялары кiредi. Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бiр ерекшелiк – олардың сан-алуан мәнерлi қозғалыстардың болып отыратындығында. Ч.Дарвин осы күнгi адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстардың бiразы бiздiң ерте кездегi ата-бабаларымыздың тiршiлiгiнде елеулi орын алған әрекеттiң қалдығы екендiгiн айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйiп тiстенедi, қабағын түйiп булығады, демiн әзер алып, танауы делдиiп кетедi, жүрегi тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлi қозғалыстардың әрқайсысының өзәiнше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтiрiлген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейiн деп тұрған адамның келбетiр , даярлық белгiсiн байқауға болады. Ертедегi адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердiң алдында денесiн соған бейiмдеп алып, сонан кейiн айқасатын болған. Қазiргi адамдар үшiн мұндай көрiнiстер дөрекi, ебедейсiз қимылдар болып табылады. Мұндай ебедейсiз қимылдар мәдениеттi адамның қылығына ешбiр сиымсыз сипат. Бұған көбiнесе сотқар, ызақор, кекшiл адамдар бiр табан жақын тұрады. Адамдардың сана-сезiмi өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседi. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерiстер түсiретiнiн, бет әлпетi мен (мимика) бүкiл дене қимылдарына (пантомимика), сөздiң интонациясы мен тембрiне, дикциясы ме паузасына да өзгерiстер енгiзетiндiгiн дәлелдейтiн мысалдар көп. Қоқу эмоциясы кезiгде адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсi бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесi дiрiлдеп-қалшылдайды, шашы үрпиiп, көзi шарасынан шығып, даусы қарлығып, үнi кiбiртiктейдi, аузы кеберсiп, тынысы өзгередi, бетi шiмiркенiп, бүкiл денсi қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Эмоциялық жағдай кезiнде адамның денесiнен байқалатын әр түрлi мәнерлi қозғалыстарды Абай өлеңдерiнен көптеп кездестiруге болады.
Күрделi эмоциялар.
Күрделi эмоциялардың бiрi – көңiл. Кейпiне қарап адамдарды шат, жайдары, ызалы, жылы жүздi, түсi суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңiлiне айналасын қоршаған дүние әсер етiп отырады. Егер оның қызметi жақсы жүрiп жатса, ұжымы ынтымақты болса, жанұя жағдайы жарысымды болса, көңiлi де көтерiңкi болады. Көңiлге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелерiнiң ерекшелiктерi де әсер етедi. Өмiр-тiршiлiгi үшiн елеулi маңызы бар оқиға да адамның көңiлiне үлкен iз қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген iсi оңға басса, немесе бiр нәрсеге қолы жетсе шат-шадыман күйге түседi. Керiсiнше ол ылғи да сәтсiздiкке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таппай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренiштi күйде жүредi. Сондықтан да “көңiлсiзден күлкi шықпас”, “адам көңiлден азады” деген мақалдар тегiннен-тегiн айтылмаған. Ерiк-жiгерi күштi, рухани өмiрiнiң мазмұны бай адамдар тiптi ауыр жағдайларда да көңiлдi жүредi. Оптимистiк, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау – революционерлердiң ең басты қасиетi болды. Адам өз көңiлiнiң қожасы болу керек екендiгiнi iс жүзiнде көрсете бiлдi.
Эмоцияның бiр түрi аффектер. Аффектер дегенiмiз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етiп қатты көрiнетiн эмоцияның түрi. Аффектер кейде адамның психикалық кейпiн бұзып, мәнерлi қозғалыстарға толы, ерiк күшiнiң әлсiреу жағдайында өтедi. Аффект кезiнде адамның “есi шығып” кетпейдi. Денi сау адамдарда болатын аффектердi адамның жеке басының кемшiлiгi деп түсiну керек. бұл адамның өзiн меңгере алмауы, ерiк тәрбиесiнiң кемiстiгi. Ерiк-жiгерi күштi адам мұндай ұшқалақтыққа баомайды. Ондай адам не iстесе де ойланып iстейдi.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетiнiң негiзгi бағытына iз қалдыратын күштi, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзiнiң қоғамдық мәнiмен бағаланады. Егер еңбекке, ғылымға, искуствоға құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлық ұнамсыз. Құмарлық кiсiге жүк артады, мiндеттiлiк туғызады, борышты етедi, бұлар еңбекке жүктейдi, еңбек ғылыммен өнерге ашылған жол.
Жоғары сезiмдер.
Жоғары сезiмдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершiлiк, эстетикалық, интелектiк деп аталатын сезiмдер кiредi. Қоғамдық өмiрдiң талабына сәйкес адам мiнез-құлқынан жиi көрiнетiн сезiмдердiң бiрi моральдық немесе адамгершiлiк сезiмдер. Адамгершiлiк немесе моральдық сезiмдердiң мазмұны да құрылымы да күрделi болады. Ар-намысты қорғау – адамға аса жарасымды сипат. Сезiмнiң осы түрi көбiнесе қайсар, өжет, табанды адамдардан жиi байқалады.
Жоғары сезiмдердiң екiншi бiр түрi – эстетикалық сезiмдер. Эстетикалық сезiм дегенiмiз адамның шындықтағы қандай болмасынбiр сұлулықты сезiнуi. Бұл тектi сезiмдер сұлу, сымбатты, өмiрге үйлесiмдi, әдемi көрiнiстердi тамашалау немесе табиғаттағы, көркемөнердегi әсiресе, өмiрдегi шынайы, әсем нәрселерден ләззәт алу кездерiнде байқалады.
Жоғары сезiмдердiң бұдан басқа түрi – интелектiк сезiмдер. Интелектiк сезiмдер адамның тану процестерiмен, ақыл-ой әрекетiмен тығыз байланысты. Интелектiк сезiмнiң түрлерiне таңсықтау, бiлуге құмарлық, күдiктену, сенiмдiлiк, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.б. сезiмдер жатады.
Сезiм саласындағы дара айырмашылықтар. Адамдардың сезiм саласындағы айырмашылықтары түрлiше болады. Жанұя тәрбиесiне, тұрмыс-жағдайына, денсаулығына, нерв жүйесiнiң типтiк ерекшелiгiне, бiлiм қорына, өзiн-өзi тәрбиелеу дәрежесiне, жас өзгешелiгiне байланысты т.б.
Балалардың эмоциялар мен сезiмдерiнiң дамуы. Балалардың қарапайым эмоциялары туған күннен бастап-ақ көрiнедi. Бала есейген сайын эмоциялар бiртiндеп дами түседi. Мектеп – бала сезiмдерiн жүйелi әрi жоспарлы түрде дамытып отыратын арнаулы орын. Мұғалiмнiң осы саладағы жүргiзетiн жұмыстарының кейбiрi мынадай:
1.Бала эмоциялары мен сезiмдерiн тек құрғақ сөзбен жалаң үгiт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкiндiгiнше бұл сезiмдердi бала өз басынан кешiретiн болсын.
2.Сынып, мектеп ұжымында берiк орын алған салт-дәстүрлер – бала эмоциясын дамытып, тәрбиелеуде маңызы зор.
3.Сезiмдердi тәрбиелеудегi басты жолдардың бiрi – балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзiнiң аффектерiн тежей бiлуге дағдыландыру.
4.Оқушылардың жоғары сезiмiн тәрбиелеу iсi оның дүние танымы мен сенiмiн, жеке басын қалыптастыру iсiмен қоса жүргiзiлуi тиiс. Бала сезiмiн тәрбиелеушiлердiң де, ата-ананың да сезiмдерi өз дәрежесiнде болуы тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет