Гармон тілінің жұқалығы мен қалыңдығы бірдей болғанымен олардың
материалы әр түрлі болса, дыбыстың қоңырлығы мен ашшылығы түрліше болады.
Өйткені олар материалына қарай да түрленеді.
Дыбыс үшін қозғалу керек, қозғаушы күш керек. Қозғалыстың әлді-
әлсіздігіне қарай, яғни қандай күшпен қозғалуына қарай дыбыс түрленіп шығады.
Әр түрлі затты бір темппен қозғауға болады, бірақ бұлардың бітісіне қарай дыбысы
түрлі-түрлі естіледі. Себебі олардың құрылысы, қозғалудағы шапшаңдығы әр
түрлі.
Достарыңызбен бөлісу: