Бұрын буынды не үшін қолданған? Би мен ән жұмысты (еңбекті) ұйымдастыру үшін шыққан. Келе-келе ән, би
ритмдерін дін де пайдаланған. Буын да содан шыққан. Ән мен буын (арабша бір
сөз бар) органик бір зат; ритм мен әнді буыннан ажыратып алуға болмайды. Буын –
айтылуы жағынан бір бүтін (самостоятельно-акустический целый), әріп ондай
емес. Әр буын жіңішке де жуан да, қоңыр да ашшы да, ұзын да қысқа да айтыла
алады. Буын жазуда емес, айтуда бой көрсетеді. Жазуда әріп пен сөз ғана мағына
құрайды (басым болады). Жазудан буын іздеу, ән іздеу – надандық. Аудиторияда
дәріс оқығанда біз жиі-жиі сөйлейміз, ал митингіде (жиындарда) олай емес, сөзді
бөліп-бөліп сөйлейміз. Біз қазір буынды да осыған пайдаланамыз:
– Буын көбінесе бірнеше фонемадан құралады, сондықтан оны «фонемалар
синтаксисі» деуге де болады;
– Ритм (ырғақ) дегеніміз белгілі – бір сөзде сөз бөлшектерін қайталап,
симметрия жасау;
– Буын түрліше айтылады: біреулері алабөлек күшті естіледі, мұны
«эксператорное ударение» дейді (Шынында дыбыс күшінің басымы – ентігу деуге
де болады).
– Бір буында сиыспайтын әріптер: екі дауысты, екі сонор, екі дауыссыз қатар
тұра алмайды. Әйтсе де, әр елдің тілінде буын әр түрлі болады.
Мысалы, Абхаз елінде тек ашық буын ғана бар.
Маррдың айтуынша, бұрынғы замандарда буын құрамы мынадай болған:
1. Сал: тіл// дауыссыз + дауысты + ауыз жолды сонор;
2. Бер: еріндік дауыссыз + дауысты + ауыз жолды сонор;
3. Йон: тіл// дауыссыз+дауысты + мұрын жолды сонор;
4. Рош: сонор + дауысты + тіл// дауыссыз.
Сөздердің жақындығы Еріндік дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі ауыстыра беретіндігін
жап, жабыл, жамыл, жауып деген мысалдардан да көреміз.
– «
Жақтас » пен «
жауластың » мағынасы бір болған:
жақтас ұйғыр тілінің
нормасы бойынша,
жаулас – қыпшақ тілінің нормасы бойынша қалыптасқан.
–
Тау, тағ, ту; суық, сұғық , ...
*
,
су, сау сөздері де бір түбірден өрбіген.
*
Анықталмаған сөздер.